Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Атқылау арматурасы, оның қызметі, құрылымы мен жіктелімі"

Ашық сабақ "Атқылау арматурасы, оның қызметі, құрылымы мен жіктелімі"

Скачать материал

Тақырыбы:  «Атқылау арматурасы, оның қызметі, құрылымы мен жіктелімі»

Пәні: «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері»

                            Оқытушы: Құбашева Райгүл Қибатоллақызы

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің арнаулы пән оқытушысы

 

Тақырыбы:   «Атқылау арматурасы,оның қызметі,құрылымы мен жіктелімі»

Сабақтың түрі:                           Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдіс- тәсілдері:        Құралдарды көрсету,сұрақ-жауап, шығармашылық    жұмыс, ізденіс ойы, ой шақыру.

Сабақтың мақсаты:  Студенттерге атқылау арматурасының мұнай өнеркәсібінде  алатын рөлін түсіндіру. Атқылау арматурасының      

артықшылығы мен кемшілігін  және атқылау арматурасының

негізгі бөлшектерімен таныстыру.

1. Білімділік: Студенттердің  өз жетістіктерін,білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: Студенттерді  ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс

сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету.

3. Дамытушылық:                     Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Кұрал-жабдықтар:   Көрнекі құралдар: кеспе қағаздар, суреттер,буклеттер,слайд

Сабақтың техникалық құралдары:       Компьютер,итерактивті тақта,маркерлі тақта.

Пайдаланылған әдебиеттер:         Мұнай кәсіпшілігі машиналары мен механизмдері,   М.Сақтағанова,  «Ұстаздық ізденістер» журналы

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі:

I.Сәлемдесу,студенттердің сабаққа қатысын тексеру

                                                             II.Үй жұмысын тексеру

                                                             III.Сұрақ-жауап

                                                             IV.Жаңа сабақ

                                                              V.Сабақты бекіту.

                                                              VI.Кеспе қағазбен жұмыс

                                                              VII.Үйге тапсырма

                                                              VIII.Студенттерді  бағалау

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сорапты-компрессорлы құбырлар. /түсінік айту/

2.Студенттердің назарын сабаққа аударып,ой шақыру әдісін пайдалана отырып мына сұрақтарды қою.

1.Сорап деп нені айтамыз?

2.Сорап өнімі дегеніміз не?

3.Сораптардың техникалық сипаттамасы

4.Компенсаторлар дегеніміз не?

5.Диафрагмалық сораптардың басқа сораптардан айырмашылығы неде?

6.Динамикалық сорап дегеніміз не?

                          Студенттердің жауабы тыңдалады.

I.Жаңа білімді меңгеру.

      Мұнай және газды атқылау тәсілімен өндіру-өте арзан ,сонымен қатар өте жауапты іс. Атқылау скважиналарының құрылымы кигізбе санынына байланысты екі,үш,төрт,бес тізбекті болып бөлінеді. Атқылау скважиналарының сағасына/аузына/ атқылау арматурасы орнатылады.

      Атқылау арматурасы дегеніміз-7,14,21.35,70 және 100 МПа қысымға  есептелінген айқыш,үш жақ және әр түрлі орынды  тұжырымдары  фланецінің қосылысы.Атқылау скважинасының сағасы,атқылау арматурасының жабдықтары болады.

Арматура қызметі:

1.Құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру;

2.Сораптық компрессолық құбырлар тізбегін ілу;

3.Өндірілген өнімді манифольдқа бағыттау;

4.Скважина өнімін реттеу;

5.Скважина жұмысын бақылау;

6.Скважина ішіне және өнім қабаттарына түрлі сұйық ерітінділері мен зерттеу аспаптарын жіберу;

Арматура негізгі екі бөлшектен тұрады:

1.

Құбырлар басы тізбек басынан бұранда немесе дәнекерлеу арқылы орналастырылады.Ол сораптық –компрессорлық құбырлар тізбегін ілу,сағадағы құбыр сораптық кеңістікті саңылаусыздандыру қызметін атқарады.Сонымен қатар,ол құбыр арасындағы кеңістікке сұйық пен газды жіберу мүмкіндігін,ондағы қысымды бақылау және қажетті зерттеу жқмыстарын жүргізу мүмкіндігін тудыру керек.

2.

Атқылау шыршасы құбырлар басына қондырылады.Скважинадан алынатын сұйық пен газды манифольдқа қарай бағыттап атқылау шыршасы  скважина жұмысын бақылау, реттеу жұмысын атқарады. Арматура тетіктеріне үш жақ,айқыш,ысырма,щтуцер,катушка,монометр,планшайба,фланец жатады.

Атқылау арматурасы:

1 - айқыш; 2,4 - планшайба; 3 - үшжақ; 5 - катушка; 6 – орталық ысырма; 7 - ысырма; 8 - штуцер;9 – буферлы сұйықтық; 10 - манометр; 11 – аралық ысырма; 12 - ысырма; 13 - үшжақ;

Арматура жіктелімі

Жанындағы саңылау санына байланысты

Арынды құрылғы түріне байланысты

Жұмыс қысымына байланысты

Жалғастыру тәсіліне байланысты

Үш жақты – егер бір саңылауы бойынша

Ысырма(задвижка) тәрізді

Төменгі – орташа (7,14,21 МПа)

Фланецті

Айқыш – егер екі саңылауы          

бойынша

Кран тәрізді

Орташа – жоғары (35,100МПа)

Бұрандалы

 

Арматураның негізгі параметрлері:

1.Атқылау скважинасының оқпандық(стволдық)бөлігінің өткізу қимасының диаметрі – Дс;ММ.

2.Есептелген жұмыс қысымы – Р;МПа.

                           Атқылау арматурасының типтік сызбасы.

Арынды құрылғылардың түрлері мен құрылымы

      Арматураның саға жабдығында үш түрлі тиек қолданылады:сына ысырмалары,тік дәлдікті ысырма және клапандар.

      Сына ысырмасы өте қарапайым,бірақ оның кейбір кемшіліктері де бар:ашық күйдегі сына  өту тесігінен биіктетілген сыналық және сақиналық беті нығыздағыш корпуста скважинадан келетін қоспа ағынымен жуылады.Осыдан нығыздалған жео коорозияға және эрозияға ұшырайды.Ысырманың ашық қуысы кеңейіп,қарсылық көрсетеді.Мұнда құйын тұздар және механикалық қоспалар түсу үшін шарт пайда болады.Тік дәлдікті ысырманың жабық және ашық күйінді нығыздалғыш беті жабық болады. Плашканың  жартысы  серіппемен корпусқа сығылады.Канал өз диаметрін өзгертпейді. Ысырма қою маймен,ал қуыстар поршень арқылы плашканың нығыздау жеріне ортаның қысымы арқылы берілетін маймен толықтырылған.

  Кранда ысырма сияқты,бірақ оның жабылуына маховиктің ұзақ айналуы қажет емес.Оны жасау өте дәл болуы керек,тек ұсынылған майды қолданып,оны жиі ауыстыру керек.Әйтпесе конус қисаюы мүмкін.

Реттеуіш құрылғы түрлері мен құрылымы

     Атқылау скважинасын іске қосқаннан кейін оның ұзақ және үздіксіз жұмыс істеуін қамту үшін әр түрлі шараларды жүргізеді.

      Атқылау скважинасын дұрыс пайдалану оның төменгі газ факторы кезінде оптималды өнімін қамтудан тұрады.Сонымен қатар,егер өнімді қабаттарда құм болса,ол скважина жұмысына кедергі келтірмеу керек.

      Скважина өнімі сулана бастағанда мұнай мен суды реттеп отыру қажет.Скважина өнімін саға жабдығында орналасатын штуцер арқылы бақылайды.

      Штуцер – кіші құрылым тесігі бар металдан жасалған төлке.Штуцер әр түрлі болады.Диаметрі 3-15 мм және одан да үлкен болады.Өту қимасы қозғалмалы төлкенің бұрылысымен реттеледі.Стержень астында тесігі бар,басымен байланған вилка арқылы қозғалмалы төлкенің бұрылысымен өту қимасы реттеледі.

Др – дроссельді реттеуіш;бірінші сан – шартты өту диаметрі,мм;екінші сан – жұмыстық қысымы,МПа:келесі әріпті белгі – атқылау арматура мен ысырмаға ұқсас корозияға тұрақтылық.

 Мысалы,6% СО2 қоршаған орта қысымы 35 МПа шартты өтуі 65 мм дроссель былай белгіліенді:

Др – 65×35 К 1.

 

042 Дроссельдің бөлшектері сақиналы резеңкелермен қатайтылады.Ал шпиндель стопорлық шайбамен бекітіледі.Шпиндельдің соңында гайка көмегімен бекітілген ұштық 1 маховиктік айналуымен орнынан ауысады.Дроссельдің ашылу-жабылу сатысы ұзындығына байланысты анықталады,сақиналы қиманың ауданы эквивалентті сәйкес цилиндрдің диаметрін мм арқылы көрсетеді.

       Қажеттілікке қарай реттелмейтін дроссель сипаттамасының тұрақты қимасын қарастырады.Бұл үшін стиндель,саптама,гайка және басқа бөлшектерден тұратын жинақ бітеуішпен ауыстырылады.

Атқылау арматурасының манифольдтары

       Манифольдтар лақтыру арматурасын қатқан қондырғының құбылар жүйесімен жалғау үшін қолданылады.Манифольдтың ілмегін қалыптандыруды дайындау көзделген.Атқылау арматурасында қаблданған манифольдтық арынды қондырғысына тығын крандар және ысырмалар қызмет етеді.

       Скважинаны пайдалану процесінде манифольдтық ішкі жағы механикалық қосындылармен немесе кристаллогидритпен ластануы мүмін.Атқылау арматурасымен жұмыс істеліп,манифольд және лақтыру линиясына артық салмақ жүктелмеуі үшін сақтандыру клапанымен жабдықталады.

      Манифольдта қысым мен температураны өлшеуге,шығарылған өнімді сақтауға,скважинаны оперативті өндіруге,скважинаны екі перне арқылы апайдалануға мүмкіндік қаралған.

Атқылау арматурасын жөндеу және пайдалану

      Арматураны пайдалану процесінде УС-сапилод пен шпиндельдің мойынтіректерін 2-3 ай сайын майлап тұру қажет.Сонымен қатар Л3-102 маймен нұсқауға сәйкес ысырма тұлғасын штуцер арқылы нығыздап тұру қажет.

       Тұлға маймен толтырылса,әр түрлімеханикалық қоспалардың әсер етуіне мүмкіндік бермейді.Кранды,қақпақ жабдығымен атқылау арматурасын орнатқаннан кейін ұңғымада барлық крандарды қосымша нығыздалған маймен толтыру қажет және ол түгелімен жабық болуы қажет.Маймен толтыруды қысым бұрандамасы көмегімен жүргізіледі.Бірақ бұл ыңғайсыз және көп уақытты қажет етеді.

      Кранды маймен толтырғаннан кейін қысым бұрандамасын бастапқы күйге келтіру керек.Кранның нығыздалған бетіне майды жүйелі жағу қақпақтың тұрақты герметикалылығымен қамтамасыздандырады.Қақпақтығ сенімді жұмысы үшін кран жүйесіндегі бар майдың жүйелі жағылуы мен қажеттілігін тексеру керек,бірақ бір реттен сирек болмағаны дұрыс.

      Егер кран атқыласа,онда жинау кезінде корпустың нығыздалған беті,тығыны шүберекпен кепкенше сүртілу керек және керосинді ваннада жұылуы керек.Тығын астындағы қуыс маймен толтырылып,ал оның нығыздалған бетін қайта жұқа қабатпен майлау қажет.Тек осыдан кейін ғана тығынды өз орнына қоюға болады.

      Ысырманы немесе тығынды кранды жөндеу,керосинді ваннада бөлшектерді бөлшектеу және жуу,оларың өлшемін және сапасыздығын ескеріп жөндеу,жаңасын дайындау,ысырманы жинау және гидравликалық жинау.Бұл тәртіп әр түрлі диаметрлі ысыраларды жөндеу кезінде сақталады.

      Бөлшектеу және жинау процесінде кәдімгі слесарлық құрал және қажетті жабдықтар қолданылады:ысырманы жөндеуден кейін ол гидравликалық сынаққа тартылады.

Атқылау аматура жабдығы

     Атқылау пайдалануда ұңғының түбінен сағасына дейін газ мұнайлы қоспаның  көтерілуі ұңғыға менгеруге дейін түсірілетін сорапты компрессорлық құбырлар тізбегі арқылы болады.

МЕМСТ 13846-74 бойынша Атқылау арматуралар 70,140,210,350,700 және 1000 кг күш жұмыс қысымына шығарылуы тиіс.

      Арматурада – Атқылау жұмыс ұңғысын бақылау үшін екі манометр қондырылады:бірі сағасында,екіншісі құбыр басының крестовигнде.

       Атқылау арматурасы топты қондырғылармен дақтыру желілері арқылы жалғанады.Дебитке,қысымға,құмның және парафиннің болуына байланыст Атқылау ұңғылардың жаоға сұлбалары әртүрлі қолданады.

       Атқылау арматурасы оның схемасы,конструкциясы,тиекті бақылау әдісін  оқпан және бүйір бұрулары шартты жолын қысым климаттақ орынду және корозиядан төзімділікті анықтайды.

       Атқылау арматурасының толық шифры (Гост 13846-84) шартты түрде көрінісі мынадай:АФХ1Х2Х3 – Х4Х5Х6Х7

Арматураның саға жабдығында мынадай ысырмалар қолданылады: сына ысырмалары,тік дәлдікті ысырма.

II.Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ-жауап.

1.Атқылау арматурасы дегеніміз не?

2.Атқылау арматурасының негізгі бөлшектері?

3.Құбыр басының атқаратын қызметі қандай?

4.Атқылаушыршасының атқаратын қызметі қандай?

5.Арматураның реттеу,бақылау тетіктеріне қандай жабдықтар жатады?

6.Атқылау арматурасымен мұнай өндірудің артықшылығы?

III. Кеспе қағазбен жұмыс.

Студенттерге  атқылау арматурасының сызбасы бейнеленген  кеспе қағаз үйлестіріледі. Кеспе қағазға арматураның құрылысын дәл көрсетіп жазу керек.

Сөзжұмбақ шешу арқылы өткен сабақты қорытындылау.

IV.Үй тапсырмасын беру.

Атқылау арматурасы туралы  презентация  дайындау, түсінгенін айту.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Атқылау арматурасы, оның қызметі, құрылымы мен жіктелімі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 2628
    • DOCX 188.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құбашева Райгүл Қибатоллақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Құбашева Райгүл Қибатоллақызы
    Құбашева Райгүл Қибатоллақызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17585
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек