Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / "АРТ-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы" психологиялық тренинг

"АРТ-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы" психологиялық тренинг

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:



Семинар Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»


Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы»
 
Мақсаты:
 
• Қатысушыларға Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу.
 
• Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану.
 
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.
 
• Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
 
•Шығармашылық тапсырмалар.
 
•Дамытушы ойындар.
 
•Пікір алмасу.
 
Құрал-жабдықтар: Үнтаспа, ватман, маркер, ақ парақ қағаздар, қалам, қарындаш, краска-бояулар, кубиктер, шарлар, доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар.
 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 
C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150213_104240.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150213_104235.jpg
I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат». 
-Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Біз сіздерді тағатсыздана күттік және сіздермен кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шеңберге тұруға шақырамын. Баяу музыка қосылады.
 
Қайырымды жандар айнала,
 
Шеңберге келсін жайлана.
 
Жалықпастан қайта біз,
 
Махаббат сөзін айтамыз.
 
Сүйеміз барлық әлемді,
 
Әлемдегі бар елді.
 
Бақыттымыз осы біз
 
Қасымызда досымыз!- тәрбиешілер шеңбер бойына тұрады, жүргізуші шеңберде нұсқау береді: «Қазір бір сәтке балалық шағымызға саяхат жасаймыз. Сіздерді жақын туыстарыңыз бала кездеріңізде еркелетіп қалай атады, соны есімізге түсірейік. Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал сізді ше?», деп допты келесі адамға береді. Ойын ары қарай жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!
 

I.2. Топқа бөлу. Шеңбер бойында тұрған тәрбиешілерді үш топқа балабақшадағы топ аттарымен бөлу. Эмблема тарату. «Сұңқар», «Қыран» топтарына бөліп, орналастыру.
 
Тренер: семинар-тренинг тақырыбымен таныстыру, мақсатын ашу.
 

I.3. Шығармашылық тапсырма: Арт-терапия туралы әр топтың өзіндік ассоцациясы. Әр топқа ассоцация картасы беріледі. Берілген уақыт 2 минут. Әр топтан бір адам шығып топтың жұмысын қорғайды.
 
C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150213_125453.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150213_125459.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG_20150213_125503.jpg
АРТ-ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде.


Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. 
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
 
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
 
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру- арттерапияның ерекшелігі.
 
Сіздерді енді Арт-терапия түрлерімен таныстыру үшін ортаға Әйгерімді шақырамын.
 

II. Бөлім. АРТ-ТЕРАПИЯ түрлеріне тоқталу. 
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
 
Музыкалық терапия
 
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
 
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
 
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
 
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
 

Бейнелеу терапиясы 
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
 
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
 
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
 
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу.
 
2.Сабынмен сурет салу.
 
3.Щеткамен сурет салу.
 
4.Майшаммен сурет салу.
 






АРТ-терапия:АВТОПОРТРЕТ


БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий

Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.

Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.

Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.

Кішкене ақырын салынса, ортада өзін көрсете алмайды.

Қатты үлкен салынса, өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.

КӨЗІ: үлкен ашылса, сенімсіз (басқалардың пікіріне аса назар аударады).

Кішкене болса, өз-өзімен жүретін (интроверт) ойы бітпейтін адамдар.

КІРПІК: бар болса, салқын адамдар, жоқ болса, тік мінезді.

АУЫЗ: салынса, бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.

Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.

Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.

Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз, бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.

ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.

ҚҰЛАҚ: үлкен болса, сынға қарсы тұратын адам, кішкене болса, сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса, адамның интеллектісінің төмен болуы.

МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді,

Нүкте түрінде салынса, сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның

қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.

ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал, тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса, қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса, жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтары бестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды. Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.

АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.

ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.

ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.

Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.

Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.

Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.

Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді







«Үй салыңыз» тесті


Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.

Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.


Қалалық үй.

Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.


Кішкентай аласа үй.

Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.


Сарай (замок).

Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.


Кең ауылдық үй.

Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда ол тұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.


Терезелер.

Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.


Есіктер.

Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді. Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.


Мұржалар.

Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа – кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса - өмірлік оптимизмді білдіреді.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров939
Номер материала ДВ-334264
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх