Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ

Ашық сабақ



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: К.Ахметова «Астана»

Сабақтың мақсаты; оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру .

Сабақтың дамытушылығы: Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. 

Сабақтың тәрбиелілігі: Болашағымыздың жалғастырушы ұрпақтардың бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау , топтастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, еңбек

Көрнекілігі: Автордың суреті слайдтар,сюжетті суреттер, ребустар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?

Балалар(хормен)
Туысым, досы
м, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.

— Осындай жақсы көңілмен, жақсы ниетпен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар біз сендермен өткен сабақта кімнің шығармасымен таныстық?

  • Әңгіме қалай аталады?

  • Әңгімеміз нелер жайында?

  • Олар қандай мақсатпен жолға шықты?

  • Олар өздерінің жолдарында нелерді кезіктіреді?

  • Оладың мекендері қандай екен?

  • Сонымен бізге таныс үш кейіпкер жақсы мекен, жайлы қоныс тапты ма?

  • Олар шаршап қайда қайтті?


  1. Үй тапсырмасын бекіту

  • Осы әңгіме арқылы ақын сендерге қандай ой жеткізгісі келді?

Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс әркімнің өз мекені, өз жері екен.

  • Әр топ осы әңгіменің негізгі ойы арқылы түйін жасасын

І топ: Әркімнің туған жері өзіне ыстық

ІІ топ; Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас,

ІІІ топ; әркімнің туған жері Мысыр шаһары


  1. Жаңа сабаққа дайындық

  • Әркімнің туған жерінен ыстық жер жоқ

  • «Атамекен» сөзін біз қалай түсінеміз?

  • Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Атамекен» әнін орындаймыз


  1. Жаңа сабақ

  • Біздің отанымыз қалай аталады?

  • Ал, Отанымыздың жүрегі қай қала?

  • Бүгін біз К, Ахметованың «Астана» атты өлеңімен танысамыз

  • Мақсатты хабарлау

  • Бүгін біз К. Ахметованың өмірі мен шығармасымен таныса отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүйіп қадірлеуге үйренеміз

  • Сендер Астанаға барып көрдіңдер ме?

  • Бүгінгі сабақта біз сендермен ұшаққа отырып, Сарыарқаның төріндегі қалаға экспресс саяхат жасаймыз.

  • Ұшаққа отырмас бұрын бізге билет алу керек , билетті оқулығымыздың 81 бетіндегі ребусты шешу арқылы аламыз.

  • Ребус шешу

  • Бірінші жолда қандай сөз шықты?

  • Ал, екінші жолда қандай сөз шықты?

  • Осы екі қала туралы біз не білеміз?

  • Алматы еліміздің тәуелсіздік алған жылдан 1997 жылға дейін еліміздің бірінші астанасы.

  • Ұшаққа отыру

  • Біз барлығымыз ұшаққа отырдық

  • Астана туралы көптеген ақындар тіл жетпейтін әсем сөздермен жырлады,

  • Ендеше ұшақтың ішінде уақытымызды тиімді пайдалану үшін Астанаға жеткенше текке отырмайық, Астана туралы жазған ақын К.Ахметова туралы айтқым келіп тұр

  • Балалар міне Астанағада келіп қалыппыз

  • О, түстік балалар, Астананы көрдіңдер ғой қандай тамаша

  • Ал балалар өлеңді оқып жіберейікші

  • Мен оқимын

  • Үш топ оқушылары оқиды

  • Дәптермен жұмыс

Сөздікпен жұмысты дәптерге жазып қоямыз

Саф дегеніміз таза, жұпар ауа деген сөз

  • Талдау

  • І топ; Сарыарқадай даламыздың төріндегі Бәйтерек туралы, Өз еліміздің осындай елде тұрып жатқанымызға қуанатынымыз жайлы

  • ІІ топ: Есіл өзеңінің оң жақ жағалауында бой көтерген Астана т уралы айтылған

  • ІІІ топ; Екі қаланың әсемдігі жайлы айтылған


Параходқа отыру

  • Міне балалар біз параходқа отырып, әдемі Есіл өзеңінің бойымен саяхаттап келеміз

  • Бас қаламыздың әсем жерлері өте көп

  • Солардың бірі Думан ойын сауық кешеніне тоқталайық

Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозал.

Күмбезді залда Сіз Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көре аласыздар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылай аласыздар. Кинозалда Сіздер мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

  • Осы Думан ойын сауық кешенінде бір бой жазып балалар, біз бір демалып алайық

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Тәуелсіз біз ел көрдік

Алға адым басайық

Биікке біз ұшайық

Елімізді көркейтіп

Жақсы азамат болайық



  1. Жаңа сабақты бекіту



Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

  • Осы хан шатырда балалар, әр топ ақын ойын сызбаға сүйеніп отырып түсіндіреді

А) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы

↓ ↓ ↓

Есіл Алматы Астана

Астана

Бәйтерек



  • А) Бұл жерде ақын ауызбіршілікке, бейбітшілікке, егеменді ел болуға Отаныңды, еліңді қорғауға шақырып тұр.



  • ә) Ақын, Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз. Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз жайлы айтып тұр.





  • Б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген, себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек артық айтқандық болмас. Алматы бұрынғы тарихы бар астана болса, Астана қазіргі жаңа бас қала. Екі қала бір-бірімен тығыз байланыс та. Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса, Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек монументі» бар. Бәйтеректің жұмыртқасының үстінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алақаны бар.



  1. Сабақты қортындылау



  • Экспресс саяхатымыз аяқталып келеді

  • Балалар қалай ойлайсыңдар Астанаға келген қонақтар тағы қай жерге барады?



  • Бәйтерекке бару

  • Міне балалар, біз сендермен Бәйтеректің басына да шықтық

  • Қандай сезімдесіңдер

  • Әсем қаланы араладық, ең әдемі деген жерлеріне де бардық

  • Ақын апамыз Айтқандай біз сендермен бәйтеректің басына да шықтық

  • Әсем астананы биіктен көріп, бір ауыз сөзбен жеткізейік

  • Яғни, поэзия минутын жасайық

  • Поэзия минуты

  • Өлең жолдарын түсіндіру

..................... қаламыз,

....................... даламыз.

Асыр салып ойнаған

..................... баламыз.

  • Мағыналас болып шығу керек

Астана әсем қаламыз,

Кең байтақ біздің даламыз.

Асыр салып ойнаған,

Бақытты біздер баламыз



  1. Рефлексия

  • Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады

  • Біз де балалар сендермен осы глобусқа қол қойып армандайық



  1. Үйге тапсырма

  • Поэзия минутымен таныстық

  • Енді, астана туралы алған әсерлерімен сенедер оқулықтың 83 бетіндегі өлең жолдарын жалғастыру арқылы үй тапсырмасын орындайсыңдар

  1. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Күлаш Ахметованың "Астана" тақырыбына әдебиеттік оқу сабағынан 2 сыныптарға арналған ашық сабақ. Сабақтың түрі саяхат сабақ.оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру .Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту.Болашағымыздың жалғастырушы ұрпақтардың бойында Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала 280797
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх