Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАқсақ киік сабақ жоспары

Ақсақ киік сабақ жоспары

Скачать материал

Мектеп директоры                                  Оқу ісінің меңгерушісі               ӘБ жетекшісі

----------Азанов А                                     ----------Жалиева  А                     ----------Жакыпова  К

«-------»-------------                                    «------   »-------------                      «-------»-----------------

 

                                                                        1 сабақ      

       Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы

Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алпанова Ақкүмистің  3 «ә»сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: «Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Отанын,халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті,әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып,олардың эстетикалық талғамын арттыру.

Білімділігі: Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу,оқу техникасын (дауыстап,іштей түсініп,шапшаң әрімәнерлеп оқу) жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың нәтижелері:

1.      Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.

2.      Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.

3.      Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.

4.      Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)                                                         2-модуль Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу

3-модуль-Бағалау,   

4-модуль-АКТ пайдалану,

7-модуль-көшбасшылық(топты басқару  және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1.Үй тапсырмасын тексеру

2.Интерактивті тақтамен жұмыс

3.Топпен жұмыс

4.Кері байланыс

5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Ұйымдастыру

              Шаттық шеңбері:

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі. Психологиялық ахуал. Хормен:Әрбір адам? -Туысым,досым,  жұрағатым. 

Әрбір сабақ? -Үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің?    -Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? -Шындық, бірлік, адалдық.

-Балалар,біз қай бөліммен оқып танысудамыз?

 «Табиғат-менің өз үйім»

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Табиғатқа байланысты топқа бөлу:

2. Топқа бөлу   1- «Ауа», «Су», «Жер»

Ауа-дем алу үшін, су-ішу үшін,жер-онда өмір сүру үшін. Оқушылар өз аттарын қорғауы:

1 - топ     Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру

2 – топ    Сусыз жер- нусыз жер

3 – топ    Жері байдың – елі

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару

4.Мәтінді тарату

5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті:      1.Ережеге бағыну  2.тапсырмалар орындау  3.бағалау

II.Үй тапсырмысын тексеру  

1-тапсырма. Модуль Диалогтық оқыту

 1-топ     Жазушы  Көкшенің көркін қалай суреттеген ?

 2-топ     Неліктен Көкшені гауһар тастан жасаған күмбезге, аспанға теңейді?

 3-топ     Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

2-тапсырма Модуль АКТ

Интерактивті тақтамен жұмыс

III.Жаңа сабақ.«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

1.Сәкен Сейфуллин(1894-1938)Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында,Нілді станциясында туған.  Қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері,ағартушы,зерттеуші,компазитор.Халқына қалтқысыз қызмет еткен.Сәкеннің шығармашылық еңбектері: «Тар жол тайғақ кешу»романы,бірнеше өлеңдердің әнін жазған( «Сарыарқа Көкшетау,Тау ішінде,Ақсақ киік)»

3-тапсырма

Ой қозғау. СТО,әдісі INSERТ  Мәтінмен жұмыс. «Ақсақ киік»

2.Балаларды қатыстыра отырып кіріспе әңгіме жүргізу. Өлеңді түсіндіре отырып оқу. Балалар түртіп алу жүйесі бойынша«v»-білемін, «+»-жаңалық, «?»-түсіндіріңіз сөздік жұмысын жүргізу.

Арқа-кең дала,жазық дала.

Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі  сирек шөл дала.

Ел жоқ,күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік,жан жоқ деген.

Картадан (Арқа, Бетпақдала дегеннің ұғымын беру үшін) Қазақстанның жер көлемін таныстыру.Оның қай тұстарын бетпақдала алып жататыны көрсетіледі. «Бетпақ» деген сөздің мағынасын беруде Қ-ның ең әдемі жерін Бетпақдаламен салыстырып түсіндіру. 

-Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?

-Ол- киелі жануар.

- Киіктің лағын қалай атаймыз?

- Құралай

Слайдттан киік суретін көрсету арқылы қосымша дерек беру.

  -Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді.

4-тапсырма

Топпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқытып шығып топқа тапсырма беру, постермен  қорғау.Киік туралы  өз ойларын айту.  

1-топ   Бетпақ шөлді суреттеу-        1,2 шумақ

            Мергендердің сол кездегі кәсібі

2-топ   Бөкен киіктің  сұлулығы    3,4 шумақ

3-топ   Келе жатқан ақсақ киіктің халі 5,6 шумақ

Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған Жақсыкелді Сейіловтің «Жез киік»әнін тыңдау.

Сергіту сәті.

Бекіту сұрақтары.

1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

2.Киік қандай жерді мекендейді?

3.Киікті басқаша қалай атайды?

4.Киік мүйізінен не жасалады?

5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?

-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.

6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?

Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.

Бағалау. 1.Жалпы топқа баға беру, мадақтау.

2.Әр оқушыға баға қою.

Үй тапсырмасын беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақсақ киік сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Ана тілінен "Ақсақ киік" тақырыбындағы сабақ жоспары 3 - сыныпқа арналған. Сабақ жоспары Кембридж оқыту тәсілі бойынша құрылған. Сабақтың мақсаты  оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Туған жерін, табиғатты сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу.Сабақта оқушылар көптеген жұмыстар жасады.Сабақта Жақсыкелді Сейіловтің "Жезкиік" әні тыңдатылады. Бекіту сұрақтарына оқушылар жақсы жауап берді. Сабақ ашық сабақтар сайтында жарияланды.Оқытудың нәтижелері  жақсы болды, оқушылар киік туралы көптеген мағлұматтар алды.Интерактивті тақтамен   жұмыс жасалды. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 623 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2014 2821
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алпанова Аккумис Мендикуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алпанова Аккумис Мендикуловна
    Алпанова Аккумис Мендикуловна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4744
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1212 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 221 человек из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе