Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Ашық оқу іс - әрекеті"

"Ашық оқу іс - әрекеті"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту. Күз туралы білімдерін тиянақтау.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін , тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.

б)Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, СТО әдістері.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, дидактикалық материалдар, атрибуттар, т. б.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) түгелдеу

б) психологиялық сәт:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

в) топқа бөлу

- Ал , балалар мен сендерді топқа бөлейін.

1-топ «Жемістер»

2-топ «Көкөністер»

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

1.Сұрақтар:

а) Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

ә)қандай көлік түрлерін білеміз?

б) Көлік не үшін қажет?



2. Топтастыру:

Троллейбус велосипед машина



кеме трамвай



Көлік

автобус

ұшақ

мотоцикл тікұшақ





  • Жарайсыңдар, балалар! Өткен сабақты жақсы меңгеріпсіңдер!



ІІІ. Жаңа сабақ:



  1. Суретпен жұмыс

1-сурет : Күз мезгілі

2-сурет :Құстар ұшып барады

3-сурет: Күзде жапырақтар түскенде

4-сурет: Астықты ору.

  • Қазір қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Олай болса біз сендермен бүгін «Күз мезгілімен » танысамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Алтын күз».

Кіріспе сөз.

Алтын күз , сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күнін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке, бірлікпенен ортақтассын.



Қазір күз мезгілі. Күз мерзіміне қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады. Күзде адамдар қыстық азығын жинайды. Нағыз сары алтындай сары күз – қыркүйек айы. Бұл ай еңбек айы. Қазан мереке айы. Қарашада ағаштар суыққа тоңып дала өң бере бастайды. Күзде мол өнім жинаймыз. Көкөністер мен жемістердің шипалы және емдік қасиеті бар, дәрумендері өте көп.



Оқулықпен жұмыс. (мәнерлеп оқу және оқушылармен бірге талдау.)

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.



ІҮ. Поэзия минуты:



  • Балалар, енді осы күз мезгіліне байланысты, жемістерге байланысты, көкөністерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер? (балаларға тақпақтар айтқызу)

Пияз Орамжапырақ

Асханадан шықпаймын, Бақшаларда тізіліп,

Атым пияз бұқпаймын. Қаперсіз мен жатамын.

Көзден жасты шығарып, Қабат- қабат киініп,

Тұмаудан бірақ сақтаймын. Қырық қабат атандым.

Сәбіз Қызанақ

Өсіремін бойыңды, Тал шыбығым бұралып,

Дамытамын ойыңды. Бақшаларда қызарып.

Қоянға да азықпыз, Тұрған ол мен қызанақ,

Сәбіздерміз жазықсыз. Күнге қарап ұялып.

Қызылша Картоп

Ақ түсім бар қант алар, Картоп біздің атымыз,

Қызыл түсім қанға нәр. Жер астында жатырмыз.

Зияным жоқ біліп қой, Бір тамырдан тараған,

Қызылшамын пайдам көп. Ағайынбыз бәріміз.

Қияр

Атым қияр теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.





Жемістер:

Бағымда менің қарағым,

Жеміс-жидек тағы бар.

Қарақат, алша, құлпынай.

Дастарханнан табылар.



Жүзім Алмұрт

Мынау –жүзі жаным, Мынау- алмұрт ақылдым,

Сөлі балдай шырын. Күзде жинап аламын.

Тәттілігін біледі, Балбыраған біреуін,

Ара менен шыбын. Жесең тойып қалатын.

Анар Құлпынай

Мынау-анар құлыным, Жапырақты тасалап,

Қабығы қалың болатын. Өсетін жері бақша – бақ.

Мөлт- мөлт еткен түрлері, Күрең қызыл шіркін – ай,

Моншақты еске алатын. Оның аты құлпынай.

Қауын Жемістер

Иісім жұпар аңқыған, Өрік, алма, шие , алша,

Бақшадағы шырынмын. Жидек, жүзім піседі.

Жеп көргендер тамсанған, Қауын, қарбыз,қияр, сәбіз

Балдай тәтті қауынмын. Дүкендерге түседі.





  • Жарайсыңдар, балалар сендер жақсы тақпақтар жаттап келіпсіңдер!



Ү.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолға қалам алайық.

Дәптерімізді ашайық,

Әдемі етіп бояйық.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

Балаларға жеміс және көкөністердің суретін таратып, оларды уақытқа бояту.

(қандай түспен бояғандарын сұрап, қайжерде өсетінін сұрау)



ҮІІ. Бекіту

Балаларға жұмбақ жасыру.

  1. Күзде қолға доп болып оралады. (Алма)

  2. Түбі толған құмалақ. (картоп)

  3. Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар. (бидай)

  4. Доптар жатыр желісі бар, қабат-қабат терісі бар. (орамжапырақ)

  5. Ішіне түйме толтырып, бүйірі шықты томпиып. (қарбыз)

  6. Қызыл, сары кемелер, су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел, ырғалады , толқиды. (жапырақ)



ҮІІІ. Қорытынды

«Даналық ағашы» ойыны

Сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды себетке жинау. Біздің бақшамызда балалар жиналмаған алма қалып кетіпті. Үйде ата – әжелеріңе көмек бересіңдер ме? Олай болса мына алмаларды себетке жинап алайық. Жақында күн суытқалы жатыр, алманы жинап алмасақ, үсіп кетеді.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

  • Ауа- райында қандай өзгерістер болады?

  • Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

  • Бау-бақшалардан нелерді жинаймыз?

  • Егін даласынан нені орады?

  • Қандай жемістерді білесіңдер?

  • Күзде қандай еңбек етеміз?

  • Қандай көкөністерді білеміз?

  • Жинаған астықтарды не істейміз?



ІХ. Бағалау.









Х. Үйге тапсырма (Жемістер мен көкөністердің суретін салып келу)




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-436909
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх