Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАрманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы-Тәуелсіздік!

Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы-Тәуелсіздік!

Скачать материал

Күні: 10.12.15                                                                                                             «Бекітемін»

Сынып:  VI                                                                         Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

                                                                                             ....................................Ж.Қарабалина

 

Тақырыбы: Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы-Тәуелсіздік!

 

Сабақтың мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» атты ой орамдары мен  «Тәуелсіздіктің жеті қазынасы» тақырыбындағы халыққа арнауын негізге ала отырып, оқушыларға егемендіктің мәні мен маңызын ұғындыру, Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін түсіндіру. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін сипаттай отырып,  азаттықты қастерлеуге баулу. Мемлекеттің ұлттық идеологиясы мен Елбасының ұстанған көреген саясатын баяндай отырып, Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік арқылы жеткен қазыналарымызды мәңгі сақтауға үндеу.

 

Міндеттері:

1.                  Білімділік: Отанға деген сүйіспеншілік – адамның басты құндылығы және парызы екендігін ұғындыру.

2.                  Дамытушылық: Алған мәліметті терең түсіне білу қабілетін дамыту.

3.                  Тәрбиелік: Өмірді бағалауға, туған жерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға, Отанын сүюге, елін қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған ашық тәрбие сағаты

Қолданылтын әдіс-тәсілдер: Тыныштық сәті, мұғалім сыйы, дәйексөз, топтық жұмыс, топпен ән айту, мейірімді тілек жолдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, презентация, ұлағатты сөздер, Елбасының суреті, Елбасының кітаптары, видеороликтер, әуендер.

 

Құндылық: Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау.

Қасиеттер: Отансүйгіштік, патриотизм, ұлт тарихын қадірлеушілік, бақытты бағалай білушілік.

 

Тәрбие сағатының ақпараттық картасы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Қызығушылықты ояту - видео көрсету, ой-пікірлерін сұрау. 1 мин.

Ә) Тыныштық сәті–«Мен бақытты баламын» монологын тыңдау, әсерлерімен бөлісу–3 мин.

ІІ. Сұрақ-жауап, топқа бөлу, топтың атауларына сипаттама беру – 2 мин.

ІІІ. Дәйексөз – «Тәуелсіздік толғауы» мәтінімен жұмыс. – 5 мин.

ІV.Мұғалім сыйы: Әңгiмелеу. «Тәуелсіздіктің Жеті қазынасы» - 3 мин.

V. Шығармашылық жұмыс. (топтық жұмыс)-Постер қорғау- 7 мин.

VІ. Топпен ән айту: «Менің елім, Қазақстан»-2 мин.

VІІ. Бекіту. «Мейірімді тілек жолдау». – 1 мин.

VІІІ. Қорытындылау.- 1 мин.

 

Тәрбиелік шараның жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу, оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәуелсіздік туралы видеоролик көрсетіледі, оқушылардан видео туралы ойлары сұралады:

-Оқушылар, мына көріністен нені байқадыңыздар?

 

-Бостандыққа ұмтылған адам.

-Бодандықта болған қазақ халқының қиындық кезеңдерден өтуі.

-Қазақстанның тәуелсіздік алған уақыты.

 

-Жақсы, балалар. Олай болса «тәуелсіздік» дегеніміз не?

 

-Тәуелсіздік – ол бостандық.

-Тәуелсіздік – ол азаттық.

-Тәуелсіздік – ол егемендік.

 

-Жарайсыңдар, оқушылар! Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз - айбыны асқақ, мерейі үстем Тәуелсіздігімізге арналады.

 

Ә) Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күй орнату мақсатында  тақырыптың мазмұнын  ашуға арналған «Мен бақытты баламын» (баяу үйлесімді әуенмен)  жаттығуы орындалады.

 

-Жақсы, балалар, алдымен бәріміз қазіргі тәуелсіз Қазақстанды бір аралап қайтайық. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Әуен ырғағымен «Мен бақытты баламын» монологын тыңдайық.

 

«Мен бақытты баламын» монологы:

Мен бақытты баламын

Перзентімін қазақ деген дананың

Ақ қағазға алтын түсті бояумен

Астананы, бәйтеректі саламын.

Көрдіңдер ме әсемдігін қаланың,

Көрдіңдер ме байтақтығын даланың.

Соның бәрін бір бойына сыйғызған,

Қазақстан ұланы мен боламын.

Мен бақытты баламын.

Алтын дәннің ақтарылып тоннасы,

Алаулайды Теміртаудың доннасы.

100 элемент топырағымнан табылса,

130 ұлт балалары жолдасым.

Дәулетті ел, Тәуелсіз ел жолында,

Еңбек етіп келе жатыр Елбасы!

Мен бақытты баламын,

Арманым жоқ, жоқ әрине қайғым да!

Орындалар мақсаттарым бар мұнда,

Парызым бар, парызы бар әркімнің.

Қасиетті Отанының алдында.

Қастер тұтып бабалардың әр ізін

Тарихымды білу менің парызым

Әлемдегі ең таңдаулы 30 ел,

Қатарына кіру менің парызым!

Ата-анама шаттық сыйлап, жақсы оқып,

Бақытты өмір сүру менің парызым.

Отанымды, отбасымды, елімді,

Сүю менің, сүю менің парызым.

 

-Жаймен көздеріңізді ашуға болады.  Рахмет.

-Ал, балалар тыныштық сәтінде естіген әуен мен бақытты баланың сөзін тыңдадыңыздыр. Алған әсерлеріңіз туралы бөлісейік.

Мысалы:

- Мен көз алдыма бас қаламыз-Астананың сұлулығы елестеттім. Өзімді нұрға бөленген әсем қаланың ішінде жүргендей сезіндім.

 

- Мен өзімді кең байтақ далада жүргендей сезіндім. Алтын бидайға толы қырманның ішінде келе жатқан көңілі тоқ, жүрегін қуаныш кернеген, бақытты адамның кейпіне ендім.

 

 

ІІ. Сұрақ-жауап, топқа бөлу:

-Ал, балалар, бір сәт елімізді аралап шыққандай болдық. Енді, мен Сіздерге бірнеше сөйлемдер беремін, осы сөйлемдердің бір-бірімен ортақ байланысын айтайық:

 

-«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тарихи кезеңі.

-Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

-Махамбет пен Исатай бастаған көтеріліс.

-16 желтоқсан 1986 жылғы жастар көтерілісі.

-Ортақ байланыс бар ма, балалар?

-Иә. Ортақ байланыс-бұл тарихи оқиғалар-қазақ халқының азаттық пен бостандық, егемендік пен тәуелсіздік жолындағы күресі.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біздің ата-бабаларымыз ежелден еркіндікті аңсаған, бостанық үшін күрескен халық. Ғасырлар бойы бабаларымыздың көксеген арман-мұраты 20-шы ғасырда орындалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда-Қазақстан өзінің туелсіздігін жариялады. Олай болса, жылт еткен азаттықтың ұшқынын жалынға айналдыру ұлттық борыш болса, оны сөндіріп алу – тарих кешірмес қателік екенін бәріміз де түсінеміз, сезінеміз. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?

-24 жыл.

-Олай болса, еліміздің тәуелсіздігінің айқындайтын басты белгілерді атап өтейік?

-Ата заңымыз-Конституциямыз, туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз, шекарасы бекітілген жеріміз.

-Олай болса мен Сіздердің алдарыңызға «Көк байрақ», «Елтаңба», «Әнұран» деген сөздерді тастадым. Осы сөздерді таңдай отырып үш топқа бөлінеміз.

 

Оқушылар үш топқа бөлінген соң, тапсырма беріледі:

-Ал, балалар, біз Мемлекеттік нышандарымызды балабақшадан бастап білеміз, олай болса өз топтарыңның аттарына сәйкес қысқаша мәлімет беріп кетіңіздер.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

«Көк байрақ» тобы:

 -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған.

Көк түс-ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Күннің-еліміздің серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды. 

Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысын көрсетеді.

Ұлттық өрнек-Қазақстан халқының мәдениетін бейнелейді.

 

«Елтаңба» тобы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

«Әнұран» тобы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

 

 -Әнұранды тік тұрып орындайды.

 

ІІІ. Дәйексөз: Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналаған салтанатты жиынында жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» ой орамдары:

«Тәуелсіздік толғауы» ой орамдарының мәтіні оқушыларға үйге алдын-ала беріліп жіберіледі. Мәтін үш бөлімге бөлінген, әр бөлімдегі асты сызылған тірек сөзге сипаттама береді.

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастырар ертеңгі ұрпаққа арналады.

 

І-топ: Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құралды. Ол біздің өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.

 

ІІ топ: Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның екендігіне де тоқталып өтті.

ІІІ топ - «Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастырар ертеңгі ұрпаққа арналады.

Тәуелсіз Қазақстанның өз көкжиегімізді жаһандық деңгейге жайған санқырлы мәдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогресске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мәдениеті бар. Ал Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көкбайрағын нық ұстаймыз. Оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз! - деді Елбасы.

 

 

 

IV. Мұғалім сыйы: Әңгiмелеу (сұхбат). «Тәуелсіздіктің Жеті қазынасы» (Елбасының сөзінен үзінді видео).

 

-«Егемен Қазақстан дүниеге келгеннен кейінгі оқиғалардың бәрі енді Мәңгіліктің еншісіне кетіп бара жатқан Тарих. Ол уақытты біз қазіргі ұлы жетістіктермен салыстыра отырып бағалаймыз. Еліміздің жаңа ғасырдағы жаңа бағдары – “Қазақстан 2050″ стратегиясы да жеті басымдықтан тұрады. Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз құн жетпес жеті қазынаға ие болды.

-Бірінші қазына – қасиетті де беделді еліміз, Мәңгілік Еліміз. Дау-дамайсыз шешімін тапқан он төрт мың шақырымнан астам шекарамыз Отанымызды біртұтас елге айналдырды.

-Екінші қазына-ел бірлігі. Біз туған елімізді бейбітшілік бесігіне айналдыра білдік. Тәуелсіздік халқымызды бейбітшілік пен келісімнің сақтаушысы – Ассамблеяның бірыңғай шаңырағының астына топтастырды.

-Үшінші қазына-мәдениетіміз бен туған тіліміз. Біздің өнеріміз бен бай мәдени мұрамыз әлемдік рухани байлықтың бір бөлігіне айналды.

-Төртінші қазына - индустриялық-инновациялық экономика.Бүгінде жеріміздің байлығы барша халыққа тиесілі және соған қызмет етеді.

-Бесінші қазына - ұлттық байлығымыздың түп негізі – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Қазақстан және қазақстандықтардың қазіргі жетістіктерінің  барлығына біз қажырлы еңбегімізбен жеттік. Еңбек адамды мәртебелі, ал елді ұлы етеді.  

Алтыншы қазынамыз - мемлекеттің қуатын архитектуралық тұрғыдан танытқан Астана. Оның жаңа орамдарында, саябақтарында және сәулеткерлік жауhарларында біздің Тәуелсіздігіміздің ұлы тарихы айнадағыдай көрініс тапқан. Астана– Тәуелсіздік архитектурасы.

-Жетінші қазынамыз - Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл әлемді мойындатқан жаһандық жауапкершілігі мен барша адамзаттық бастамалары. 

 

V. Шығармашылық жұмыс. (топтық жұмыс)-Постер қорғау:

Оқушылар үш топқа бөлініп  «Тәуелсіздіктің Жеті қазынасын сақтауға қосқан менің үлесім» тақырыбында жоба  жасап, постер  қорғайды. Сурет салуға уақыт кетпеу үшін тақырыпқа сай сурет қиындылары беріледі, сөздерін өздері жазады.

 

І топ- «Жеті қазына»

ІІ топ-Ел, мәдениет пен білім, бірлік.

ІІІ топ- Жаһандық жауапкершілік пен барша адамзаттық бастамалар.

 

VІ. Топпен ән айту: «Менің елім, Қазақстан»

Сөзі: Н.Ә.Назарбаев.

Әні: Б.Тілеуханов

 

Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

VІІ. Бекіту. «Мейірімді тілек жолдау»:

-Балалар, бүгіні тәрбие сағатымыздан алған әсерлеріңді түйіндеп, Елімізге мейірімді тілек жолдайық:

 І топ – Еліміз аман болсын, Елбасымыз көреген басшы болсын.

ІІ топ – Қазақстан халықтары ынтымақ мен бейбітшілікте өмір сүріп, елімізде тыныштық болсын.

ІІІ топ – Тәуелсіздіктің көк байрағы желбірей берсін.

 

VIII. Қорытынды:

Балалар, биылғы 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасымыз Жолдау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында кезекті халыққа жолдауын жариялады. Жолдауда:

- Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! –деді.

Ендеше, Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тірегі. Мәңгілік ел болу -  басты мақсатымыз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы-Тәуелсіздік!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 540 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 1587
    • DOCX 76.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әнесқызы Гауһар Әнесқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27307
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек