Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Статьи / Қаріп абзацтар шегіністер және интервалдар

Қаріп абзацтар шегіністер және интервалдар


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Сабақ жоспары

Күні:22.01.2016

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Қаріп абзацтар шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, электронды оқулық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгендеп журналға белгі қою

  2. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару



Үй тапсырмасын қайталау

Сұрақ-жауап карточкалар таңдау арқылы

  1. Сұрақтар:
    1. Microsoft Word – ты қалай іске қосамыз?
    2. Терезе элементтерін атаңдар.
    3. Тезедегі екінші панель қандай?
    4. Құжатты қалай сақтаймыз?
    5. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Тест

1. Кегль - ол
А) қаріптің сырт пішімі
В) қаріптің мөлшері
С) абзацтың элементі
Д) пішімдеу сызғышындағы маркер
2. Символдар тізімдемесін, оның ішінде пернетақтада жоқтарында, экранда көрсетуді келесі бұйрықтар немесе сұхбаттық терезелер көмегімен жүзеге асыруға болады.
А) Кірістіру - Символ бұйрығы
В) Тіркеме парақ жолағының
С) Абзац сұхбаттық терезесі
Д) Қаріп сұхбаттық терезесі
3. Сендер мәтінді экранға қарамай тердің делік. Біраз уақыттан кейін CapsLock пернесінің басулы тұрғанын көріп қалдыңдар. Ары қарай қандай әрекет жасайсыңдар?
А) Мәтінді қайта тереміз
В) Емле қателерін тексеруді қолданамыз
С) Регистр батырмасының көмегімен бас және жай әріптердің кезектесіп орналасуын ретін «Сөйлемдегідей» тәртібіне өзгертеміз
Д) Басты - Қаріп сұхбаттық терезесінде Регистр ажыратып қосқышын жалғаймыз.
4. Сиректетіп теру үшін не істеу керек?
А) Абзац сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал» тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз
В) жолақтың Басты - Қаріп тіркеме парағында тиісті батырманы қосамыз
С) Символдарды арасына бос орын қосып тереміз
Д) Қаріп сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал» тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз
5. «Х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?
А) жоласты белгісін
В) жолүсті белгісін
С) форматты тазалау
Д) Кірістіру - Символ - Басқа символдар бұйрығын.
6. Артығын таңдаңдар:
А) WordPad
В) MicrosoftWord
С) Paint
Д) Блокнот
7. Ашық құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?
А) жолақтың бетті белгілеу тіркеме парағында
В) жолақтың басты тіркеме парағында
С) терезенің тақырып жолында
Д) қалып күй жолында
8. Құжаттардың қарап шығу масштабын өзгертуге болады:
А) жолақтың бетті белгілеу бөлімінде
В) жолақтың басты бөлімінде
С) терезенің тақырып жолында
Д) қалып күй жолында
9. Жанама мәзірді қалай шақырады?
А) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы
В) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің сол батырмасын шерту арқылы
С) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын екі рет шерту арқылы
Д) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің сол батырмасын екі рет шерту арқылы
10. Құжаттың сақтау бұйрығы қайда орналасқан?
А) жолақтың басты тіркеме парағында
В) файл мәзірінде
С) Office батырмасының мәзірінде
Д) тек пернетақтадан қол жетімді



Жаңа сабақ түсіндіру.



Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен , жолақтың 
Басты Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтары көмегімен пішімдеуге болады. 
-ағымдағы абзацта мәтінді түзеу: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша;
- абзацтағы шегіністі азайту немесе ұлғайту
Абзацтың ішіндегі жоларалық интервалды баптау. Тура сол баптаулар Абзац бұйрығының сұхбат терезесінде де бар. Екі интервал орнатқанда жолдардың арасына тағыда бір жол тұтастай сйып кетеді.

Басты Абзацтіркеме парақ жолағының бұйрығы.
Интервалды абзацтың алдына да және абзацтан кейін де орнатуға болады.бұл функция үшін Алдыңғы интервал және соңғы интервал өрістері жауап береді. 

Жаңа сабақ

Қаріптің негізгі сипаттамасы – гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Romаn гарнитурасы. Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Қаріп (Шрифт) құралдар тобы қаріп параметрінің жұмысына жауап береді. Бұл топта келесі құралдар орналасқан:

  • Қаріп – қаріптерді қолдануды көрсететін қолжетімді тізімдер ашылады;

Қаріптің жазылу әрекеттерін ұсынатын батырмалар:

  • Жазылуы Ж жартылай қалың (полужирный).

  • К курсив;

  • Ч асты сызылған - екі сексиялы батырма.

Мәтінді экранда, қағазда немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты туралауды дұрыс орындау керек.Негізгі қосымша беттегі Абзац тобы абзацты туралау үшін қолданылады.

Абзац – бұл ENTER пернесін басқанда абзац белгісінің арқасында қойылатын символдар жиынтығы.

Абзацпен жұмыс жасау үшін мәтінді ерекшелеу қажет. Абзацты, жолдарды, мәтіннің үзіндісін және сөзді ерекшелеудің негізгі тәсілдерін қарастырайық:

  1. Мәтіннің үзіндісін бөліп алу;

  2. Сөзді бөліп алу;

  3. Жолдарды бөліп алу;

  4. Абзацты бөліп алу;

  5. Барлық мәтінді бөліп алу;

  6. Тік бұрышты мәтін үзіндісін бөліп алу;

Көлденең сызғыш көмегімен абзацты және өріс (поля) шегінісін көрнекті тәсілмен орнатуға болады. Ағымдағы абзац пен қызыл жолдың шекарасын көлденең сызғышта орналасқан шегініс маркері көрсетіп тұрады. Үнсіз келісім бойынша маркерлер беттің өріс шекарасындағы күңгірт түспен боялған бетте орналасады.

Жоларалық интервал абзацтағы мәиін жолдарының арасындағы қашықтық вертикаль бойынша анықтайды. Абзацтың жоғарғы және төменгі бос аралығының өлшемі абзацаралық интервал деп аталады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
«Вирус» құжатын ашыңдар.
Оны толықтырыңдар жіне төмендегі мысалда көрсетілгендей етіп өзгертіңдер.
Мәтінді төменде ұсынылған түрде теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне және әріптерге назар аударыңдар.

Компьютерлік вирустар
«компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ – та өткен ақпараттық қауіпсіздік бойынша 7-ші конференцияда пайда болды. 
1995 жылғы тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы макровирус пайда болды. Ол 1996 жылы «Concept» атауын алып, өзінің планета бойымен жеңісті шеруін жалғастырды. Ең алдымен Microsoft фирмасының бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып жұмғанша мыңдаған (миллиондаған да болуы мүмкін)компьютерді зақымдап үлгерді.
Бұл таңғаларлық іс емес, себебіMS Word пішімінде мәтіндерді жөнелту стандарттардың біріне айналды, ал вируспен залалдану үшін тек зақымданған құжатты ашужеткілікті және вирус жұққан Word-та түзетілген басқа құжаттарда бүлінеді.
Сондықтан, Internet жылдамдығына көбейтілген MS Wordтың зақымдану мүмкіндігі вирустар пайда болған кезеңнен бергі ең маңызды мәселеге айналды.

В деңгейі
Мәтінді үлгі бойынша теріңдер.
√ ×12 + ×22 ;
×1 ×2+×1 ×3 +×2 ×3;
mg cos
a;
2R;
b2 – 4ac;
│×│+│×+1 │
12R;
Ab sinC;
sinx cosy + siny cosx;
a sina + bcos a;
│1-│x││
с) және d) әріптерімен белгіленген жолдарды жасыл түсті Arial қаріптерімен ерекшелеңдер
Сабақты бекіту сұрақтары
* Пішімдеу сызғашы не үшін керек ?
* Пішімдеу дегеніміз не?
* Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?
* Абзацтағы мәтінді түзетудің қандай түрлерін білесіңдер?
* Жолдар сарасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?

Бағалау: Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау

Үйге тапсырма: Абзацтар,шегіністер және интервалдар тақырыбын толық оқып келу


Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров188
Номер материала ДВ-505077
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх