Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Асхана орыс мектебине арналган

Асхана орыс мектебине арналган

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


0 5 сынып

Асханада



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың «Асханада» тақырыбында жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.

Жалғаулық шылауларды меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту.

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: кесте, суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сыныпта кім кезекші?

-Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

-Көңіл – күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Біздің мектепте асхана нешінші қабатта?

-Сендер асханадан тамақтанасыңдар ма?

-Асханада қандай тамақ түрлері сатылады?

-Асхананың тамағы сендерге ұнайды ма?

IY. Жаңа тақырып:

-Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, барысымен таныстыру.

2. Сөздікпен жұмыс:

-Берілген сөздердің айтылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

-Сөздерді оқушыларға хормен және жекелей оқыту

-Сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату

сыныптас - одноклассник (-ца)

салқын тағам - холодное блюдо

ішу – пить ыстық

тағам - горячее блюдо

көбінесе - в основном

сусын - напиток

сорпа – бульон

жуу - мыть

ботқа - каша

3. Мәтінмен жұмыс:

-Берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу

-Оқушыларға жекелей, кезекпе-кезек оқытып шығу

-Мәтінді аударту

-Мәтінге ат қойдырту

Біздің мектептің бірінші қабатында асхана бар. Асхана кең, жарық әрі таза. Мен сыныптастарыммен бірге үшінші сабақтан кейін асханаға тамақ ішуге барамын. Біз көбінесе сорпа немесе ботқа аламыз. Содан кейін тәтті нан және шай кейде шырын аламыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз да, бір- бірімізге «Ас дәмді болсын!» деп айтамыз.

4. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей

Сөздерді дұрыс орналастырып,сөйлем құрастыр.

1.Ең, байлық,үлкен,денсаулық.

2.Болса денсаулық,еңбек етеді, бақытты өмір сүреді,адам.

3.Байланысты,өзіне,әр,адамның,сақтау,денсаулықты.

ІІ деңгей

Мәтін ішінен зат есімдерді теріп жазып

І деңгей

Шағын мәтін дайындау. Денсаулық мықты болу үшін біз не істеуіміз керек?

5. Шығармашылық жұмыс:

тапсырма.

1. Берілген суреттер бойынша сұхбаттасыңдар.

2. Өз мектептеріңдегі асхананы суреттеңдер.

2. Сол сурет бойынша асхананың көрінісін әңгімелеңдер.

 

 

Y. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылған?

YI. Үйге тапсырма:

-«Асханада» тақырыбында диалог құру.

-Мақалдарды жаттау.

Адамнан,үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.

Ас атасы - нан.

Ас - адамның арқауы.

YII. Бағалау:

Оқушылар сабаққа қатынасуларына орай бағаланады.

YIII. Рефлексия:

Білетінім Білгенім Білгім келетіні

 

IX. Сабақ соңы.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДВ-141492
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх