Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ашық сабақ "Аққала" Шағын топ сыныбына арналған

Ашық сабақ "Аққала" Шағын топ сыныбына арналған

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Технологиялық карта № 1 Жылы:2015 айы: 12 апта: 02 күні:11 Тақырыбы: ”Аққала”. Білім беру салалары: Шығармашылық.Таным. Кіріктірілген білім салалары: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу. Мақcаты: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру,домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту,қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты суйе білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі, оқу құралдары: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,үлгі,ермексаз,тақтайша,сулық. Әдіс – тәсіл: Үйрету,көрсету,тусіндіру. Сөздік жұмыс: Қар ұшқындап,жапалақтап,борандатып жауады. Билингальді компонент: Аққала – снеговик.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс –әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті















Мотивация-



лық



қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар,мұғалімдермен амандасып алайық!
- Ал енді,балалар,барлығымыз жылулық шеңберіне тұрайық!

Кәне,кәне,тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта,шапалақ,
Шапалақта,шапалақ.


- Жарайсыңдар!балалар отыра қойыңдар.


- Балалар,жылдың неше мезгілі бар?


- Қазір жылдың қай мезгілі?


- Қыста не жауады?


-Қардың түсі қандай?


- Қар қатты бола ма,әлде жұмсақ бола ма?


- Қар қандай суық па,жылы ма?


- Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?









- Қар күнге шағылысқанда қандай болады?


- Қар таза ма,жеуге бола ма?



- Қар ұлпалары неге ұқсайды?








Балалар мұғалімдермен амандасып алады.


Барлығы жылулық шеңберіне тұрады.










-Төрт мезгілі бар

( Күз,Қыс,Көктем,Жаз ).



- Қыс мезгілі.


- Қар


- Ақ


- Жұмсақ


- Суық


- Шанамен,шаңғымен,

конькимен сырғанақ тебеді,
аққала жасап ойнайды.





- Күмістей жарқырайды.


- Қарды жеуге болмайды.Таза емес,Тамақты ауыртады.


- Жұлдызшаға ұқсайды.

















Іздену



ұйымдас-



тырушы



Билингвальды компонент: Аққала - снеговик.

- Аққала неше бөліктен тұрады?

- Мұрынын,көзін неден жасайды?


- Түстері қандай?

- Аққаланы неден жасайды?

-Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік.Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.


- Бұл қарды қайдан алдым?
- Қар қайдан пайда болды?

Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып,жерге жауып түседі екен.Олар әртүрлі болып жауады:


- ұшқындап жауады;


- жапалақтап жауады;


- борандатып жауады т.б турлері бар.


Балаларға жауған қардың суретін көрсету.


Сергіту сәті.
-
Балалар,қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.


- Балалар,қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші:бірінші – үлкен домалақ жасадық,екінші – орташа домалақ жасадық,оны үлкен домалақтың үстіне қойдық,үшінші – кішкене домалақты жасадық та,орташа екінші домалақтың үстіне қойдық.Басына шелек кигіздік.


- Балалар,бұл Аққала менің досым.Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме?




Аққала – снеговик” сөзін қайталайды.
- Үш бөліктен тұрады.



-Сәбізден,көмірден жасайды.


-Қызғылт сары,қара.



- Қардан жасайды.





- Даладан.


-Аспаннан жауып,жерге түседі.








Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды.










Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.







- Балалар қардан жасаған аққаланың жасалу жолдарын естеріне түсіреді.


- Иә.





Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:


- Ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;


- бөліктерді алақан арасына салып,домалақтау;


- үлкен бөлікті астына қою,орташа бөлікті ортасына,кіші бөлікті үстіне қою;

- бөліктерді бір-бірімен біріктіру;


- қолын таяқшалардан жасау.





Балалардың өз бетінше жұмысы.


Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.


Аққалаға – досына ат қойдыру.





Аққаланы

мүсіндеудің

әдіс-тәсілімен

танысады.





















Балалар Аққаланы мүсіндейді.



Аққалаға – досына ат қояды.















Рефлексивті



коррекция-


лаушы






Қорытындылау кезеңі.



  • Балалар,бұл жасаған достарыңды ата- аналарыңа көрсетемін.


  • Балалардың жұмысын талдау,жаксы қатысқан балаларға қуанышты хабарлама тапсыру.









Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды.Өз текшелеріне қояды.Бәрі қуанышты болады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Әртүрлі көлемдегі домалақтарды біріктіреді,ұсақ элементтерін толықтырады; Игереді: Аққаланың қыста ғана болатынын; Меңгереді:Әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді алақан арасына салып домалақтау тәсілін. Картаны толтырған тәрбиеші: Рысжанова Жанна Жарылғасынқызы.









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров86
Номер материала ДВ-469512
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх