Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық оқу қызметі "Қызыл телпектің саяхаты"

Ашық оқу қызметі "Қызыл телпектің саяхаты"

Скачать материал



Тақырыбы: Қызыл телпектің саяхаты.

Білім беру саласы: Қатынас. Таным.

Бөлімдері: Тіл дамыту,Көркем әдебиет,Қоршаған ортамен таныстыру,Қарапайым математика.

Мақсаты: Ертегі арқылы балаларға қазақ жерінің әсем,сұлу, кең байтақ екенін ұғындыру,тақпақ, өлең,жұмбақтар айту арқылы балалардың тілін,білімін жетілдіру,қарапайым математикалық ұғымдарын ойлау қабілеттерін арттыру, тұзды қамыр мен жұмыс жасай алуын бақылап, балаларды мейрімділікке,қайрымдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілі: Сұрақ-жауап,көрсету, тыңдау, дидактикалық ойын,сергіту жаттығу,көрке сөз.

Сабақтын барысы:

Әсем әуенмен балалар топқа кіреді, шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші : Балалар бүгінгі ерекше іс-әрекетімізді Жылы тілектерімен бастайық әркім өз тілегін айсын.

Менде тілегімді айтып жіберейін: Мықты болсын іргеміз, таусылмасын күлкіміз бүгінгі күнге сәттілік тілеймін.

Асыға басып Қызыл телпек келеді.

Қызыл телпек: Сәлем,сәлем сендер мені танисыңдар ма?

Балалар: Ия танимыз сен Қызыл телпексің.

Қызыл телпек: Ертегіні білесіңдер ме? Сендер менімен достасқыларың келеме?

Балалар : Ия білеміз,достасқымыз келді.

Тәрбиеші : Сен қайдан келесің ?

Қызыл телпек: Мені анам әжеме бәліш, сүт алып бар деп жібіріп еді, алдымнан қасқыр шығып, мен саған бірнеше тапсырмалар беремін соларды дұрыс орындасаң әжеңе жіберемін деді. Сендер тапсырманы орындауға көмектесіңдер ме?

Балалар: Ия көмектесеміз.

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен саяхаттағанды жақсы көресіңбе? Бізбен бірге саяхаттап келген соң саған көмектесеміз. Қызыл телпек сен қандай елдің

табиғатын ұнатасың .


Қызыл телпек: Өзіміздің еліміз Қазақстанның табиғатын тамашалағым келеді.

Балалардан слайд арқылы әсем табиғатты, сұлу көрікті жерлерін көріп отырып , не көргендерін сұрау.

Тәрбиеші :

- Балалар табиғат,су туралы қандай тиым сөздер білесіңдер айта отырайық.

Балалар:

Суды сапырма.

Суға түкірме,суды ластама.

Судың бетін ашық тастама.

Көкті жұлма, ағашты сындырма, жапырағын жұлма.

Тәрбиеші: Балалар серуен сендерге ұнадыма,ал саған Қызыл телпек серуендеген ұнады ма?

Қызыл телпек : Ия ұнады.

Тәрбиеші : Енді балалар Қызыл телпектің тапсырмасын орындауға қөмектесейік.

1-ші тап: Сендер жылдам мынау сұрақтарға жауап беріңдер.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші : балалар кім көктем мезгілі туралы естерінде бар тақпақтарды айтып береді?

1 бала: Балалар-ау,балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

2 бала: Көктем,көктем,көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

3 бала: Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алқай-ау,алақай!

Көктем келді көңілді.

Тәрбиеші : рахмет, көктемде қандай өзгерістер болады?

Балалар жауаптары: Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүр жарады, жеміс ағаштары гүлдейді, жәндіктер тіріліп, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Тәрбиеші : Көктем айларын ата?

Балалар : Көктем айларына : Наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.

Қызыл телпек : Балалар сендерге жұмбақ жасырам шешуін табыңдар, мұқият тыңдаймыз.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(Күн )

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

(Жаңбыр)

Қызыл телпек : Мақал-мәтел білесіңдер ме?

4 бала: Сыйламаған жолдасын,

Сыйлайда алмас өз басын.

Бала жақсы болса-қуаныш,

Жаман болса-күйініш.

5 бала: Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тілінбей.

6 бала: Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

Отан оттан да ыстық.

7 бала: Батыр туса-ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

Адал ұл ер боп туса-ел тірегі.

8 бала: Ананың сүті- бал,

Баланың тілі-бал.

Анадан-мейір.

Әкеден –ақыл.

9 бала: Шеше көрген тон пішер,

Әке көрген оқ жонар.

10 бала: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2-тапсырма Апта күндері туралы.

Тәрбиеші : Апта күндерін ата.

Балалар : апта күндері: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма сенбі, жексенбі.

Тәрбиеші : Бүгін аптаның қай күні? Неше күн балабақшаға келеміз? Неше күн демаламыз?

Апта туралы тақпақ білесіңдер ме?

11 бала: Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрадық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

Осылайша өте шықты бір апта.

3-тапсырма: Қарапайым математикалық ұғымдарға арналған.

1 ден 5 ке дейін тура кері санау

Дидактикалық ойын: Қай сан жоғалды?

Геометриялық пішіндерді ата.

Дидактикалық ойын: Қандай геометриялық пішін жоқ?

Биік-аласа ұғымдарын қайталау.

Ағаштарды салыстыру.

Санамақтар айту.

12 бала: Бас бармағым-атам үйдің данасы,

Балаң үйрек-әжем ошақ анасы,

Отан терек- әкем отау панасы,

Шылдыр шүмек- шешем шаңырақ ажары,

Титтей бөбек-мен бәрінің ажары.

13 бала: Бір дегенім бір таяқ,

Екі дегенім екі аяқ,

Үш дегенім үш кір тас,

Төрт дегеннім төрт бұрыш,

Бес дегенім бес қатар,

Алты дегенім алты атар,

Жеті жердің жемісі,

Сегіз төлдің семізі,

Тоғыз деген төл басы,

Он деген он жолдасы.

Сан білмеген айта ма?

Санамақты қайтала!

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

Тәрбиеші : Балалар міне біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындадық.

-Ал, енді балалар Қызыл телпектің әжесіне бізде бәлішті қамырдан жасап беріп жіберсек қайтеді?.

Жақсы бәлішті көз алдымызға көзімізді жұмып көз алдымызға елестетейік.

Қызыл телпек : балалар сендерге көп-көп рахмет . Енді әжеме барайын.

Тәрбиеші : Қызыл телпек жақсы әжеңе біздің балалардан сәлем айт. Сау болып тұр. Балалар осымен біздің іс-әрекетіміз аяқталды. Сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар, барлық өткендерді естеріңе түсірдіңдер жауаптарыңа қанағаттандым. Рахмет!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық оқу қызметі "Қызыл телпектің саяхаты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2018 438
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Картмагамбетова Айым Кармысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4793
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Федеральная адаптированная образовательная программа для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 685 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 542 человека

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе