Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ: АЭС - кеше, бүгін, ертең. Атомдық энергияның қолданылуы

Ашық сабақ: АЭС - кеше, бүгін, ертең. Атомдық энергияның қолданылуы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: АЭС-кеше,бүгін,ертең.

Атомдық энергияның қолданылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ядролық энергияның пайдасы мен (төтенше жағдайлардағы) тигізетін әсерлерімен таныстырып, олардың алдын алу шараларымен білімдерін қалыптастырy

Білімдік міндеті: Оқушыларды айналадағы қоршаған табиғи ортаны қорғауға баулу және оны таза ұстауға үйрету.

Дамытушылық міндеті:Оқушылардың іскерліктерін ,өз бетімен еңбек ету сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды айналадағы қоршаған табиғи ортаны қорғауға баулу және оны таза ұстауға еңбек етуге үйрету.

Сабақтың түрі: Пресс-конференция (Баспасөз- конфереция ) іскерлік ойын сабағы.

Пайдаланылған көрнекіліктер: сызба-кестелер,электронды тақта .

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: II.Пресс-конференция: I.Пресс-конференцияны ашу.

Кіріспе сөз:Қымбатты, бүгінгі баспасөз конференциясына қатысушы қонақтар мен жас физиктер! Сіздерді бүгінгі өткізгелі отырған “АЭС- бүгін-ертең” баспасөз конференциясын өткізуге шақырамыз.Бүгінгі конференцияға тарихшы, теоретик, практик, физиктермен медиктер, экологтар мен корреспонденттер қатысқалы отыр.

Сабақтың барысы:

1.Атомдық энергияның бүгіні мен ертеңі. 2.Атомдық энергияның қолданылуы а.медицинада б.ауыл шаруашылығында в.өндірісте 3.Қазақстанға АЭС керек пе?

Тарихшы - физик: 1988 жылдан бері барлық қуаты 34,4 млн. Квт болатын 45 реактормен 16 атомдық станциялар жұмыс жасайды.Бұл станцияда барлығы 215млрд Квт сағ электро энергия өндіріліп сол кездегі өндірілген энергияны 12,7 % құраған.

1 кестені тақтаға түсіріп, негізгі АЭС-терге тоқталады.

Физик - практик:Атомдық зерттеулердің хроникасы: 1918 жыл. Петроградта мемлекеттік рентгонологиялық , радиологикалық институт құрылды. 1921 жыл. Бірінші радий бұрынға Кеңес Одағына алынды. 1937 жыл. Радий институтында Европадағы бірінші циклотрон жұмыс істеді. 1940 жыл. Я.Б. Зелодович пен Ю.Б. Харитон теория жүзінде тізбекті ядролық реакцияның мүмкіндігін дәлелдеді. 1945 жыл. Бірінші совет плутониі алынды. 1946 жыл. Бірінші рет бұрынғы ССРО-да тізбекті ядролық реакция жасалынды. 25 желтоқсан бұл жұмысты И. В. Курчатов басқарды. 1949 жыл. 23- қыркүйек Кеңес Одағында бірінші рет атомдық қаруды тексеру. 1950 жыл. Термоядролық синтез бойынша алғашқы қадамдар жүргізілді. 1954 жыл. Обнинск қаласында дүние жүзінде бірінші Кеңестік АЭС жұмысын бастады.. 1975 жыл. И. В. Курчатов атындағы атомдық энергетикалық институтта дүние жүзіндегі ең ірі термоядролық қондырғы “Токамак-10” өз жұмысын бастады. 1980 жыл. Қуаты үлкен тез нейтронды реактор БН-600 іске қосылды.

Физик - инженер:1989 жылы бүкіл дүние жүзі уранның ашылуының 200-жылдығы мен оның ыдырау реакциясының ашылуының 50 жылдығын тойлаған болатын. Көп жылдардан бері атомның энергиясы халық игілігіне пайдаланылып келді. Гидрологияда ядролық әдіс үлкен рөл атқарады, бұл әдіс жер асты грунт суларының көздерін ашуда көмектеседі, сондай-ақ шөл және шөлейтті жерлерде ауыз су көздерін іздестіруде де бұл әдіс кеңінен қолданылады. Су құрамындағы кездесетін изотоптарға қарап, жер қыртысының қыры мен сырын білуге көмектеседі. Ядролық әдіс әр түрлі насекомдармен тыңайтқыштар ретінде де пайдаланылады. Бұған көбінесе азот изотоптарын қолданады. Өндірісте ядролық әдіс радиациялық индикаторлардың көмегімен технологиялық процестерді бақылау және тексеру үшін қолданылады.

Физик - медик:Соңғы кезде ядролық медицина кеңінен құлаш жаюда. Радиацияның көмегімен қазір алдын ала аурудың алдын алуға, диагноз қоюға болады. Радиацияның көмегімен әр түрлі медициналық операциялық құралдар: қолғаптар, шприцтер стериленеді. Ауруханалар мен емханалар қазір 24 мыңнан аса құралдар пайдаланып, олармен 24 млн. Тексерулер мен операциялар жасалынады.

Семей шұғыласы” газетінің бас редакторы: 40 жыл ішінде Семей сынақ аумағында 200-ден астам әуе жарылысы мен 340-тан астам жер асты жарылыстары болған. Осы 500-ден астам жарылыстардың қуатына назар аударайықшы.Мұндағы жер асты және ауадағы ашық жарылыстарда қолданылған әр түрлі жарылғыш заттардың қуаты 20 кг - нан бірнеше мегатоннага жеткен.

Республикалық “Алаш” газетінің тілшісі: - АЭС-тің барлық басқа электр станцияларынан артықшылығы бар ма?

Физик-практик: - АЭС –тың барлық басқа электр станцияларынан едәуір артықшылығы бар. Біріншіден, дұрыс салынған АЭС-тер атмосфераға зиянды қоспалар тастап, ауаны ластамайды, жұмыс барысында ауадағы онсыз да аз оттегін пайдаланбайды.

Екіншіден, өте аз (атомдық өнім) отын пайдаланды.

Үшіншіден, кез-келген жерге салуға болады.

Сондай-ақ, АЭС-тердің көптеген кемшіліктері де болады.

Біріншіден, кездейсоқ жарылыс кезінде ауаны ластап, өте үлкен қауіп төндіреді:

Мәселен, 1986 жылғы сәуірдегі Украинадағы Чернобыль АЭС-дағы жарылыс барысындағы шығынды өтеу үшін мемлекет (бұрынғы Кеңес Одағы) 8 млрд. сом ақша (ескі шамамен) жұмсалынды, ал осы кезде 1954 жылдан бастап 32 жыл ішінде сол кездегі барлық АЭС бірге өкіметке 2,5 млрд.сом ақша ғана пайда келтірген болатын.

Екіншіден, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру мен жерге көму қиын шаруа. Радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру көп қыруар жұмысты тадлап етсе, ал залалсыздандырмай жерге көму бірнеше жылдардан кейін жан-жануарларға, бүкіл адамзатқа қатер төндіреді.

Үшіншіден, АЭС-терді орналастыру зонасын таңдап алу қажет. Оларды әр түрлі ойлы-қырлы жерлерге, жер сілкінісі көп болатын жерлерге салуға болмайды.

«Егеменді Қазақстан» газетінің тілшісі:

- Төтенше жағдайларда (жарылыс кезінде) АЭС-терден радиоактивті қандай қауіп келеді?

Бұл сұраққа физик-экономист жауап береді:

- Төтенше жағдайларда АЭС атмосфераға көп зиянды қоспалар шығарып, адамзатқа үлкен қауіп төндіреді. Мысалы, Чернобыль АЭС-дегі жарылысты алайық. Мұнда төрт блоқтың жарылуы салдарынан атмосфераға реактордағы барлық ядролық отынның 3,5%-і шығарылған. Мұнда жарылыс кезінде 190т.уран болған да, оның 7 тоннасы атмосфераға шыққан. Бұл жарылыс кезіндегі трансэлементі плутонийдің 239 Pu атмосфераға шыққан бөлігі 15кг. Болған да, бұл Хиросимадағы атомдық бомба жарылғандағы қоспадағы үлесінен 20 есе асып түскен. Атмосфераның өте қауіпті ластануынан 186 тұрғын ауылдарынан 116 мың адамды сыртқа алып кетуге мәжбүр етті. Дәл жарылыс болған жердің тұрғылықты халықтары 170 мың адам 1 бэр-ден 5 бэр-ге дейін мөлшерді доза, ал 90 мың халық 5 бэр-ден 10 бэр мөлшерде радиоактивті доза алды. Әсіресе, радиоактивті код ауа арқылы адам организміне еніп, адам өміріне қауіп төндіреді; рак, қатерлі ісік ауруларының етек алуына жол беріледі.

Республика «Атамен» газетінің тілшісі:

- Сонда АЭС-терді салу, оларда энергия өндіру қауіпті ме?

Бұған физик-энергетик жауап береді:

- Көбінесе АЭС-тер қауіпті деп айтып жүр. Бірақ, бұл дұрыс емес. Егер АЭС-ті мұқият қарап, көптеген зерттеулерден кейін салса, онда АЭС-тер қауіпті емес. Мысалы, алып жатқан территориясы Украина елінің жеріндей болатын Францияда саны біздің барлық бұрынғы Кеңес Одағының АЭС-тердің санынан асып түсетін АЭС-тер бар. Мұнда 1989 жылы барлық өндірілген энергияның 80%-і АЭС-терде өндірілсе, 13%-і су электр станцияларына, және тек қана 7% жылу электр станцияларында өндірілген. Бір қызығы Франция электр энергиясымен өз елін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өзі өндірген энергияның 12%-ін Англияға, Швейцарияға, Италияға, Бельгияға, ФРГ-ға сатады екен. Осы Чернобыль АЭС-ндағы жарылыстан кейін де 9 елде 22 жаңа АЭС-тер іске қосылды.

Біздің мемлекетімізді болашақта АЭС-тер салу көзделуде. Жақында, республикамызда 6 АЭС салуды жоспарлауда. Бұлар – Алматы немесе Балқашта, Өскеменде, Шымкентте және Семей сынақ аймағында.

Жергілікті «Ақ жол» газетінің тілшісі:

- АЭС-тердің кейбір төтенше жағдайлардағы зиянына тоқталсақ, осы АЭС-тердің орнына ТЭС-терді жылу электр станцияларын қолданған жөн сияқты. Болашақта энергияны қай станцияларды өндірген қолайлы болмақ? АЭС-терде ме? Әлде жылу электр станцияларында ма?

Бұл сұраққа облыстық «Табиғат қорғау» орталығының экологі жауап береді:

- Болашақта энергия АЭС-терде өндірілетін болады. Ірі дамыған мемлекеттер Англия мен АҚШ-та қазір өз мемлекеттерінде АЭС-терді көптеп салу жоспарлауда, өйткені жуық уақытта бұл мемлекеттер өз халқының энергияға деген сұранысы.н қанағаттандыра алмақ емес. Өйткені, егер бұл мемлекеттер энергияны тек қана жылу электр станцияларында өндірсе, біраз уақыттан кейін мұнда пайдаланылатын отын қоры табиғатта таусылады, халықтың энергияға деген сұрансын толық қамтамасыз ете алмайды.

АЭС-терді радиоактивті қауіпті деп ТЭС-терде көметін болсақ, онда мұнда да қауіпсіздік жағдайлары табылады.

Біріншіден, ТЭС-терді пайдалану ауаны ластайды, отынның жануы барысында атмосфераға әр түрлі улы газдар бөлініп қоймақ, отын жануы үшін онсыз да аз өттегіні пайдаланады.

Екіншіден, статистика көрсеткендей көмірді шығару барысында шахтада күнде бірнеше дам өлімі болып тұрады.

Үшіншіден, жылу электр станцияларының пайдалы әсер коэффициенті төмен.

Пресс-конференцияның шешімі:

  1. Жер асты атомдық реактордың құрылысын жетілдіру. Жақын аралықта осы типтес АЭС қондырғыларын салу.

  2. Қазіргі жұмыс жасап жатқан барлық АЭС-терді жаңа тұрғыдан қосымша реактормен қамтамасыз ету.

  3. Барлық АЭС-тарда қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылсын.

  4. Радиоактивті қалдықтарды АЭС-тердің жұмыс істеу мерзімін ұзарту.

  5. Мүмкіндігінше АЭС-тердің жұмыс істеу мерзімін ұзарту.

Пресс-конференцияны Х. Ерғалиевтің мына өлең шумағымен аяқтадық:

Ей замандас. Ең алдымен досынды ұқ.

Досың – жер, мөлдір ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйылығын

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ замандас. Әр ұрпаққа туған жер

Не берсе де, беретіні – қарызға.



Үйге: Тұрақты ток заңдарын қайталау.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-504270
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>