М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі
Құттықтау кеші
«Қарттарым, аман-сау жүрші!»
Өткізген: Жылқыбаева А.Т.
2015 - 2016 оқу жылы
Тақырыбы:
Қарттарым, аман-сау жүрші!
Мақсаты:
Оқушыларды
адамгершілікке, мейірімділікке баулу; үлкенді сыйлауға, иманды да инабатты
болуға тәрбиелеу; эстетикалық талғамдарын нығайту.
Көрнекі
құралдар: Қанатты
сөздер, плакаттар, шарлар, музыка.
Жүргізушілер:
Қайролла
Алмас, Тасберген Индира.
1-жүргізуші:
Дүниеге
келер бір рет,
Дария-кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман-саумысың – деп, бүгінгі «Қарттарым,
аман-сау жүрші!» атты құттықтау кешіне қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Мерекеде
басты қостық бәріміз,
Жарасады әніміз бен сәніміз.
Той пердесін ашайық,
Аталарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық!
1-жүргізуші: Әрқашан
еркелетіп ертіп жүрер ата-әже баласы болған қандай бақыт! Ата-әженің
тәлім-тәрбиесін көріп, өнегесін үйренбеген немере болмас. Тіпті ұлы адамның өзі
де ата-әжесінің тәлім-тәрбиесімен сусындап өскен.
2-жүргізуші: Құттықтау
сөзі мектеп директоры Хасенова Мүслима Қасымқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Жүректен
кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – дей отырып, бүлдіршіндердің орындауында «Балапан» әні
(1-сынып)
Бастауыш
сынып оқушылары өз тақпақтарын айтады.
Тілеужан: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Мәншүк: Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Аружан: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2-жүргізуші: Әлқиссадан шертеді,
Оқиғасы не түрлі.
Әжем айтқан ертегі,
Ел тағдыры секілді.
Алтынай: Әжем менің шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді.
Менің әжем, ақ әжем,
Ақ жаулықты жан әжем.
Ақыл айтқан дан әжем
Ертегісі дар (мол-?) әжем.
5-сынып қыздарының орындауында «Ертегілер» әні.
Диана: Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
С.Аяжан: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал әжем,
Ылғи менің қасымда.
Ақ жаулықты әжемді
Ай-нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін.
Әділет: Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл-қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
Нұрдаулет: Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Е. Аяжан: Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
Мирас: Атам
менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені?
Мен - қазақтың баласы.
1-жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық.
6-сыныптың орындауында «Көк туым» әні.
2-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
«Қазақ биі» бір топ бишілер (жоғары сынып қыздары).
Серік: Құттықтаймыз
мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Камила: Ата күні - әже күні - әлем күні!
Әлемде теберінділер (тербелетер-?) ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде.
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Ата – әже, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын!
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!
1-жүргізуші: Күн нөсерін төгейік,
Жырдан
моншақ өрейік.
Уа
жамағат, ал енді
Әнге
кезек берейік.
6-сынып ұлдарының орындауында «Әкешім» әні.
2-жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,
Кәнеки би бастаңдар!
Ата-әжелердің көңілін
Бір көтеріп тастаңдар!
Бүлдіршіндерді қазақтың «Қамажай» биімен
ортаға шақырамыз.
Ақниет: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
Асет: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама!
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда, ұлы Ана!
Бексұлтан: Атамыз біздің
панамыз,
Атамыз біздің данамыз.
Атадан ақыл аламыз,
Атадан адам боламыз.
Болашақ
алды ұрпаққа,
Сілтеген түзу жолдарын
Балалар түсін оны-ойла,
Қарттар - асыл тауларын!
Шыңына
шығып биіктің
Мансапқа жетер қолдарың.
Ұмытпа сонда қадірін,
Қарттар - асқар тауларың!
Оқушылар
өз шығармаларын, өлең-тақпақтарын оқиды.
1-жүргізуші: Кең
даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Жоғары
сынып оқушыларының орындауында көрініс (8-сынып, Дауылбай Ақниет).
2-жүргізуші:
Тұра
тұршы есейгенше ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің!
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?
5-6
сынып қыздарының орындауында «Асыл әжем» әні.
1-жүргізуші:
Менің
әжем алтын!
2-жүргізуші:
Менің
де әжем алтын!
Бірге: Әжелерді
құрметтеп қол соғыңдар жалпың!
Әжелерді
ортаға шығарып, ойын ойнату.
2-жүргізуші:
Кешіміздің
қадірлі қонақтарын ортаға шақырып сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен,
Айналайын атажан!
Не үлкен сый бар бізге
Өзің берген батадан? – деп
бүлдіршіндерге ақ бата берсеңіздер.
2-жүргізуші:
Алдында
жүрші көзімнің,
Асылым, алтын-қазынам.
Ауыра қалсам өзіңнің,
Пейіліңнең-ақ жазылам.
1-жүргізуші:
Сағынып
талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап,
«Қарттарым, аман-сау жүрші» –деп бүгінгі шағын құттықтау кешімізді аяқтаймыз.
Келгендеріңізге көп рахмет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.