Инфоурок / Физика / Презентации / Ғарышқа саяхат сабақ 9кл

Ғарышқа саяхат сабақ 9кл

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов




А. Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы.










«Ғарышқа саяхат»



Физика 9-класс









Пән мұғалімі: С.С.Киясова.






Сабақтың тақырыбы: « Астрономия негіздері» тарауын қайталау.

«Ғарышқа саяхат»


Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игеру, Жер бетінде ғарыштық мәліметтерді пайдалану, Кеплер заңдары, Ғаламшарлардың орналасуы, шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтай білу арқылы тарауды қалай меңгергендерін анықтау.

Көнекілігі: Слайд, реферат, ғарышкемелер суреті, тест тапсырмасы, дипломдар, сөзжұмбақ.

Барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Ғарышкерлер тағайындау-сұраққа жауап беру.

3. Сөзжұмбақ «Гагарин»

4. Рефераттар сөйлейді.

5.Сергіту сәті-«Шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтау»

6. Тест.

7. Қорытынды

Бүгін біз тарауды қайталау мақсатында Ғарышқа саяхат жасап ойын түрінде өткізбекпіз. Алғаш 1961 жылы 12 сәуірде Ю.Гагарин ғарышқа самғағаннан бастап дәл бүгінге дейін 54 жыл. Осы 54 жылда адамзаттың ғарышты игеруі қарыштап дамып алға басты, қаншама рет ғарыштық сапарлар жасалды. Сол сияқты біз бүгін ғарышқа саяхат жасап, белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды, жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарышқа сапар шегеміз.

Ал қазір ойын шартымен таныстырайын. Бүгін бізге ғарышқа сапар жасау үшін 4 ғарыш кемесі ғана бар. Сол ғарышкемелерге отырып ұшатын ғарышкерлерімізді осы көрерменнің арасынан таңдап аламыз. Мына сұрақтарға кім бірінші болып жауап берсе, сол ғарышкер болып отырады. 5 сұрақ қойылады.

1.Қазақстандағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)

2. Біздің галактиканың аты (Құс жолы)

3.Алғашқы Жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды (1957 жылы 4 қазан)

4. Күнге ең жақын ғаламшар (Меркурий)

5. Планеталардың қозғалыс заңы (Кеплер заңы)

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар ғарышкемелерге келіп жайғасады.

  1. «Восток»

  2. «Восход»

  3. «Пионер»

  4. «Союз» ғарыш кемелері


Ойынның шарты мынандай:

Ойыншылар Жерден ғарышқа самғап ұшқанда бірнеше аялдамаларға тоқтайды. Сол аялдамалардағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы келесі ғарыштық сапарға аттанады. Кім жерден неғұрлым алысқа сапар шексе бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы сол болады. Сәт сапар ғарышкерлер!


1-аялдама «Жер»

2-аялдама «Марс»

3-аялдама «Юпитер»

4-аялдама «Сатурн»

5-аялдама «Уран»

hello_html_m3403deb3.gif




















Сұрақты таңдайық. «Марс»

1.Жердің Күнге ең жақын келетін нүктесі. (Перигелий)

2. Зенит дегеніміз не. (Аспан сферасының ең жоғарғы нүктесі.)

3.Әлемнің геоцентрлік жүйесін ұсынған астроном. (К.Птоломей)

4. Ең жақын жұлдызды ата. (Күн)


Сұрақты таңдайық. «Юпитер»

1.Шоқжұлдыздар деген не, қандай шоқ жұлдыздарды білесің. (Аспандағы жұлдыздардың нақты шекерасын қамтитын бөлігі. 12 шоқжұлдыз.)

2. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном. (Н.Коперник)

3.Надир деген не. (Аспан сферасының ең төменгі нүктесі.)

4.Эклиптика деген не. (Күннің жыл бойы аспан экваторындағы жүріп өткен жолы.)


Сұрақты таңдайық. «Сатурн»

1.Марс ғаламшарының серіктері нешеу, оларды ата. (Фобос, Деймос)

2.Ең үлкен алып планета (Юпитер)

3. Астрономияның негізгі құралын атаңыз. (Телескоп)

4.Күн атмосферасының құрылысы қандай. (Фотосфера, хромосфера, тәж)


Сұрақты таңдайық. «Уран»

1. Жердің Күнге ең алыс келетін нүкте. (Афелий)

2. 3рет ғарыштық сапарда болған қазақ ғарышкері.(Т.Мұсабаев. 1998,1999,2001 жылдары.)

3. Ғарышқа ең алғаш ұшырылған жануар. (Лайка)

4.Ғарыш кеңістігіндегі заттардың күйі (Плазма)


Рефераттар:

1.Кеплер заңдары-Қайыржанова Г

2.Аспан сферасы-Қайырболатов Е


«Шоқжұлдыздар сөйлейді» мұғалім төмендегі таблицаға қарап, баяндайды.

Тест тапсырмасы. «Астрономия негіздері» әр топқа беріледі.

Қорытынды. 6-тарау бойынша бүгін толықтай мәлімет алдық деп, сендердің жауаптарыңызға қарап айта аламын. Енді жақсы жауап бергендерге «Үздік ғарышкер», «Үздік шоқжұлдызшы»-дипломмен марапаттаймын, басқа оқушыларға баға қойылады.



















Тобы

Шоқжұлдыз

дар атауы

Белгісі

Жеке мінездеме

Жалпы мінездеме

От




Тоқты

hello_html_61ddcf2a.jpg





Белсенді, өмірге сеніммен қарайды, жігерлі, ширақ, мансапқұмар, шығармашылық қуаты мол, ашушаң, күйгелек.

Тоқты үшін өмір сүрудің өзі сүйікті іс болып табылады. Бірақ ол барынша белсенді, шытырман оқиғаларға толы жарқын өмір сүргенді қалайды. Спортты, биді, өмірі қызық және танымал адамдармен араласқанды ұнатады. «Өмір– қозғалыста» деген қағиданы ұстанатын Тоқты үнемі барлық жерге үлгеруді көздеп, жүгіріп жүреді. Ол–табиғатынан күрескер. Сондықтан өзіне біреумен немесе бір нәрсемен күреске түсуге болатын істі таңдайды. Қолы бос кезде ғаламторға кіріп, жарыс сипатындағы ойын ойнағанды жаны сүйеді.



Арыстан

hello_html_m405500e8.jpg

Арыстан–нағыз шығармашылық адамы. Ол бос уақытын да соған байланысты істерге арнайды. Көбіне суретке түсумен, сурет салумен, ән салумен айналысады. Бұл жұлдыздық белгінің кей өкілдері зергерлік өнерге ден қояды. Арыстан бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырғанды ұнатпайды. Ол сүйікті ісіне ұйқысын да, бар бос уақытын да қиюға бар. Бос уақытында кітап оқығанды, жазба жұмысымен шұғылданғанды, кино көргенді ұнатады.



Мерген

hello_html_m12af88dd.jpg

Саяхат және жануарлар әлемі... Мергендердің көпшілігі осы екі салада өздерін жайлы сезінеді, жандары рахат сезімге бөленеді. Тағы біреулері шығармашылықпен айналысуды өмірінің мәніне балайды. әдебиет–олардың сүйікті ісі. Олар бос уақытында кітап оқығанды, ой–қиялға берілгенді, армандағанды жақсы көреді. Оның қолына шытырман оқиғалы кітап беріп қойсаңыз, ол бос уақытының қалай өтіп кеткенін білмей де қалады.

Жер



Торпақ

hello_html_m1780382f.jpg




Тұрақты, сылбыр, келісімге келгіш, орнықты, шыншыл, қатал, жинақы, тапқыр.

Әдетте Торпақтың сүйіп айналысатын ісі қолөнермен байланысты болады. Тігін тігімен қатар гүл өсіруден де қашпайды. Ақша түрлерін, әртүрлі киім үлгілерін жинағанды жақсы көреді. «Уақыт жетіспеушілігі» деген ұғым Торпаққа тән емес. Ол мұндайды түсінгісі де келмейді. Егер сүйікті ісінің кесірінен маңызды кездесуге немесе жұмысқа кешігіп жатса, сүйікті ісін ойланбастан доғарады. Қалыптасқан күн тәртібін бұзбай, ештеңеден құр қалмай, барлығына үлгеріп жүру–Торпақ өмірінің басты шарты.


Бикеш

hello_html_4922bcb1.jpg

Бикеш–сегіз қырлы, бір сырлы жан. Оның сұйікті істері де әр алуан: музықа тыңдау, кітап оқу, тігін тігу. Ол өзінің жан–жақтылығымен айналасындағыларды таң қалдырып жүреді. Көбінесе күрделі іспен айналысқанды жақсы көреді. Көптеген Бикештер кітап жинаумен шұғылданады. Қонақтарын ерекше дәмді тағаммен тамсандырғанды ұнатады.

Тауешкі

hello_html_m5f949764.jpg

Тауешкі жұмыс жасай отырып демалады және керсінше, демала отырып жұмыс жасайды. Оның сүйікті ісі әр алуан: суретке түсіру, сурет салу, тәтті тағамдар пісіру. Әдетте Тауешкінің сүйікті ісі оның қызметіне айналады. Мұндай үйлесімділік оның жан дүниесін тынышталдырып, әулеметтік тұрғыда да қанағаттандырады. Егер ол бір іске кіріссе, соған бар уақытын арнап, қызығушылығы басылмайынша қол үзбейді.

Ауа




Егіздер

hello_html_e6f18ce.jpg






Байланыс, қарым – қатынас орнатуға бейім, ақпараттарды шапшаң игереді, өзгерістерді тез қабылдайды.

Егіздердің сүйікті ісі әр алуан: шет тілдерін меңгеру, бимен айналысу. Бос уақытында сөзжұмбақтар шешіп, кітап оқып, кино көргенді ұнатады. Шытырман оқиғаға толы саяхаттарды жаны сүйеді. Бос уақытын достарына не болмаса сүйіктісіне арнағанды жөн санайды.Шығармашылықпен (мақала, әңгіме жазу) айналысу да–оның сүйікті істерінің бірі. Олардың сүйікті істері көбіне техникамен, ақпаратпен байланысты болып келеді. Кейде радио тыңдауға уақытын аямай арнайды.



Таразы

hello_html_m7fca60a2.jpg

Таразының сүйікті ісі шығармашылықпен байланысты болып келеді: сурет салу, би, әдебиет. Ол үтік, сағат, кітап жинағанды жақсы көреді. Өнерді сүйетін және оны бағалай білетін Таразы көпшіліктен ерекшеленіп, өнердің шыңына жетуді мақсат етеді. Олардың кейбірі өнер тарихын зерттесе, енді бірі әнжинақтарын, тағы бірі (әйелдер қауымы) өзіне ұнайтын киім үлгілерін жинайды. Әйел–Таразылар көбінесе бос уақыттарын дүкен аралауға арнайды.



Суқұйғыш

hello_html_3116bd52.jpg

Суқұйғыштың сүйікті істері: жергілікті өнер орталықтарында өнер көрсету, жәндіктерді суретке түсіру, компьютер бағдарламаларын құрастыру. Кез келген істе қасында ақыл қосатын жандардың көп болғанын қалайды. Ол үшін өмірдің мәні–достарымен бірге болу. Дегенмен жалғыздықты жаны қалайтындары да жоқ емес. Олар әдетте дәлеледенбеген теориялармен жұмыс істеп, анық жауабы жоқ пәлсапалық сұрақтарға жауап іздеумен уақыт өткізеді. Қызығы-солардың шешімін табуы мүмкін.

Су



Шаян

hello_html_m69b717b0.jpg



Енжар, сенгіш, әсерленгіш, шынайы, сезімтал, есте сақтағыш, қабілетті, күшті, алғыр, зерек, бауырмал, ізетті.

Шаян өз үйін, бөлмесін безендіргенді жақсы көреді. Қолы қалт етсе, гүл егумен, тәтті тағам пісірумен, үйге қажетті нәрселерді тігумен айналысады. Кей Шаяндар демалыс күндерін қолына құрал–саймандар алып, үйінің жөндейтін жерлерін жөндеумен өткізсе, еш өкінбейді. Егер оның саяжайы бар болса, барлық бос уақытын сонда жұмыс істеуге арнайды. Яғни олар бос уақытында үй тірлігімен айналысқанды жақсы көреді.


Сарышаян

hello_html_m681bb4cf.jpg

Сарышаян өзгелерге ұқсағысы келмейді. Сүйікті ісін де ешкімнің қалауына ұқсамайтын етіп таңдайды: пайдалы қазбаларды зерттеу, тауға шығу, әдебиетке жақын адамдармен пікірлесу. Олардың басым көпшілігі тәуекелшіл келгендіктен, қауіпті әрі күрделі істермен айналысқанды жақсы көреді. Сонысымен өзіне және айналасына бойындағы бар қабілетін мойындатқысы келеді. Бәрінен шаршаған кезде оңашалықта шытырман оқиғалы кітап оқуға ұмтылады.


Балықтар

hello_html_m5acb2de9.jpg

Балықтардың сүйікті істері–музыка, кино, би, қолөнер, суретке түсіру, тігу. Бұл белгінің өкілдері шығармашылық орталарда жиі кездеседі. Ол тылсым дүние құпияларын тануға құштар. Оған қиялмен өмір сүру ұнайды. Егер Балықтар армандарына жете алса, олардан тамаша жазушылар, музыканттар, суретшілер шығады. Ол үшін мақсатты түрде еңбек етулері керек.



Тест тапсырмасы. «Астрономия негіздері»


1.Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

А.Шоқжұлдыз. В. Экватор. С. Эклиптика. Д. Зодиак. Е. Надир.


2.Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелегі.

А.Шоқжұлдыз.

3.Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторын жылына екі рет қиып өтеді, ол нүктелер.

А. Зенит,Надир. В.Шығыс, Батыс. С.Көктемгі, күзгі теңелу нүктелері Д. Тал түс, түн ортасы. Е. Солтүстік, оңтүстік.


4.Аспанда қанша шоқжұлдыз бар.

А.58. В.68. С.78. Д.88. Е.98.


5.Аспан сферасының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координаты.

А.Еңістік. В. Белдеу. С.Полюс. Д. Оң. Е. Теріс.


6. Ұзақ уақыт аралығын есептеу жүйесі.

А.Андромеда В.Мирас. С.Күнтізбе. Д. Персей. Е.Пегас.


7.Белгілі бір орында жылдың кез-келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтауға қолданылатын.

А. БЖҚ. В. АЖҚ. С. ЖАЖК Д. КЖЖА Е. КАЖЖ


8.Күн шарығының орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сәті.

АНақты түн ортасы. В. Нақты талтүс. С. Нақты күн. Д. Нақты түн. Е. Дұрысы жоқ


9.Күн шарғысының орталық нүктесінің төменгі шарықтау сәті.

А.Нақты түн ортасы. В. Нақты талтүс. С. Нақты күн. Д. Нақты түн. Е. Дұрысы жоқ


10.Жердің өз осінен өзі айналып шығуына кететін уақыт..

А.24 сағ. В.23 сағ. С.23 сағ.56 мин. Д.23 сағ.59 мин. Е.23 сағ.60 мин.


11.Жер орбита бойымен Күнді қанша уақытта айналып шығады.

А.366 тәулік 5сағ. В.365 тәулік 5 сағ.48 мин.46 сек. С.365 тәу. 5 сағ.46 мин.48 сек.

Д.365 тәу.6сағ. Е. 365 тәулік.5 сағ.40 мин.46 сек.


12.Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылда қанша тәулік бар.

А.3жыл-365 тәу.4ші-366 тәулік. В.4жыл-365 тәу.1жыл 366 тәу.

С.4жыл бойы 365 тәулік. Д.4жыл бойы 366 тәу. Е.Дұрысы жоқ.


13.Планеталардың қозғалыс заңын ашқан неміс астраномы.

А.Браге. В.Бурно. С.Коперник. Д.Кеплер. Е.Ньютон.


14.Планетаның радиус векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады, бұл нешінші заң.

А.1-інші. В.2-інші. С.3-інші. Д.Қағида. Е.Ереже.


15.Күн жүйесіндегі денелер мен таяу жұлдыздарға дейінгі қашықтықтарды қалай атайды.

А.Азимуттық бұрыш. В.Шарықтау. С. Белдеулік уақыт. Д.Паралластық ығысу. Е.Биіктік.

(1А, 2С, 3С, 4Д, 5А, 6С, 7С, 8В, 9А, 10С, 11В, 12А, 13Д, 14В, 15Д)


hello_html_22d41415.pnghello_html_24ecd316.gif

hello_html_m534767eb.jpghello_html_3f4f2562.jpg







С ө з ж ұ м б а қ « Г а г а р и н »







Г







А







Г










А








Р








И









Н






Сұрақтары.

1. Электромагниттік толқындарды ең алғаш қабылдаған неміс ғалымы. (Герц)

2. Жер тобының 4-ші планетасы. (Марс)

3. Сатурнның кішкене серігі. (Гиперион)

4. Сақиналы планета. (Сатурн)

5. 3-ші алып планета. (Уран)

6. 1-ші алып планета. (Юпитер)

7. Жердің сіңілісі деп аталатын планета. (Шолпан)






hello_html_2140320c.gif












hello_html_m534767eb.jpg



«Ғарышқа саяхат» сабағында білімділік көрсеткен

«Үздік ғарышкер» номинациясымен

9 сынып оқушысы

____________________________________

м а р а п а т т а л а д ы .








Пән мұғалімі: С.С.Киясова.



09.02.2015 жыл.




hello_html_2140320c.gif











hello_html_3116bd52.jpg

hello_html_e6f18ce.jpghello_html_m7fca60a2.jpg



«Ғарышқа саяхат» сабағында білімділік көрсеткен

«Үздік шоқжұлдызшы» номинациясымен

9 сынып оқушысы

____________________________________

мhello_html_42d0b97.jpghello_html_m12af88dd.jpg а р а п а т т а л а д ы .



hello_html_m405500e8.jpghello_html_4922bcb1.jpg

hello_html_61ddcf2a.jpghello_html_m5f949764.jpg




Пән мұғалімі: С.С.Киясова.



0hello_html_m69b717b0.jpghello_html_m5acb2de9.jpg9.02.2015 жыл.hello_html_m681bb4cf.jpg








Талдама

09.02.2015ж

«Ғарышқа саяхат» сабағы 9-сынып Физика пәні.



Қатысқан оқушы саны: 16

Қатысқан мұғалімдер саны: 6


Қабиева М.Н.-мектеп директоры

Бектасова А.С-оқу ісінің меңгерушісі.

Гумарова А.Қ.-тәрбие жөніндегі орынбасары.

Батырханов А.Қ.-информатика пәні мұғалімі.

Өтемісова Ж.Н.-математика пәні мұғалімі.

Каленбаева Р.С.-физика пәні мұғалімі.


Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игеру, Жер бетінде ғарыштық мәліметтерді пайдалану, Кеплер заңдары, Ғаламшарлардың орналасуы, шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтай білу арқылы тарауды қалай меңгергендерін анықтау.

Слайд, реферат, ғарышкемелер суреті, тест тапсырмасы, дипломдар, сөзжұмбақ-көрнекіліктерін пайдалана отырып, төмендегідей бағытта өткізді.


1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Ғарышкерлер тағайындау-сұраққа жауап беру.

3. Сөзжұмбақ «Гагарин»

4. Рефераттар сөйлейді.

5.Сергіту сәті-«Шоқжұлдыздар арқылы мінезді анықтау»

6. Тест.

7. Қорытынды


Ашық сабақ жоспарға сай әзірленген, материалдар толық қамтылып, оқушылар түгелдей қатысып жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан да сабақ мақсатына жетті деп бағалаймын.


Бектасова А.С-оқу ісінің меңгерушісі.

Батырханов А.Қ.-информатика пәні мұғалімі.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-335982
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>