Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ: "Ару қала -Астана"

Ашық сабақ: "Ару қала -Астана"

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Ару қала Астана»

Білімділік:  Сынып оқушыларын Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы Қ. Р. Президентінің жарлығы оның мәртебесі туралы Қ. Р. заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру

Дамытушылық: Сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу, ой қорытуға, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:  Туған жерінің табиғатын сүйе білуге, Қазақстанның болашағына деген сенім және елу елдің қатарына ұмтылуға тәрбиелеу, Отанды сүюге, байлығын қорғауға болашақта отанымыз Қазақстанды өркендеуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып, ән ұран, суреттер, интерактивная доска, шары, видеоролик.

Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышы астанам.
Қарыштап алға бас қадам
Отанымның жүрегі,
Елордаменің Астанам.

Әнұраны.

«Ару қала – Астана»      кешіне қатысушылар


Күміс:
а) Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру.
ә) Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру..

Мөлдір:

– Астана.
Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекііністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды.
Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

 

Назерке-«Астана».

Күміс:  1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді.
Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Биылғы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұтас келген Астананың 13-ші мерейлі тойы ерекше аталып өтті. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.

Мөлдір «Астана» әні

Күміс «Бәйтерек» монументі.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
«Хан шатыры»
Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.

Мөлдір

«Нұр Астана» мешіті.
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

«Вальсі» биі


«Тәуелсіздік Сарайы»

Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер..

Флеш моб (қыздар)

 

 «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.

Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды.
С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.
Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас мамандар болашағы.
І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.

 

 

 

 

Тақпақтар Астана туралы  (қыздар)

А- Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.
У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалар бар.

Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.
Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

«Шарфы»-биі

А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С- Символы-Бәйтерек.
Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы.

Ән: «Жаса Қазақстан»

4. Қорытынды.
«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын

Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының

                   Директордың тәрбие ісі жөніндергі орын басары  

               Д.Ж.Талманова

                                                                                                         Келісемін:_______________

                                                                                                                    ____________

 

Гранитогор  санаториялық  мектеп интернаты

 

 

Тақырыбы

«Ару қала – Астана»

 

 

 

 

Жауапты: Николаева Л.Н.

            Абилдаева К.А., Темірбекова Ж.

Касымова Р.Б.   

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: "Ару қала -Астана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 892 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2017 1362
    • DOCX 5.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Николаева Любовь Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Николаева Любовь Николаевна
    Николаева Любовь Николаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19696
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой