Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Ғарышқа сапар" ашық тәрбие сағаты

"Ғарышқа сапар" ашық тәрбие сағаты


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 55 жыл екенін атап өту. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Қара жорға» биі – сынып қыздары

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Осы мерекеге дайындаған тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұлы кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы еді. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.
(Азамзаттың ғарышқа алғашқы сапары жөнінде бейнебаян)

Жүргізуші: 1957 жылы ғарышқа жол 4 - қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен « Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 1961 жылы Мәскеу уақыты бойынша 12 сағатта бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Мәскеу азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткенен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.


Динара: Т. Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.

Сымбат: Т. Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша « КСРО спорт шебері»атағын алып, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу - жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол « АН - 2», « ТУ - 134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады. 1994 жылы 1 шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т. Мұсабаев бортинженер ретінде « Союз ТМ - 19»ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, сапар шекті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемемен шығып, кеңістіктегі күрделі мәселелерді шешті. 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Ол « Союз ТМ - 27»деп аталатын ғарыш кемесін зі басқарды. 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады. Т. Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми - зерттеу бағдарламасын толық орындады. Оның кеудесінде « Ресей Федерациясының Батыры», « Халық қаһарманы»алтын жұлдыздармен қоса бірнеше, медальдармен марапатталған еді.

Жүргізуші: 2015 жылдың 2 қыркүйегінде отандасымыз Айдын Айымбетов Байқоңырдан «Союз ТМА -18М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты бар еді. Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер ғарышта 10 күн болды. Орбитада Айдын Айымбетов қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеді.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары жөнінде бейнебаян тамашалайық

Қанағат: Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.

З.Жансая: Ал, халайық, тұрмайық,
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу - маржан шашайық
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Ғарыш әлемі жайында,
Кешімізді бастаймыз
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұлдарына бір сәлем!
Арсен: Сайра бұлбұл көкейден үн төгіледі,
Жырға бөле даланың әр төбесін
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер.
Көтереді қазағымның мәртебесін
Бану: Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік, ғарыш керек.
Көз жазбасаң ерлікке, самғап бекер!
Қос ғарышкер,
Қос батыр,
Қос жұлдызым,
Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.
Игілік: Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.

Аңсат: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.

Мадияр: Тұңғыш қазақ ғарышкер.Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин, Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам- жан ағам, Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Арман қуып жасынан, Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан, Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға, Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.


Жүргізуші: 1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шыққан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 55 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған. Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына 25 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Ал Талғат Мұсабаев ағамыз ғарышта 341 тәулік болып, оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес, ғарышқа үш рет ұшып барып, аман-есен туған жерге оралды.
Ән «Қазақ жастары» - сынып ұлдары


Інжу: Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы біздің Байқоңырдан неге салынды?
Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағын тап осы арадан салудың мынадай себептері бар екен. Байқоңыр Еуразия құрлығында орналасқан. Солтүстік - шығыс бағытында ұшырылған зымыран ғарыш жолы бойынша Сібір, Камчатканы басып өтіп, Беринг бұғазына дейін жетеді. Сөйтіп, Кеңес Одағының аймағындағы 6500 шақырымдық бұл қашықтық олардың ұшу бағытын бақылап отыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазақстанда жазық далаларда ғарыштан қайтқан кемелердің қонуына оңтайлы орындар көп болғандықтан, ғарыш техникасын жасауға Қазақстанның түрлі - түсті сирек металдары қолданылды. Байқоңырдың теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте орналасуы ғарыштық тәжірибелер жүргізуге өте қолайлы.


Жүргізуші: Ендеше, құрметті қонақтар, Әнші, ақын Төреғали Төреәлінің «Байқоңыр» әніне түсірілген бейнебаянын тамашалап, әуезді ән тыңдап, көңілімізді бір көтеріп отырайық!

Нұрдәулет: Аспан әлемін зерттеу, жұлдыздардың қыр - сырын білу біздің бабаларымыз үшін таң болмаған. Керсінше, біздің арғы бабаларымыз аспан ілеміне қарап, жердегі тіршіліктің жай - күйін болжағаны мәлім. Басқасын айтпағанда, « бүгін аспанда жұлдыздар көп, ертең күн ашық болады»дегенді ата - аналарыңнан, ата - әжелеріңнен талай естіген де боларсыңдар. Айдың тууы, толуы үлкендердің назарын ешқашан тыс қалған емес. Соларға қарап – ақ халқымыз ертеңгі күннің жай - күйін болжап, қамданатын болған.

Дәурен: Күн, оны айналатын ғаламшарлар және басқа да аспан денелері Күн жүйесін құрайды. Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Ғалымдар жұлдыздар мен ғаламшарларды алымды телескоптардың сондай - ақ, серіктерді, зондтарды және бортында ғарышкерлері бар ғарыш кемелерін аттандырып зерттейді. Ғарышкерлер кемені қарап, ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау үшін ашық ғарышқа шығады. Әлем - өзіміз елестете алатынның бәрі - құрамына кіретін шексіз кеңістік. Оның ішінде миллиардтаған жұлдыздар, Күн, ғаламшарлар, оған Жерде жатады. Оның өсімдіктері, жануарлары, адамдары мұның бәрі де әлемге жатады. Жер – Күн жүйесінің тоғыз ғаламшарларының бірі. Олардың бәрі Күнді айналып жүреді.

Дариға: Ғарыштық байланыс - ғарыш кеңістігіндегі Жердің үстінен жүздеген серіктер ұшып жүр. Олардың біреулері радио және телевизиялық байланысты, басқалары Жерге ауа - райы туралы ақпарат жібереді, ал үшіншілерін ғылыми зерттеулер немесе әскери мақсаттарға қолданады. Кейбір серіктер секундына 8 шақырым жылдамдықпен ұшып, ұдайы қозғалыста болады. Ал басқалары Жердің тек бір ауданының үстінде орналасады. Адамдар ғарышты зерттеп, игеруді жалғастыруда. Астроновтар мен ғарышкерлер Жер орбитасындағы Халықаралық ғарыш станциясында бірге жұмыс істейді. Станция әлі де салынып, жетілдіруде. Станцияда әр түрлі елдердің экипаждары жұмыс істейді. Бұл жерде ғалымдар маңызы ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Фарида: Адам баласының Жер - анасының бауырынан ұзап шығу, өзінше қадам жасай бастағаны үшін қаншама шығын, қиындық көрді десеңші. Бір ғана мысал: сонау ғарыштан бар міндетін бұлжытпай орындап, туған жерге қонғалы келе жатып, қонуға 200 метр қалғанда, парашюттің бауы бұралып кетіп, ашылмай қалып, тамаша инженер - ғарышкер Владимир Комаров қаза тапты. Ал Айға аяқ басу бүкіл адамзат үшін қаншама мақтаныш болса, соншама ауыр шығын, қыруар қаржылар кетеді екен. Алайда бұл кездейсоқ қайғылы оқиғалар, күтпеген апаттар адамның ғарыш дүниесіне ұмтылысын тоқтата алмады. Тіпті Юрий Гагарин ғарыштан аман келіп, ұшақтан қаза тапты.
Қ.Жансая: Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған.Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді.Соның нәтижесінде 1957 жылы 4-қазанда тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылды. Әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар.Мысалы,олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.Ал енді біреулері алып мұхиттарда жүрген үлкен-үлкен кемелерді қадағалайды.Кемелер апатқа ұшырай қалса солардан шыққан белгіні қабылдап,оны жерге хабарлайды.

Юлиана:



Алтынай: Ұшу алдында ғарыш кемелерінің экипаждары ұзақ жаттығады. Олар скафандрларға үйреніп, кеменің ұшуын басқаратын жабдықтарды мұқият зерделейді. Бұл 1969 жылы 16 шілдесі болатын. Осы күні алғашқы жер тұрғындары Айға аттанғанын өз көзімен көру үшін космодром маңында миллиондай адам жиналды! Тасығыш – зымыранның старты қозғалтқыштардан орасан зор күшпен ыстық газдар оқыс шығып, ауыр зымыранды жоғары қарай көтереді.


Жүргізуші: Осы сәтте тағы да бейнебаянға назар салайық.

(Интерактивті тақтадан «Ғарышкер неге скафандр киеді?» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі)


Жүргізуші: Келесі кезекте жаратылыстану ғылымын тіл ғылымдарымен байланыстырсақ. Қане, сыныптастар, аспан әлемі, Күн, Ай, жұлдыздар туралы мақал-мәтелдер білеміз бе? Білсек, бір-бірімізбен бөлісейік.

(оқушылар аспан әлемі туралы мақалдар айтады)

1. Ай жарқырап күн болмас, Өтірік жарқырап шын болмас.
2. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, азығыңды сайла.
3. Ай толғанын білмес, Жігіт болғанын білмес.
4. Таразы туса, таң суиды. Сүмбіле туса, су суиды.
5. Үркер суға түссе құт, Жерге түссе жұт.
6. Жұлдыз тумай ай болмас, Жұрынды болмай бай болмас.
7. Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе, Жаз шықпаған несі бар.


Жүргізуші: Тіл өнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттың мерейі саналады . Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сендер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыңдар. Ендеше, кеттік:
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
4. Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Жылдамдық – скорость – speed
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth
10. Аспан – небо – sky.


Жүргізуші: Сыныптастар, ғарыш туралы білгенімізді бір саралап, сөзжұмбақ шешуге қалай қарайсыңдар? Алдымызда «Ғарышкер» атты сөзжұмбақ. Сұрақтары:

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т
А Р
Ю
Р И Й
Б А Й Қ О Ң
Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й
К А
З Е Р Т Т
Е У
Б А Т Ы
Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Жүргізуші: Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Тәрбие сағатымыздың соңғы бөлімі «Сіздерден бізге бір тілек» деп аталады. Құрметті қонақтар, араларыңыздан біздерге тілек білдірем деушілер болса, сөз тізгіні өздеріңізде.

(Қонақтар оқушыларға тілек білдіріп, тәрбие сағатынан алған әсерлерін айтады).


Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар! Көріп, тамашалағандарыңызға және тілектеріңізге көп рахмет! Тәрбие сағатымызды әнмен аяқтаймыз. Хор: «Атамекен».














«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі













«Ғарышқа сапар»

(ашық тәрбие сағаты)











Сынып жетекшісі: Күмісбай Ж.

Сыныбы: 5 «Ә»













2015-2016 оқу жылы



Автор
Дата добавления 27.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДБ-216294
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх