Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Арулар асыл жандар" 5-11-сынып қыздарына арналған мерекелік кеш
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Арулар асыл жандар" 5-11-сынып қыздарына арналған мерекелік кеш

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы орта

жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының

психологі, «Ақбаян» атты қыздар мектебінің төрайымы

Саламатова Гүлдана Каирболатовна



Кеш тақырыбы: «Арулар асыл жандар»

: Кеуделерде жас көктем жайраң күліп,
Келді көктем, көрген көзді қайран қылып-
Құйып кетті көшеге нұр шуағы,
Қыздарды қызыл гүлге айналдырып.

2ж: Адамзаттың нұр құйған санасына,
Мейірімін сезінсең, табасың мән.
Жақсы үміт күтетін баласынан
Сәлем, барша әлемнің анасына!

1ж: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар, асыл жанды аналар және ару қыздар!

Көктемнің алғашқы төл мерекесі – аналар мен қыздар мерекесі құтты болсын!

2ж: Құрметті біздің мектебіміздің аяулы қыздары, келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар, асыл жандар!» атты кешімізді сіздерге ұсынып, көңілдеріңізді көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау, біздің ер жігіттердің, яғни, азаматтардың міндеті деп білеміз.

1ж: Бүгінгі кеште сіздерді таң-тамаша қылар, жүректеріңізден ерекше орын алар мерекелік кешті

бастауға Рұқсат етіңіздер!

2ж: Іздесе мені кімде-кім,
Шырағдан етсін әнімді.
Әнімнің жайсаң өрнегін,
Табар да ұғар сырымды.

Сіздердің құрметтеріңізге қымбатты да аяулы жандар «Шоқ қыздар» әнін қабыл алыңыздар. /Дамир/

1ж: Жұлдыз куә, түн куә сөздеріме,
Сезімімді мен саған сездірдім де.
Бар шынымды,өзіңе жайып салдым,
Қарап тұрып сенің әсем мүсініңе.

А.Құнанбаев.«Білектей арқасында өрген бұрым» /Расул/

2ж: Сіздерсіз, әлем бос қуыс,

Сіздерсіз, әлем сиықсыз.

Әлемнің барлық асылын,

Жүрегіңізге жиыпсыз!

Ән: «Сенің көзің» қабыл алыңыздар /Райымбек, Серік/

1ж: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

«Қыз сұлу көрінеді қылығымен» /Ақжол./

2ж: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Ән: «Қыздар -ай». /Дулат пен Анарбек/

1ж: Жаралғанбыз о бастан біз намыстан
Жерін аңсап,оралған қазақ алыстан
Өмір қымбат,сіздер қымбат біздерге
Әрқашанда бас иеміз сіздерге.

Тұманбай Молдағалиев. «8 март» /Нұрдаулет/

2ж: Қылығы да, қызығы да – бәрі арман,
Тағдыр дейтін түк бермейтін сараңнан.
Сұлулықты тартып алған тәкаппар,
Сендерсіңдер, сүю үшін жаралған!

Ән: « » /Нұргелді, Асылхан/

1ж: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білгін ізгі салтын

А.Құнанбаев. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» /Әлихан/

2ж: Құдіретті жыр тудырған санамда,

Кім екен бұл, Қыз  Жібек пе, Баян ба,

Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,

Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?!

Кім де болса періште ғой ғажайып

Әттен шіркін кетпесе екен азайып…

Ән: «Миллион қыздар» /Нұрхат/

1ж: «Қыздарға» (хабарлаусыз) /Ермұрат/

Ән: «Сен көріктісің» қабыл алыңыздар /Расул/

2ж: Қыз ананың көркі де, жаны да,

Қыз бақтың жапырағы, талы да.

Қыз көңілдің бүршігі ғой гүл  атқан,

Қыз елдің жүрегі де бағы да.

«Қарындасыма». (хабарлаусыз) /Нұрбақыт/

Марапаттау: (Құрметті жиналған қауым, біздің аруларымыз білімді, тәрбиелі, тіпті сөз жоқ жан-жақты, сондықтан, аруларымыз осындай қасиеттерді бойларына сіңіріп бірнеше сайыстың жүлдегерлері атанып жүр. Ендеше, аруларымызды марапаттау үшін ортаға мектеп-балабақша директоры Мастура Нәсиқызын құрметпен шақырамыз)

1ж: Гауһардай көзі, бұлбұлдай сөзі,

Жаннан асқан бір пері.

Жүзі бар айдай, мінезі майдай,

Өзгеден артық сол жері. Ән: «Ойпырмай» қабыл алыңыздар /Илияс/

2ж: Қай жағына алып бір қарасаң да,
Әзілсіз сірә, кештер жараса ма?
Кәнекей, ортамызда қызықтайық,
Кезек беріп, әзілкеш тапқыштарға.

1ж: Ортада «Жайдарманның» үздік ойыншыларынан құралған жігіттерінің өнерін тамашалап, бар жақсы жағынан мақтап, жақтап отырайық арулар! /Әзіл КВН/

2ж: Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып

Әзіл аралас ән: «16қыз» Қошеметтеп отырайық! /Тұрғанбек, Нұрқанат/

1ж: Аяулысы, мектебімнің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән, әзіл, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,

Қымбатты арулар, мектебіміздің жас бишілері, спортшылары сіздердің назарларыңызға «Флеш-моб» биін ұсынбақ. Қол шапалақтап, қарсы алыңыздар! /Би/

2ж: Қыздар-ау, жақсылықтан жаңылмадың,
Мөлдір, таза, әдемі сөзің, жаның,
Тізе бүгіп, алдарыңда қолыңды алам,
Тойларың құтты болсын, Аруларым! «Біздің сұлу қыздарға». /Саят/

Ән: «Арулар, асыл жандар». /мұғалімдерімен вальс билейді/ /Гулдана/

1ж:. Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі аналар мен қыздар, сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрланып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

2ж: Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға

Бірге: РАХМЕТ!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.09.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДБ-188793
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх