Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Научные работы / Ашық сабақ "Анықтауыш" 8кл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ "Анықтауыш" 8кл

библиотека
материалов

hello_html_m667df8b9.gifhello_html_m36ca0176.gifhello_html_m73b5623c.gifhello_html_m391a8a27.gifhello_html_m46427487.gifhello_html_5cd66405.gifhello_html_m4455cae2.gifhello_html_5493df09.gifПәні: қазақ тілі

Класы:8 кл

Мұғалім: Жәкенова Гүлхан Біржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың анықтауыш туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту;

Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жаттығу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бағалау парақшалары

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушылардың сабақ қатысымын тексеру

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш

47 – жаттығу

Пысықтау сұрақтар

Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Толықтауыш дегеніміз не?

Толықтауыш тұратын септіктер

Толықтауыштың сұрақтары




Атау, ілік септіктерден Толықтауыш болатын

басқа септіктерде тұрып, сөз заттық мағынаны

затты нұсқайы білдіреді


Толықтауыш болатын

сөздердің негізгі

белгілері


Құрылысына қарай

дара, күрделі, үйірлі болып Байланысу түрі –

бөлінеді меңгеру және матасу


Жаңа сабақ:

Тұрлаусыз мүшелердің екінші бір түрі – анықтауыш. Ол көбінесе зат есімнен болған мүшелерді сын, сапа, сан – мөлшер, иелік жағынан сипаттайды.

Анықтауыш сөйлеген сөзімізге көрік, өң береді. Көркем шығармадағы табиғат көрінісін адам келбетін, мінез – құлқын суреттеуде анықтауыш ерекше орын алады.

Анықтауыштың негізгі белгілері:

Зат есімнен болған мүшені сындық, сандық, иелік жағынан сипаттайды. Соған сәйкес негізгі сұраулары: Қандай? Қай? Неше? Кімнің? Ненің? Ілік септіктегі сөздер анықтауыш болады.


Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.

Анықтауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

1

2

Сын есім

Қысқа жіп – күрмеуге келмес

Зат есім

Сәндікке күміс тағатын болды

Сан есім

Жігііттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты

Есімдіктер.

Есімшелер

Осы жылқы жүйрік.

Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады

Ілік септікте тұрған есім сөздер

Шыршаның қабығы жырым – жырым, ал майқарағайдың діні жып - жылтыр


Анықтауыш та құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі анықтауыш болып бөлінеді.


Анықтауыш құрылысына қарай

Мысалдар

1

2

Дара

Құстар шыршалы орманды жақсы көреді

Күрделі

Қылқанжапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай

Үйірлі

Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді


Жаттығу – талдау жұмыстары

1 – деңгей

49 – жаттығу. Берілген анықтауыштарды құрылысына қарай топтастыр

Әйгілі, алғашқы, негізгі әсер етуші улы, жан қинаған көкжөтел, өмірлік маңызды, басқа, созылмалы бронхит, шетел


Дара анықтауыш

Күрделі анықтауыш

Үйірлі анықтауыш





2 – деңгей

50 – жаттығу. Сөйлемге сұрақ қою арқылы ауызша талдау жасаңдар. Анықтауыш қай сөз табынан жасалып тұр. Ас, тамақ туралы қандай нақыл сөздер, мақал – мәтелдер білесіңдер? Толықтырыңдар!

  1. Жомарт адамның берген тамағы шипа да, сараң адамның берген тамағы аурушақырғыш.

  2. Ұлы адамдардың барлығы тамақты тарта ішетін болған.

  3. Егер адамдар қарны әбден ашқанда ғана тамақ ішіп, таза да кенеулі әрі жеңіл асты қорек етсе, онда олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді.

  4. Артық жеген астамақ айналады кеселге, шалдықтырар ауруға былапыт ас жесең де.

3 – деңгей.

51 – жаттығу. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса

  1. Өтірікшінің шын сөзі зая

  2. Жетім – жесірдің ақысын жеме, обал болады

  3. Ешбір ата – ана өз перзентіне мінез – құлқынан артық мирас қалдырмайды.

  4. Жұрттың көзінше істеуге ұят деп білген нәрсеңді аңаша отырғанда да істеме


Қорытынды:



Құрылысына қарай дара, Сын есім, зат есім, сан

күрделі, үйірлі болып бөлінеді есім, есімдік, есімше,

есім сөздерден болады

Анықтауыш


Мүшелерді сындық, сапалық, Қандай? Қай? Қанша?

сандық, иелік жағынан сипаттайды Неше? Кімнің? Ненің?

сұрақтарына жауап береді



Үйге тапсырма: Анықтауыш туралы түсінік

«Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазу

Бағалау:

















Бағалау парағы



Аты _______________________Сыныбы______________________________

Тақырыптың аты: Анықтауыш

Теориялық білім:

  1. Анықтауыштың мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтынын білемін.______________________________________________

  2. Анықтауыштың құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болатынын білемін._____________________________________________________________

  3. Анықтауыштың тек сын есімнен емес, басқа да сөз таптарынан (зат есім, сан есім, есімдік, есімше) жасалатынан білемін._____________________________

Практикалық білім:

  1. Кез келген сөйлемнен анықтауышты таба аламын.______________________

  2. Анықтауышын дара, күрделі немесе үйірлі етіп сөйлем құрай аламын._____________________________________________________________

  3. Анықтауышын кез – келген сөз табынан жасап, сөйлем ойлай аламын._____________________________________________________________

Әлі нені дамыту қажет?

Теориялық білім_____________________________

Практикалық білім___________________________

Оқушы түсініктемесі

Маған не ұнады?_____________________________

Маған не қиын болды?________________________



Мұғалімнің/ басқа оқушылардың түсініктемесі










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров242
Номер материала ДВ-480654
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх