98954
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ. Адам-әлем бөлшегі

Ашық сабақ. Адам-әлем бөлшегі

библиотека
материалов

Пәні:  Өзін-өзі тану                     Сынып: 8                                 Мерзімі:  27/01

 Өзін-өзі тану мұғалімі: ХОЛҒАНАТ Д.

Сабақтың тақырыбы: Адам  - әлем бөлшегі

Сабақтың мақсаты:

 «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

* Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту

* Өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу..

* Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу. 

Көрнекі құрал: Оқулық, дәптер

Шаттық шеңбері

   Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады, бір-бірімен сәлемдеседі. Бірін-бірі көргеніне қуанышты екенін білдіріп, жақсы тілектер айтады.

Мәтінмен жұмыс

   Сабақта З. Серікқалиұлының адамның әлеммен байланысы, қоршаған ортаны танып-білуі жайында жазылған мәтінмен жұмыс жүргізу. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы айтылған негізгі ойды ұғындыру. Сұрақтарға жауап беру.

     Адам баласының қоршаған кең дүниемен, әсіресе табиғатпен қарым-қатынас жасау барысында өз бойына ештене дарытпауы мүмкін емес.

    Адам белгілі бір кезеңде қалыптасқан мұрат-мүддесі негізінде ғалам көркін танып, жаратылыстың мән-мағынасын әділ саралап, баға беруге талпынады. Таным нысанасы айқындала түскен сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, мүмкіндіктері ашыла түседі.

     Әрине, әлем өрісінің, жаратылыс құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Адам көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден шалғай ғалам кеңестігін де мейлінше зерттеп, оларды шынайы өмірмен байланыстыру үшін ізгі талпыныстар жасауда.

   Жаратылысқа жан иесі ...

1. Ғаламды тану адамға қандай мүмкіндіктер береді?

2. Адам мен әлем тұтастығын неден байқауға болады?

3. Өз өмірін және айнала қоршаған дүниені жақсарту үшін адам бойындағы қандай қасиеттер болуы қажет?

Тапсырма

       Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына мүмкіндік туғызатын тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар Өнер туындыларын қарап шығып, ондағы жаратылыс құбылыстарының қалай  суреттелгенін сипаттап айтып береді. Ол үшін оқулықта төмендегідей туындылары ұсынылған:

1. Т.Б.Ысқақов Таңнгың атауы. 2000 ж

2. О.Т.Кацюба Күзгі бояулар. 2001 ж

3. А.Ю. Құспанғалиева Дерексіз жылдамдық. 2004 ж

Мәтінмен жұмыс

    Адамның әлемге қарым-қатынасы, әлемді қабылдауы туралы айтылған М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қақтығыста» атты бөлімінен үзінді оқу. Оқушылар мәтін мазмұынын ашу үшін ұсынылған сұрақтарға жауап беру. Өз ойларын ортаға салу.

   Жырақтау жерде қалың ауылдың кешкі оттары көрінеді. Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген, сызды салқын бар. Толған ай, дәл төбеде биіктеп, нұрлана жарқырап тұр.

1. Түнгі әлем көрінісі Әбішке қалай әсер етті?

2. Өздеріңнің ай-жұлдызбен сырласқан кездерің болды ма?

3. Ай сәулесінің жұмбақ кейпін аңғарған сәттерің болды ма?

4. Адам өмірінің жұлдызды сәттері дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойланып көрейік

  Сабақта мынандай түйіндеме берілген?

   «Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхитар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді.

   Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі.

    Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді».

  Оқушылар осы түйіндемемен таныса отырып, адам баласының қоршаған ортаға қызығушылығы, оны танып-білуі, онымен үндестік табуы, сөйтіп қуаныш пен бақытты сезінуі жайлы ой түйіндейді.

Дәптермен жұмыс

1 -тапсырма

Таңғы шық, жаңа түскен қар, таң шапағы, кемпірқосақ т.б. табиғат құбылыстарының әсерлерін суреттеп жаз.

 

2- тапсырма

Нақыл сөздерді оқыңдар. Өмірдегі өз міндеттерің мен бағыт-бағдарларыңның жобасын тізіп көрсетіңдер. 

3- тапсырма

«Сен қандай адамсың?» атты тестіде берілген сұрақтарға қысылмастан, шынайы жауап бер.

Жүректен - жүрекке

 Сабақты қорытындылап  аяқтау мақсатында оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар шеңберде тұрып, М.Мақатаевтың «Армасыңдар, адамдар!»  атты өлеңін оқу.

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?

Арма, өмір, бар әлемді баурына алып шайқаған!

Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық ...

Армысың, сен арамызда жалғыз перзент – Тыныштық!

hello_html_m204a22b.jpg



hello_html_m18a14c75.jpg





hello_html_638a03e4.jpghello_html_2b16c295.jpg

hello_html_4526ebda.jpg

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.