Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ

Ашық сабақ


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан Сынып: 5-сынып

Пәні: Қазақ тілі

Сабақың мақсаты:

білімділік — оқушылардың білім деңгейін көтеру;

дамытушылық — сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық кезең

II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

— Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?

— Тудан.

— Көк түс нені білдіреді?

— Ашық аспанды білдіреді.

— Сары түс нені білдіреді?

— Күн сәулесін білдіреді.

— Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан.

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)

III. Жаңа сабақ

Кіріспе бөлімі:

— Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз.

IV. Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздер

Құрлық — суша, материк

Еуразия — Евразия

Жазық дала — равнина

Шөл — пустыня

Аймақ — край

Қорық — заповедник

Белес — преграда, трудности

V. Мәтінмен жұмыс:

а) тізбектеп оқыту;

ә) әр топ бір-біріне 3 сұрақтан қойып, жауап береді.

Қазақстан — біздің Отанымыз

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі.

Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.

«Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. (слайд көрсетіледі)

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан Республиксы қай құрлықта орналасқан?

2. Қазақстанның жері қандай?

3. Қазақстанда қандай мұз айдыны бар?

4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

5. Мәтінді қысқаша мазмұндау, оқушылардың түсінгендерін тыңдау.

VI. Серіту сәті

«Елім менің» өлеңінің бір шумағын әнімен айту.

«Елім менің»

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың!

VII. Грамматикалық тапсырмалар орындау

1. Тапсырма. «Ойлан, тап!» Өлең жолдарындағы «Атамекен» сөзіне синоним сөзді тауып айт.

2. Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші — ........

Отансыз адам — ......

Отан — оттан да .....

Отан отбасынан ......

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

3. Тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы ...... орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев ...... Президенті.

Қазақстанның табиғаты .....

VII. Сабақты бекіту, қорытындылау

— Алда үлкен мереке. ҚР-ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар.

(Балардың жазған тілектері тыңдалады).

Үйге тапсырма: Үш деңгейлік тапсырма орындау.

Жасыл кеспе. Мәтінді оқу, аудару, әңгімелеу.

Қызыл кеспе. Мәтін бойынша диалог құрастыру.


Краткое описание документа:

Сабақың мақсаты:

білімділік — оқушылардың білім деңгейін көтеру;

дамытушылық — сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық кезең

II. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

— Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?

— Тудан.

— Көк түс нені білдіреді?

— Ашық аспанды білдіреді.

— Сары түс нені білдіреді?

— Күн сәулесін білдіреді.

— Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан.

— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров389
Номер материала 259921
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх