Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ

Қазіргі қоғам кезіндегі ақпарат деңгейі мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Мамандар басталған ХХI ғасырды компьютерлік технологиялар ғасыры деп атайды. Бұл дұрыс айтылған, себебі оқу үрдісін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдана отырып жаңа ұрпақты келесі ақпараттық қоғам өміріне дайындаймыз.

 Қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі әр баланы білім беру аймағына кіргізуге мүмкіндік береді. Заманауи мектептің негізгі мақсаты – мектеп бітіретін оқушыны еркін, толық, құнды (адамгершілік және материалдық) өмірге дайындау. Заманның алға қарай ұмтылуына байланысты түлектерге қойылатын талап та артуда.

Түлек моделі:

  1. Оқушының жеке қасиеттері

  • Өзіндік ұйымдасу қасиетінің болуы;

  • Жұмысқа икемділік;

  • Қиын жағдайларға төзімділік;

  • Қарым-қатынас жасай білу;

  • Толеранттылық

  1. Өмірлік құндылықтары

  • өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін білуі, оларды іске асыра білу;

  • әлеуметтік бейімделуі;

  • кез келген еңбек түріне дайындығы;

  • қазіргі заман қоғамы жағдайында бағдарлана білуі;

  • салауатты өмір салты.


Оқушыларға арнайы білім беруде компьютердің рөлі артуда. Оның арқасында шешілетін мәселелер:

- оқушыларға қиын іс-әрекеттер кезінде ынталандыру

- жасырын бақылау, таным объектілерін кезекті түрде қажетті белгілермен моделдеу;

- пәндік мазмұнды көрнекілік түрінде, тіл арқылы бір тәсілден екіншісіне кезекпен және қатармен жоспарлауға мүмкіндік береді;

-оқушылардың топтық және жеке іс-әрекеттерін тиімді моделдеу (құрастыру, эксперименттеу, болжау, топтау және т.б.);

- оқушының өз іс-әрекетін талдауға қосымша динамикалық тірек енгізу;

- топтық білім беру кезінде тиімді жеке іс-әрекет істеуге мәжбүрлеу;

- арнайы білім беру барысын сапалы жекешелендіру мүмкіндігін кеңейту.

Денсаулық мүмкіндіктері шектелген балаларға компьютерлік технология зерттеу пәні ретінде ғана емес, сапалы және тиімді түзету құралы ретінде де қолданады. Компьютерлік әдістер мен дәстүрлі әдістер бірлесе отырып ақпараттық технологиялардың түзеу жұмыстарында тиімді қолдануын арттырады.

Ақпараттық технологиялар науқас балаларды кемшіліктерінен айғытып, оған байланысты мәселелерді жоймайды. Бірақ та, оған ене қоймайтын білім, білік, қарым-қатынас түрлерін, ойындарды, өз күшіне деген сенімдікті тудырады.

  Ақпараттық технологияларды қолдану кезінде көзбен көру түйсігі мен есту ықыласы артып, мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту мен даму нәтижелерін арттырады.

    Денсаулық мүмкіндіктері шектелген балалардың қоршаған ортаны толық қабылдай алмайтынын, заттар мен құбылыстардың нақтылығын, негізгісін бөліп қарастыра алмайтынын, жалпылауы нашар екенін білесіздер. Сондықтан да осы кемшіліктерді ескере отырып, олармен оқу-тәрбие жұмыстары құрастырылады. Оқушылармен өткізілетін оқу материалдары мейлінше нақты болуы тиіс.

  Мектеп жұмысының қай түрі болса да оқушылардың сезімдік жан құбылысымен байланысты. Оңтайлы сезімдер оқушы белсенділігіне жақсы әсер етіп, сабаққа көңіл аударуын нығайтады. 

 Арнайы білім берудің барлық облыстарына ақпараттық технологияларды енгізу дегеніміз - баланы мүмкіндігінше дамытып, өздерінде бар кемшіліктерді жеңдіртіп, жаңа кемшіліктерді болдыртпау.

 Интеллектуалдық бұзылыстары бар арнайы түзету мектептеріндегі компьютерлік технологиялармен үйрету түзете оқытудың жаңа құралы ретінде пайдаланып жүр. Мектебімізде ақпараттық технологияны пәндерге енгізбестен бұрын алдын ала дайындық өткізілді. Информатика сабақтары, «Компьютерлік дамыту ойындары» атты үйірме. Ол жұмыстар барысында ықылас, ой, қиял, қол маторикасы дамытылды. Мынадай мақсаттар шешіледі:

 - компьютерді игеру (құрылымы, жұмыс үрдісі),

 -  информатика негіздерінен теориялық білім алу,

  - балаларды ақпараттық қоғамға бейімдеу,

  - баланың психическалық дамуын түзеу,

  - оқытуды жекешелендіру мен сараландыру,

 - оқытудың нәтижесін арттыру.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологиялар балалар оқу дайындығын ескере отырып өткізілді. Олар: оқу жылдамдығының төмендігі, дәптерде дұрыс жаза алмау қиыншылықтары. Бұның барлығы оқуды қиындатып, кей уақытта мәтіндік ақпараты бар бағдарламамен жұмыс істеуге мұрша бермеді. Сондықтан үйірме сабақтарында оқушылар компьютерлік ойындарға үйреніп қана қоймай санау, оқу, жазу және де т.б. дағдыларға үйреніп отырды. Олармен жұмыс кезінде басқа да сабақтарда игерген білімдер бекітіліп, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. Бұл жердегі мұғалімнің негізгі мақсаты – компьютерлік бағдарламаларды жаттау ғана емес, оқушылардың жадысын, ойлауын, ықыласын, тілін және т.б.дамыту үшін ойын мазмұнын қолдану.

 Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін мектепте қолдану оқу іс-әрекеті түрлерінің аумағын кеңейтіп, қолданыстағы ұйымдастыру түрлері мен оқыту әдістерін жетілдіріп, жаңасын тудырады. Арнайы (түзету) мектептеріндегі сабақтарда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану - түзете тәрбиелеудің негізгі мақсаттарының бірін шешуге көмектеседі. Ол – оқушы тұлғасының қазіргі заманға сай жекешілдігін, оның бағдарлану мен бейімделу қасиеттерін дамыту.

  Ақпараттық технологиялар сабақтарда көбінесе көрнекілік ретінде жиі қолданылады. Әсіресе PowerPoint немесе Movie Maker бағдарламасымен дайындалған әр түрлі презентация ретінде.

Еліміздің білім беру ұйымдарында оқу барысы кезінде мультимедиялық өнім кең қолданып келеді. Біздің мектебімізде де қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен осындай бағдарлама бар. Қазіргі кезде шығып жатқан өнімдер: мультимедиялық энциклопедия, репетиторлар, үйрету бағдарламалары, мұражайлардағы виртуалдық саяхат және т.б.

Бірақ та, бұл бағдарламалық өнімдер болғанымен, оларды интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылармен сабақта қолдану мүмкіндігі ескерілмеген. Оған қарамастан кей материалдар сабақ барысында қолданылып жүр.

Сондықтан да компьютерді қолданудың ең тиімді әдісі - Microsoft PowerPoint бағдарламасын қолдану.

Электрондық презентация дегеніміз – белгілі бір тақырып пен безендірудің жалпы принципі бойынша байланысқан, мұғалімнің түсінігі мен хабарын талап ететін, логикалық байланысы бар сабақ барысында қолданатын слайдтар. Сабақта электрондық презентацияны құрастырып, қолдану қазіргі кездің қажеті. Бұл жерде мұғалім әр сыныптың, әр курстың, оқу тақырыбының мүмкіндігін ескеріп отырады. Оларға арналған әдістемелік принциптерді әзірлейді.

Бұл бағдарламаның арқасында мұғалім әр сынып мүмкіндігі мен әр тақырыптың мақсаттарына сәйкес өзінше шығармашылық таныта отырып, әсерлі дайындауға мүмкіндік алады. Сабақ барысын дайындап, көрсету кезінде уақыттың да көптігі қажет емес.

  1. Қайталау-жалпылау сабақтарының презентациясы, сонымен бірге ойын сәттерін қолдану

  2. Презентация – диафильмдер

  3. Сабақтың толыққанды әдістемелік жанамасымен бірге компьютерлік презентация. Берілген сабақтың әдістемелік әзірлемесін білмейтін мұғалімге шейін сауатты жасалған материалдың арқасында сабақты жақсы бере алады.

Power Point бағдарламасымен жасалған презентацияның ерекшелігі - сабақтың мақсаттары, оқушы дайындығы, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалы мөлшерін, әдістемелік тәсілдерді өзгерту мүмкіндігінің болуы. Қажет болса мұғалім мәтінді, суретті, диаграмманы өзгертіп немесе артық слайдтарды көрсетпеуіне болады. Бұл мүмкіндіктер алдында қолданған презентацияны қазіргі өткізетін сабаққа байланысты бір сыныпқа шақтап қолдану үшін мейлінше өзгертуге мұрша береді.

Ақпараттық көрнекілік оқу құралдарына деген талаптар

Арнайы мектептердегі сабақтарда әр түрлі көрнекі құралдар қолданады. Бұл мектептерге арналған арнайы құралдар жоқ десек те болады. Сол себептен мұғалім жалпы мектепке арналған құралдарды арнайы мектепке арнап жасауы тиіс. Бұл құралдар жалпы мектептерге арналған жалпы талаптарға сай бола отырып, түзету мектеп талаптарын ескере отырып жасалуы тиіс.

Көрнекілік құралдарға талаптар:

  • Арнайы мектептің оқу-тәрбие мақсаттары мен мазмұнына сай болу.

  • Ақыл-ойы кемтар балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып түсінікті болуы.

  • Құрылысы бойынша нақты, қысқаша, тез есте қалатындай жазумен, ірі шрифтімен белгіленген болуы. (Arial, Times New Roman).

  • Эстетикалық безендірілген: әсем безендірілген, мөлшерлі, дұрыс қолданылған түстермен.

  • Түстер көп болмауы, түстер тез ауыспауы тиіс, әсіресе ерекше түстер (ішкі қозғауыштар баланың жүйке күшін тоздырады);

  • Слайд құрғанда ақпараттық материал шамадан тыс болмауы үшін презентацияны бөлек-бөлек слайд беттеріне істеу

  • Суретке нақты белгілермен бейнеленген шын үлгілерді таңдап алу.

  • Әлеуметтікті сезіну үшін салыстыру әдісін қолдана отырып үлгілердің әр түрлерін қолдана отырып презентация құру.

  • Берілген жалпы үлгіден бөлек көрсету үшін әр түрлі тәсілдерді қолдану (олар амалсыздан, таңдаған түрде игеруге мүмкіндік береді, бірақ таңдаулы игеруі тез төмендеуі мүмкін).

Сабақтарда қолданатын презентацияны дидактикалық мақсаттарға сай бөлуге болады:

  • Жаңа білім игеру кезіндегі қолданатын презентация

  • Білімдерін пысықтауға арналған презентация.

  • Оқушылардың еңбек және т.б. іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмектесетін презентация.

Презентацияны сабақтың әр бөлімінде қолдануға болады:

    • Ынталандыру бөлімінде;

    • Білім, білік, дағдыларын өзектендіру бөлімінде;

    • Жаңа білімді баяндау бөлімінде;

    • Пысықтау, жалпылау, жүйелеу бөлімінде;

    • Білімді бақылау бөлімінде.

Сабақтың әр түрлі бөлімінде мультимедиялық және презентациялық материалдарды қолдану оқушылардың назарын ерекше аудартады. Ықыластарын қалыптастыру бөлімінде тікелей (аңдаусызда) ұмытқанды еске түсіру, есте сақтау, жадыда ұстау процестері қалыптасады: бұл жадысы «туады» деген сөз. Яғни,

  • Ассоциативтік (тәжірибенің ұқсастығы мен бақылауы)

  • Қозғалыстық және сезімдік

  • Қысқа мерзімдік

  • Шапшаңдық

  • Механикалық

  • Бейнелік (образдық)

  • Еріксіз

  • Қолма-қолдық

  • Еркінше

  • Ұзақ мерзімдік, логикалық.

Сонымен, арнайы білім беру барысына ақпараттық технологияларды енгізу интеллектуалдық дамуында кемшіліктері бар балаларды оқытуда негізгі дидактикалық принциптерді іске асыруға мүмкіндік туғызады.

Компьютермен жұмыс істеу сараландыру процесін терең іске асыруға, балалардың өзіндік жұмыспен айналысуына, олардың топтық, жеке іс-әрекет түрлеріне қатыстыруға септігін тигізеді. Сонымен бірге ақпараттық технологиялар сабақтан тыс уақыттарда да терең қолданады. Адамгершіліктік-этикалық, отан сүйгіштік бағыттағы тәрбие жұмыстары оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеп, өз-өзін түсінуге, бір-біріне деген қарым-қатынасты тәрбиелеуге көмектеседі. Заманауи өткізілген тәрбиелік іс-шаралар қызғылықты, әсерлі өтіп, оңтайлы қылықтарға итермелейді.


АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

Арнайы мектептердің алдына қойылған ең маңызды мақсат – түзету жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, мүмкіндігі шектелген балаларды жеке адам ретінде қалыптастыру, олардың жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Интеллектуалдық кемшіліктері бар оқушыларға арналған мектептің тәрбие беріп, оқыту барысының негізгісі – оқу үрдісінде, сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытып, сөйлеу тілін қалыптастыру (И.Г.Багрова).

Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Қазақ тілі сабақтарында қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлері:

  • Лексиканы меңгерту (мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.).

  • Сөйлеу жұмыстары (Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдап, қайталау). Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.

  • Диалог (амандасу, белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құру, мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар құру). Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;

ІІ кезең: диалогті жаттау;

ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;

  • Жазуды оқыту (сауатты жазу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін даму үшін пернетақтаны меңгерту арқылы тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіру).

  • Грамматиканы үйрету. Оқушылардың сөздік қорларын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беру іс-әрекеттерін сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. “Обучение для будущего”. Проектная деятельность в информационной образовательной среде 21 века. - Астана, 2009 г.

2. Букенева Ж. “Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері” // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2008. - №6.

3. Жүнісова Р.Қ. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесуін еуростандарт негізінде ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы дамытуды басқару”. - Ғаламтор желісі

4. Кеңшілікқызы Ж., Сағымбайқызы А. “Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану” // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. - 2009 .- №6.


Автор
Дата добавления 21.08.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров66
Номер материала ДБ-161685
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх