Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық көрнекі сабақ "Шыбын мен Көбелек"

Ашық көрнекі сабақ "Шыбын мен Көбелек"

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен көбелек.
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Окушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, сыни ойлауға. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Мысалды оқи отырып, адалдыққа, еңбекқорлыққа, тазалыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі : Топтық жұмыс, "Қаламсап" әдісі, "Венн диаграммасы" әдісі, сұрақ-жауап, қызығушылығын арттыру, талдау, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, cлайд, автор портреті, ватман, маркер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Топтың ұраны: « Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін топпен жұмыс жасаймыз».

«Алғырлар», «Тапқырлар», « Ойшылдар» болып бөлінді.Үш топтың үш топ басшысы болады. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын хабарлап отырады. 

1).Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2).Психологиялық дайындық: Б

Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қалам әдісі»
Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. (жаттау, сахналау, партаның суретін салу.)

-Сапарға мінездеме беру.
-Партаға мінездеме беру.
-Суреттегі партаның бұрынғы жаңа өміріне тоқталу.
-Қазіргі жағдайы не болды?, оған кінәлі кім?
-Қысқаша қорытындылап өту. Сапар өз кінәсін мойындады ма?

ІІI. Ой қозғау: 1.Өткен тақырып бойынша сұраққа

  • Халық ауыз әдебиеті деген не? Түрлерін ата

  • Аңыз дегеніміз не? Қандай аңыздарды білесің?

  • Ертегі дегеніміз не? Түрлерін ата.

  • Айтыс дегеніміз не? Айтыстың түрлерін ата

  • Шешендік сөздер дегеніміз не? Қандай шешендерді білесің?

Мысал дегеніміз не? Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді?

IY. Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушыларға сергітіп жұмбақ жасыру арқылы негізгі жаңа тақырыпты ашу.
Жұмбақтар шешу:
1. Ас көрсе - ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.
(шыбын)

2. Көлбең - көлбең етеді,
Гүлге ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.
(көбелек)

- Әдемі бірнеше түрлі көбелектер.
-Келесіге назар аударайық.
-Кәдімгі шыбынның суретін көріп отырмыз.
-Шыбынның қандай түрлері бар?
-Қара шыбын, көк шыбын.
-Көбелекті көргенде қандай күйде болдың?
-Шыбынды көргенде денеге қандай әсер берді?

Y. Оқулықпенен жұмыс: Шыбын мен Көбелек Сейітқұл Оспанов туралы мағлұмат беру. Енді назарымызды тақтаға аударайық. 

ІІ.Жаңа сабақ
1.Кіріспе.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

3.Автор туралы қысқаша дерек беру.
Сейітқұл Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді.
Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.

Оқулықпен жұмыс: Мұғалім өзі оқиды.

Дәптермен жұмыс:

Сөздік жұмыстармен таныстырып, мағынасын ашып түсіндіріп өту
Сөздік жұмыс:

Көз шырымын алу – ұйықтау
Қауыз – ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы
Жұқсыз – сүйкімсіз, жек көрінішті
Сұғанақ – ұры

Сапалақ – шыбыннан қорығыш құрал

«Қар үйіндісі» әдісі: арқылы сұрақ-жауап: Әр топ өз оқыған бөліктен ойдан сұрақ шығарып қою.

Сергіту минуты : Саяхатқа шығу.

Көбелек-ау,көбелек,

Көкке ұшқан өрмелеп,

Сені ұстау тым қиын,

Айлакерсің керемет.

Шаршадым-ау,шалдықтым,

Қуып сенің соңыңнан.

Ұстасам да шап беріп,

Шығып кеттің қолымнан.

Жеке жұмыс . «Бестармақ» тәсілі (2мин) дәптермен жұмыс.

1.Не? – 1 сөз.

2. Қандай? – 2 сөз.

3. Не істейді? – 3 сөз.

4.Оның қандай маңызы бар? – 4 сөз.

5. Оны басқаша қалай атауға болады? – 1 сөз.

Сахналық көрініс. Мысалды рөлге бөлу.

І-топ тапсырмасы: Автор

ІІ-топ тапсырмасы: Шыбын

ІІІ-топ тапсырмасы: Көбелек

Шығармашылық жұмыс: «Постер» қорғау әдісі

І-топ тапсырмасы: Шыбын туралы

ІІ-топ тапсырмасы: Көбелек туралы

ІІІ-топ тапсырмасы: Екі кейіпкердің жаман жағын жаз.

«Венн диаграммасы» арқылы шыбын мен көбелектің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

«Көбелек пен Шыбынға» мінездеме беріп көр

Әдемі, сыпайы  Өтірікші
К Ө Б Е Л Е К жәндік Ш Ы Б Ы Н Салақ

Гүлдерге қонып жүреді ? Тамақты ластайды..? 1.Шыбын мен Көбелек неге келіспей қалды?

2.Шыбын не деп мақтанды?

3.Көбелек оған не деді?

4.Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың?

5. Әңгіменің соңғы абзацын оқып,қандай қорытынды пікірайтуға болады?

Қорытынды сабақ: -Бүгін бізге сабақ ұнады ма?

-Шыбын мен көбелек туралы не білдік?

-Қайсысы бізге зиян келтіреді?

-Қалай сақтану керек деп ойлойсың?

-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру.

- Пайдасы мен зияны туралы айту.
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?

1.Монолог дегеніміз не? Кейіпкердің өзімен-өзі сөйлесуін не дейміз? «Монолог»
2. Диалог дегеніміз не? Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды.
3. Мысал дегеніміз не?  Балалар, бұл шығарманың қай түріне жатады? «Мысал»

Қорытындылау. (Абайдың 6-қара сөзінен)
Кеселді жалқау, қылжақбас
Әзір тамақ, әзір ас
Сыртың пысық, ішің нас
Артын ойлап ұялмас

Бағалау:   Оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерді айтып, сабақ сіздерге ұнадыма,қиын немесе қызықты болған жерлерін стикерге жазып тілек ағашына жапсырамыз.

Сабақ соңында мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалайды.
А) Смайликпенен бағалау ; Ә) Бармақпенен бағалау; Б) Жалпы топты бағалау.

































































































































Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.