Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ. "Адамның шығу тегі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Ашық сабақ. "Адамның шығу тегі"

библиотека
материалов

Күні:30.01.2016ж

Сыныбы:11А

Пәні: Биология

Мұғалімі: Тасыбаева Динара Ергешбайқызы

Сабақтың тақырыбы: §42 АНТРОПОГЕНЕЗ – АДАМНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ.

Сабақтың мақсаты: Адамның шығу тегімен таныстыру.

Білімділік мақсаты: Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу. Адам эволюциясы жалпы органикалық дүние эволюциясының заңды жалғасы екендігін түсіндіру арқылы дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлауды Дамыту жобасын қолдана отырып оқушының өз бетінше ізденуін , зерттеуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар, үлестірмелер,компьютердегі слайдтар, сөз жұмбақ.

Сабақтың әдісі: Тестпен, сөз жұмбақпен, интнрбелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин.

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Ұй тапсырмасын сұрау

4. Жаңа сабақ

5. Сөз жұмбақ шешу

6. Қорытынды


II.Үй жұмысына тестер: 10мин


  1. Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е) Вавилов.

2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней. Е)К.Бэр.

3. Алғаш омыртқалылардың ізі қай дәуірде табылды?

А) протерозой. В)Мезозой. С)Кайназой. Д)Полеозой. Е)Девон.

4. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?

А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу. С)Тұқымқуалаушылық. Д)Тіршілік үшін күрес. Е)Коньюгация.

5 Жануарларда қай органдар аналогиялық болады?

А)Жарқанатың қанаты мен араның қанаты. В)Құстың қанаты мен көбелектің қанаты. С)Тараққан мен құрбақаның аяқтары мен қолдары.

Д)Тигр мен Кроттың табандары. Е)Бақаның ауызы мен көбелектің ауыз қуысы.

6. Алғаш маймылдар қашан пайда болды?

А)Бор. В)Антропоген. С)Палеоген. Д)Неоген. Е)Силур.

7.Адамның жануарлардан пайда болу іліміне қай ғалым өз еңбегін сіңірді?

А)Ч.Дарвин. В)Ф.Энгельс. С)К.Линней. Д)Ж.Б.Ламарк. Е)Вавилов.

8.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс.

А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция. Е)Идиоадаптация.

9.Жеке организмдердің даму кезеңі.

А)Эмбрионогенез. В)Филогенез. С)Онтогенез. Д)Биогенез. Е)Социогенез

10. Қай адам “саналы адам” деп аталады?

А)Неадерталец. В)Питекантроп. С)Синантроп. Д)Кроманьон. Е) Homo sapiens

11.Қай дәуірде сүтқоретілер кеңінен таралған?

А)Протерозой. В)Архей. С)Полеозай. Д)Кайназой. Е)Мезозой.

12.Дене мүшелерінің құрылымдары мен атқаратын қызметін және пайда болуының ұқсастығы қалай аталады?

А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.

13.Шығу тегі және құрылысы ұқсас емес, бірақ атқратын қызметі бір мүшелерді не деп атайды?

А)Аналогия. В)Гомология. С)Рудименттер. Д)Атавизм. Е)Гигантизм.

14.Жануралардығ мына аталған қай мүшелері басқа мүшелерге қарағанда ұқсас емес?

А)Инеліктің қанаты. В)Жарқанаттың қанаты. С)Құстардың қанаты. Д)Қолдары. Е)Кесірткенің алдыңғы аяғы.

15. Адамның жануарлардан пайда болуына қандай дәлел болады?

А)Ми көлемінің үлкендігі. В)Рудимент және атавизмдердің болуы.

С)Сөйлеу. Д)Абстракты ойлау. Е)Идиоадаптация.

Тест жауаптары:1С 2Д 3Е 4В 5В 6 Д 7 А 8C 9C 10 Е 11Д 12В 13А 14А 15В

ІІ Жаңа тақырып:

Жоспар:

1. Адамның шығу тегі тарихы.

2. Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.

3. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.

4. «Эволюциялық даму тарихы».









Адамның шығу тегінің тарихы:

hello_html_m23077d68.gif

Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны.

  • Хордалылар типі.

  • Омыртқалылар тип тармағы.

  • Сүтқоректілер класы.

  • Ұрықжолдастылар класс тармағы.

  • Маймылдар (приматтар) отяды.

  • Адамтектес маймылдар отряд тармағы немесе тартанаулылар тобы.

  • Адамдар тұқымдасы.

  • Адамдар туысы.

  • Саналы адам түрі.

hello_html_m7a425b48.png

«Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері.

hello_html_51d15f77.jpghello_html_536bddb6.jpg


hello_html_25350d87.png



hello_html_m70ca436a.pnghello_html_m61863269.png



Салыстырмалы-анатомиялық

Салыстырмалы-эмбриологиялық

Гомологтық мүшелер: аяқ-қолдары.

Аналогтық мүшелер: Адамның тістері акуланың қабыршағына ұқсас.

Рудименттер: Адамда үшінші қабақ, құстың көз жабыны. Құлақ қалқанындағы өсінді, соқыр ішек қалдығы.

Атавизмдер: Түкті адамның болуы, көп емшекті адам, құйрықты баланың дүниеге келуі.

Зиготадан басталып бөлшектену бластулаға айналуы қарапайым шоғырлы жануар-вольвекске ұқсайды. Екі қабатты көп жасушалы гаструла ішекқуыстыларға ұқсайды. Ұрықтың даму барысында балыққа ұқсас желбезектің, құйрықтың болуы, миына ұқсас бес көпіршіктен тұрады. Жүрегі қандауыршаның құрсақ қолқа қан тамырына ұқсайды. Клоаканың болуы алғашқы сатыларында.


ІІІ жаңа тақырыпты қорытындылау: сынып оқушыларын 2топқа бөліп әрбір топқа тапсырма беріледі. «Сөз жұмбақ беріледі» стратегиясы бойынша. Адамның шығу тегі эволюциялық даму тарихы тақырыпта.15мин

1 топ Жақтаушылар «Антропология» сөз жұмбағын шешу

2 топ Даттаушылар«Эволюция» сөз жұмбағын шешу


ІV үйге тапсырма беру: Адамның шығу тегі бойынша «Эссе» жазу.

Пән аралық байланыс: география мен тарих.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жаратылыстану бағыты бойынша «Жалпы биология» 11 класс

  2. Тіршіліктану 10-11 класс







Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров179
Номер материала ДВ-552781
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх