Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ащық сабақ. Тақырыбы: "Менің ойыншықтарым".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ащық сабақ. Тақырыбы: "Менің ойыншықтарым".

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым».
Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық.

Білім бөлімі: Көркем әдебиет. Сурет салу.
Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын аттап, оларды бір-бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.


Әдіс тәсілі: ойын, сұрақ – жауап, жұмбақ.
Көрнекіліктер: ойыншықтардың суреттері, көлік, доп, қуыршақ.

Билингвальды құрағыш: ойыншықтар-игрушки.


Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме, балалар мен тәрбиешілер! Қане барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасайық. 

Тәрбиеші: Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.

Шаттық шеңбері:

Біз ұқыпты балалмыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Тәрбиеші: -Рахмет балалар, орындарына отыра қойыңдар. 
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
Балалар: -Күз мезгілі. 
Тәрбиеші: -Күзде қанша ай бар? 
Балалар: -Күзде үш ай бар. 
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, енді маған атап бере қойыңдаршы. 
Балалар: -Қыркүйек, Қазан, Қараша.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар!


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар! Біз бүгін осы ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.

-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

-Қандай ойыншықтарың бар?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
-Ойыншықтарды  қалай   ұстау керек?            
Балалар: жауап   береді.   
Тәрбиеші:  -Балалар, мына үстел үстінде  жатқан  заттар  не?
Балалар: -Олар - ойыншықтар. 
Тәрбиеші: -Ойыншықтармен    не    істейміз?                                                       
Балалар: -Ойыншықтармен  ойнаймыз.   

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар балалар.


Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. 
1. Матадан жасалған.
2. Пластмассадан.
3. Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.

-Балалар, ойыншықтарды өздерін бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға – көлік, ұшақ, пойыз, ал жұмсақ ойыншықтарға - аю, қоян, түлкі жатады. Резеңке ойыншықтардың жұмсағыда қаттысы да болады.

-Балалар, қараңдаршы, мынау қандай ойыншық? -Қуыршақ.

Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
-Дұрыс айтасыңдар, қуыршақпен.
Балалар, қуыршақ ойыншығы неден жасалған? -Қуыршақ пластмассадан жасалған.

Қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. - Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?    -Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық?

-Балалар: доп.     

Тәрбиеші: доптың пішіні, түсі қандай?        
-Балалар: жауап береді.                                                
Тәрбиеші: Доптың қимылы қандай? 

-Қане бәріміз допша секірейікші?                                

Кім доп туралы тақпақ біледі?

Балалар:  Дарын

Топ –топ добым домалақ,    
                 Қайда
кеттің домалап.
                 Бір,
екі деп екі ұрдым,                                          

Шатырға сен секірдің.    


-Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды? 
-Балалар: көлікпен ойнайды.         
Тәрбиеші: Ал, көліктің түсі қандай?
-Кім
көлік туралы тақпақ біледі?
Балалар: Айқын

Үлкенмін ғой міне мен,
     Ойыншықтарды жинаймын.
     Машинаға мінер ем,
     Кабинаға сыймаймын .


Тәрбиеші: Балалар сендер өте керемет жауап бердіңдер. Ал сендер білесіңдер ме, бұл ойыншықтарды қайдан аламыз?

-Балалар: Дүкеннен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер білесіңдер ме ойыншықтарды қай жақта жасайтынын?

-Балалар: жоқ.

Тәрбиеші: Ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын арнайы фабрикалар бар. Ол жерде ағайлар мен апайлар ойыншықпен сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндер ойнасын деп ойыншықтарды жасайды.

Тәрбиеші: Балалар сендер шаршап қалған сияқтысыңдар, қане барлығымыз тұрып бір сергіп алайық. 
Сергіту сәті:

Ойын: «Бұл ненің дыбысы?». Ойын шарты: үнтаспадан әртүрлі көлік түрлерінің, табиғат құбылыстарының, жан-жануар, жәндіктердің дыбыстарын тыңдатадым. Балалар ненің дыбысы екенін табу керек.


Тәрбиеші: -Балалар бір серігіп алған сияқтымыз. Ендеше орнымызға отырайық. 
Тәрбиеші: -Балалардың ойыншықтар туралы жаттап келген тақпақтарын тыңдаңыздар.  
1.Айсана:

Ойыншықтарым көп менің 
Бәрін жақсы көремін
 
Кешке дейін жалықпай
 
Бірге ойнап жүремін
 
2.Ангелина:

Ойыншығым қуыршақ 
Не берсем де жемейді
 
Еркелігі соншама
 
Көтермесең жүрмейді
 
3. Бекарыс:

Ойыншығым қонжығым 
Анасын да білмейді
 
Корбандаған аюды
 
Түсінде де көрмейді
 
4.Айбек:

Ойыншығым қүшігім 
Сүп-сүйкімді жұп-жұмсақ
 
Шіренгені болмаса
 
Отырғандай ұя жасап.
5.Даниял:

Ұшағын бар ойыншық 
Ұшырмасаң ұшпайды
 
Айналам деп аспанды
 
Шаршағанға ұқсайды

6.Марфуға:

Ойыншықпенен денеміз,

Шынығамыз өсеміз.

Жылдан жылға бір жылға,

Үлкен болып өсеміз.

7.Аиша:

Ойыншығым көжегім,

Қорықпайды, қашпайды.

Тәтті сәбіз ұсынсам,

Ұстай алмай тастайды.

8.Қабылан:

Добым, добым, домалық,

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Сенімен ойнайтын бала көп.

9.Анар:

Сылдырмақ, сылдырмақ,

Тұрады әр кез сылдырлап.

Сылдырмақ, сылдырмақ,

Бір сәт тұршы сыбырлап.

10.Абылай:

Күшік, мысық, балапан,

Қуыршағым балақан.

Кәне, бәрің тұрыңдар,

Ойын-сауық құрыңдар.

11.Алихан:

Ойыншығым құрастырғыш,

Көрсетеді көмегін.

Кімге көлік, кімге үй,

Құрастырам керегін.


ЖҰМБАҚТАР  ШЕШУ ;
1. Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ) 
2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)


Тәрбиеші: -Біздің балалардың ойыншықтарға арналған әндері де бар, соны тамашалаңыздар:
Балалар: Назым, Жанерке, Іңкәр.

Ән «Ойыншықтар» 
1.Біздерде бар қуыршақ,
 
Бұзау, қозы, құлыншақ
.
Ойыншықтар тыңдайды,
 
Әмір беріп бұйырсақ.
 
2.Қуыршақтар ұйықтайды,
 
Айтқаныңнан шықпайды.
 
Ал, қозы мен құлыншақ,
 
Ұйықта десең ұқпайды.
 

3.Тыңдамайды ұрысса, 
Осылары дұрыс па?
 
Тентектігін тыймаса
 
Тұрғызамын бұрышқа!
 


Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін оқу-іс-әрекетімізде ойыншықтар туралы көптеген мәлемет алдық. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар: Олар резинадан, пластмассадан, мақтадан, ағаштан жасалатынын білді. Біздер ойыншықтармен ұқыпты, таза ойнауымыз керек. Бүгінгі «Менің ойыншықтарым» атты оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДБ-397416
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх