Инфоурок Другое ТестыАқсақ киік ашық сабақ

Ақсақ киік ашық сабақ

Скачать материал

 

 

С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

Тақырыбы:      Сәкен Сейфуллин

          «Ақсақ киік»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:А.Ж. Қазиуллин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

Тексерілді:................

Сабақ жоспары

Мұғалімі: Қазиуллин Ақжол

Күні, айы:

Сыныбы: 5

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы : Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»

Мақсаты :

1. Білімділік. С. Сейфуллин туралы және шығармашылығы бойынша мағлұмат бере отырып, өлеңнің көркем өнер туындысы ретінде ақындық қуатын аңғару
2. Дамытушылық. Өлең желісін бейнелі түрде көзге елестетіп, эстетикалық тұрғыдан бақылай білуге, өзіндік пікір айта алуға және өз тарапынан ұсыныс беруге ұмтылдыру
3. Тәрбиелік Сұлулықты көре білуге, бағалай білуге, адам мен табиғат гармониясын сезінуге, сүйіспеншілік, аяныш сезімдерін тану сезіну

Күтілетін нәтиже:

а)  Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат алады.

ә) Ақынның "Ақсақ киік" туралы өлеңін мәнерлеп оқиды.

б) Шығармашылық ізденісте болады.

Не арқылы бағаланады: топтастыру,түртіп алу

Көрнекіліктер:Сәкеннің суреті, слайд-шоу, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту

                                                 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                  2. Кезекші  мәліметі

                                                  3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

                                                 4.  Үй тапсырмасын тексеру

                                                 Сәбит Мұқанов «Лашын»

Мұғалім:- Балалар, сендер мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер экранға бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады./әрсұраққа жауап бергеннен кейін, тақтада сабақтың тақырыбының атының әріптері біртіндеп шығып отырады.
1. С. Мұқанов кім? / жазушы  /
2.Қай жылы дүниеге келген? / 1900 ж /
3. Қай жерде дүниеге келген? / СҚО дүниеге келген /
4.Ақын жастайынын кімдердің кітаптарын оқып өскен ? / Абай,Тоқай /
5. Қандай еңбектерін білеміз? / Өмір мектебі,Мөлдір махаббат,Аққан жұлдыз,Балуан шолақ,Ботагөз /
6. Лашын  ақынның қай романынан үзінді? / Өмір мектебі /
7. Лашын шығармасындағы,ақынның ерекше жақсы көрен адамы ? / Балғабайдың Ахметі/
8. Ахмет немен айналысады?/ атбегілік,құсбегілік /
9. Ахметің жүйрігінің аты? / Қаратоғай /

10.Ахмет лашын салуға неше мезгіл шығады? / екі мезгіл /

 

11. Ахмет Лашынмен қандай құстарды аулайды? / үйрек,қаз,дуадақ /

12.Құс салудың ең қызықты айлары? /шілде,тамыз,қыркүйек/

13.С.Мұқанов «Өмір мектебі»романында Кімнің өмірбаяны туралы жазды? /өзінің /

14.С.Мұқанов қай жылы өмірден озды? /1985 ж /
/Сабақта бағалау фишкада белгіленген ұпаймен бағаланады. Кім көп жинаса, сол оқушы ұпай санына қарай тиісті бағасын алады. Сондықтан жауап берген балаға тиісті фишкасын таратып отырамын./
ІІ. Мағынаны тану

 Жаңа сабақ.
    Экранға жаңа тақырып шыққаннан кейін, дәптерге күн жұлдызын, жаңа тақырыпты жазуларын ұсынамын. Сол кезде музыкасы Ж. Сейіловтың, сөзі Қ. Салықовтың «Жез киік»әнін тыңдатамын.
- Балалар ән не туралы?
- Біз бүгін осы киік жануары туралы жазушы С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік»атты өлеңін оқимыз. С. Сейфуллин өмірбаянына тоқталып айтамын.

 1. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде туған.  Сәкен жастайынан ән салып,  өлең  шығарып , өнерге  әуестенумен бірге, саяси тартысқа да ерте араласты. Қазан төңкерісінің от-жалынына өртене жүріп, «Аққудың айырылысуы», «Көкшетау» , «Қызыл ат» секілді поэмалар, «Қыр балалары», «Жер қазғандар» атты хикаяттар, «Тар жол,  тайғақ кешу» романын жазды.

 Асқақ та әсем сазды әндер шығарды.

    Сәкен өз шығармаларында ерлікті,  сұлулықты, адалдықты асқақтата жырлады.

 

2. Өлеңді мәнерлеп  оқу. «Ақсақ киік»

Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беремін./Мүмкіндігінше мұғалімнің өлеңді жатқа оқығаны дұрыс, оқушылардың сезімін оятуға, жақсы түсінулеріне әсер етеді./.
4.Сөздікпен  жұмыс:

  1. Бетпақдала - жері құрғақ , шөбі сирек жер

  2. Таңы - жануардың әсем сұлу мүсіні

  3. Қу баялыш- шөптің атауы

  4. Сегіз көштік - ұзындық өлшемі

  5. Қосшатыр, күрке

  6. Бетеге - шөп атауы

  7. Шөбі сұйық - шөбі аз

  8. Саяқ-некен(дұрысы некен-саяқ) аз мөлшерде деген мағынаны  білдіреді

  9. Меңіреу - бұл жерде тып-тыныш деген мағынаны береді

 

Бүгін С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен таныстық. Бұл өлеңін ақын 1924 жылы жазыпты. Бұл өлеңнің әні бар. Әнін жазған Сәкен Сейфуллиннің өзі болатын. Осы өлеңді әнімен тыңдайық. 

 

 

 

 

III.  Ой-толғаныс

                                      Киікке не болды деп ойлайсындар?

Суретке қарап,өлеңді  оқи отырып, өздерің болжам жасап көріңдер, өлеңді қалай аяқтар едіңіздер?

fbpX81Qw.jpg

 

 

 

                                                     

 

 

Өлеңді жалғастыр:

Сандалып келе жатты  ақсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып.

Ақ бөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзді қиып.

Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,

Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.

Шағады шыбын жанның қиналғаннын,

Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі!..

Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,

Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.

Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,

Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..

 

  Серігіту сәті.
Мұғалім:- Балалар, киік киелі жануар екенін сендер айттыңдар. Сондықтанда мен сендерге тек біздің ақын - жазушыларымыз ғана киік туралы жазбағанын, сонымен қатар сазгерлеріміз ән және күй шығарғанын айтып кеткім келеді.«Жезкиік» әнін сабақ басында тыңдадыңдар, енді Құрманғазы Сағырбай ұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдауларыңды ұсынамын. Жақсылап тыңдап алыңдар, содан алған әсерлеріңмен келесі тапсырманы орындайсыңдар.

IV. Бекіту сұрақтары

1.Сәкен Сейфуллин кім?

2.Қай жылы өмірге келген?

3.Қай жерде дүниеге келді?

4.Қандай шығармалары бар?

5. Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
 6. Киік қандай жерді мекендейді?
7. Киікті басқаша қалай атайды?

8. Ақын киіктің сұлулығы туралы не айтылды?

9.Қай жылы өмірен озды?

 

 

 Бүгінгі сабақта Қадыр Мырзалиевтің мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді: 

Аяймын мен анасыз, атасызды.

Аяймын мен құлынсыз, ботасызды.

Хайуанатқа жасаған қиянатың – 

Бауырыңа жасаған опасыздық.

 

VI.Үй тапсырмасы:

1.Ақын туралы мәлімет жинақтау

2. Өлеңнен ұнаған шумақтаарын жаттау

 

 VII.Оқушыларды бағалау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақсақ киік ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 545 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 509
    • DOCX 69 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиуллин Акжол Жаскайратулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиуллин Акжол Жаскайратулы
    Казиуллин Акжол Жаскайратулы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14793
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек