Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Алтын күз!"

Ашық сабақ "Алтын күз!"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_1bafe52.gifhello_html_1bafe52.gif \



"Ой,балалар,балалар,қоңырқай күз болыпты"


Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген. Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр. Ойынға қажетті көкөніс пен жемістер де сәндікке көрнекі жерге қойылған. Екінші бұрыш жағынан қойма орны белгіленіп, жүк таситын ойыншық машиналар тұр. Есіктің екі босағасына екі топтың балалары қатарласып тұрады да "Күз келгенде" әуені басталғанда екі топ екі жақ зал қанатына қарай аяқтарының ұшымен жеңіл жүгіріп кіріп, қатар түзіп тұрады.


Жүргізуші


:Берекелі,мерекелі

Келді жомарт алтын күз

Қалада да,далада да

Жанның бәрі жарқын күз

Балақайлар алақайлап

Мектеп іші нұрланды

Қырман басы думанды

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп

әр ісіне сүйсінді

Ән тасқыны,дән тасқыны

Ырыс болып құйылды

деп Абдрахман Асылбек жырлағандай

Қүрметті ата-аналар,ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының "Ой,балалар,балалар,,қоңырқай күз болыпты" атты ертеңгілігімізге хош келіпсіздер.


ортаға балаларды шақырамыз

Жүргізуші

Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Ия, балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Ол күздің әсем көрінісін қыздарымыз күзгі жапырақтармен билеп көз алдымызға елестетсін.

(Би аяқталып, қыздар орындарына отырады).

Мерекелі күз келді,

Берекелі күз келді.

Ән айтайық көңілді,

Қуантайық біз енді.


Жүргізуші: Балалар, жылдың қай мезгілін алсақ та табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шақта айтатын әннің бірі "Жеміс тердік" әні. оны біздің балалар орындап берсін.


Ән " Жеміс тердік "


Жүргізуші:

Жапқандай жапырағымен іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы, сары алтын күз келді.


ортаға Алтын күзімізді шақырамыз

Күз:

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.

Күз: Күн салқындап аспанды, жиі бұлт торлағанға мені өте көңілсіз деп ойламаңдар. Сендердің ойындарыңа көрік беретіндей менің де қасиеттерім бар. Келіңдер, бірігіп ойнап, көңіл көтерейік.


Күз: Қазір менің түрлі жемістерім де пісіп тұр.

Инабат:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Аружан:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

"Менен аулақ жүр" деймін.

Уылжыған өрікпін,

Мен бау - баққа көрікпін.

Әмина:

Қара деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге

Кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп.

Шаймен ішкен сусындар,

"Па, шіркін - ай!" - деп тұрып.

Кәусар:

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты - (Жүзім).

Асылай:

Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты - (Жаңғақ).

Диана:

Дөп - дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты - (Өрік).

Іңкәр:

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша - бақ.

Күрең қызыл шіркін - ай,

Оның аты - (Құлпынай).

Инабат:

Пісетін кезде дәл күзде,

Мезгілсіз оны сен үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты - Шабдалы.


Айнамкөз: Пісіп түрган алмамын,

Тамсандырар бал дәмін

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым

Әдемі: Тіл үйренген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғыр кім


Күз: Қазір менің түрлі көкөністерім де пісіп тұр.

Ислам:

Асханадан шықпаймын, пияз

Атым - пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Бекжан:

Өсіретін бойыңды, сәбіз

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз -

Сәбіздерміз жазықсыз.

Нұрасыл:

Ақ түсім бар қант алар, кызылша

Қызыл түсім қанға - нәр.

Зияным жоқ, біліп қой -

Қызылшамын, пайдам бар.

Мади:

Тал шыбығым бұралып, кызанақ

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен - қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Ернұр:

Көрсең егер бақшада, қарбыз

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма.

Асылжан:

Бақшаларда тізіліп, қырықабат

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат - қабат киініп

Қырыққабат атандым.


Дамир:

Темирлан: Көктеп ерте шырмалып қияр

Өсемін мен бүр жарып

Атым қияр,теріп ал,

жиі-жиі суғарып


Марлен:

Картоп - біздің атымыз, картоп

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған -

Ағайынбыз бәріміз.

Ильяс:

Иісім жұпар аңқыған, қауын

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған -

Балдай тәтті қауынмын.

Мансұр:

Қиқуласқан құстар да,

Сайрауынан қалада.

Жылы жаққа ығысып,

Ұшып кетіп барады.


би:"Құстар қайтып барады"


көрніс "Шалқан ертегісі"


"Шалқан ертегісі" кейіпкерлері шалдың ролінде


жүргізуші:

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып, шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық.

Ән "қошақаным".


жүргізуші: Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

хор:Жауын

Құрметті ата- аналар!Аптаның басында Жомарт күз атты көрмеге ат салысқан ата - аналарымызға көп-көп рахмет айтамыз.Әділ казы алқаларының шешімі бойынша мына ата аналарымызды алғыс хатпен мараппаттауға рұқсат етіңіздер!


Ән "Әрқашан күн сөнбесін".



жүргізуші Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей\


Күз: Керемет. Мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендер де мен сиякты бай екенсіңдер. Сендердің байлықтарың - білімдерің, жақсы тәрбиелерің және өнерлерің.


Күз: Ой, рахмет. Қатарларымыздың көбейгені қандай жақсы. Жомарт күздің сыйлығы бәріңе де жетеді, - қолын үш қайтара соғады.



Қүрметті ата-аналар,ұстаздар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының "Ой,балалар,балалар,,қоңырқай күз болыпты" атты ертеңгілігіміз ді тамашалағандарыңызға рахмет!

Көріскенше көрермен

Сау - саламат болыңыз!




G:\ \Новая папка (2)\imgpreview (34).jpg








49 Жалпы білім беретін орта мектеп









атты ертеңгілік







Дайындаған:Жолаева Қ.А.













Ақтөбе қаласы .Ақжар -2

2014 -2015 оқу жылы







49 Жалпы білім беретін орта мектеп





Хабарландыру





Мектепалды даярлық тобының





атты ертеңгілікке шақырамыз









болатын уақыты:18 қазан сағат 1030





Мектепалды даярлық тобы









Құрметті ______________________________________ата-анасы!



49 жалпы орта білім беретін мектептің

мектепалды даярлау сыныбында өткен "Жомарт күз" көрмесіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін үлкен рахмет айта отырып, ризашылығымызды білдіреміз.

’’Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек’’деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Баланың бас ұстазы- Сіздерсіздер, ата-ана!

Сіздердің жанұяларыңызға шаттық пен қуаныш, махаббат пен мейірімділік тілейміз.Балаларыңыздың қуаныштарына тоймай , солардың адам болып өсіп- өнгендерін көруге жазсын!

Мектеп директоры: Е.Ә.Нұрмахан


2015 -2016 оқу жылы.

Ақтөбе қаласы .Ақжар -2

















49 Жалпы білім беретін орта мектепте өткізілген "Жомарт күз" атты көрмеге белсене қатысқаны үшін мектепалды даярлық топ тәрбиеленушісі _____________________________________________

ата-анасы алғыс хатпен марапатталады.











Мектеп директоры: Е.Ә.Нұрмахан







Ақтөбе қаласы .Ақжар -2

2014 -2015 оқу жылы







Бекітемін:____________________________



Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Құтты болсын, Жаңа жыл !

Залдың ортасында сәнді шырша. Зал қабырғалары да бос емес. Қаршалар мен ойыншықтар ілінген.

Жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын, аталар.
Сергек ұрпақ өздеріннен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын, аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз - алаңсыз балғын шақты балалар!

(Балалар, саз әуенімен кіріп шыршаны айналып бірі оңға, бірі солға жүреді. Шыршаны қызықтап бір айналып шыққан соң орындарына тұрады)

хор:Кел Жаңа Жыл!

Сүйкімді де менің әдемі бүлдіршіндерім, қымбатты ата – аналар мен қонақтар! Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Жылда жақындап қалды., Жасыл шырша жанында. Сәлем бізден баршаға Құттықтаймыз жар сала, Бүгін бізде Жаңа жыл, Қош келіпсіз шыршаға. Жаңа жылда көңілді, Шырқалады әніміз. Ата - аналар сіздерді, Құттықтаймыз бәріміз! Кәне балалар, бәріміз бірге: Жаңа жыл – құтты болсын!
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. Бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры .Ерік Әбдірашұлы Нұрмаханға береміз.

Ән : Жаңа жыл Аманғара Айкөркем

Балалар ескі жылда біздерге жаман болған жоқ біздер жаңа мектеп табалдырығын аттадық.

Ескі жылды шығарып салу - ескі жыл Бейбарыс

Жаңа жылды шақырайық- Ернұр Серіков

Ендеше ескі жылды шығарып салайық

қош бол ескі жыл!

Келеді деп жаңа жыл,

Қоян, қасқыр досым да.

Жиналыпты осында

Кел, кел, жаңа жыл!


2

Өлең:Хор Жаңа Жыл


(Балалар отырады)

Есіктен отын арқалаған кемпір кіреді.

Қайдасың менің әтешім,

Көмегің керек көкешім.


Әтеш: Ку-ка-ре-ку, - деп әтештің киімін киген бала жүгіріп шығады.

Мұндамын, жүгіріп келемін,

Қазір сізге көмек беремін.

Отынды маған беріңіз,

Төрге қарай жүріңіз.

(Әже рахмет айтып үйшіктің алдына қойылған орындыққа отырады. Әндетіп түлкі кіреді де әжеге жақындап сәлем береді)

Әже:

Көзім нені көріп тұр,

Түлкі алдыма келіп тұр.

Дала келген түлкішек,

Айтшы, саған не керек?

Түлкі:

Үйіңізге бір түн түнеп шығуға болады ма екен?

Әже: Жоқ, болмайды!

Түлкі: Маған сізді керемет мейірімді, керемет ақылды, керемет парасатты, керемет сұлу, өзі мырза деп мақтаған еді. Маған көп орынның керегі де жоқ еді. (Қылмыңдап сызылады).

Әже: (Өзін мақтағасын босап) Жарайды, ана босаға жаққа жата ғой.

Жүргізуші: Түн ортасы ауған шақ. Әже қатты ұйқыға еніп қорылдап жатыр.

Түлкі: (Тағы да әніне салады ыңырсып)

Орманда жүремін,

Алдауды білемін.

Айламды асырып,

Күнімді көремін.

Мен сұлу түлкімін,

Жай өтпес бір күнім.

Ішінде жүремін

Айғай-шу күлкінің.

Ұят аз бетімде

Ұрлық бар ниетімде.

Бар ойым әтештің,

Әтештің етінде, -

деп әтешке жақындап, "ақылыммен, айламмен, өмір сүрем пайдаммен.. хоп" деп ұстап алады да, қолтығына қысып қаша жөнеледі.

Әтеш: Әже.. ку-ка-ре-ку-у-у...

Түлкі: Тыныш, ақымақ, кемпірді оятасың.

Жүргізуші: Бозарып таңда атты. Кемпір орнынан тұрды.



3

Әже: Әтеш неге шақырмады екен. Күн сәске түс болғанша ұйықтай беріппін - ау, - деп әтешін іздейді. Әтеш, әй, әтеш. Ой, сұмдық - ай, әлгі түлкіден келді ме екен, а? А-у-у әтеш, әтеш.. деп сыртқа жүгіріп бара жатса алдынан Аяз ата шығады.

Аяз ата: Сізге не болды, қария, таң атпай, оның үстіне қақаған қыста қайда барасыз?

Әже: (Болған оқиғаны айтып) - Түлкіні жолда көрген жоқсыз ба, - деп сұрайды.

Аяз ата: Көрдім, көрдім. Әне анау жақта. Беталысы орман. Қазір тура жүресіз, сосын солға қарай, қайта тік жүріп, оңға бұрыласыз, - деп жол көрсетеді.

Әже: Қап, менің де сол қызықшылықта болуым керек еді, амал қанша, әтешімді тауып алайын, - деп ары қарай шығып кетеді. (Аяз ата балаларға жақындап амандасады)

Аяз ата:

Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз-ұлдарым.


Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп,

Уәдемді беріп ем.


Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?!

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдарма?


Балалар: Аяз атасың


Аяз ата:

Бәрекелді, таныдыңдар,

Өткір екен жанарларың.

Шақырады биге менің,

Жалт-жұлт еткен фонарларым.

Қуант бізді таңырқат,Шамдарыңды жарқырат

Хор:Аяз атаның үлкен екен қолбағы

тақпақтар І топ

Би : Көңілді қыздар

Ән: "Бал балалық" орындайтын Сағын инабат

Аяз ата: Ой, балалар, орталарыңда менің Ақшақарым жоқ қой. Ол қайда жүр екен? (Есіктен қашқан түлкі қолтығында әтеш, қуған әже кіреді тапырлап)

Аяз ата: (Түлкінің жолын кес-кестеп таяғымен жерді тарс еткізіп)

Тоқта, түлкі! Босат әтешті, әйтпесе, қатырып тастаймын деп айғайлайды. (Түлкі әтешті жібере қоймайды. Аяз ата таяғының ұшымен түлкінің басынан дың еткізіп тигізіп қатырып тастайды. Әтеш босанып әжесіне жүгіреді).

Әже түлкіні аяп, Аяз атаның кешіруін сұрайды.


4

Аяз ата: Міне, қызық думан басталар кез де болды, ал менің Ақшақарым әлі жоқ қой, - дей бергенде есіктен қалқанқұлақ кіреді.

: ( көңілсіз әндетіп) :

Керегім жоқ ешкімге,

Екенімді білмеппін.

Бір де досым жоқ болса,

Кіммен ойнап күлмекпін?

Бәрі бүгін көңілді,

Шарша тойын тойлайды.

Қалғанқұлақ мені,

Мені кім ойлайды?

Осы кезде Аяз ата байқап: Кел, балалармен бірге тойлайсың, мен шақырамын, - дейді. Бұғы көңілденіп секіріп:

Мен онда қуанамын,

Шыршаға барамын.

Кездескен бәрінің,

Қолын аламын, -

д еп айнала балаларға қол беріп билейді.

Жүргізуші:

балапандар көрікті

Тойға ұшып келіпті

Шапалақтап тойлайық,

Би билетпей қоймайды

Би Балапан

(Осы кезде түлкі жүгіріп, сандықша алып кіреді де ортаға қояды).

Аяз ата: Тағы бірдеме ұрлап келдің бе?

Түлкі: Жоқ орманда кезіп жүріп жолдан тауып алдым. Қарасам аяз атаға деген хат бар екен. Сосын сізге әкелдім.

Аяз ата: Жарайсың, түлкішек. Рахмет саған, қане оқыңдаршы хатты.

Жүргізуші: Аяз ата, мені боран ұшырып, осы сандыққа салып жіберді. Мен еріп кішірейіп барамын, тез құтқара көріңіз... (Сандықтан қайта қарап қуыршақ Ақшақарды шығарады)

Аяз ата: Қазір, қазір. Мына мұз үйдің үстіне қойып, балалар бәрің үрлеп суық жіберіңдер, сонда Ақшақар тіріледі, - дейді. Балалар үрлегенде ар жағынан Ох... - деп Ақшақар тұрады.

Ақшақар: Сілеметсіңдер ме, балалар? Жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар,

Ортамызда балалар.

Қол ұстасып айналып,

Ән шырқасақ жөн болар.


тақпақтар 2 топ

Хор 1,2,3


би:Шляпа биі


5

Жүргізуші:

Аяз ата мен Ақшақар , балалардың дайындаған тақпағына құлақ салыңдар.

3 топ балары

Ақшақар:

Менің әсем ұлпаларым,

Маған ұшып келеді.

Таң қалдырып өнеріне

Бәрі билеп береді.

Би:

3 топ Қуыршақтар биі

(Даладан кішкене қыз балаша киінген "Әйбат" қыз кіреді, қолында дәу конфеті бар) Секеңдеп кіріп, мені кім мақтайды, соған конфет беремін, - деп бірнеше рет қайталап жүгіріп жүреді.

Қоян: Құлағың қандай ұзын.

Әйбат: Жоқ, олай емес.

Қасқыр: Тісің қандай үлкен.

Әйбат: Жоқ, олай емес

Түлкі: Құйрығың қандай әдемі.

Әйбат: Жоқ, олай емес, кет ары!

Кірпі: Қолың қандай жұмсақ - деп ұстағанда тікені кіріп кетеді. (Әйбат қыз отыра қалып жылайды)

Аяз ата: Оу, қызым, саған не болды. Жылама. Әйбат қыз деген жылайма екен?

Шашың қандай әдемі, мөлдір қара,

Көзің қандай әдемі бота көз.

Аузың қандай әдемі оймақтай - қане, кім ренжітті, тез келіп еркелетіңдер. (Ортаға аңдар шығады)

Аңдар биі

Қане, сендер би билеп, Әйбат қыздың көңілін көтеріңдер!

Аңдар би билейді. Әйбат қыз рахаттанып мәс болып, қолындағы кофетімен бөліседі.

би:индиский орындайтын Сыражадин Инабат

Хор Аппақ-аппақ жапалақтап

Би Чарлин Чаплин



Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың 
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық 
тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген 
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер , киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 


І. Ұйымдастыру кезені 

- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 


Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
Қыздардың «Қамажай» биін тамашалаңыздар!

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) 
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 
Майгүл.

Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім,алыңыз

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты





Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір істі

Әрекетке кірісті

Наурыз көже -жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер



Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді



Кәусар:

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу бастталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай,күріш,тары бар,

Ащы құрты тағы бар

Көже -елдің ырзығы


ІІІ. Тақпақтар 

Мансұр
: Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 


Әдемі - Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық


Дамир: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз


Ернұр: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық

Айнамкөз: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!

Сабира: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың

Ильяс: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық

Аружан: Ал, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Күні, түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық

Темирлан
: Уа, ағайын, халайық
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!


Бекжан: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді

Нұрдәулет: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке – ырыс сыйлашы

Алимұрат
: Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзің үнімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күнімде Наурыз, күнімде

Хор: Наурыз- Көктем
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.

Нұрасыл: Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 

Сабина: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 


Инабат:

Наурыз келді далама, 
Наурыз келді қалама. 
Қуанады ата-ана, 
Қуанады бала да. 

Оң болды да жорамыз, 
Төлге толды қорамыз. 
Айран, қымыз толығып, 
Аққа толды шарамыз. 
Диана:
Наурыз болсын әніміз, 
Наурыз болсын сәніміз. 
Наурыз көже көп ішсек 
Жасарамыз бәріміз.

Би :Қыздар
Тәрбиеші: Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл

Ислам: Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды.  


Асылжан: Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 


Марлен: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 


Инабат: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 

Арман: Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

Асылай: Ұлыс әр кез оң болсын,
Әр үйде ақ мол болсын.
Не тілесең сол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.

Мади:

Адамда малда өзінше

Жүр жадырап далада

Жаңа жылды қарсап тұр,

Кәрі де ,жас та,бала да.

Хор:Жауын



ІV. Жұмбақ 

- Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру 

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін -------------- апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз -------------- апайымызға беріледі. 

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 

- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 


Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата тыңдайық. 
Рахмет! 
Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров156
Номер материала ДВ-411974
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх