Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "№2 Қашар орта мектебі " Өзін - өзі тану пәнінен сабақ№2"Біз осындай баламыз"

"№2 Қашар орта мектебі " Өзін - өзі тану пәнінен сабақ№2"Біз осындай баламыз"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Мектеп:№2 «Қашар орта мектебі»КММ

Сабақ № 2

Тақырыбы: Біз осындай баламыз

Құндылық: дұрыс әрекет, адами парыз.

Қасиеттер: әділдік,  мейірімділік, ақылдылық, білімділік.

Мұғалiм: Муратова А.Б

Сынып: 2а-2ә

Сабақ  мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілк  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:Білімділік: 2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

Дамытушылық: өзін және айналасын тануға деген қызығушылын арттыру;

Тәрбиелік: ізгілікке тәрбиелеу;

Ресурстар(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»
Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?


(тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық.
Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?


Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын  сұрау. №2 сабақтағы                               «Балапан» әңгімесін сұрау                                                                

  А. Пивен Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды. «Ұлан» газетінен

Сұрақ:1)Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

2)Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Мұғалім қорытынды  жасайды: Ендеше  балалар табиғатқа  қамқорлық  жасап,  дұрыс әрекетке  бару сендер  үшін  адами  парыз  болып  есептеледі. Сондықтан  қолдарыңнан  келген  жақсылықтарыңды аямаңдар.


Дәйексөз

 Білім  мен  даналық   – адамның  көркі                                                                     Ә. Науаи

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

Оқушыларға 2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.

Сұрақ: 1) Білім  мен  даналық  деген не?

2)Адами қасиетке  нелерді  жатқызуға болады?


Мұғалім қорытынды жасайды:

Бұл нақыл сөздің үлкен мәні бар. Адамның  тек қана  ақылшысы, адал  досы – осы  білім мен  даналық. Көп  оқып, үйренген  адам  ғана  бақытты  болмақ. Өзіңді жақсы танып білсең,  әділ,  мейірімді, ақылды, білімді боласың.


Оқиға айту (мұғалім сыйы)«Жалқау  қоян» ертегі.

Бағзы  бір  заманда  алыстағы  орман  ішінде ауыр қуаңшылық  жүз  беріпті. Жаз бойы  бір  тамшы жаңбыр  жаумай, сусыздық  жандарына  әбден  батқан хайуанаттар   бір күні  бастарына  төнген қиын жағдайдан  құтылу  үшін  бір  жерге  бас  қосыпты. Жиналысты  түрлі  ұсыныстар  ортаға  түсіпті. Солардың  бірі  –   терең  қылып  құдық  қазу  болыпты. Ойлана  келе  осы  шараны  жүзеге  асыруға   тоқтап, көп  өтпей  іске  кірісіпті.Бүкіл  хайуанаттар   күндіз – түні  жабыла еңбек етіпті.  Бірақ  жалқау  қоян  «мен  әлі  кішкенемін деп » жұмыс істеуден   бас  тартыпты. Қоянның  бұл жалқаулығына бүкіл  жан – жануарлар наразы болыпты.

Аң – құстардың еткен  еңбектері  далаға  кетпепті. Қазған  құдықтарынан  мұздай  суық  су  шығып, бәрі мәре – сәре   қуаныпты.  Судан  қанып ішіп, артынан жуынып болған соң, құдықты  қазуға  көмектеспеген қоянға  су  бермеу  туралы бір  ауыздан  шешім қабылдапты. Тіпті,  орман  патшасы  Арыстан қоянның  құдыққа  жақындауына   қатаң  тыйым салып, құдық  басына  күзетші  қойыпты.

Қоян қандай  қателік  жібергенін  сонда  түсініп, қатты  өкініпті. Бірақ  бұл кезде  кеш  қалған екен. Бір күні  түнгі  құдыққа  күзетшілік   кезегі  пілге  келіпті. Қоян  пілді  өте  жақсы  көреді  екен. Сол  себепті ешкімге  көрсетпей  біраз су  берер деген  оймен жанына  барыпты. Жақындап барғанда оның ұйықтап жатқанын  көріпті. Оятуға  тырысқанымен,  оята алмапты. Ақыры  шыдамай  құлағына  айғай  салыпты. Піл  шошып кетіп  тұра  қашқанда  топырақ  үйіндісіне  соғылып, үйілген тастар  сырылып,  құдық ішіне   құлапты. Сөйтіп,  көп өтпей  құдықты  түгел жауып қалыпты.

–         Бұның бәрі менң кесірімнен  боды  деп,  – байғұс піл жылай  бастапты.

–         Енді не істейміз, таң атқанда  басқа хайуанаттарға  не деймін?

–         Тым  түңіліп  кетпе! Бір амалы  табылар, – деді қоян  сабырмен.

–         Екеуіміз  бірлессек,  таң атқанша құдықты топырақтан  аршып,  тазартамыз.

–         Бірақ, сен  тым әлжуассың  ғой, -дейді  піл.

–         Мен  қазір көрсетемін саған қалай  жұмыс істейтінімді, қара  да  тұр, – деді  қоян дереу іске кірісіп.

Ол таң  атқанша  талмай  еңбектенеді. Ақыры  піл екеуі екі  жақтан  құдықты  топырақтан  аршып алады. Таң атқан  соң  піл болған  жайды  басқаларға  баяндап, қоянның  көрсеткен  еңбегін  айтып, мадақтайды. Мұны естіген   басқа  хайуанаттар қоянға алғыс  айтып, оған құдықтан  су  ішуге  рұқсат  береді.

Қоян  тек  су  ішкеніне  ғана  емес, басқа хайуанаттармен  қайта  тауласқанына  қатты  қуанады.  Содан  бастап  ол  өзін   қайта  орманның   бір  мүшесі ретінде  сезіне  бастайды.

Сұрақ:

1)    Ертегі  не  туралы?

2)    Ертегінің басты  идеясы  не  еді?

3)    Аңдар неге  қоянға   неге өпеледі?

4)    Піл мен  қоянның  арасындағы  қарым – қатынас қандай  жағдайға  әкеп  соқты?

5)    Қоян  неге  қуанды?

6)    Судың тіршілік үшін  маңызы неде?

 Мұғалім қорытынды жасайды. Алдағы уақытта өзгелерді ренжітпей, әділдік,  мейірімділік, ақылдылық сияқты қасиеттерді  бойларыңа сіңіре  біліңдер. Еш уақытта  еңбектен  қашпаңдар. Еңбек  бәрін  жеңбек деген осы  болар.

Сергіту сәті: «Көңілді балалар»


Шығармашылық жұмыс және топпен  жұмыс «Біз осылай  өсеміз»Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.1)        Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?



2)         Адамның дамуына не ықпал етеді?

3)         Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

4)         Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?



Сұрақ: Осы  ойын  арқылы өздеріңе  қандай  жағымды қасиеттерді  үйрендіңдер?

Қорытынды:Табиғат  пен  адам  бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста.  Табиғат  тілсіз  дүние болғанымен  оның  да  өзіндік  мейірімділігі, жақсылығы болады. Сондықтан  сендер  оған  аяулық танытып,  қорғай  біліңдер.

 Дәптермен жұмыс. Дәптердегі суреттерді бояу.


5.Топпен ән  айту            «Біз  осылай  өсеміз»Сөзін жазған  М.Әлімбаев

Әнін жазған  И. Нүсіпбаев

 Суда  жүзіп  өсеміз,

Қырды  сүзіп  өсеміз.

Күнге  қызып  өсеміз,

Құмда  шыжып  өсеміз.

Қайырмасы:


Талаптанып  өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар  көріп  өсеміз,

Баулар  егіп өсеміз.

Жеміс  теріп өсеміз,

Жеңіскер  боп  өсеміз.

Қайырмасы.


Сұрақ: 1) Өлең не туралы?

2) Біз осылай өсеміз  дегенді  қалай түсінесіңдер?


Мұғалім қорытынды жасайды. Еңбектеніп, талаптанып  өскен  ұрпақ  еш  уақытта  жаман әрекеттерге  бармайды.


Үй тапсырмасы№ 3 сабақтағы «Көңіл күйімізді  басқара  білейік» тақырыбындағы  «Бос  қайық»  әңгімесін   оқып келу.


Соңғы тыныштық сәтi. Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Өзгелерді ренжітпей, жануарларға қамқорлық көрсетіп, киянат жасамауға үйренейік

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Ертеңгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

Сұрақ:

–         Балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

–         Қорытынды: Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.
















Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров37
Номер материала ДБ-279084
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх