Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Ашық сабақ "Ақпарат, оның мазұны, түрлері мен қасиеттері"

Ашық сабақ "Ақпарат, оның мазұны, түрлері мен қасиеттері"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_61a575c7.gifhello_html_29a33d32.gifhello_html_m561cb0f7.gifhello_html_6c8df1bc.gifhello_html_35bc8a9e.gif

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат, оның мазұны, түрлері мен қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі мен қасиеттерімен таныстыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

ІІІ. Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Информатика дегеніміз не?

  2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?

  3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

  4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?

  5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Осы сұрақтар арқылы мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелейді.

IV. Жаңа сабақты

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер – оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 % -ын көру арқылы, 10%-ын есту, 4%-ын иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелену тәсіліне қарай да түрге бөлуге болады. Бейнелеу тәсіліне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін.




Ақпарат түрлері



Сан

Видео

Дыбыс

Графика

Мәтін











Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мысалы, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болйы мүмкін. Мысалы, сендер достарың «Ертең» десең. Егер сендер достарыңы: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

Зат

Қасиеті

Арна

Мүше

1

Қоңыраулы сағат

Шылдыр

Есту

Құлақ

2





3





4





Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақта нені білдік?

Үй тапсырмасы

Оқулықтан §2 оқу, сұрақтарға жауап беру, «Өзіңді тексер!» орындау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров186
Номер материала ДВ-067138
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх