Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Арт - терапия. "Бейнелеу өнері" пәнінен әдістемелік құрал

Арт - терапия. "Бейнелеу өнері" пәнінен әдістемелік құрал

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚайранбаеваГулшат Болатовна

«Қосалқы мектеп – интернаты»КММ

Семей қаласы


C:\Users\User\Desktop\ГУША 73\Фото облас семинар 19.06.2012\PICT0011.JPG

Қайранбаева Гулшат Болатовна


Туған жылы: 03.01.1973ж

Лауазымы: Дефектолог мұғалімі

Білімі: Жоғары. 1990-1995 жж

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты. 2013-2015жж Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Педагогикалық өтілі: 17 жыл

Жетістіктері: 2004ж – Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ Республикалық съездінің делегаты. 2004ж – Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен марапатталу.

Қысқаша андатпа:

Бұл әдістемелік құрал «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда зердесі жеткілікті дамымаған балаларды қолда бар заттарды қолдана отырып сурет салуға үйрету, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, зейінін, сенсорлық түсініктерін дамыту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету үшін қосымша материал ретінде беріліп отыр. Арттерапия бағытын жұмыс барысында қолдану балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын, әдемілікке деген құштарлығын арттырады. Оларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Әдістемелік құралда зерде қызметі бұзылған балаларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрден тыс сурет салу әдіс – тәсілдері, практикалық тапсырмалар жиынтығы, керекті құрал – жабдықтары кеңінен сипатталып, тәжірибелік жұмыс мазмұны толығымен көрсетілген.

Пікір жазушы: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Анатомия, дефектология және физиология» кафедрасының меңгерушісі РһD докторы Кенжебаева Т. Б.


Арнайы коррекциялық мектептің бастауыш сыныптарында қарапайым сурет салу дағдысын қалыптастыру барысында дәстүрден тыс әдіс – тәсілдерді қолдану.


Зерде қызметі бұзылған баланы қалай сурет салуға үйретуге болады?

Нақты сурет салумен: зерде қызметі бұзылған бала қылқалам мен қарындашты сенімді ұстай білгенде, қарындаштың өзіне не үшін қажет екенін ұға білгенде, сурет салуға деген қызығушылық пайда болғанда ғана айналысуға болады. Баланы сурет салуға үйретуде бірнеше техникалар бар. Бұл жерде дәстүрден тыс сурет салу техникаларын қолдануға болады.

Зерде қызметі бұзылған балаға алғашқы рет бояумен сурет салуды үйреткенде гуашь бояуын қолданған жөн. Гуашь бояуын сумен езудің қажеті жоқ. Гуашь бояуының қалдырған ізі акварель бояуына қарағанда ашық түсті болып келеді. Сол сияқты қарындашпен суретті бояуға бергенде, қарындаш емес, алғашқыда фломастер берген жөн. Зерде қызметі бұзылған балалардың басым көпшілігінің қол, білек, саусақ бұлшық еттері әлсіз келеді. Олар қарындашты саусақтарымен қысып ұстай алмайды. Кейбір зерде қызметі бұзылған балалар қарындашты керісінше қатты қысып ұстайды, бастырып бояйды. Бұл қарындаштың ұшының қайта – қайта сынуына әкеледі. Кейбір балалар мұндай жағдайда ашу шақырады, ызақорланып, жылап, қарындаштарын жан – жаққа шашады. Ал фломастер шамадан тыс күш жұмсауды, қатты бастырып бояуды қажет етпейді. Жай жеңіл – желпі фломастерді жүргізудің өзі ашық түсті із қалдырады. Бала қарындашты, қылқаламды әбден ұстап үйренгеннен кейін, нүктелерді, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салу, штрихтау әдісі, үлгілерді, кеспе үлгілерді, ойық трафареттерді қолдану арқылы сурет салу, қадамдап сурет салу сияқты дәстүрлі сурет салу техникаларын үйреткен жөн.

Зияты бұзылған балаға бейнелеу өнері пәнін оқытуда дәстүрлі сурет салу тәсілімен қоса дәстүрден тыс сурет салу әдістеріне де көп көңіл бөлген жөн. Ақыл –ойы кем балаға дәстүрден тыс сурет салуды үйрету барысында қолданылатын көптеген заттар: үлгілер, кеспе үлгілер, трафареттер, бастыру трафареттері, жұмсақ губка, көкөністер, жіп, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном), трубочка, тіс щеткасы, тіс пастасы, қатты қатырма қағаз, акварель бояуы және гуашь т.б.олардың қызығушылығын, қиялын арттырады, сенсорлық түсініктерін толықтырады. Ал ақыл – ойы кем балаға дәстүрден тыс сурет салуды үйретуде: саусақпен сурет салу, кляксография, монотипия, жіп графикасы, бастыру арқылы сурет салу(трафарет), қатты қатырма қағазбен сурет салу т.б әдіс – тәсілдер үлкен нәтиже береді.

Тәжірибем көрсеткендей: әртүрлі ерекше тәсілдермен сурет салу және күнделікті өмірдегі тұрмыста қолданатын заттарды сурет салу барысында пайдалану балалардың асқан қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл – күй сыйлайды. Дәстүрден тыс сурет салу балаларды қызықтырып қана қоймайды, балалар үлкен қызығушылықпен сурет салып, өздері ойдан құрастырып, жаңа бір дүние жасап шығаруға тырысады.

Дәстүрден тыс сурет салу барысында бала сурет салуды үйреніп қана қоймайды, оның біріншіден, сөйлеу тілі, ойлау, есте сақтау қабілеттері, қолдың ұсақ моторикасы, зейіні, сенсорлық түсініктері дамиды. Кеңістікті бағдарлай білуге үйренеді. Екіншіден, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, эстетикалық талғамы, әдемілікке деген құштарлығы артады.Үшіншіден, оқушыны бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Бұл оған болашақта оқу – жазу дағдысын қалыптастыруда, дыбыс айтуда, дәптер бетіндегі кеңістікті сақтай білуге көп көмегін тигізеді. Мысалы: «Үрлеу» әдісі (кляксография – бояу тамшыларын үрлеп жан – жаққа шашырату, немесе трубочкаға үрлеу арқылы бояуды шашырату) арқылы сурет салу барысында бала дұрыс тыныс алып, дем шығаруды үйренеді. Саусақпен сурет салу барысында баланың саусақ, қол бұлшық еттері дамиды. Бала кейіннен қалам, қылқалам, қарындашты дұрыс ұстай білуге жаттығады.

Мұндай әдіс – тәсілдермен сурет салғанда, балалар шатасып кетуден қорықпайды, өйткені, бұл қателікті тез түзетуге болады және де қателіктен жаңа бірдеңе құрастырып шығаруға болады. Бұндай жағдайда бала өзін сенімді ұстап, «ақ қағаз бетінен қорқу» сезімін жеңіп, өзін бір кішкене суретшідей сезіне бастайды. Балада қызығушылық оянып, сурет салуға деген құштарлық пайда болады. Бір қызығы, кез – келген жерде, кез – келген затпен сурет салуға болады! Сурет салуға арналған заттардың әртүрлілігі алдарына жаңа міндеттер қоюға жетелейді, олар өздері бірдеңені ойлап табуға тырысады. Дәстүрден тыс сурет салу барысында бала өзін сенімді сезініп, өзіндік «Мен» -ні оянады. Бұл «Мен», бұл «менің жұмысым»,- деген қуаныштың арқасында, өз жұмысына деген қанағаттану пайда болады.

1.Зияты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаға бейнелеу өнері пәнін дәстүрден тыс оқыту.


    1. Кляксография әдісі

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, сок трубочкасы, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).

Тәжірибелік жұмыс №1: “Ағаш бейнесін салу”.Оқушы мұғалімнің көрсетуімен ақ параққа бірнеше қоңыр бояудың тамшысын қыл қалам арқылы тамызады. Оны соктың трубочкасына үрлеу арқылы тамшыны үрлеп жан – жаққа жаяды. Үстінен қыл қаламмен жасыл бояу тамшыларын тамызып, оны да үрлеп жаяды. Мақта таяқшамен жапырақтарды әдемілеп жағу арқылы дөңгелектейді.

C:\Users\ХХХ\Documents\P1011635.JPG

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, үшберек.

Тәжірибелік жұмыс №2: Ақ қағаздың үстіне қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Үрлеу арқылы бояу тамшыларын жан – жаққа жаяды. Соңынан ақ парақта пайда болған суретті қарайды. Бұл не? От шашу ма? Әлде өрмек тоқыған өрмекші ме?

C:\Users\ХХХ\Documents\P1011636.JPGC:\Users\ХХХ\Documents\P1011640.JPGC:\Users\User\Documents\6асм-300x240.jpg


1.2 Монотипия әдісі

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).

Тәжірибелік жұмыс №1: “Гүл суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы кезекпен тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда гүлдің суреті пайда болады.

C:\Users\ХХХ\Documents\9f421ac19385fcaa2d2f4b5f51685ea5.jpg.jpgC:\Users\ХХХ\Documents\4ad7da64d022f4a8d32c147eae8df485.jpg.jpg


Тәжірибелік жұмыс №2: “Көбелек суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қарындашпен көбелектің нобайына келтіріп суретін салып, қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда көбелектің суреті пайда болады. Мақта таяқшаны алып, бояуға малып алып көбелектің көздерін, мұртшаларын, қанаттарындағы өрнектерді, көзшелерді салып суретті аяқтайды.

C:\Users\ХХХ\Documents\P5223750.JPGC:\Users\ХХХ\Documents\P5223752.JPG

C:\Users\ХХХ\Documents\P5223753.JPGC:\Users\ХХХ\Documents\P5223755.JPG


Керекті құрал - жабдықтар: Бояу, қылқалам, ақ қағаз.

Тәжірибелік жұмыс №3: Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жақ бөлігіне орта тұсына таман қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Парақтың бүктеуін біріктіріп, үстінен алақанымен бастырып жүргізеді. Парақтың бүктеуін ашып қарайық: Неткен әдемі, бұл не? Әдемі көбелек пе? Қоңыз ба? Ертегі гүлдері ме? Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.

C:\Users\User\Documents\9рри-м-300x240.jpg


1.3 Бояуды, тіс пастасын жағу арқылы сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель краскасы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, тіс пастасы.

Тәжірибелік жұмыс №1: “Қысқы табиғатты салу”. Ақ қағазға қара және қоңыр бояуларды пайдалана отырып, қылқаламмен ағаштың суретін салады. Келесіде ағаштың бұтақтарының үстіне тіс пастасын жағу арқылы ағашқа қонған қардың суретін салады. Жағу әдісі арқылы тіс пастасын қысып, жағып отырып жерде жатқан қарды, ақ қағаздың әр жеріне жапалақтап жауған қарды бейнелейді.

hello_html_310b2bf1.pnghello_html_m3747ae24.png


Керекті құрал - жабдықтар: Гуашь бояуы, қылқалам, үлкен ақ парақ, үшберек, жұмсақ губка.

Тәжірибелік жұмыс №2: Жұмсақ губканы бояуға малып алып, ақ парақтың дәл ортасына губканы қатты қысып сығу арқылы бояу тамшысын түсіреді. Балалар сол бояу тамшысын қылқаламмен, жұмсақ губкамен жайып жағу арқылы суретті аяқтайды. Мысалы: сары бояуды қылқаламмен дөңгелете жағу арқылы күннің суретін салуға болады.

1.4 Жіп графикасымен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, ақ парақ, жіп.

Тәжірибелік жұмыс №1: Ақ парақты ортасынан бүктейді. Жіптің ұштарын түйіншектеп алады. Жіпті бояуға малып алып, парақтың бір жақ бөлігіне жіптің бір ұшы парақтан шығып көрініп тұратындай етіп орналастырады. Қағаздың келесі бөлігін үстінен бастырып жабады. Парақтың үстінен алақанмен басып тұрып, жіптің бір ұшынан ұстап, екі жаққа қозғайды. Парақты ашып, жіпті алып пайда болған суретті қарайды. Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.

Тәжірибелік жұмыс №2: Бірнеше жіпті бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Жіптерді ақ қағаз бетіне әртүрлі бағытта орналастырады. Оның үстінен басқа ақ қағазбен жіптердің ұштары көрініп тұратындай етіп жабады. Үстінен жапқан қағазды бір қолмен басып тұрып, бір жіпті, келесісін, тағы сол сияқты жіптерді тартып ала бастайды. Үстінен жапқан қағазды алып, таңғажайып әлемді көруге болады.

Тәжірибелік жұмыс №3: Ақ парақты ортасынан бүктейді. Бірнеше жіпті бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Жіптерді ақ қағаз бетіне әртүрлі бағытта немесе дөңгелектеп әдемілеп орналастырады. Оның үстінен басқа ақ қағазбен жабады. Қағазды бір қолмен қатты басады. Ақ қағазды ашып, жіптерді бір – бірлеп алып тастайды. Пайда болған суретті қарайды. Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.

C:\Users\ХХХ\Documents\43ывч-300x240.jpg

Тәжірибелік жұмыс №4: Цилиндр пішіндес затты айналдыра немесе айқастыра жіп орайды. Бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Сосын цилиндр пішіндес затты ақ қағаздың шетіне рамочка жасау үшін әдемілеп бастырып шығады. Ақ қағаз бетінде жіптен әдемі ою пайда болады.

1.5 Бояуды шашырату арқылы сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Тіс щеткасы, гуашь бояуы, қатты қатырма қағаз, тарақ.

Тәжірибелік жұмыс №1: Щетканың бір ұшын бояуға малып алып, оны ақ қағазға тақатады. Қатты қатырма қағазбен немесе тарақпен щетканың түкшелерін тарай сипап жүргізеді. Бояу ақ қағаз бетіне шашырайды. Осылай жұлдызды аспанды, от шашуды, ағаштарды т.б. бейнелеуге болады.

C:\Users\User\Documents\s8147_1350405989_3.jpg


Керекті құрал - жабдықтар: Тіс щеткасы, гуашь бояуы, кепкен жапырақтар (гербарий), ойық трафарет, қатты қатырма қағаз, тарақ.

Тәжірибелік жұмыс №2: Ақ қағаздың үстіне кепкен жапырақты (гербарий) немесе кез – келген пішінді бейнелейтін ойық трафаретті қояды. Щетканың бір ұшын бояуға малып алып, бояуды шашыратады. Ойық трафаретті немесе гербарийді алып тастағанда астында із қалады. Оны кейбір жерлерін өздігімен салып аяқтауға болады.

C:\Users\User\Documents\набрызг-240x300.jpg

1.6 Саусақпен сурет салу (Саусақтың ізі)

Керекті құрал - жабдықтар: Бояу, ыдыс, ақ қағаз.

Тәжірибелік жұмыс: Қолды жұдырыққа түйіп, оны бояуға малады. Жұдырықты бояу жақсылап алақанға, қолға жағылатындай етіп, олай – бұлай қозғайды. Жұдырыққа түйілген қолдың сырт жағын ақ қағазға бастырады. Дәл осыдай бірнеше таңбалар салады. Сол сияқты толық алақанмен, бас бармақпен, кішкене саусақпен, саусақтың ұшымен сурет салуға болады. Суреттің кейбір жерлерін қылқаламмен өздігімен салып аяқтауға болады. Кейбір балалар бояудан жейіркеніп, не болмаса қорқып, саусағын бояуға малудан бас тартады. Ондай жағдайда бояудың түсін таңдауда мұқият болған жөн. Алғашқыда сары, көк, жасыл бояуларға саусағын малып, баланың бойы үйренген соң саусақты қызыл бояуға малуға болады. Балалар бояуға алақандарын малып алып, өз қолдарының ізін ақ қағаз бетінде қалдырғанды жақсы көреді.


C:\Users\User\Documents\ен78гр-240x300.jpg

1.7 Бастыру арқылы сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Бастыруға арналған заттар: табиғи материалдар ( дәндер, әртүрлі жаңғақтың қабықтары), қақпақтар, құмда ойнауға арналған ойыншықтар, көкөністер, бояу, ыдыс, ақ қағаз, жұмсақ губка.

Тәжірибелік жұмыс №1: Бұл сурет салу әдісін бірнеше мәрте орындауға болады. Жұмыс түрін керекті құрал – жабдықтарды түрлендіре отырып қайталай беруге болады. Мысалы: Шақыру билеттерін, открыткалар, салфеткалар т.б. суреттерін салып жасап шығуға болады. Жұмсақ губканы кез – келген бояуға малып, оған әбден бояуды сіңдіреді. Бастыруға арналған затты жұмсақ губкаға тигізіп, қысамыз, соңынан ақ қағаз бетіне бастырамыз. Қағаз бетінде анық әрі біркелкі із қалады. Кез – келген композицияны құрастыруға болады. Суреттің кейбір жерлерін қылқаламмен өздігімен салып аяқтауға болады. Әртүрлі пішінді ойық конструкторларды бастыру арқылы «Үй» суретін салу.

C:\Users\User\Documents\3еп34при-ри-300x240.jpg


Керекті құрал - жабдықтар: Бояу, ыдыс, ақ қағаз, жұмсақ губка, қылқалам, картоп.

Тәжірибелік жұмыс №2: “Поезд суретін салу”. Ыдыстағы гуашь бояуына губканы малып, ақ қағазға бастыру арқылы поездың вагондарын салады. Қылқаламды акварель бояуға малып алып, вагондардың астынан бір – біріне паралель екі сызық сызу арқылы поездың жолын салады. Жолдың ортасына қылқаламмен тігінен таяқшалар жүргізу арқылы рельстерін салады. Кішірек картопты алдын ала екі бөлікке бөліп алады. Картоптың екі бөлігін де гуашь бояуына малып алып, бастыру арқылы поездың дөңгелектерін салады.

1.8 Майлы қарындашпен( восковой) немесе май шаммен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Майлы қарындаш (восковой), май шам, беткі бөлігі бүдір трафарет,бояу, қылқалам.

Тәжірибелік жұмыс №1(Көшіру әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына контурлы суретті қояды. Ақ қағаздың үстінен контурдың бойымен май шамды жүргізеді. Соңынан бояуды жағады. Контурлы сурет ақ қағазға көшіріліп шығады.

Тәжірибелік жұмыс №2(Үйкеу әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына беткі бөлігі бүдір трафаретті салады. Ақ қағаздың үстінен май шамды олай – бұлай үйкейді. Соңынан бояумен бояйды. Ақ қағаздың бетіне трафареттегі сурет көшіріліп салынады.

Тәжірибелік жұмыс №3(Үйкеу әдісі): Жұқа ақ қағаздың астына беткі бөлігі бүдір трафаретті салады. Ақ қағаздың үстінен майлы қарындашпен (восковой) олай – бұлай үйкейді. Ақ қағаздың бетіне трафареттегі сурет салынады.

1.9 Умаждалған қағазбен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Қағаз, бояулар, қылқалам, ыдыс.

Тәжірибелік жұмыс: Таза ақ қағазды умаждап, қайта жазады. Қылқалам және бояудың көмегімен ойына келген суретті умаждалған ақ қағаздың бетіне салады. Бояуды жаққанда, қағаздың умаждалған жерлеріне бояу қоюлау жағылады. Сурет бір қарағанда көз алдыңа мозайканы елестетеді.

C:\Users\User\Documents\3е5еир-240x300.jpg


1.10 Табиғи материалмен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Бастыруға арналған заттар: табиғи материалдар дәндер, әртүрлі жаңғақтың қабықтары, кепкен жапырақтар, кішкене бұтақтар, гүлдің қауыздары, шишкалар, ақ қағаз,бояу езуге арналған ыдыстар, бояу, қылқалам.

Тәжірибелік жұмыс №1: Табиғи материалды бояу езілген ыдысқа малып алып, оны ақ қағазға жеңіл – желпі бастырады. Қағаз бетінде із қалады. Табиғи материал суретін салатын затына байланысты іріктеледі. Табиғи материалдар дәндер, әртүрлі жаңғақтарды бастыру арқылы «Аралдағы бала» суретін салу.

C:\Users\User\Documents\35пкеие4и-240x300.jpg

Тәжірибелік жұмыс №2: Ағаштардың, бұталардың кепкен жапырақтарына бояу жағып, оны ақ қағазға жеңіл – желпі бастырады. Ақ қағазда күн, ағаштар, гүлдер пайда болады. Гүлдің қауыздарынан жұлдызшалар, ақшақарлар, бақбақ, шөп жамылған алаңқайларды салуға болады.

C:\Users\User\Documents\s8147_1350405592_4.jpgC:\Users\User\Documents\s8147_1350405592_5.jpgC:\Users\User\Documents\s8147_1350405592_6.jpg


1.11 Қолда бар затпен(кішкене шариктермен) сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Қағаз, темір, пластмасса қораптар, кішкене шариктер, әр түсті бояу, ақ қағаз, қылқалам, су.

Тәжірибелік жұмыс: Қораптың ішіне ақ қағазды жайып салады. Оған қылқаламмен әртүсті бояуларды тамызады. Сосын қорапқа бірнеше шариктерді салып, шариктер қораптың ішінде олай – бұлай қозғалатындай етіп оны шайқайды. Шариктер қораптың ішінде бояуларды бір – бірімен араластыра жағып, әдемі ою салады дөңгелейді.

1.12 Ермексазбен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Қатты қатырма қағаз, ермексаз, қарындаш.

Тәжірибелік жұмыс: Қатты қатырма қағазға кез – келген заттың суретін қарындашпен контурлап салады. Жұмсартылған ермексазды есіп контурдың бойымен қағазға жапсырады. Балалар асқан қызығушылықпен орындайды.

C:\Users\User\Documents\0-9шо-240x300.jpg


1.13 Сабын көпіршігімен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Оргшыны, акварель бояуы, жұмсақ губка, сабын, шампунь, ақ қағаз, қарындаш, қылқалам.

Тәжірибелік жұмыс: Жұмсақ губканы сабындап, сабынды езіп аламыз. Оны қатты қысып сығу арқылы сабын көпіршігін ыдысқа ағызып аламыз. Қарындашпен салынған немесе көшірмеге арналған (раскраска) суреттің үстіне оргшыныны қоямыз. Қылқаламмен сабын көпіршігін алып, керекті түсті бояуға маламыз. Сабын көпіршігі керекті түске боялғанша бояуды қылқаламмен араластырамыз. Боялған сабын көпіршігімен шынының астындағы суретті шынының үстінен бояймыз да кептіріп қоямыз. Таза ақ қағазды сәл сулап алып, сулы жағын шынының үстіне жапсырамыз. Қағаздың үстінен алақанмен бастырып жүргіземіз. Қағазды қайта алғанда шынының астындағы суреттің ақ қағазға көшіріліп салынып шыққанын көреміз.

C:\Users\User\Documents\0-кес-240x300.jpgC:\Users\User\Documents\32ы-240x300.jpg


1.14 Сүрту (үйкеу) әдісімен сурет салу

Керекті құрал - жабдықтар: Кепкен жапырақтар, беткі бөлігі бүдір- рельефті бейнелер, мақта, түсті бояудың үстіріктеліп үгітілген ішкі стержені (грифель).

Тәжірибелік жұмыс: Жұқа ақ қағаздың астына беткі бөлігі бүдір – рельефті бейнені, кепкен жапырақтарды немесе рельефті трафаретті салады. Мақтаны алдын ала дайындалған қарындаштың үстіріктеліп үгітілген порошогына малып алып, ақ қағаздың үстінгі жағынан үйкелей отырып сүртеді. Қағаздың астындағы бейне қағаз бетінде пайда болады.

C:\Users\User\Documents\32цве7-240x300.jpgC:\Users\User\Documents\908рн7-240x300.jpg


Қолданылған әдебиеттер:

1.Алексеева О., Юдина Н. Интеграция в изобразительном искусстве // Начальная школа.-2006. №14

2.Башаева Г.В. Развитие восприятия у детей. Форма, цвет, звук.-Ярославль: Академия развития, 1998.-239 с

3.Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей.-М.:Академия,2002.-320с

4.Гин С.И. Мир фантазии (методическое пособие для учителей начальных классов) –Гомель,2003

5.Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика его преподавания в начальной школе.-М.,2007

6.Нүсіпбекова М.И. Бейнелеу өнері. –Алматы. «Аруна» баспасы.2004














Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров211
Номер материала ДВ-491196
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх