Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық оқу іс-әрекеті Төрлет наурыз -Жылбасы

Ашық оқу іс-әрекеті Төрлет наурыз -Жылбасы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Төрлет Наурыз жыл басы.

Мақсаты:

Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет –ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп,ұлттық қасиеттерге баулу. Жыл басы Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балаларды Отан сүйгіштікке, табиғатты қорғауға үленді сыйлауға, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу.

Музыка ойналып залға 2 бала атпен шауып кіреді.

Ерлен: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Той дабылын қағып тұрған мына біз бар!

Естімеген естіңдер,

Тыңдамаған тыңдаңдар

Ауылда той басталды.

Нұрмұхамет: О,ағайын, туысқан

Наурыз күні туды шығыстан

Сол тойға келдім шақырып

Ат терлетіп алыстан!

Екеуі: «Тойға келіңіздер,тойға келіңіздер!» - деп шығып кетеді.Көңілді музыка ойналып,қазақша киім киген балалар залға кіріп ІІ калона жасап тұрып би элементтерін көрсетеді (музыка тоқтап балалар орындарына жайғасады)

Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық,

Тамашамен ел көңілін табайық

Ұлыстың ұлы күні сағындырған,

Шашуменен, ән жырменен қарсы алайық

Наурыз құтты болсын ағайын!

Арунас: Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып,

Келген Наурыз құт болсын!

Берері тағы мол болсын!

Арман: Ұлыс күні бар халық

Бір – біріне жақындап

Ізгі тілек тілейді

Ниеттерін айқындап.

Жүргізуші: Қазақта « Той дегенде қу бас та домалайды» - деген сөз бар. Бүгінгі тойымызға өнерлі қыз-жігіттер келіп отыр екен, айтысуға рұқсат сұрап отыр, енднше қыз- жігіттерге рұсат берейік тойдың көркін ашсын.

Қыз бен жігіт айтысы: Айзере,Ерлен,Мөлдір

Бәрі: Айналайын халқым – ай,

Болсын жүзің жарқын –ай,

Ата – салтын сақта деп

Ұран етем барашаңа –ай.

Мөлдір: Құтты болсын айтамын,

Наурыз тойға халқым –ай

Шықтық біздер жырлауға,

Қазағымның салтын –ай.

Ерлен: Тойға тарту етердей

Не сыйың бар еркем – ай

Жұмбақ,тақпақ,жаңылтпаш

Айтасың ба ертегі - ай

Айзере: Айтсам егер жаңылтпаш,

Жаңыласың қалқам – ай

Жұмбағымды шеше алмай,

Жаңыласың қалқам – ай.

Бәрі: Наурыз тойың бүгінгі,

Құтты болсын халқым – ай

Отанымның тұғыры,

Мықты болсын халқым – ай .

Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар! Бәрекелді рахмет!

Бақыт: Әнім де саған биім де,

Құт қонақ өзім үйімде

Қуаныш сыйлап еліне,

Күлімде Наурыз,күлімде

Альбина: Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Ернес: Қашанда - құт береке орнасын!

Ақерке: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа,

Әжем ,атам той тойлап

Қуанып жүр балаша.

Жүргізуші: Кеңес Аяулымның орындауындағы «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Кең даланың ежелгі.

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз- дей отырып біз бүгін назарларыңызға қазақтың ұлттық салт – дәстүрінің бірі - қырқынан шығару рәсімін ұсынамыз.

Жүргізуші: Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Наурызымды,

Шуағы жерге төккен бақыт күнін

Би: «Көктем» биші қыздар

Жансая: Қалдырып асау жылдар ағыстарын,

Халқыңа мерей болып қауышқаның,

Ұлыстың ұлы күні сол үшін де.

Өзіңе бар жақсынв бағыштадым.

Айнұр: Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды,

Көнермес салтымыз,

Көктемдей арайлы.

Ойын: «Қыз қуу»

Ойынның мақсаты қазақ салт - дәстүрге өте бай халық, соның ішінде ойыны да өте тәрбиелі болып келеді. «Қыз қуу» ойыны.

Айнұр,айгерім, Нұрқанат, Ернес.

Ән: Пайзулла Айзеренің орындауында «Ерке қыз» әнін қабылы алаңыздар.

Жүргізуші: Ішілетін жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар,

Ошақта шоқ көп әлі.

Астың ауыр обалы,

Астан үлкен ешкім жоқ

Қазан аузы жоғары.

Наурыз көже – ол жеті түрлі дәмнен жасалатын тағам. «Наурыз көжені тоя ішсең жыл бойы тоқ жүресің» - деген ырым бар.

Кәусар: Арпа,бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған,

Наурыз көже ежелден

Бұл тойдағы бас тағам.

Ән: «Құтты болсын Әз Наурыз» Балдырған тобы.

Жүргізуші: Жақсы, балалр,! Осымен « Төрлет Наурыз жыл басы» атты ертеңгілігіміз аяқталды Наурыз бәрәмізге бақ – береке әкелсін! Наурыз құтты болсын.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров82
Номер материала ДВ-457867
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх