Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚарты бар ел - қазыналы.

Қарты бар ел - қазыналы.

Скачать материал

Тақырыбы.  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

 

Жүргізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

                     Ақыл кенін арқалаған аталар.

                     Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

                     Біз алаңсыз балғын шақты балалар

                     Армысыз ауылымның асылдары

                     Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

                    Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

                    Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер  демекпіз.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Телеубаева Сания Көшенқызына береміз.

Жүргізуші: Дүниеге келер бір рет

                     Құрыштан құйған құдірет Балалар, ол кім? Әрине қарттарымыз.

                     Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат

                     Ешкімге жасамайтын қиянат

                     Жайлап қана ақылменен түзейсің

                    Жадыраймын жадырайын,

                    Көңілденіп күлемін.

                    Жанар ма деп талабым,

                    Ата ақылын тыңдаймын.

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше кешіміздің «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

Ортаға өздерінің ақ тілектерімен  оқушыларымызды шақырамыз

Тақпақтар: 1-оқушы:  Шұғыла

                   Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

                   Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

                   Отбасында, бала – шаға қасында

                   Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

                   Көңіл жетім болмаған соң сыңары

                   Жас баладай жаутаңдаған жанары

                   Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

                   Қағыс естіп қалбақтайды баладай

                   Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

                  Ниеті ақ, көңілі кең даладай

                  Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

 2-оқушы: Еркенұр

                  Атам менің әманда Әдепті жан бол деген

                  Атам сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем

                  Алдын орап кісінің  Кесіп өтпе көлденең

                  Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем.

3-оқушы: Аружан

                  Атам менің әманда кішіпейіл бол деген.

                  Ата сөзі санамда мақтанбауды жөн көрем

                  Қалдыратын ұлтқа жалған сөзге төзбеймін

                  Жеткізеді мұратқа тек шындықты көздеймін.

4-оқушы: Ернар

                 Атам менің әманда Әділетті бол деген.

                 Ата сөзі санамда жүрмін тура жолменен

                 Ей, тәкаппар дүние маған да бір қарашы

                 Танимысың сен мені мен қазақтың баласы.

5-оқушы:

               Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

               Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

               Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

               Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

               Ана мейір күн көзімен пара – пар.

               Тұла бойға қуат болып таралар

                Өміріме шуақ шашып әрқашан

               Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

 

Жүргізуші:

 Ана  мейірі күн көзімен пара- пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен әжелер! – деп ортаға «Әке толғауы» биімен, биші қыздарымыз Дулатқызы Камила және Есқайыр Әселді шақырамыз.

 

6-оқушы: Асылхан

           Ата күні - әже күні әлем күні

          Әлемде теберінділер ақылды үні

          Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

          Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

          Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

         Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

         Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

         Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

7-оқушы:   

          Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

          Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

          Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

          Қариялар өзіңді ел сыйлаған

8-оқушы:

          Көкке  өрмелеп көңілін

          Нұрға толсын өмірің

          Бақытты бол жан әже

         Ұзақ болсын өмірің

9-оқушы:

         Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

         Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

         Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

         Тыныштық елімізге бере берсін.

          Молшылық жерімізге ене берсін.

          Соғыстан ел жұртымыз аман болып

          Қызығын бейбіт өмір көре берсін

          Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

          Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

          Тап-таза абыройлы болғаныңды

           Қазіргі ел билеген жастар көрсін

 

 

 

 

Жүргізуші:

Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Ендігі кезекте барлығыңызды мына бір көрініске көңіл бөлулеріңізді сұраймын.

 

«Бүгінгі қария жылады» (Қарттар үйі туралы слайд көрсету)

 

Жүргізуші:

Бүгін қария жылады,
Жастықты еске бір алып.
Баласын сүйді, қорғады,
Бір күндей, бәрін еске алып.
***
Қалайша қарттар үйінде,
Қалдым бүгін мен тозып?
Жаутаңдап тосқан сезімге,
Жақсылық тілеп, мың қосып.
***
Тамағы тоқ болса да,
Жүрек тозып, ащиды.
Кінә жоқ деп баламда,
Тілек тілеп жасиды.
***
Әй заман ай, заман ай,
Жетім бала, қарттар ай.
Болмасын дүрлік осындай,
Кешіре гөр бізді, бір Құдай.

 

 

 

 

 

Қарты бар үй- қазына демекші
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

 

Жүргізуші:

Ендігі кезекте көркем сөз оқу:«Ардақтайық  қарттарды» орындайтын Болатқызы Ақерке

 

Жүргізуші:

Көкке  өрмелеп көңілің

Нұрға толсын өмірің

Әрқашан да ата-әже

Ұзақ болсын өмірің дей келе ортаға 

«Әрқашан күн сөнбесін» әнімен  Асылбекқызы  Шұғыланы шақырамыз. 

 

Жүргізуші:

 Бүгінгі кешімізге келіп отырған құрметті қонақтарымызға рахметімізді айта отырып асыл әжелерімізбен, ардақты  аталарымызға  сөз кезегін берейік.

 

Жүргізуші:

 Абырой амандығың арта берсін

 Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

 Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

 

 

№2 бастауыш мектеп

 

 

 

 

 

1 қазан – Қарттар күніне арналған кеш

 

 

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=803289b0cb89c8f&mb=imgdb_preview_805

 

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Тәрбие ісі меңгерушісі  Мақы Ләззат Тынышбайқызы

                                  Тәлімгер  Хасанова Күнсұлу Мұратқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қарты бар ел - қазыналы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 807
    • DOCX 37.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасанова Кунсулу Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасанова Кунсулу Муратовна
    Хасанова Кунсулу Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6887
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 280 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе