Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық ҰОӘ «Мысыққа Мақта қыздың қатығын қайтаруға көмектесейік»

Ашық ҰОӘ «Мысыққа Мақта қыздың қатығын қайтаруға көмектесейік»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

технологиялық карта

Білімдік сала: «Қатынас».

Кіші сала: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Тақырыбы: «Мысыққа Мақта қыздың қатығын қайтаруға көмектесейік»

Мақсаты: Балалардың ертегі бойынша білімін қалыптастыру, ертегі желісімен ойын арқылы түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру және тұлғаны қалыптастыру, қызықты ойындарды ойнату арқылы тіл байлығын, танымдық қабілетін, сөздік қарым – қатынастарын нығайту. Бір – біріне достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер: шаттық шеңбері, ТСО, сұрақ – жауап әдісі, саяхат, логикалық есеп, ойын, ғажайып сәт, сергіту сәті.

Билингвалдық компоненттер: мысық – кошка

Шаттық шеңберінде көңіл-күй көтеру сәті.



Балалар дөңгеленіп шаттық шеңберіне тұрады. «Қайырлы таң!» жаттығуын жасады.

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік.













Жыламсырап ішке мысық кірді.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Мақта қызбен ренжісіп қалып едім. Ертең Мақта қыздың туған күні соған сыйлық жасап қатығын қайтарып берейін деп едім, маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: - Ой, балалар, бұл «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі мысық қой.

Билингвалдық компоненттер: мысық – кошка

Тәрбиеші: - Балалар, сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білесіңдер ме?

1. «Жалғастыр» дидактикалық ойыны арқылы ертегіні бірінен соң бірі жалғастыра отырып, баяндау. (Монитордан ертегі бөліктері көрсетіледі)

Тышқанды іздеп саяхатқа шығады.

- Балалар, тышқан қайда болады?

Қамбаға келеді. Мысық

тышқанды ұстап алады.

Мысық: - Жаныңның

барында айт, үйіңде не бар?

Тышқан: - Бір уыс тары бар.

Мысық: - Ендеше, сол тарыны бізге бер.

Тышқан: - Сендер ол үшін менің тапсырмамды орындауларың керек. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңдар мен сендерге тары берем.

2. «Немен қоректенеді?» дидактикалық ойыны арқылы тапсырманы орындап

тышқаннан тарыны алып, тауыққа барды.

Мысық: - Тауық, тауық біз саған тары алып келдік, сен енді бізге жұмыртқа берші.

Тауық: - Ол,үшін сендер әуелі менің тапсырмамды орындаңдар.

3. «Не артық?»дидактикалық ойыны арқылы тапсырманы орындап, тауықтан жұмыртқа алып дүкеншікке келді.

Мысық: - Дүкеншік, дүкеншік біз саған жұмыртқа алып келдік, сен енді бізге сағыз берші.

Дүкеншік: - Мысық,мен мына есепті шығара алмай отырмын, сендер маған көмектессеңдер, мен сендерге сағыз берем.

4.«Тез есепте!» дидактикалық ойыны бойынша логикалық есеп шығару.

Көлден ұшты 5 қаз,

Қайтып қонды 2қаз.

Қонбады оның нешеуі ?

Қане,кім тез шешеді ? ( 3 )

3- еуі аз деп балапан,

Қосты 1 балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан? ( 4 )

5 асықтың 3 - еуін,

Досың сұрап алды.

Айтшы, сонда нешеуі ?

Өз қолыңда қалды? ( 2 ) Тапсырманы дұрыс орындап, көмектескендері үшін алғыс айтып, оларға сағыз берді.

Балалар Мысықпен бірге қыздарға келді.

Мысық: - Қыздар, қыздар біз сендерге сағыз алып келдік, сендер бізге су беріңдерші.

Қыздар: - Сендер бізбен бірге бойларыңды сергітіп жаттығу жасасаңдар, біз сендерге су береміз.

Қыздармен бірге сергіту сәтін жасады. Қыздар риза болып, оларға су берді.

Суды алып ағашқа келді.

Мысық: - Ағаш, ағаш біз саған су алып келдік, сен енді бізге жапырақ берші.

Ағаш: - Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар, осы көктем мезгілінде «Не жақсы,не жаман?» екенін айтып берсеңдер, мен сендерге жапырақ берем.

5.Д/о: «Не жақсы,не жаман»

Тапсырманы орындап, ағаштың берген жапырақтарын алып өрісте жайылып жүрген сиырға келді.

Мысық: - Сиыр, біз саған жапырақ алып келдік, сен енді бізге қатық берші.

Сиыр: - Сендер маған мына тапсырманы орындауға көмектессеңдер, мен сендерге қатық беруге уәде берем.

6. «Ұйқасын тап!»

1. Өзінше ноян, қорқақ не?

2. Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты ...

3. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ...

4. Айбат шеккен алыстан,

Аң патшасы ...

5. Алмастан тыным,

Шабады ...

6. Жағасында бұлақ,

Жайылып жүр ...

7. Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап ...

Тапсырманы орындап, сиырдың берген қатығын алып, Мақта қызға келді.

Мысық Мақта қыздан кешірім сұрап, қатығын қайтарып берді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарды. Бұдан былай екеуі айырылмас дос болуға бір-біріне уәде берді.

«Достық» әнін орындаттыру

Оқу – іс әрекетін қорытынды-лау.

-Сендерге бүгінгі оқу – іс әрекеті ұнады ма?

-Кімге қай сәті, несімен ұнады?

Балалар таңырқай қарады.

Балалар мысықпен амандасады.


Мысықтың айтқанын мұқият тыңдап отырды.





Қайталайды




- Иә, білеміз.


Ойын кезінде қызығушылық таныта отырып, ертегіні ретімен баяндап берді.


Саяхатқа шығатындарын естігенде қуанды.

Тышқандар қамбада болады.


Тышқанды кездестіргендеріне қатты қуанды.



Тышқанның айтқанын тыңдай отырып, тапсырмасын орындауға

келіседі.



Қызығушылық танытты.

Тапсырманы дұрыс орындап, тышқаннан тарыны алды. Әріқарай саяхаттарын жалғастырды.

Тауыққа жолыққандарына қуанды.



Ойын арқылы тапсырманы жылдам, әрі дұрыс орындады. Тауық балаларға риза болып жұмыртқа берді. Олар саяхаттарын одан әрі жалғастырды.

Дүкеншікпен амандасып, одан сағыз сұрады.




Есепті шығарып беруге уәде берді.





Ойын арқылы логикалық есептерді тез, әрі дұрыс есептеп берді.







Мысықтың ризашылығына бөленіп, саяхаттарын одан әрі жалғастырды.



Қыздармен кездескендеріне қуанып, амандасып, олардан су сұрайды.





Қыздармен бірге көңіл көтеріп, бойларын жазып, жаттығу жасауға келіседі.

Суды алып, мысықпен бірге ағашқа келді.






- Қазір жылдың көктем мезгілі. «Не жақсы, не жаман?» ойыны арқылы көктем мезгілінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтты.


Саяхаттарын одан әрі жалғастырды.






(қоян)


(жолбарыс)


(кірпі)


(арыстан)


(құлын)


(лақ)


(алмұрт)

Тапсырманы дұрыс орындап, қатықты алғандарына қуанғандарын білдірді.


Мақта қыз бен мысықты татуластырғандарына қатты қуанды.


Оларға арнап «Достық» әнін шырқады.


Балалар әрқайсысы өз ойларын айтты.

Рефлексивті -түзетушілік




Көздерін жұмып, әрқайсысы өзіне ұнаған сәттерін көз алдарына елестетулерін сұрау. (Музыка ойнап тұрады)

Көздерін ашқанда Жыл құсы қарлығаштың әкелген Сиқырлы кәрзеңкеге салынған киндер – сюрприздер тұрады.

Жыл құстарының бірі – қарлығаш құсының берген сыйлығына ризашылықтарын білдірді. Балалар өздері үшін де, өзге үшін де қуанғандарын білдірді.

Күтілетін нәтиже:

жаңғыртады: Мақта қыз бен мысық» ертегісін ертегі желісі бойынша баяндай біледі.

түсінеді: дидактикалық ойындар арқылы түрлі тапсырмалар ды орындап қиындықты жеңуге, төзімділікке баули отырып, баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту, түрлі дағды мен шеберлікті меңгерту. Музыка әуенін тыңдап, сезіне білуге қалыптасты.

қолданады: тапсырманы орындау барысында бір –бірімен достық қарым – қатынаста болуды меңгерді. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланды.















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-031609
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>