Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / «Ғарыш техникасы және экология» ғылыми жоба

«Ғарыш техникасы және экология» ғылыми жоба


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:


hello_html_m23e042c4.gif

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мекемесі



Кіші ғылым академиясы

hello_html_fddebcb.jpg

«Ғарыш техникасы және экология»

Пәні: География

Орындаған: Жалғас Асылзат

11 сынып оқушысы.

Ғылыми

жетекшісі: Абутаев Жандос

География пәні мұғалімі.





Мазмұны.

Аннотация................................................................................................................................2

Кіріспе.......................................................................................................................................5

Байқоңыр ғарыш айлағы.....................................................................................................6

Гептил.......................................................................................................................................7

Зымыран тасымалдағыштар...............................................................................................9

Зымыран тасымалдағыштардың экологияға әсері.......................................................11

Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылу хроникасы...................................................14

Деректер..................................................................................................................................18

Дүние жүзіндегі ғарыш айлақтарының ұшыру траекториялары.............................19

Жалдау мерзімі.......................................................................................................................20

Қорытынды............................................................................................................................20

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................................21
















Аннотация.

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мекемесінің 10 сынып оқушысы Жалғас Асылзаттың «Ғарыш техникасы және экология» атты ғылыми жұмысы.

«...Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз...»

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жолдауыннан.


Біз жаңа инновациялық заманда экологиялық жағдайды ұмытпағанымыз жөн. Келешектегі ұрпаққа бұл үшін біз жауаптымыз!

Жұмыстың басты мақсаты: «Байқоңыр» ғарыш айлағының экологияға әсерін айқындап беру.Жалпы ғарыш айлақтарының экологияға жеткізер зиянын айқындау.Қолданыстағы зымыран тасымалдағыштардың жанармайының зиянын айқындау.

Зерттеудің мәнділігі: Ғарыш айлақтарыннан ұшырылатын ғарыш кемелерінің зымыран тасымалдағыштарында қолданылатын жанармайдың қоршаған ортаға жеткізген және жеткізетін зиянын айқындап беру. Экологияға әсері төмен жанармайларды қолданысқа еңгізуге шақыру.

Зерттеудің жаңалығы: Еліміздің орталығында жайғасқан Астана,Қарағанда қалалары мен аудандарының «Байқоңыр», «Капустин Яр» ғарыш айлағының ұшу траекториясында жатуы.Зымыран тасымалдағыштардың сатыларының адамдар жасайтын елді мекндерге жақын қулауы.

Зерттеу барысы: Зерттеу барысында көптеген мәліметтер әдебиеттерден және интернет желісіннен алынды. Көпшілікке беймәлім ақпараттар жиналды. Гептил жанармайының экологияға, адам денсаулығына жеткізер зияны көп екені анықталды.

Қорытынды: Ғарыш айлақтарында экологияға зияны тәмен зымыран тасымалдағыштарын қолдануды ұсыну немесе «Байқоңыр» ғарыш айлағын жабу,олардан мүлде бас тару туралы ұсыныс мемлекеттік дәрежеде қабылдау.Және «Байқоңыр» ғарыш айлағының траекториясын өзгертуді ұсыну.
















Аннотация.

Научная работа ученицы 10 класса Жалгас Асылзат коммунального государственого учреждения «Общая средняя школа имени М. Габдуллина» под названием « Космическая техника и экология»

«...Мы должны перейти от простых поставок сырья к сотрудничеству в области переработки энергоресурсов и обмену новейшими технологиями. К 2025 году мы должны полностью обеспечить собственный рынок горюче-смазочными материалами в соответствии с новыми стандартами экологичности...»

Из послания Президента Казахстана Н.Назарбаева.

В новом инновационном времени мы должны забывать экологичекую ситуацию. Мы за это в ответе перед потомками!

Основная цель работы: Определение влияния космодрома «Байконур» на экологию. Определение венего воздействия космодромов во всем мире. Определение вреднего воздействия ракетоносителей на окружающую среду.

Смысл исследования: Изучения состава горючих материалов ракетоносителей. Определение наиболее вреных горючих материалов ракетоносителей.Призыв к использованию горрючих с меньшими показателями вредности.

Уникальность и новизна исследования: Определена что,траектория полетов с космодромов «Байконур», «Капустин Яр» лежит через центральные города Казахстана Астана, Караганда и над населенными пунктами близлежащих районов.

Ход исследования: В ходе исследования были изучены огромное количество материалов,литературы и страниц интернета. Были изучены уникальные материалы по ракетоносителям.

Заключение: Предложит применять для космодромов ракетоносители везвредные горючее или закрыть космодром « Байконур» на уровни правительства. Предложит изменение траектории полета ракетоносителей.























Summary.

Scientific work of the schoolgirl of the 10th class Zhalgas Asylzat of municipal public institution "General high school of a name of M. Gabdullin" under the name "Space Equipment and Ecology"

"... We have to pass from simple deliveries of raw materials to cooperation in the field of processing of energy resources and to an exchange of the latest technologies. By 2025 we have to provide completely own market with fuels and lubricants according to new standards of environmental friendliness..."

From the message of the President of Kazakhstan N. Nazarbayev.

In new innovative time we have to forget an ekologicheky situation. We for it in the answer before descendants!

Main objective of work: Definition of influence of the Baikonur spaceport on ecology. Definition of veny influence of the spaceports around the world. Definition of vredny influence of launch vehicles on environment.

Sense of research: Studying of structure of combustible materials of launch vehicles. Definition of the most vreny combustible materials of launch vehicles. Appeal to use combustible with smaller indicators of harm.

Uniqueness and novelty of research: It is defined that, the trajectory of flights from the spaceports "Baikonur", "Kapustin Yar" lies through the central cities of Kazakhstan Astana, Karaganda and over settlements of nearby areas.

Research course: During research were studied a huge number of materials, literature and Internet pages. Unique materials on launch vehicles were studied.

Conclusion: Will suggest to apply to the spaceports launch vehicles vezvredny fuel or to close the Baikonur spaceport on government levels. Will offer change of a trajectory of flight of launch vehicles.









Кіріспе.

Дүние жұзінде 20 астам ғарыш айлағы бар.Олардың барлығының структурасымен конструкциясы бір біріне өте ұқсас болып келеді.Ғарыш айлағының орналасуына өзіндік факторлардың әсері бар.Олар неғұрлым экватор сызығына жақын орналасса соншалықзымыран тасымалдағыштардың(ЗТ) жылдамдығы күшейе түседі..Мысал үшін экватордан ұшырылған ЗТ жылдамдығына 465 м/с қосылады. Байқоңырдан ұшырылған ЗТ жылдамдығына 315 м/с, ал Плесецктен ұшырылған ЗТ жылдамдығына 211 м/с қосылады. Екінші басты фактор ретінде ғарыш айлағына қойылатын талап: бұл ЗТ сатыларының құлау ауданы.Бізге белгілі ЗТ сатылардан турады.Ғарыш кемесін орбитаға шығару кезінде ЗТ сатылары жерге құлап туседі.Осы фактор сатылардың жерге құлап тусу кезіндегі экологиялық ахуалға әсері өте көп болады.Оған тікелей ЗТтың жанар майына қатысты болады.

Қазіргі технологияны жасанды жер серіктерісіз елестету өте қиын.Оларды орбитаға алып шығу үшін ЗТ тарды қолдануға тура келеді.Технология дамыған сайын жер шарының экологиясына кері әсері күшейе түседі. Дүние жүзінде көптеген елдер өз ғарыш айлағын салуға кірісіп кеткен.Жер жүзінде 20 астам ғарыш айлағы болса,сол ғарыш айлақтарыннан экологияға әсер ететін зиян мөлшеріде артады.Бұған тағы сол ғарыш айлақтарыннан ұшыру жиіліктерін және және ЗТда қолданылатын отын элементтерін қосыңыз.Онсызда жер шарының экологиясына кері әсерін тигізетін көптеген эаводтармен комбинаттардан, көліктерден шығатын түтіннің әсері аз емес.Және ЗТ орбитаға ғарыш кемесін шығарғандағы озон қабатының бұзылуы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп қатерлі ісік,денсаулығының бузылуына алп келіп соғады.Озон қабатының адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екені айдан анық.

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді

Ел қасіреті Семей полигонының сол жер маңайындағы адамдардың денсаулғына қандай әсер еткені туралы көптеген дәлелдер бар. Елбасы ұсынысымен жабылған сол полигон көптеген адамдардың денсаулығын сақтап қалды десек артық болмас.

Мемлекетіміздің басты байлығы адам болғансоң адамның денсаулығы басты назарда туру керектігін Елбасы жолдауларында үнемі айтып келеді.

Байқоңыр ғарыш айлағы.


Байқоңырдың” құрылысы 1955 жылы басталып, 6717 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы зымыран ұшырылған. Содан бергi 40 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 ғарыш аппараттары және 100-ден астам континентаралық баллистикалық зымырандар сыналыпты. Сонымен қатар соғысқа қажеттi 38 түрлi жаппай қырып-жоятын зымырандар мен ғарыш кемелерiнiң 80-нен астам жаңа үлгiлерi де сыналған.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал  жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық  бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Ғарыш айлағынан ұшқан зымырандардың бiрiншi бөлiктерi Қарағанды облысындағы №25 зонаға түссе, екiншi бөлiктерi сол облыстағы №4 зонаға, үшiншi бөлiктерi №310-зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктем айларында дауылдар мен үскiрiк аяздарды, жазда аптап ыстықты, өрттi көбейттi.

Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш  объекті – Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған әскери полигоны және «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген  уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.

Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған.

Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг., ал 1 кг топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз.

«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.

Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін аудандар бар және сол аудандарда адамдар жасайтын жерлерде бар.





Гептил.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:


hello_html_m5ad1ff8d.jpghello_html_19e1a73a.png

СДМГ АТ



1.  Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);

2. Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот,аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.

Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

-         ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

-         атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;

-         атмосфераның озон қабатын бұзады;

-         территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;

-         қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

-         ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазыіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Гептил калий циан қышқылыннан 6 есе күшті!(Калий циан қышқылы-әскери соғыс уландырғышы, қолданған кезіндеадам 5-15 минут ішінде тұншығып өледі.1916 жыл француз армиясы қолданған,фашист Германиясы осы газды концлагерлерде адамдарды өлтіру үшін қолданған.)

Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.

Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидінғ, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «Энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.

Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады)  жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:

-         қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

-         егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

-         токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

-         аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-         зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың  жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.

Зымыран тасымалдағыштар.

hello_html_71c6465b.jpg

«Протон» ЗТ.Жанамайы гептил.

hello_html_m53654579.jpg

«Днепр» ЗТ. Жанармайы гептил.

hello_html_m3599a867.jpg

«Рокот»ЗТ. Жанармайы гептил.

Зымыран тасымалдағыштардың экологияға әсері.

Зымыранның радиоактивтi улы сынықтары даламызда шашылып жатыр. Онда қолданылатын  отындардағы улы, зиянды қоспалардың экологиялық зардабы орасан.

Ресей ғарыш әскерлерiнiң негiзгi стратегиялық   базасы болып саналатын “Байқоңыр” бiздiң мемлекетiмiздiң қауiпсiздiгiне, елiмiздiң тәуелсiздiгiне үлкен қатер тудырып отыр. Себебi, ғарыш айлағынан Камчаткадағы “Кура” сияқты полигондарға сынақ үшiн жиi-жиi жiберiлiп тұратын СС-18, НАТО-ның классификациясы бойынша “Стилет” деп аталатын СС-19, СС-20 зымырандары бар, оның үстiне ғарышта ұшып жүрген ядролық “Космос” сериялы   әскери   спутниктер “Байқоңырдан” басқарылады. Бiз қанша жерден атом қаруы жоқ елмiз десек те, ядро­лық қаруы бар елдер арасында өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, “Байқоңыр” бiрiншi нысана көзi болары даусыз!

Бүкiл ғаламшарымызды қоршап тұрған атмосферадағы, ауа құрамының 20,95 пайызы   ғана тiршiлiкке   қажеттi оттегiнiң үлесiне тиедi. Ал ендi осы оттегiнi тазалайтын сүзгi әрi планетаның қос өкпесi — қылқан жапырақты Сiбiр   ормандары, Оңтүстiк Американың Амазонка бассейнiндегi   тропикалық   ормандар мен өсiмдiктер   әлемi және Орталық Азиядағы, оның iшiнде бiздiң оңтүстiктегi Ақсу Жабағылы аршалары.

Қазiр зымыран двигательдерiне гептилден басқа небiр улы құрамды заттар, криогендi отындар   қолданылады. Яғни ерекше технологиялық әрекетпен бiздiң өзiмiзге, өмiрiмiзге қажеттi оттегi газдары мен ауа кеңiс­тi­гiмiз   тоналып, ғарышқа сiңiп қайта­рымсыз жоғалады. Бұл қондырғылар Ресей ормандарында емес, жерi күйiп кеткен, ауасы лас, ормансыз, теңiзi мен көлi  жоқ, тақыр “Байқоңырдың” айналасында орналасқан. 1957 жылдан берi тiршiлiкке қажеттсiз болып қалған ауаның көлемi қанша екенiн бiр Алла ғана бiледi. Табиғат-Ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желi бар. Әрi осы космодромның теңiз бен мұхит жағалауында емес құрылықта орналасуы күн өткен сайын оттегiнiң ауадағы қалыпты мөлшерiн азайтуда. Тiптi сәуiр мен қазан арасында бұл аумақта оттегi қалмайды. Оттегiнiң ауа құрамындағы   аз ғана ауыт­қушылығы тыныс алуға ғана емес, адам ағзасындағы зат алмасу проце­сiне де керi әсерiн тигiзiп, қан аздық, ақ қан түйiршiктерiнiң көбеюi, қатерлi iсiк, терi аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтiн дерттi көбейттi. Бұған мутацияға ұшыраған жан-жануарлар   әлемi мен өсiмдiктер дүниесiн қосыңыз.

Ауа мен бұлттардың табиғи ағымы әлдеқашан бұзылған. Ғарыш кемелерi ұшқаннан кейiнгi апталап басылмайтын күштi желдi, көктемде жемiс ағаштары гүлдеп тұрған шақта аяқ астынан шалатын үсiктi, дауылдар мен бұр­­шақты нөсерлердi болжап бiлу мүм­кiн емес. Керек десеңiз, бiздiң   ауа райын болжаушылар   мен   халық арасынан   шыққан көрiпкелдер “Байқоңыр” жаққа көзiн көлегейлеп қарап тұратын болған…

Осыншама қолдан жасалып жатқан зардапты апаттардың негiзгi себебi — Ресейдiң iстен шығарылған “Satan” SS-18, 19, 20 зымырандары. Орысша МБР РС-20А деп белгiлене­тiн зымырандардың ядролық оқтұмсықтары алынып тасталып, жер серiк­терiн ғарышқа ұшыруға бейiмдеген. Бұл зымырандар Кеңес одағының басшысы Горбачев пен АҚШ президентi Рейганмен арадағы келiссөз негiзiнде қоршаған ортаға аса қатерлi қару ретiнде жойылуға тиiс болатын. Оны сырт көзден және халықаралық қа­уымдастықтан жасыру үшiн ауыр “Протон” зымырандары деп жаңа ат берген. Және де бұл зымырандарды орбитаға шығарған кезде болуы мүм­кiн кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша отын бактары қойылған.

Зымырандарда қоршаған ортаға аса қауiптi гептил отыны қолданыла­ды. Бұл экологияға аса қауiптi отындарының 50-60 пайызы ғана жанып үлге­рiп, қалғандары жерiмiзге төгi­ледi. Гептил сұйық отыны — аса улы, тiр­шiлiктiң нағыз қас жауы. Және де жануды күшейтетiн катализатор ре­тiнде күмiстiң ионы қолданылады. Бұл өз кезегiнде гептилмен бiрге төгiлiп, зымыран ұшып өткен бағыт бойында мыңдаған шаршы шақырым жерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әдетте күз, қыс, көктем айларында көктегi кәдiмгi жай шуда бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, “Протондар” ұш­қаннан кейiн бұлттар буланып, қа­лың­дығы бiрнеше шақырымға дейiн жетiп, жер бетiне күн сәулесiн түсiр­мей орап, қымтай жабады. Күннен тарайтын энергия көзiн тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, ар­ты­нан қалың (қыс кезiнде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға соқ­тырады.

2001 жылы желтоқсанда Ресей “Байқоңырдан” кетпек болып ылғалы көп Архангелскi облысында орналас­қан Плесецкi космодромынан осы “Про­тонның” бiреуiн ұшырып көрген. Сонда Ресейдiң еуропалық бөлiгiнде қалыңдығы бiрнеше метр қар жауып, Мәскеудiң өзiнде 40 градус тұрды. Одан кейiн бұл зымырандарды Ресей ғарыш айлағынан ұшыруға тыйым салынды. Қа­зiр бұларды тек Қазақстаннан ғана ұшырады…

Батыс елдерi өлердей қорқатын, “Са­тана” деп атаған зымырандары ылғалы көп жерлерден ұшырғанда сұмдық аязды апаттар әкелетiнi әскерилерге бұрыннан белгiлi жағдайлар.

Мәселен, Тәжiкстан мен Өзбекстанның оңтүстiгiнде өсiрiлетiн биязы талшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшiн бұлт­тарды күмiстi-иодтты снарядтармен атқылау тәжiрибесi қолданылады.

Ал Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшiн жаз айларында метеозымыран ұшырылып, одан күмiс иондары бүркiлiп, жауын жаудырылады.

1997 жылы Жапон елi қысқы олимпиада өткiзерде күмiс иондарын ұшақтармен бүркiп, қар жаумайтын жерде қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңiз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасқан. Қалың бұлтты ыдырату үшiн жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып жапалақтап жау­ған қарды зорға тоқтатқан.

Есептен шығарылған мұндай зымырандардың 150-ден астамы “Байқоңырда” сақтаулы. Оның үстiне, оқу-жаттығу жиындарында Ресейдiң “Байқоңырдағы” стратегиялық мақсаттағы ғарыш әскерлерi қолданыста тұрған жаңа зымырандарды үнемдеп, есептен шығарылған зымырандарды Камчаткада орналасқан “Кура” (аумағы 10 000 шаршы километр) нысана-полигонына Қазақстаннан сұрамай-ақ, қалаған уақытында жiбере бередi. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейiн табиғатымыздың ойран-топалаңы шықпақ.

Бұрындары жер серiктерi Целино­град-Ақмола үстiнен ұшып өтiп, бұл аймақтарда   сұмдық аяздар болып тұ­ра­тын. Қазiр бұл қала Астанаға айналғасын қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғарышқа ұшатын жер серiктерiнiң басқарылу траекториясы өзгертiлген. Қазiр бұрынғыдай қатты аяз шанда болады. Оның есесiне, зымыран бағыты Оң­түстiк Қазақстан облысының солтүстiк аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарын бұрқасындатып, оның әсерi республиканың барлық аймақтарына тарады. Тiптi өзбек пен қырғыз жерi түгiлi, сонау тәжiк жерiне дейiн жеттi. Өткен жылдары қыс айларында Шығыс Қазақстан мен Моң­ғолиядағы, жалпы ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүстiктегi теңiз бен мұхит жағасындағы елдердегi су тасқыны да — осы “Протондардың” әкелiп жатқан қасiретi. Бұл жер серiктерiн алып ұшатын зымырандар өз орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатыны көпшiлiкке белгiлi. Сондықтан да Батыс елдерi бұл зымырандарды “Сатана” деп атаған…

Жақында Алматыдағы Медеу шат­қалындағы табиғатқа аса қажеттi қылқан жапырақты шыршалар “байқоңырдан” ұшқан зымыранның құрбаны болды. Тұрғын саны миллионнан әлдеқашан асқан үлкен Алматыны оттегiмен қамтамасыз етiп отырған аса бағалы ағаштар бекерге отынға айналды.

Бұл зымырандардан келетiн әлеу­меттiк шығын шаш етектен. Жыл са­йын әр отбасы үйiн жылытуға жұмсаған отынын (газ, мазут, дизель отыны, көмiр, ағаш, электр энергиясын) қайтемiз? Балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелерi, қарттар үйлерi мен бас­қа да мемлекеттiк мекемелердiң артығымен пайдаланған энергокөздерiн есептеп көрiңiз. Тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрi-дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кiм көтередi? Қарлы борандардың зардабын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темiржолдарды аршуға, құлаған ағаштардан тазартуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдар (ақбөкен, киiк, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсiп өлген, гептилден уланып өлген шарана-жандықтарын, жемiстер мен өсiмдiктердi тозаңдандыруға тиiстi, табиғатқа да, адамға да аса қажеттi бал араларын кiм есептеп жатыр? Өсiмдiктердi қорғауға тиiстi, шегiрткенiң қас жауы, адамның досы — жойылып бара жатқан құмырс­қа мен құстарды ойлап жатқан жан бар ма?

2009 жылы “Байқоңырдан” 34 рет, 2010 жылы да осыншама рет “Протондар” ұшырылды. Жазда өзен-көлдер мен бұлақтар кеуiп кеттi, “Ақсу Жабағылы” қорығы орналасқан Алатау тау сiлемдерiндегi мәңгi мұздықтар мен қарлар ерiп жоқ болды. Ал Қазақстанның батыс шекарасына жақын жердегi Ресейдiң Капустин Яр ғарыш айлағынан және Орынбор облысындағы Ақтөбе облысының шекарасына жақын орналасқан “Ясный” ғарыш айлағынан ұшқан зымырандар әсерiнен Қазақстанның батысында соңғы жылдары құрғақшылық пен табиғи апаттар көбейдi. Егiндер қурап, өзен-көлдер буланып, оттегiнiң азаюынан Жайық өзенiнде балықтар мен су жануарлары қырылды. Ал Қазақстан бойынша ыстықтан қорғану үшiн соңғы жылдары жаппай сұраныс көбейiп, жиi қолданыла бастаған кондиционерлерге кеткен электр шығыны күннен-күнге еселеп артуда. Байқоңырды үкiметiмiз 50 жыл­ға Ресейге жалға бердi. Олардан алатын жылақы — бар болғаны 115 миллион  АҚШ доллары. Жоғарыда атап өткен жалпы шығындардың бәрiн қосқанда бiздiң үкiмет алып отырған жылақы түкке тұрмайды. Аумағы алты мың шаршы шақырымнан астам жердi алып жатқан “Байқоңыр” ғарыш айлағынан Қазақ елiне орасан зияннан басқа ешбiр пайда түсiп жатқан жоқ.

Қасiреттi көп көрген көп ұлтты халқымыз қашанғы басқа елдiң зертханасындағы тәжiрибе үшiн жаралған көжектiң күйiн кешедi? Осы елдiң иесi бар ма, бар болса неге оны елiнiң, халқының мүддесi толғандырмайды? Адам баласына  күнделiктi жеп отыр­ған нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнiмдер керек емес пе? Соры қайнаған халқымыздың, ойрандалған табиғатымыздың қорғаушысы болудың орнына Ресейдiң “Роскосмосының” одақтасына айналған үкiмет басшыларына не дерсiң?!

Америкадан бастап, космостық державалар ғарыш айлақтарын теңiз жағасына, мұхит ортасындағы   аралдар мен атолдарға   орналастырады. Себебiн жоғарыда айттық. Атлант мұхиты жағасындағы Флорида   штатында   орналасқан   ғарыш айлағынан ұшқан әрбiр ғарыш кемесi үшiн НАСА сол штатқа 85 миллион доллар экологиялық   өтемақы төлейдi.

Ресей құрылықтардағы ғарыш айлақтарының табиғат пен тiршiлiктiң қас жауы екенiн ескерiп, өз жерiндегi ғарыш айлақтарын, Қиыр Шығыстағы “Свободный” мен Архангельскi облысындағы “Плецескiнi” теңiз жағалауына орналастырған. Құрылықтағы “Байқоңырдан” коммерциялық ұшырулар олар үшiн шығынды көп азайтады, әрi жергiлiктi халықтың экологиялық ақпараттардан мүлдем хабарсыздығын Ресей тиiмдi пайдаланып қалуға тырысады. “Росавиакосмос” агенттiгi 2010 жылға дейiн “Бай­қоңыр­дан” коммерциялық ұшырулар арқылы 40 млрд. АҚШ долларынан   астам пайда табуды   жоспарлаған болатын. Ол пайданы тапты да…

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары ядролық қарудан өз еркiмен бас тартқан Қазақстанға ядролық клубқа кiретiн елдер кепiлдiк-мiндеттемелер берген. Мұны үкiмет неге ұмытады? Ядролық қаруды жеткiзетiн құралдарды сақтайтын және ядролық қаруы бар елдiң бiрi Ресейге сол қаруларды жерiмiзде сынатып қою қандай қисынға жатады?

Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылу хроникасы.


2011 жыл.

Дата

Ракета-носитель

Полезная нагрузка

Космодром/Старт.комплекс

Результат

20 января

Зенит-3SБ/Фрегат-СБ

hello_html_m54b79461.png Электро-Л № 1[1]

Байконур 45/1

Успех

28 января

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-09М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

1 февраля

Рокот/Бриз-КМ

hello_html_m54b79461.png Космос-2470 (Гео-ИК)

Плесецк 133/3

Аварийный орбитальный пуск[2]

26 февраля

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Космос-2471 (Глонасс-К1)[1]

Плесецк 43/4

Успех

5 апреля

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-21

Байконур ПУ № 1/5

Успех

27 апреля

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-10М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

4 мая

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Меридиан № 4

Плесецк 43/4

Успех

20 мая

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m245c6e54.png Telstar 14R

Байконур 200/39

Успех

8 июня

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-02М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

21 июня

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-11М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

27 июня

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Космос-2472 (Кобальт-М)

Плесецк 16/2

Успех

13 июля

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m245c6e54.png 6 спутников Globalstar-2

Байконур ПУ № 31/6

Успех

16 июля

Протон-М/Бриз-М

hello_html_64c080e0.png SES-3

Байконур 200/39

Успех

hello_html_2088dda6.png КазСат-2

18 июля

Зенит-3SLБ/Фрегат-СБ

hello_html_m54b79461.png Спектр-Р

Байконур 45/1

Успех

17 августа

Днепр

hello_html_26491882.png Сич-2

Пусковая база Ясный 13

Успех[3]

hello_html_5824533d.png Rasat

hello_html_m4bd807bd.png NigeriaSat #1

hello_html_m4bd807bd.png NigeriaSat #2

hello_html_5ccd9ed4.png HX

hello_html_m76cf5b47.png EduSat

hello_html_48739f4c.png ApriseSat-5

hello_html_48739f4c.png ApriseSat-6

hello_html_m245c6e54.png PQ-Gemini++1

hello_html_m245c6e54.png PQ-Gemini++2

hello_html_m245c6e54.png PQ-Gemini++3

hello_html_m245c6e54.png PQ-Gemini++4

hello_html_26491882.png БПА-2

18 августа

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Экспресс-АМ4

Байконур 200/39

Аварийный пуск

24 августа

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-12М

Байконур ПУ № 1/5

Аварийный пуск

21 сентября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Космос-2473 (Гарпун)

Байконур 81/24

Успех[4]

29 сентября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_20bba55.png КветцСат-1 (QuetzSat-1)

Байконур 200/39

Успех[5]

3 октября

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Космос-2474 (Глонасс-М)

Плесецк 43/4

Успех

6 октября

Зенит-3SБ/ДМ-SLБ

hello_html_m245c6e54.png Intelsat-18

Байконур 45/1

Успех[6]

19 октября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m245c6e54.png ViaSat-1

Байконур 200/39

Успех[7]

30 октября

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-13М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

4 ноября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Космос-2475,2476,2477(Глонасс-М)

Байконур 81/24

Успех[8]

9 ноября

Зенит-2ФГ

hello_html_m54b79461.png Фобос-грунт
hello_html_37c9b96e.png Инхо-1

Байконур 45/1

Успешный вывод на опорную орбиту. Из-за неполадок КА остался на ней. Позже сгорел в плотных слоях атмосферы[9].

14 ноября

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-22

Байконур ПУ № 1/5

Успех[10]

25 ноября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m58188b48.png АзиаСат-7

Байконур 200/39

Успех[11]

28 ноября

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Космос-2478 (Глонасс-М)

Плесецк 43/4

Успех[12]

11 декабря

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Луч-5А hello_html_58fcad6.png AMOS-5

Байконур 81/24

Успех[13]

21 декабря

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-03М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[14]

23 декабря

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Меридиан № 5

Плесецк 43/4

Аварийный пуск[15]

28 декабря

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m245c6e54.png 6 спутников Globalstar-2

Байконур ПУ № 31/6

Успех[16]



2012 жыл.

Дата запуска

Ракета-носитель

Полезная нагрузка

Космодром/Старт.комплекс

Результат

26 января

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-14М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[1]

14 февраля

Протон-М/Бриз-М

hello_html_64c080e0.png SES-4

Байконур 200/39

Успех[2]

25 марта

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m245c6e54.png Интелсат-22

Байконур 200/39

Успех[3]

30 марта

Протон-К[4]/ДМ-2

hello_html_m54b79461.png Космос-2479 (Око-1)

Байконур 81/24

Успех[5]

20 апреля

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-15М

Байконур 31/6

Успех[6]

24 апреля

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m6f64790.png Яхсат 1Б

Байконур 200/39

Успех[7]

15 мая

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-04М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[8]

17 мая

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Космос-2480 (Кобальт-М)

Плесецк 16/2

Успех[9]

17 мая

Протон-М/Бриз-М

hello_html_5bd3974d.png Нимик-6

Байконур 81/24

Успех[10]

9 июля

Протон-М/Бриз-М

hello_html_64c080e0.png SES-5

Байконур 81/24

Успех[11]

15 июля

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-05М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[12]

22 июля

Союз-ФГ/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Канопус-В[13]

Байконур ПУ № 31/6

Успех[14]

hello_html_m1cddaa23.png БелКА-2

hello_html_m54b79461.png Зонд-ПП

hello_html_m79615c00.png ТЕТ-1

hello_html_5bd3974d.png ADS-1b

28 июля

Рокот/Бриз-КМ

hello_html_m54b79461.png 2 спутника «Гонец-М», «Космос-2481», «МиР» («Юбилейный-2»)

Плесецк 133/3

Успех[15]

1 августа

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-16М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[16]

6 августа

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Экспресс МД2hello_html_m2c6aa95a.png Телком-3

Байконур 81/24

Аварийный орбитальный пуск[17]

17 сентября

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m5fb7575a.png MetOp-B

Байконур ПУ № 31/6

Успех[18]

14 октября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m245c6e54.png Intelsat 23

Байконур 81/24

Успех[19]

23 октября

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-06М

Байконур 31/6

Успех[20]

31 октября

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-17М

Байконур ПУ № 1/5

Успех

3 ноября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Луч-5Б[21]/Ямал-300К

Байконур 81/24

Успех[22]

14 ноября

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m54b79461.png Меридиан 6

Плесецк 43/4

Успех[23]

20 ноября

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m245c6e54.png Echostar 16

Байконур 200/39

Успех[24]

8 декабря

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png Ямал-402

Байконур 200/39

Потребовалось 4 коррекции орбиты[25]

19 декабря

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png Союз ТМА-07М

Байконур ПУ № 1/5

Успех[26]



2013 жыл.

Дата

Ракета-носитель

Полезная нагрузка

Заказчик

Космодром/Старт.комплекс

Результат

15 января

Рокот/Бриз-КМ

hello_html_m54b79461.png Космос-2482 (14Ф132 «Родник»)

hello_html_m54b79461.png Войска воздушно-космической обороны

Плесецк 133/3

Успех[1]

hello_html_m54b79461.png Космос-2483 (14Ф132 «Родник»)

hello_html_m54b79461.png Космос-2484 (14Ф132 «Родник»)

6 февраля

Союз-2.1a/Фрегат

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 078

hello_html_m245c6e54.png Globalstar

Байконур 31/6

Успех[2]

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 087

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 093

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 094

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 095

hello_html_m245c6e54.png Globalstar М 096

11 февраля

Союз-У

hello_html_m54b79461.png Прогресс М-18М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур 1/5

Успех[3]

26 марта

Протон-М/Бриз-М

hello_html_20bba55.png SatMex-8

hello_html_20bba55.png Satmex

Байконур 200/39

Успех[4]

29 марта[5]

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png корабль Союз ТМА-08М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур 1/5


Планируемые запуски

15 апреля[5]

Протон-М/Бриз-М

hello_html_5bd3974d.png спутник Anik G1

hello_html_5bd3974d.png Telesat

Байконур 200/39


19 апреля[5]

Союз-2.1б

hello_html_m54b79461.png спутники Бион-М, АИСТ


Байконур 31/6


24 апреля[5]

Союз-У

hello_html_m54b79461.png корабль Прогресс М-19М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур 1/5


26 апреля[5]

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png спутник Глонасс-М

hello_html_m54b79461.png Войска воздушно-космической обороны

Плесецк 43/4


14 мая[5]

Протон-М

hello_html_m5a521a24.png спутник Eutelsat-3D

hello_html_m5a521a24.png Eutelsat

Байконур 200/39


22 мая

Союз-2.1б

hello_html_m54b79461.png спутник «Персона»

hello_html_m54b79461.png Войска воздушно-космической обороны

Плесецк 43/4


29 мая

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png корабль Союз ТМА-09М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


июнь

Рокот/Бриз-КМ

hello_html_m54b79461.png три спутника Гонец-М

hello_html_m54b79461.png Спутниковая система «Гонец»

Плесецк 133/3


2 квартал

Союз-2.1б/Фрегат

hello_html_m54b79461.png спутник Метеор-М № 2,

hello_html_m54b79461.png Бауманец-2 (подлежит определению),
hello_html_m54b79461.png МКА-ПН2 (Рэлек),
hello_html_45001520.png Venta-1 (подлежит определению),
hello_html_5ccd9ed4.png Ukube-1


Байконур 31/6


2 квартал

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m74282ab4.png спутник Astra 2E

hello_html_m74282ab4.png SES

Байконур 200/39


2 квартал

Союз-2.1б

hello_html_m54b79461.png спутник Ресурс-П № 1

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


24 июля

Союз-У

hello_html_m54b79461.png корабль Прогресс М-20М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


25 сентября

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png корабль Союз ТМА-10М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


16 октября

Союз-У

hello_html_m54b79461.png корабль Прогресс М-21М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


25 ноября

Союз-ФГ

hello_html_m54b79461.png корабль Союз ТМА-11М

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


11 декабря

Протон-М

hello_html_m54b79461.png модуль МКС «Наука» (МЛМ)

hello_html_m54b79461.png Роскосмос

Байконур


осень[6]

Ангара-1.2 ПП



Плесецк 35/1


4 квартал[7]

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png спутник Экспресс АМ5

hello_html_m54b79461.png

Байконур


4 квартал

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png спутник Экспресс АМ6

hello_html_m54b79461.png

Байконур


4 квартал

Протон-М/Бриз-М

hello_html_m54b79461.png спутники Экспресс-АТ1, Экспресс-АТ2

hello_html_m54b79461.png

Байконур


Бұл текқана 2011 жылдан басталып отырған тізім.Мына тізімге қарап отырсаңыз Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағыннан ұшырған зымыран тасымалдағыштарының басым көпшілігі «Протон», «Ангара», «Бриз», «Рокот» зымыран тасымалдағыштарын қолданған және келешекте қолданбақшы! Бұл зымыран тасымалдағыштардың жанармайы гептил!

Соңғы ақпараттарға сүйенсек Ресей гептилмен ұшатын зымыран тасымалдағыштарды 2020 жылға дейін қолданбақ.


Деректер.

Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш  объекті – Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған әскери полигоны және «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген  уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.

Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған.

Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг., ал 1 кг топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз.

«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.

Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы біздің облыстың үстінде.




Дүние жүзіндегі ғарыш айлақтарының ұшыру траекториялары.


hello_html_m3544cdd6.jpg

Өздеріңіз көріп отырғандай мына сүретте дүние жүзіндегі ғарыш айлақтарыннан ұшырылатын ғарыш кемелерінің траекториясы берілген.Еліміздің орталығы,яғни Астана,Қарағанды қалалары «Байқоңыр» және «Капустин Яр» ғарыш айлағыннан ұшырылатын ғарыш кемелерінің замыран тасымалдағыш сатылары құлайтын аймақта жайғасқан.

ЗТ үш сатыдан турса,оның бірінші және екінші сатысы Қазқстан аумағына құлайды екен.Гептил шашыраған жерде мүлде өмір сүруге болмайды.Себебі гептил топыраққа сіңгіш,сумен жақсы араласады.


hello_html_mf468aba.jpg

Ғарышқа ұшыру сәтсіз болған кезде оның экологияға жеткізер зияны өте көп болады. “Байқоңыр” аумағындағы экологиялық зардаптар, сол жердегi кедейшiлiк жағдайында тұратын, күнделiктi қорегi нан мен шайдан ғана тұратын, тойып тамақ iшпейтiн қарапайым   халықтың жай-күйi не болмақ?

Жерiмiздi тозаққа айналдырып, елiмiздiң қауiпсiздiгiне қатер төндiрiп отырған, жалпы Орталық Азия елдерiне де шаш етектен зиян келтiрiп жатқан “тажал-ғарыш айлағының” және жат­жұрттық полигондардың бiз үшiн қандай қажеттiлiгi бар? Күндердiң күнiнде оңтүстiк көршiлердiң Қазақстанға өтемақы төлеудi талап етуге де толық құқы бар!

Жалға беру шарты (1994 ж.) 

Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).

Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.

Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.

Қорытынды.

Ескi әрi есептен шығарылған, қолдану мерзiмдерi әлдеқашан өтiп кеткен, қоршаған ортаға аса қауiптi, салмағы 700 тоннадан астам “Сатана-Протондарды”, салмағы 300 тонналық “Союзды”, 459 тонналық “Зениттi”, 207 тонналық “Днепрдi”  және басқа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерiнен ұшыруға тыйым салатын 

уақыт жеттi деп есептеймiн.

Байқоңырда” орналасқан инфрақұрылымдық әскери кешендердi конверсиялап, ядролық және басқа да зымырандарды Ресейдiң жерiне шығарып, қалған аспан денелерiн бақылайтын комплекстердiң бiрде-бiр бұрандасын шашау шығартпау қажет. Ресейдiң қатысуымен ғарышты зерттейтiн әрi ғарыш айлағының көп жылғы экологиялық зар­даптарын жоятын халықаралық бiрiккен ғылыми зерттеу институттары мен кәсiпорындарын құрып, “Байқоңырды” аспан астындағы “Ғарыш” му­зейiне айналдыруға да болады. Және де босаған ғимараттарға ғаламдық ғылыми-техниканың соңғы жетiстiктерiмен жарақтандырылған космостық техникалар мен радио-электрондық, тұрмыстық-техникалық тауарлар шығаратын зауыттарды да орналастыруға болады. Сонда жергiлiктi халықты жаңа жұмыс орындарымен де қамтамасыз етуге мүмкiндiк туады.

Байқоңырдың босаған ұшу алаңдарына өзiмiздiң әскери әуе күштерiнiң жаңа ұшақтарымен қаруланған iрi базасын құруға болады. Бұл — стратегиялық маңызға ие Каспий өңiрi, дiни экстремизм мен басқа әскери қаупi күннен-күнге күшейiп келе жатқан оңтүстiк тараптарымыздың   қауiпсiздiгiн бақылау­ды оңайлатады. Өзiмiзге керектi жер серiктерiн   жоғарыда аталған Ресейдiң, Францияның, АҚШ-тың ғарыш айлақтарынан ұшыру экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да, жалпы Ұлттық қауiпсiздiк жағынан да тиiмдi болары хақ.

Жалпы, жер планетасынан ғарышқа зымыран ұшырудың жиiлеуi ғаламдық апаттар мен табиғи тепе-теңдiктiң бұзылуына әкелеп соғатынын адамзаттың түсiнетiн уақыты жеттi. Атом қаруынан бас тартып, оны сынауға да тыйым салған елге ендi құрлық ортасынан зымыран ұшырудан да бас тартатын мезгiл келдi.  Мұны тез арада қолға алу мен орын­дау, қоршаған ортамызды, Жер-Анамызды, ең бастысы, елiмiздi, келешек ұрпағымызды сақтап қалудың бас­ты   кепiлi болмақ.











Пайдаланған әдебиеттер.

1.  ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – «Ізденіс», 2001, № 4,5, 105-108 бб.

2.  Орталық Қазақстан, 2000, 9 желтоқсан

3.  Космос и экология. Сб. статей. — М.: Знание, 1991. -  С. 17-29.

4.  О влиянии космической деятельности на экологическую безопасность // Экологическая безопасность России. Материалы Межведомственной комиссии по экологической безопасности (октябрь 1993 г. — июль 1994 г.). — М.: Юридическая литература, 1994. - Вып. 1. С. 197-216.

5.  О возможной связи феномена «желтые дети» с воздействием ракетного топлива // Экологическая безопасность России. Материалы Межведомственной комиссии по экологической безопасности (сентябрь 1994 г. — октябрь 1995 г.). — М.: Юридическая литература, 1996. - Вып. 2. С. 306.

6.  Львова В. Уборщики космического мусора отчитались в горуправлении по ЧС //  газета «Подробности».- 2007.- 19 мая.

7.  Муса К.Ш. Геоэкологическое состояние Жездинского района карагандинской области  // Вестник КазНУ. Серия географическая.-2003. - С.109-118.

8. http://www.newskz.ru/board/45-1-0-120

9. http://kultobe.kz/?p=581

10. http://surak-zhauap.kz/44174/

11. http://thenews.kz/2011/12/30/1005868.html

12.http://kazinform.kz/rus/article/2469020

13.Сүреттер: http://www.khrunichev.ru

http://wikimedia.org
http://www.yuzhnoye.com
http://infox.ru
http://topwar.ru
http://free-inform.narod.ru


















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мекемесінің 10 сынып оқушысы Жалғас Асылзаттың «Ғарыш техникасы және экология» атты ғылыми жұмысы.

«...Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз...»

Қолданыстағы зымыран тасымалдағыштардың жанармайының зиянын айқындау.

Ғарыш айлақтарыннан ұшырылатын ғарыш кемелерінің зымыран тасымалдағыштарында қолданылатын жанармайдың қоршаған ортаға жеткізген және жеткізетін зиянын айқындап беру

Автор
Дата добавления 11.04.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1098
Номер материала 480604
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх