Инфоурок Начальные классы Конспекты"Ғарыш туралы алғашқы түсінік"тақырыбындағы дүниетану пәнінің сабақ жоспары (4-сынып)

"Ғарыш туралы алғашқы түсінік"тақырыбындағы дүниетану пәнінің сабақ жоспары (4-сынып)

Скачать материал

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

дүниетану сабағының жоспары

 

Мектеп: Мұнайлы ауданы. №11орта мектеп

Мерзімі: 20.04.2017

Мұғалім: Арыстанова Г

Сынып:  4 «Д»

Оқушы саны:  25

Тақырыбы:  Ғарыш туралы алғашқы түсінік

Құндылық  : Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қайырымдылық, сүйіспеншілік, қамқорлық.

 

Жалпы мақсаты

Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, туралы түсінік бере отырып, күннің барлығына ортақ риясыз екенін ұғындыру.

Сөздік қорын байыту, танымдық ой- өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту, тілдік қорын дамыту.

Татулыққа, бауырмалдылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

· Ғаламшарлар Күннің төңірегінен айналатынын біледі.

·  Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ажыратуға дағдыланады.

·  Адамдар күннің қуатын пайдаланатыны туралы мәліметтер алады.

Керекті жабдықтар

«Ғарыш туралы түсінік» тақырыбында слайд, тірек сызба, бейнеролик

 

Сабақ барысы:

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Сыртқы интеграция

 

 

 

 

 

Тыныштық сәті

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

5  Т ережесі

Талап

Тыныштық

Тәртіп

Тазалық

Татулық

 

«Нұрға бөлену»

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет. 

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

 

Ережені оқушылармен айту

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар көздерін жұмып, ыңғайланып отырады

Тұсау кесер

1.Үй тапсырмасын тексеру

«Сиқырлы ұяшықтар» арқылы сұрақтар қойылады, оқушылар сұрақтарға жауап береді .

1. Шөлді жерлердің түрлерін ата.

2. Шөлге төзімді жануар?

3. Мақта Қазақстанның қай өңірде өсіріледі?

4. Күріш еліміздің қай өңірінде өсіріледі?

5. Түйе етінен не жасайды?

6. Өсімдіктер мен жануарларға  қажетті жағдайларды ата.

- Осы тірі ағзалар өздеріне қажетті жылу мен жарықты қайдан алады?

- Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз күн, күн жүйесі, ғарыш туралы болмақ.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

«Ғарыш туралы алғашқы түсінік»

Оқушылар үй тапсырмасына байланысты сұрақтартарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі

бөлім

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

Мұғалім:

-         Жерді қоршаған дүние – Әлем немесе

Ғарыш деп аталады. Ғарыштың құрамына жұлдыздық жүйе – галактикалар, олардың аралығындағы бос кеңістіктер, шаң-тозаңдар мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір- түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады. Ғарыштың әрбір құрамына жеке толмас бұрын мәтінмен танысып алайық.

Балалар өздері іштей оқып шығады.

Кейін өзім сұрақтар қоямын.

-         Түнгі аспанда жұлдыздар неге ұқсайды?

-         Жұлдыздардың көлемі қандай?

-         Жай көзбен қарағанда неше жұлдыз көруге болады?

-         Жерге ең жақын жұлдыз қалай аталады?

-         Күнді нелер айналып жүреді?

-         Ғаламшар дегеніміз не?

-         Жердің табиғи серігін ата.

-         Күн жүйесі дегеніміз не?

-         Күн жүйесіне кіретін ғаламшарларды білесіңдер ме?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 «Сен білесің бе?» Мұғалімнің түсіндірмесі.

-         Ғарыш денелерінің  арақашықтығын шақырыммен өлшеу мүмкін емес. Ал олардың арақашытығы немен өлшенеді екен? Оны «Жаңа ақпаратты»  оқу арқылы білетін боламыз.

Бір оқушы оқып шығады, қорытындылау.

Бейнеролик көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс.

Кестедегі әріптер арасынан ғаламшарлардың аттарын табу, дәптерге жазу.

Сергіту сәті.

 

 

 

Оқулық, дәптер, таныстырылым,

бейнежазба

Ой толғаныс

Дәйексөз

«Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей»

Мақалдан не түсінгендерін сұрау.

Мұғалім:

-         Ия, балалар, жақсы адам күн мен айдай. Барлық тіршілік иелеріне  бірдей өз жылуын беріп, нұрын шашып тұрған Күнді жақсы адамға теңеуге болады. Сүйіспеншілік қуаты мол адамдардың жүректері таза, ақылы нұрлы, шыншыл, байсалды болады. Олардың әркеттері әрдайым дұрыс, жүректері мейірімділіктен елжірейді, біреудің мақтағанына масаттанбайды, күнәдан аулақ болады.

-         Ал, планеталарды қандай адамдарға теңеуге болады? ( екіжүзді)

   Оқушылар себебін тауып, өз ойларын сөзбен айтып жеткізеді. 

«Жеті жұрттың тілін біл» айдары

Күн – солнце - sun

Ғаламшар – планета - globa

Топтық жұмыс:

1-топ: Күн жүйесінің суретін салып, ол туралы не білетіндерін айтады.

 

2-топ: Дайын ұйқас бойынша Жерге арнап өлең шығарады.

........................... анамыз,

.......................... даламыз.

.....................................

....................... боламын.

 

3-топ:

«Күн жүйесі» тақырыбына көрініс қояды.

«Ойланайық, пікірлесейік!» айдары

Астана қаласындағы ЭКСПО -2017 көрмесіне арналған құрылыстың суреті көрсетіледі.

-         Бұл  не және осы туралы не айтуға болады?

(ЭКСПО – 2017 көрмесі Астана қаласында             10 маусым -10 қыркүйек аралығында өтпекші)Осы ЭКСПО -2017 көрмесінің  тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталмақ.

-          Қазір бізге жеткізіліп тұрған электр энергиясы «МАЭК –КАзатомпром» мекемесіне қарасты жылу электр станциясынан алынып отыр. Онда электр энергиясын алуға газ отын ретінде қолданылады. Бірақ электр энергиясымен жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың көбеюіне және отынның қоры сарқылуы мүмкіндігіне байланысты  әлемде балама энергия көздерін тиімді пайдалану мәселесі тұр. Өйткені мұндай жол экологиялық таза және арзан болмақ. Осы мақсатқа негізделіп, өткізгелі тұрған көрмеде  күннен, желден, жер асты суларынан энергия өндіруге болатын түрлі құрал-жабдықтар қойылмақ.

Күн батереясы, жел диірмендерінің суреттері көрсетіледі.

-         Қалай ойласыздар, осы құрылғылардың қайсысы энергия алуда  бізге тиімді болмақ?

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭКСПО -2017 көрмесіне арналған құрылыстың суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күн батереясы, жел диірмендерінің суреттері

Рефлексия.

 

 «Зымыран құрастыру» ойыны арқылы  сұрақтарға жауап береді:

1. Сізге қай тапсырманы орындаған ұнады, неліктен?

2. Бүгінгі сабақтан өзіңізге қандай ақпарат алдыңыз?

3. Алған ақпаратыңыз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

4. Сіз өз біліміңізді көрсете алдыңыз ба?

5. Болашақта ғарыш саласын дамытуға сіз қандай үлес қосар едіңіз?

6. Сіз бүгінгі нәтижеңізге қаншалықты ризасыз?

 

Зымыран суреті

1.     Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

 

Баяу әуен қойылады.

          Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, нені үйрендік, өзімізге қандай қажетті мәліметтер алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізбен сезініп,  ойымызға сақтап алайық..  Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

Адиожазба

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғарыш туралы алғашқы түсінік"тақырыбындағы дүниетану пәнінің сабақ жоспары (4-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 855 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 2004
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боранбаева Баян Жеткизгеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боранбаева Баян Жеткизгеновна
    Боранбаева Баян Жеткизгеновна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 132616
    • Всего материалов: 54

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1116 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 270 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 410 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 696 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека