Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық ҰОӘ "Туғам өлкем, табиғатың қандай көркем?!"

Ашық ҰОӘ "Туғам өлкем, табиғатың қандай көркем?!"

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің                                

  технологиялық картасы

Білімдік  сала: «Таным», «Шығармашылық» 

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері.

Тақырыбы:  «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем?!»

Мақсаты: Балаларды табиғаттың  әсемдігіне сүйсініп, сұлулығын сезе білуге, табиғатта тіршілік ететін тіршілік иелеріне әркез қамқор болуға, қорғай білуге  тәрбиелеу. Ой - өрісін, сана сезімін, дүниетанымын  дамыту.

Әдіс –тәсілдер: кластер тәсілі, сұрақ – жауап әдісі, саяхат, ғажайып сәт.

Билингвалдық компоненттер: табиғат – природа; әсем - прекрасный; сұлу - красивый; керемет – чудесный.             

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар қолдарыңды жоғары көтеріп, биікке қарап көздеріңді жұмып, қолдарыңда өте үлкен, үрмелі шар бар деп елестетіңдер. Шар жеп –жеңіл, мөп –мөлдір. Күн бар жылуын осы  шарға берді. Шарымыз         

«Ғажайып шарға» айналды. Оны қолымызға алып, жүрегімізге жақындатайық. Сендер жүректеріңе барған жылуды сездіңдер ме? Ал енді осы жылуымыздың қалғанын қонақтармен де  бөлісейік.

 

 

Балалар сырттан кіріп, дөңгеленіп тұрады.

 

 

Тәрбиешінің айтуына сай 

қимыл – қозалыс жасайды. 

 

 

 

 

 

 

«Армысың, Аспан әлемі!» жаттығуын жасайды .

Ұйымдастырушы-лық-ізденістік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші музыка әуенімен

өлең оқиды, балалардан көздерін жұмып өлең жолдарында естігендерін көз алдарына елестетулерін сұрайды.

- О, туған жер, көк шалғының  көз жетпейтін асқарың,

Жанға жайлы самал желің, бұлтсыз, ашық аспаның.

Жоқ мен үшін, дәл өзіңдей қасиетті басқа жер,

Сондықтан да жыр жолдарын мен өзіңнен бастадым.

 - Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған? Сендер нені көз алдарыңа елестеттіңдер?

Сұрақ – жауап әдісі.

 

 

 

- Табиғат деген не?

 

- Табиғатқа нелер жатады?

Монитор арқылы кластер көрсету.  

Балалар қара сөз оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

( Қара сөз жолдарына не жайында айтылғанын сұрау, түсінік беру).

Күн, жер, су, адам, өсімдіктер, жануарлар – бәрі табиғатты құрайды.

Монитор арқылы әсем

табиғатты тамашалау.  (Сюжетті суреттермен жұмыс).

Билингвалдық компоненттер: табиғат – природа; әсем - прекрасный; сұлу - красивый; керемет – чудесный.  

- Ендеше, балалар осы әсем табиғатты өз көзімізбен көріп тамашалау үшін мен сендерді саяхат жасауға шақырамын.

Саяхатқа аттанады.

Өзеннен  көпір арқылы өту, өзен жағасында демалу.

(психогимнастикалық жаттығу жасату)

Өзенде тіршілік ететін тіршілік иелері,  өсімдіктері, құстары және өзеннің сұлу келбетін «Кім көп біледі?» ойыны  арқылы айтқызу.

Одан әрі саяхаттарын жалғастырады.

Көк шалғынды айналып, соқпақ жолмен орманға жетеді.

(Сұрақ – жауап арқылы орман туралы әңгімелейді.)

Неткен керемет, әдемілік.

- Орманда нелер тіршілік етеді?

 

- Қандай өсімдіктер өседі?

- Орманда тіршілік ететін қандай құстарды білесіңдер?

Табиғат, орман  туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат Ана шығады.

(таңғажайып сәт.)

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

     «Тобықтай түйін»

Досым деп келсең егер,

Құрметтеп қарсы алам.

Ниетің жаман болса,

Айтар сөзім бар.

Көгімді таптамаңдар,

Суымды ластамаңдар.

Дем алып сен кеткенмен,

Артыңда ұрпақтар бар.

Тәрбиеші: - Балалар, сендер орманда жүру ережесін  білесіңдер ме?

Ойын: «Болады, болмайды»

1. Орманда от жағуға ...

2. Қоқыстарды лақтыруға ...

3. Ағаштар, олардың бұтақтарын сындыруға ...

4. Орман ішінде шашылған қоқыстарды жинауға ...

5. Қатты музыка қоюға ...

Орманның тамаша көрінісі туралы әңгімелеу.

Орманның таза ауасымен тыныстап, психогимнастикалық жаттығу жасау.

Табиғат Ана мұңайып, балалардан  көмек сұрайды.

 - Балалар, сендер маған көмектесесіңдер ме? Мынау осы орманда тіршілік ететін аңдардың қолғаптары. Өздерің көріп тұрғандай жыртылып қалған, соны бүтіндеуге сендердің көмектерің керек.

Тәрбиеші балалардың өз

қалаулары бойынша 2 топқа бөлінулерін сұрайды.

(шығармашылық жұмыс жасатады.)

Табиғат Ана балаларға алғыс айтады.

 

«Табиғатты аяла! » әнін орындады.

Д/о:« Жер, су, ауа »

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып, балалардың кез –келгеніне асықты лақтырып, «жер»,«су», «ауа» деген сөздердің бірін айтады. Егер бала «жер»десе, асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, аңдарды, өсімдіктерді айтады. Ал «су»десе суда мекендейтіндердің аты аталады. «Ауа» дегенде құстарды айтуы тиіс.

Оқу – іс әрекетін қорытындылау.

- Оқу –іс әрекеті ұнады ма?

 

 

- Қай сәті ұнады?

 

- Несімен ұнады?

 

 

 

 

 

 

Көздерін жұмып, мұқият тыңдайды, көз алдарына  өлең жолдарына байланысты бұлтсыз, ашық аспанды, асқар тауды, көк шалғынды  т.б елестетеді.

 

- Бұл өлеңде туған жер туралы айтылған.

Әрқайсысы өз көз алдарына не елестеткендерін айтты.

Табиғат – бізді қоршаған орта.

Табиғатқа күн, ауа, жер, су, адам, өсімдіктер, жануарлар жатады.

Зере:

Табиғат ... Табиғат ..  Бұл сөзде қаншама құдірет жатыр. Өмірдегі ең сұлу, көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе? Жер-Ананың мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Өз байлығын адамзатқа сыйлаған табиғаттың жомарттығында шек жоқ. Аялайық та, сүйе білейік табиғатты.

Дильназ: Табиғаттың

басты байлығы – жер, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады. Жердің қасиетін сақтау, жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық, нақты жауап берді.

Суреттерге қарап

әңгімеледі.

Қайталайды.

 

 

 

 

 

Көтеріңкі көңіл – күймен саяхатқа аттанды.

Көпірден өтіп, өзен жағасында демалды, жаттығу жасады.

Балық, жылан, ұлу, тасбақа т.б тұңғиық, қамыс, шылау және аққу мен шағала құстары туралы айтты.

 

 

 

Орман іші тыныш. Ауасы таза. Ағаштар қалың өскен. Орманда аңдар көп. Орманда қоян, түлкі, қасқыр, аю, тиін т.б тіршілік етеді.

 Орманда саңырауқұлақ, бүлдірген, ағаштар, шөптер, гүлдер өседі.

1. Табиғат – адамзаттың                  

    өмір нәрі, қажеттің     

    табылады содан бәрі.

2. Туған жердің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

3. Орман – ел дәулеті,

    Жер сәулеті.

4. Көлдің көркі – құрақ,

    Таудың көркі – бұлақ.

5. Ер – елдің көркі,

Орман – тоғай – жердің    көркі.

Балалар таң қалады.

 

- Сәлеметсіз бе, Табиғат Ана!

 

 

Табиғат Ананың айтқан «Тобықтай түйінін» мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

- Иә, әрине білеміз.

 

болмайды,

болмайды,

 

болмайды,

 

болады,

болмайды.

Орманның тамаша табиғаты туралы  әңгімелеп айтты.

Бойларын сергітіп, жаттығу жасады.

 

 

 

- Иә, әрине көмектесеміз.

 

 

 

 

 

Балалар қайшымен пішіндерді қиып, қиылған пішіндерді қолғаптардың тесігін бүтіндеп жапсырды.

Балалар өздерінің аңдарға көмек бергендеріне риза болды.

Әнді бәрі көтеріңкі көңіл – күймен орындады .

 

 

 

 

 

 

Ойын кезінде қызығушылық танытты.

 

 

 

 

 

 

- Иә, әрине ұнады.

- Монитор арқылы көрсеткен кластер,

- Өзен жағасында дем алған т.б

-Табиғат Анаға көмектескен ұнады.

Рефлексивті -түзетушілік

 

 

 

Балалардың өз беттерінше орындаған шығармашылық жұмыстарына талдау жасады, мадақтады. Сыйлыққа «Табиғат қорғаушылары» деген бойтұмар таратты.

Балалар өздері үшін де, өзге үшін де қуанғандарын білдірді. Сыйлық алғандарына қатты риза болды.

 

Күтілетін нәтиже:

жаңғыртады: табиғат, оның тіршілік иелерімен таныса отырып, адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ  алу үшін табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керектігін білді.

түсінеді: қайшы және желіммен  жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін игерді. Кластер арқылы  табиғат бөлшектерін көрсете білуге, музыка әуенін тыңдап, сезіне білуге қалыптасты.

қолданады: топта ұжымдық жұмыс жасауды, өзара бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуды меңгерді. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге  дағдыланды.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық ҰОӘ "Туғам өлкем, табиғатың қандай көркем?!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 1264
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Гулмира Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аубакирова Гулмира Кенесовна
    Аубакирова Гулмира Кенесовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27213
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой