Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық оқу іс -әрекеті Алтын күз

Ашық оқу іс -әрекеті Алтын күз

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Күз көрінісі»

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы, жыл мезгілдері мен күздегі табиғатта болатын өзгерістер туралы білетіндерін пысықтап, жапсыру, тамшылату әдістерін қолдана отырып күз көрінісін жеткізе білуді үйрету.

Сөздік қорларын молайтып, саусақ моторикасын, ой-өрісін дамытып, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, слайд көрсету, дәстүрден тыс әдіс арқылы күз көрінісін бейнелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: тамызғыш, жапырақтар, мақта, желім, жіптер, үлгі, бояулар, компьютер.

Іс-әрекет барысы.

Қанекей, балалар,

Жартылай шеңбер құрайық.

Топқа келген қонақтарға

Жалынды сәлем жолдайық! ( Балалар қонақтармен амандасады).

Енді, балапандар, шеңбер жасап тұра қойыңдар. Менің қолымдағы - алмұрт. Қазір осы алмұртты іркілмей, яғни бөгелмей, тездетіп бір-бірімізге береміз. Мен алақанымды ұрған кезде алмұрт кімнің қолына кеп түседі, сол менің сұрағыма жауап береді. Түсінікті ма? (Балалар бір-біріне алмұртты береді).

Бірінші сұрақ: Табиғат дегеніміз не?

Екінші сұрақ: Табиғат құбылыстарын ата.

Үшінші сұрақ: Өлі табиғатқа нелер жатады?

Төртінші сұрақ: Тірі табиғатқа нелер жатады?

Бесінші сұрақ: Жыл мезгілдерін ата.

Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар. Енді назарларыңды мониторға аударып, зейін салып қараңдар. Қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Слайд арқылы көрсету. Презентация.

( Балалардың жауабы).

Иә, бұл күз мезгілінің ерекшелігі. Жылдың әр мезгілінің өз ерекшелігі бар.

Осы күзгі табиғат ерекшелігін, күз көрінісін бүгін қағаз бетіне түсіріп көрейік. Жаңбыр жиі жауады дедіңдер. Ал жаңбыр неден жауады? Бұлттан. Бұлттың түсі қандай болады? Ақ, көк, сұр. Біздің бұлтымыз көк болады. Оны мына жіптерден жасаймыз. Жаңбырды жаудырту үшін бізге су керек. Бірақ су түссіз. Құрғақ қағазға тамызсақ қағаз суланғанмен, кепкеннен кейін көрінбей қалады. Сондықтан да суға бояу қосайық. Кәне, Аяулым, бояуды араластыра ғой. Өте жақсы. Тамызғышты басып тұрған қолымызды сәл жіберіп қалсақ, су толады. Балалар, тамызғыш шыныдан жасалған, оны ауызға салуға болмайды. Енді тамшылатамыз. Тамшылаттық. Жерге түскен жапырақтарды кәдімгі жапырақтардың көмегімен, жапсыру арқылы бейнелейміз. Міне, күзгі табиғат көрінісі. Бұл менің түсінігімдегі күз көрінісі. Енді орындарыңа отырып, менің жасағанымдай немесе өзгеше етіп жасайсыңдар ма, ол өз еріктеріңде. Жұмыстарыңа кіріспес бұрын сергіту жаттығуын жасап алайық. Балалар жапырақтармен сергіту жаттығуын жасайды. Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Соқты кенет қатты жел,

Жапырақтар шашырап,

Аралады атырап.

Бәсеңсіді соққан жел

Қызыл, сары барлық жер. Жарайсыңдар, балалар! Іске сәт! (Балалар өз беттерімен іске кіріседі. Жұмыс барысында тәрбиеші балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады).

Балалар жұмыстарын аяқтағаннан соң, тәрбиеші оларға жасаған еңбектері кепкенше күз туралы тақпақтар оқып берулерін сұрайды. ( Балалар тақпақтар оқиды). Өте жақсы, рахмет балалар! Қорытындылау. Сонымен, біз бүгін не жасадық? Ненің көмегімен жасадық? Сендерге ұнады ма?

( Балалардың жауабы). Балалар, сендер табиғаттың қорғаушысыңдар. Табиғатты сақтау үшін, қорғау үшін не істер едіңдер?

Мен кез-келген жерге қоқыс тастамаймын!

Мен гүлдерді жұлмаймын! Мен құстардың ұясын бұзбаймын! Мен ағаштарды күтіп-баптаймын!

Жарайсыңдар! Балалар, барлықтарыңның да жұмыстарың әдемі шығыпты. (Тақтаға ілінеді). Жақсы жұмыс жасағандарың үшін өңірлеріңе сосын жұлдызша тағып беремін (тәрбиеші алдын-ала оракалдан қиып дайындап қояды). Қазір жасаған жұмысымызды көрмеге апарып ілейік. Ілмес бұрын келген қонақтарымызға: « Сау болыңыздар!» - деп, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.












Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-457862
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх