Инфоурок Другое Статьи«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Скачать материал

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
      Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Т.З. Жетыгаринаға  береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен ашамыз.

 Орындайтын Нұргелді
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Саят
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.  (Өлеңдер оқу)
Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Абилова Маржан.
Бүгінгі кешке ұстазымыз қазір зейнеткер Сұлқия  апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың
Анамызға арнап 9 сынып оқушысы Саяттың  орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
           Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» оқитын  10 сынып оқушысы Дәмегүл Мәлікқызы
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын   8 класс оқушылары

Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Ана  туралы жыр» 10 класс оқушылары
Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұркелді

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 18 орта мектеп

 

 

Қарттарын қадірлеген

ел ардақты

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған сценарий

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 846
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Икласова Нуржанат Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Икласова Нуржанат Кайратовна
    Икласова Нуржанат Кайратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56295
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов