Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ: "Қасиетті домбыра!"

Ашық сабақ: "Қасиетті домбыра!"

Скачать материал

                         «Қасиетті домбыра»

Мақсаты:  Білімділік

Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып,  оның ішінде домбыра  аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету;

 Дамытушылық:

Қазақтың басқа да аспаптарының  әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту;

 Тәрбиелік:

      Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:   Қазақтың  ұлттық  аспаптар көрмесі   ,үнтаспа, буклеттер,

                       балалардың қолөнер жұмыстары  т.б.

 

Сабақ барысы:  

Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!

                                Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

                                Сөйлейді шежіредей адам соқса.

                               Тағы бір мінезі бар таңғажайып,

                                Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

                                                                                    (домбыра)

 Балалар  бүгін  біз  қазақтың  ұлттық  аспаптарын  тамашалап, танысатын боламыз..  Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Ендеше тақтаға назар аударайық.

                       (аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)

                                   Ұйымдастыру-іздестіру.

-         Балалар,  домбыра  дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)

Ясер: - Домбыра  қазақтың  ұлттық  аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасап  келе  жатқан  музыкалық  аспап.

Ахмад: - Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді  домбыра әуенімен  жеткізе білген.

Әсем: - Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.

- «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»  деп тектен тек айтылмаса керек.

- Балалар, мен сендерге   «Домбыра туралы»   аңыз ертегі айтып берейін.

(ертегіні айту)

      «Жаумен  күрестен, ұзақ  жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен  дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында  бұл  «Шайтан тиек»  деп аталып кеткен».

- Міне балалар, содан бері халқымыз  домбыраны   «Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.

 

- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?

                   (балалардың жауабын тыңдау)

 - Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар  ән-күй аспаптары  туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?

Аруай:                 Домбырадай мұраны,

                            Қастерлеуге тұрады.

                            Сонда жатыр даланың,

                            Үні менен ұраны.

 

Рамин Расул:              Дыбысы оның мың сырлы

                                    Бал бұлақтай күмбірлі

                                    Ынта қойсаң рахат-ақ

                                    Ол аспаптың бір түрі

 

Гүлдана:    Қамыс құрай ағаштан

                    Түтікше боп ысылған

                    Үрлемелі ойықтың

                    Дыбысы нәзік сызылған.

 

Лаура:        Жорғалатқан жетіген,

                   Сыбызғы үні лекіген.

                   Сызылтады қылқобыз,

                  Шалып ойнар шаңқобыз.

 

Ән:  Сыбызғы – сазсырнай.     Орынд:   Қарлығаш, Әсел, Әдемі.

 

Аяулым:        Адырна, ұран, қос сырнай,

                      Саз қалыспас,  қосылмай.

                      Соғар дабыл, жыланбас,

                      Шындауыл мен дауылпаз.

 

Ш. Расул:      Тоқылдайды тоқылдақ,

                       Асатаяқ тайтұяқ.

                       Әуез кернеп, ысқынып,

                      Шығар керней, ысқырық.

 

  Мұнара:     Домбыраны қолға алып,

                     Күйшілерше шертейік.

                     Әсем әуен сазымен

                     Біз өнерді жалғайық.

                     Бишілерше бұралып,

                     Дөңгелене билейік.

Би:  Қазақ халқының ұлттық биі:  Қамажай.  Орынд: Әсел, Аруай.

  

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғыны да, қуанышты да  домбырамен халқына жеткізе білген. Осы жайында аңыз-ертегілер де бар.

Жүргізуші:           Бабамыздың мұңысың сен домбыра,

                             Анамыздың сырысың сен домбыра.

                             Қазағымның жүрегінен жаралған,

                             Даламыздың үнісің сен домбыра -

 дегендей, қане балалар, бізде бір әнге қосып ән айтайық:

 

 

Ән:  « Домбырасыз сән қайда ? ».   орынд:    Мерей, Алесия, Іңкәр.

Вальс:   Орынд:    Есеналы – Әдемі

                                 Әбілмансұр – Қарлығаш

 

 

Қорытынды:     1. Балалар жарайсыңдар , бүгін біз қазақтың қандай

                                аспаптарымен  таныстық?

                            2. Қандай аспаптар туралы тақпақтар      айттыңдар?

 

Осымен   « Саз  аспаптары »  деп аталатын тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Сөз:  ДТЖО.

Көріп  тамашалағандарыңызға  рақмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: "Қасиетті домбыра!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 8549
    • DOCX 24.4 кбайт
    • 72 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байбозова Айгуль Аязбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байбозова Айгуль Аязбаевна
    Байбозова Айгуль Аязбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11650
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 334 человека

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека