Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Арнайы түзету мектебінде « ерекше» балалармен жұмыс (семинардың бағдарламасы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Арнайы түзету мектебінде « ерекше» балалармен жұмыс (семинардың бағдарламасы)

библиотека
материалов

Арнайы түзету мектебінде « ерекше» балалармен жұмыс

Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс ауыр және күрделі. Ол өзі ғана емес , жан – жақты мәселелерді қарастырады. Біз осы мәселеге орай Ақтөбе қаласындағы №7-ші арнайы (түзету) мектебіндегі осы категориямен қалайша жұмыс жасап, әр оқушыға өзін жұмыс барысында жетістіктерге жетуіне жағдай жасай отырып, жұмысты тиімді жоспарлау мақсаттары тұрады. 2011-2012 оқу жылында «ерекше» топ оқушыларынан құралған 1- ші сыныпты қабылдадым. Сыныпқа келген оқушылардың жалпы мінездемесі әр түрлі. Яғни, біреулері түзету бала- бақшасынан келсе, енді біреулері үйден , шалғай ауылдардан оң мен солын ажырата алмай келіп отырған балалар.Балалардың мектепке алғаш келуінің өзі де , әр түрлі. Бақшада болған балалар, тез үйреніп кетсе, үйден келген балалар біразға дейін жылап көндіге алмай қойды.Оқушылардың барлығында дерлік өзін- өзі қамтамасыз етуі жоқ, киіну, аяқ – киім кию, тіпті қасықты дұрыс аузына апарып, дұрыс іше алмайтын балалар да кездесті. Сонымен бірге, мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың арасында : есту қабілеті бұзылған, тірек-қимыл қозғалыстары бұзылған , интеллектісі төмен, психикалық дамуы тежелген және жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған сияқты әртүрлі деңгей мен формадағы балалар кездеседі. Баланың ауытқушылығымен бұзушылық әрекетінің нақты деңгейін біліп , оның баланың дамуына қандай әсерін тигізетініні анықтау керек. Бұл балаға бағытталған және жүйелі түзетушілік –дамытушылық жұмысты дұрыс жүргізуге себебін тигізеді. Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды психологиялық және педагогикалық оқып тануда : осы балаларға сай жалпы мінездемелерді анықтады. Яғни : сөйлеу қабілетінің бұзылуы, қабылдаудың бұзылуы, зейіннің тұрақсыздығы, есте сақтау, ойлау , елестету, эмоциялық –ерік сферасының бұзылуы, моторикасының бұзылу және көру- қозғалыс кординациясының , жұмысқа қабілетсіздігі сияқты қасиеттердің төмен екендігін анықтады. 1- жыл бойына оқушылармен сыныпқа үйрену, ұжымға баулу және де өздерін қызмет жасай алу сияқты жұмыстар жүргізілді. Оқушылар дәптер кеңістігін, бағдарлдамайды, тіпті қалам ұстау дағдысы жоқ. Мұғалімнің шартын дұрыс түсінбейді.Тек күнделікті тұрмыстық сөздерді ғана ұққан болады. Балалар арасында сөйлеу қабілеті дамымаған, және олардың не айтқысы келгенін ұғыну мақсаттары тұрады. Дегенмен жыл соңында оқушылар осы айтылған мәселелер бойынша біраз жетістіктерге жетті. Айта кетсек, өздіктерінен дәретханаға бару, киімдерін кию, тамақты дұрыс ішу, сыныпты тауып келу, өз орнын табу, құралдарын жинау, өз заттарын тауып кию, және де шамалап қалам ұстап дәптер мен кітапты ажырата бастады. Биылғы оқу жылы бойынша балалар 2-ші сыныпты бастап кетті. Былтырғы жылға қарағанда , олардың біраз нәрсе үйренгенін байқауға болады. Олардың жыл санап өсуі мен даму деңгейі одан әрі жаңаша әдістер мен қарым – қатынасты дамытуды талап етеді. Және де, жалғыз мен емес, мектеп ішінде соңғы 3 жылмен салыстырған «ерекше» балалар сыныбы көбейіп жылдан – жылға артып келеді.Сондықтан да мектеп педагогтарының алдында осы контигенттің даму тарихынан бастап, олардың даму барысы бойынша жұмыс жасау мақсаттары тұрады. Сондықтан да осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп мұғалімдері көп ізденіс үстінде жұмыс жасайды.Мен осы әдістемелік мәселені негізге ала отырып, ізденушілік семинарымды бастадым. Бұл семинарда осы балалардың әуел бастағы тарихымен таныса отырып, олардың бүгінгі күнге дейін, алдымызда отырған оқушылармен қалайша жұмыс жасауға болатыны туралы ақпарат берілген.

СЕМИНАРДЫҢ мақсаты: Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1) «Ерекше» балалар оқитын сыныптардағы жұмыс жасайтын мұғалімдерді мәселенің негізгі бағыттарымен және жолдарымен таныстыру.

2) Педагогтардың тәжірибелік іс әрекетінде жаңа әдістер мен формалар арқылы оқушылардың дамуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар қарастыру. 3)Педагогтардың шығармашылық инициативаларын тудыра отырып, тиімді түзету-дамытушылық технологияларды іздестіру және де дамытушылық ортаны құру.

Семинардың жұмысы кейбір нақты актуальды мәселелерді шешуге себебін тигізді.

Жеткілікті мөлшерде, дайындалу шаралары өткізілді. «Ерекше» балалармен жұмыс жасаудың жолдары шешілді., педагогтардың бастауымен әр түрлі бағдарламалар құрылды.Ата – аналарды мектепке тарту « отбасы мектебі» құрылды.Осындай сыныпта жұмыс жасап жүрген мұғалімдер типтік оқу бағдарламасын нұсқауға ала отырып, осы категория балаларына арналған күнтізбелік жоспар жасалды.Яғни осы жұмыстар нәтижесінде , оқушылар ең бірінші қолайлы ортада жайлы сезіне отырып, ешбір қиындықсыз ортаға бейімделіп өз деңгейлеріне қарай бағдарлама жоспарын меңгеріп келеді. Педагогтардың дайындығы мен мотивациясы соңғы даму нәтижелеріне ( әңгімелесу, сұхбаттасу, пікірлесу, өзара сабаққа қатысу , шеберлік кластарын беру, жаңа келген мұғалімдер тәжірибе жинақтау, семинарлар мен тренингтер) және де жеке тұлғалық бағытта жұмыс жасай отырып, дәстүрлі емес формада жұмыс жасау бағыты дұрыс шешім мен прогрессивтік технологияларды меңгеруде үлкен жетістіктерге жетті.

Жұмыс барысында әртүрлі жаңашаланған технологиялар : интерактивті тақталар, арттерапия, ойын терапия, музыка терапия , кітап терапия, ертегі терапия, бейнелеу терапиялары және т.б технологиялар түрлері қолданылды. Осы семинар барысында « » тақырыбымен ашық есік күндері өткізілді. Әр түрлі бағытта : тірі және өлі табиғатты бақылау , пәндік іс –әрекет , бастауыш кластағы ойын –әрекеті , желілік – іскерлік ойындар жоғары кластарда , шаруашылық- еңбектік әрекеті , оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық әрекет , қоршаған ортамен қарым –қатынас коммуникациясы , оқу-іс әрекеті сияқты бағыттарда жұмыс жасалды. Бұл жасалған жұмыстар түрлері оқушылардың біліктілік деңгейлерін арттыра отырып, қоршаған ортада өздерін әлеуметтендіруіне жағдай жасайды.











Тақырыбы : Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушыларға сапалы білім қызметін көрсету бойынша жұмысты инновациялық ыңғайда ұйымдастыру»

Мақсаты : Зерде бұзылыстары төмен оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу.

Мерзімі

Мазмұны

Жауаптылар

1

Тамыз

  1. Мұғалімдер тобын жинақтау.

  2. Мәселе бойынша талқылау жұмыстары

  3. Семинардың жұмыс жоспарын талқылау

  4. Жоба жұмысын құру, болжау

  5. Жобаны талқылап, енгізу

  6. Тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, жинақтау

Имангазина Г.Қ

Шығармашылық топ

2

Қыркүйек

Ақыл-ойы орташа дамыған балалардың дене және психикалық дамуының ерекшеліктері.

Имангазина Г.Қ

3

Қазан

1 Қазақ сыныптарының Әб- нің

Әдістемелік апталығы.

Тақырыбы : «:« Айрықша» сыныпта оқитын оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің оқу ортасын ұйымдастыру.»

Шығармашылық топ.

Пән мұғалімдері

4

Қараша

Ақыл-ойы орташа дамыған оқыш-ды арнайы мектеп жағдайында оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен қағидалары.

Рахманберлина С.О

Нурманова Ғ.Ғ

5

Қараша

Шеберлік- кластары :

«Ақыл-ой кемдігі шама деңгейіндегі оқушыларға сабақ барысында қолайлы жағдай туғызу үшін , адекватты дамытушылық орта құру және жеке тұлға бола отыра, нәтижеге жету»

Брежнева Е.А.

Суворова С.Ф

Рахманберлина С.О

Нурманова Ғ.Ғ

6

Желтоқсан

  1. Ашық сабақтар көрсету «Ерекше» кластарда жаңадан тәжірибе жинақтап келе жатқан педагогтардың көрме сабақтары

Имангазина Г.Қ

Қожабаева А.Е

Ахметова Ж.Е

Алдабергенова Г.



Ізденушілік – шығармашылық семинардың бағдарламасы

««Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушыларға сапалы білім қызметін көрсету бойынша жұмысты инновациялық ыңғайда ұйымдастыру»

Мақсаты : Зерде бұзылыстары төмен оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1)«Ерекше» балалар оқитын сыныптардағы жұмыс жасайтын мұғалімдерді мәселенің негізгі бағыттарымен және жолдарымен таныстыру.

2)Педагогтардың тәжірибелік іс әрекетінде жаңа әдістер мен формалар арқылы оқушылардың дамуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар қарастыру.

3)Педагогтардың шығармашылық инициативаларын тудыра отырып, тиімді түзету-дамытушылық технологияларды іздестіру және де дамытушылық ортаны құру.

Бағдарламаның материалдары

Сағаттардың саны


Дәрістер



семинарлар

практикалық

сабақтар

1

Ақыл-ойы орташа дамыған балалардың дене және психикалық дамуының ерекшеліктері

4



2

Ақыл-ойы орташа дамыған балаларды сабақ барысында дамыту


2


3

Шығармашылық идеялар панорамасы. Ізденушілік педагогикалық шаралар бағыттары;

1)Тірі және өлі табиғатты бақылау

2)Пәндік іс –әрекет

3)Бастауыш кластағы ойын –әрекеті

4)Желілік – іскерлік ойындар жоғ.кластарда

5)Шаруашылық- еңбектік әрекеті оқушылардың

6)Әлеуметтік-тұрмыстық әрекет

7)Қоршаған ортамен қарым –қатынас коммуникациясы

8) Оқу-іс әрекеті









1

2

2

1

2

4

4

Қорытындылау






1



Жұмыс барысында қолданылатын негізгі әдістер мен формалар

а) Мәнжазбалар, хабарламалар , пікір-талас , сабақтар конспектісі, көрнекіліктер жинағы ;

б) Күнделікті баспалар мен жұмыс ,әдебиеттік ақпараттармен жұмыс ;

в) Ашық сабақтар өткізу , « дөңгелек үстел»

1-ші тақырып. Ақыл-ойы орташа дамыған балалардың дене және психикалық дамуының ерекшеліктері


  1. Зерде бұзылыстары күрделі бұзылған балалардың дене және психикалық дамуының ерекшеліктері . Г.Қ. Имангазина.


  1. Зерде бұзылыстары күрделі бұзылған оқушыларды арнайы мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері мен қағидалары. Ғ.Ғ Нұрманова.

С.О.Рахманберлина.

2 –ші тақырып. . Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектебінің екінші бөлімінде оқыту үдерісін жобалау.

  1. Зерде бұзылыстары күрделі бұзылған балаларды сабақ барысында дамыту.

Шығармашылық топ

  1. Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылар оқитын сыныптарда сабақ беру тәсілдері Шығармашылық топ



3 – ші тақырып. Шығармашылық идеялар панорамасы. Ізденушілік педагогикалық шаралар бағыттары;

1) Тірі және өлі табиғатты бақылау

2) Пәндік іс –әрекет

3) Бастауыш кластағы ойын –әрекеті

4) Желілік – іскерлік ойындар жоғ.кластарда

5) Шаруашылық- еңбектік әрекеті оқушылардың

6) Әлеуметтік-тұрмыстық әрекет

7) Қоршаған ортамен қарым –қатынас коммуникациясы

8) Оқу-іс әрекеті

4 – ші тақырып. Қорытындылау

Әдістемелік нұсқауларды талдап , жинақтау. (« дөңгелек үстел »)















Ізденушілік – шығармашылық семинар

««Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушыларға сапалы білім қызметін көрсету бойынша жұмысты инновациялық ыңғайда ұйымдастыру»



Дайындаған : Г.Қ. Имангазина























2012 – 2013 оқу жылы



Краткое описание документа:

Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу мәселесі бойынша арнайы мектептің мұғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған кеңестер беріледі.1) «Ерекше» балалар оқитын сыныптардағы жұмыс жасайтын мұғалімдерді мәселенің негізгі бағыттарымен және жолдарымен таныстыру.

2) Педагогтардың тәжірибелік іс әрекетінде жаңа әдістер мен формалар арқылы оқушылардың дамуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар қарастыру. 3)Педагогтардың шығармашылық  инициативаларын тудыра отырып, тиімді  түзету-дамытушылық технологияларды іздестіру және де дамытушылық ортаны құру.

Семинардың жұмысы  кейбір нақты актуальды мәселелерді шешуге себебін тигізді.

Жеткілікті мөлшерде, дайындалу шаралары өткізілді. «Ерекше» балалармен жұмыс жасаудың жолдары шешілді., педагогтардың бастауымен әр түрлі бағдарламалар құрылды.Ата – аналарды мектепке тарту « отбасы мектебі» құрылды.Осындай сыныпта жұмыс жасап жүрген мұғалімдер типтік оқу бағдарламасын нұсқауға ала отырып, осы категория балаларына арналған күнтізбелік жоспар жасалды.Яғни осы жұмыстар нәтижесінде , оқушылар ең бірінші қолайлы ортада жайлы сезіне отырып, ешбір қиындықсыз ортаға бейімделіп өз деңгейлеріне қарай бағдарлама жоспарын меңгеріп келеді. Педагогтардың дайындығы мен мотивациясы соңғы даму нәтижелеріне ( әңгімелесу, сұхбаттасу, пікірлесу, өзара сабаққа қатысу , шеберлік кластарын беру, жаңа келген мұғалімдер тәжірибе жинақтау, семинарлар мен тренингтер) және  де жеке тұлғалық бағытта жұмыс жасай отырып, дәстүрлі емес формада жұмыс жасау бағыты  дұрыс шешім мен прогрессивтік технологияларды меңгеруде үлкен жетістіктерге жетті.

Жұмыс барысында әртүрлі жаңашаланған технологиялар : интерактивті тақталар, арттерапия, ойын терапия, музыка терапия , кітап терапия, ертегі терапия, бейнелеу терапиялары және т.б технологиялар түрлері қолданылды. Осы семинар барысында « » тақырыбымен ашық есік күндері өткізілді. Әр түрлі бағытта : тірі және өлі табиғаттыбақылау , пәндік іс –әрекет , бастауыш кластағы ойын –әрекеті , желілік – іскерлік ойындар жоғары  кластарда , шаруашылық- еңбектік әрекеті , оқушылардың  әлеуметтік-тұрмыстық  әрекет , қоршаған  ортамен  қарым –қатынас  коммуникациясы , оқу-іс әрекеті сияқты бағыттарда жұмыс жасалды. Бұл жасалған жұмыстар түрлері оқушылардың біліктілік деңгейлерін арттыра отырып, қоршаған ортада өздерін әлеуметтендіруіне жағдай жасайды.

 

 

 

Автор
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1113
Номер материала 156491
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх