Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қарым-қатынас мәдениеті №11 сабақ

Қарым-қатынас мәдениеті №11 сабақ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектеп: №89 мектеп-лицейі

Мерзім: 12.11.15ж Пән мұғалімі: Борашова Ғалия

Сыныбы: 7 «А» Оқушылар саны: 19

Тақырып: № 11 Қарым –қатынас мәдениеті

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу.



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын(отбасында,аулада,сыныпта,мектепте,ұжымда)сыйластыққа,сүйіспеншілікке деген сезімдерін ояту.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін,маңызын түсіндіру,

Дамытушылық:жағымды қарым –қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:жағымды қарым-қатынас жасай алуға,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық

жұмыс дәптері

күнделік

қалам

үнтаспа.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті:

Су патшалығына ойша саяхат

Көздеріңізді жұмыңыздар және бірнеше рет терең тыныстаныңыздар; Денеңізді босатыңыз, бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз.Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз,мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып,өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама.Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді,суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар.Қараңызшы қандай орасан зор балықтар,ал енді анау жаққа көз тастасаңыз... бұл орсан зор сегіз аяқ. Су асты неткен қызықты ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады)

Ал енді жоғарыға өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз.Айналаға жіті қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және орныңызға келіңіз.Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз,осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызға сақтауға тырысыңыз.



2.Үй тапсырмасын тексеру

10-сабақ Робинзон Крузо әңгімесін оқып, түсінік айту.

/ үзінді/ Д. Дефо

  1. Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  2. Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

  3. Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

3.Дәйексөз:

Өмір –теңіз

Жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Рудакидің қанатты сөзі

1.Айналадағы ортамен қалай қарым-қатынас жасайсыңдар?

2. Достарың көп па?


4.Әңгімелеу.

Теректің асқақтығы. Өсиет әңгіме.

Алатаудың көк майсалы бауырында тәкаппар бір терек өсіп тұрды. Ол ешкімді менсінбеді. Төңірегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектері көзіне де ілгісі келмеді. « Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды – ау», - деп тыжырынды.



- Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

- Терек айналасындағылармен неліктен осындай қарым – қатынас жасады деп ойлайсыңдар?

- Теректің ендігі өмірі қандай болады?

- Сендердің араларыңда терек сияқты достарың бар ма?

- Терекке қандай ақыл кеңес берер едіңдер?




5.Шығармашылық жұмыс Оқулықтағы жағдаяттарды шеше отырып,қарым қатынас жасаудың құпияларын ашады.

- Бірінші жағдаят. Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында тек қана қайткенде де қарсыласын сөзден ұту ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіліске ұшырап қалатын.Себебі неде деп ойлайсыңдар?



- Екінші жағдаят. Бір үйдің екі қызы бар. Ата-анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғй, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі керісінше шат- шадыман. Себебі неде деп ойлайсыңдар.

Партфолиомен жұмыс


6.топпен ән айту

Армандастар құрдастар

с. Н.Әлімқұлов

ә. Ә. Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар - құрдастар.



Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?



Арманқуған, қиял қуған кезің қайда,

Құрбықыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар - құрдастар.



Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?



Бәрің, достар әртарапқа кеттіңдерме,

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!


7.Үй тапсырмасы.

1.(Дәптермен жұмыс ) Қарым қатынас деңгейін анықтау.

2. З.Ахметованың «Шуақты күндер» атты эссесін оқып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров154
Номер материала ДВ-401422
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх