Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық оқу іс-әрекеті.Тақырыбы:"Геометриялық пішіндер еліне саяхат"

Ашық оқу іс-әрекеті.Тақырыбы:"Геометриялық пішіндер еліне саяхат"

Скачать материал

 «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

            Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

(Дьенеш логикалық блоктармен

 құрастырылған математика сабағы)

 Мақсаты: Геометриялық фигураларды үш  сипаттама (түсі,пішіні,көлемі) арқылы сұраптау білу

 Міндеттер:

Білімділік:-1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту.

- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.

- Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: -Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

- тапқырлығын арттыру.

- Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
 

Тәрбиелік:- Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасау білу тәрбиелеу;

 

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті,геометриялық пішіндердің суреті.

 

Үлестірмелі: Әр балаға 3 түсті үлкен-кіші  геометр.пішіндер,сандар,

тапсырмаларымен карточкалар «Салыстыр-толықтыр», «Жүру ережелер», қағаздан шығыршықтар, «смайликтар», бағалау текшелер.

 

Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап,көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс өткізу,дидактикалық ойындар.

 

Сөздік жұмысы: геометриялық фигураларсипаттамапішін,

«Досы көпты жау алмайды»

 

 Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды техникалық құралдармен - ұялы телефонмен, компьютермен таныстыру. Оларға «компьютерлік бағдарлама», «вирус», «антивирус» деген ұғымдар жайында түсіндіру. Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар өткізу.

 Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен»,  «мейірімді аспан атамен»  және бізге келген қонақтармен амандасайық:

Сәлем деймін достарға

Сәлем деймін құстарға.

                               Сәлем деймін құрдасқа,

                                               Сәлем деймін ұстаздарға.

Тәрбиеші:  Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. 
-    Елім,
аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.

Тәрбиеші: сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.

1.     Сабақтың мақсатымен таныстыру:

   Балалар математика Патшайымнаң хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу)

·         Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің

бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе?  Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поездбен

баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.

 

·         Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.

-Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойыныны ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.

Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»                                                     

Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Әр баланың алдында  1-ден 10-ға дейін цифрлар.

1.     кемпірқосақта неше түс бар? (7)

2.     бағдаршамда неше көз бар? (3)

3.     қолғапта неше саусақ бар? (5)

 

4.     адамда қанша көз бар? (2)

5.     жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

6.     аспанда неше күн бар? (1)

7.     бір жылда неше ай бар? (12)

8.     бір аптада неше күн бар? (7)

9.     адамда қанша саусақ бар? (10)

-Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы . (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген) .

 

 1-ші тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны.Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орларына орналастыру керекпіз.Ол тапсырма орындау үшін алдарындағы кызыл үшбұрышы бар конвертті алындар,ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір – бірінді тексеріндер.

Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру,пішіндер туралы білімдерін бекіту.

 

 

 

Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет.

2-ші тапсырма: «Бір шығыршықпен ойын» Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сеңбейді,сондықтан осындай тапсырма беріпті:

Шығыршықтың ішіне

- тек қана дөңгелектерді салындар; 

- енді, тек қана сопақшалар;

- тек қана шаршылар;

 

 

 

 Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру.

  Өте жақсы, міне тағыда Вирусты жоюға 2-ші анти-вирус таптық.

 

Сергіту сәті:                       Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Жаттығулар жасасақ

 Жақсы сергіп қаламыз

өмегімізді әрі қарай жалғастырайық.

 

3-ші тапсырма: «Пішінді тап» ойыны. Мақсаты: 1-2-3 сипаттама арқылы және сипаттаманы терістеуімен керекті пішінді табу.

Схема арқылы жұмыс. Балалар үстел басында және тақтаға шығып орындайды. 

 

4-ші тапсырма: «Жүру тәртібі» ойынын өткізу.

Вирус геометриялық пішіндердің естерін шығарып жіберіпті, сондықтан олар өз үйлеріне жол табалмай жүр.

 

Мақсаты: Рұқсат ету және тыйым салатын белгілер туралы түсінік беру, кеңістік бағытты бекіту.

 

·         Енді балалар, ақырғы тапсырма. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар.

5-ші тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу  шартты белгілер арқылы пішіндерді табу.

Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді.

 

·         Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін.Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса,телефон арқылы хабар жібереді.Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды).

-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.

Енді  ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық.Міне қондық.

ІІІ. Қорытыңды:

-Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.

- Балалар, біз қай қаланың тұрғындарына көмек көрсеттік? Не қиын болды? Не ұнады? Қандай тапсырмаларды орындадық? Сендерге ұнады ма? Ендіші  «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» көрсетіңдер.

 Балаларды бағалап текшелер тарату.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық оқу іс-әрекеті.Тақырыбы:"Геометриялық пішіндер еліне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 1401
    • DOCX 43.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әкімбек Әйгерім Ермекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әкімбек Әйгерім Ермекқызы
    Әкімбек Әйгерім Ермекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11047
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Курс повышения квалификации

Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 770 человек

Курс повышения квалификации

Подготовка к школе. Нейропсихологический подход

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 880 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 647 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек