Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / "Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді" тренинг

"Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді" тренинг



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_31048984.gifТақырыбы:«Қарым – қатынас жетістікке жеткізеді»


Мақсаты: Оқушының өзін-өзі қалыптастыру барысында айналасындағы адамдар, қоршаған ортамен қарым-қатынас маңыздылығын ұғындыру. Оқушылар арасындағы қарым- қатынас, достықтарын нығайту.


Барысы:

-Сәлеметсіздерме, балалар! Қош келдіңіздер!

Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Адам өмірінде қарым – қатынастың алатын орны ерекше. Қарым – қатынас жасау арқылы адамның ортадағы орны айқындалады. Адамның қарым – қатынасы оның көңіл – күйіне тікелей байланысты. Көңіл – күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл – күй адамның айнасы. Алдымен көңіл – күйімізді анықтайық.


«Менің көңіл – күйімнің түсі»

Оқушыларға түрлі түсті гүлдер тандап алуларын ұсыну. Оқушыларға таңдалған гүл түсіне байланысты сол кездегі көңіл күйлерін анықтап айту.

Қарым – қатынас арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді.Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Қарым –қатынас – достық ілтипат білдіру. Ол айналадағыларға көңіл бөліп қарау, адамдардың болғанына қуанып және олармен өзінде бардың бәрімен бөлісу. Біздің көңіл-күйіміз адамдармен жақсы қарым-қатынасымызға ықпалы бар.


«Комплимент»

«Жақсы сөз жан жадыратады»,демекші бір-бірімізге шеңберде оңнан солға қарай күлімсірей қарап, жылы сөз айтайық!


«Тұжырымдама»

Жақсы қарым-қатынаспен келіссеңіздер көршіңіздің қолын аласыздар, келіспесеңіздер қолдың сұқ саусағымен болмайды деген ым жасайсыздар.

1.Кай кісімен болмасын лезде тіл тауып кете алады;

2.Көп достары бар;

3.Әрдайым кикілжің тудырып отырады;

4.Жақсы мінез – құлқымен көрікті;

5.Ұрысқанды жек көреді. т.б


«Қалпақ кімде» ойыны

Қатысушылар ортаға шығады. Жай әуен ойнап тұрады.оқушылар жұптаса би билейді. Бастаушы қалпақты алып жұптың біреуіне қалпақ кигізгенде оқушылар алмасып, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Адамдармен қарым-қатынаста бет –әлпет, қас- қабақ,дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әр кез осы жайды ұстанған.



«Шарды жар» /шар үріліп оның ішіне ситуциялар салынған./

Ортаға 7 оқушы берілген сұрақтарға сай әртүрлі көңіл-күйді бейнелейді.

Ситуация:

Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.

Ренжіп тұрған адамның бет – әлпеті.

Қайғылы адамның бет-әлпеті

Ашулы адамныңбет әлпеті

Таңданған кейіп көрсету

Өкініп тұрған адамның бет әлпеті

Қуанып тұрған адамның бет – әлпеті

Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол ешуақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден – бір жолы.


«Ішке және сыртқа»   Ұстаз бен Шәкірт аңыз әңгіме.

/оқушылар жақсы қасиеттерді ажыратып, жақсы қарым-қатынастың жетістікке жетелейтіні турасында өз ойларымен бөліседі./



Қорытынды:

«Қарым-қатынас» сөзін топтастыру.

Қарым-қатынас








-Сонымен тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегіең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым - қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингке белсенді қатысып, өз ойларыңызбен бөліскеніңізге рахмет айтамыз.



C:\Documents and Settings\Admin\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\img458.jpg

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Еңбекші НЖББМ

Педагог психолог

Байнешева С.К

«Қарым-қатынас жетістікке жеткізеді» тренинг

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-434639

Похожие материалы