Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Конспекты / Ашық сабақ " Атмосфера " 6 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Ашық сабақ " Атмосфера " 6 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера су айналымы туралы ұғым.

Сабақтың мақсаты: 1.Судың маңызы қасиеті, таралуы, шаруашылыққа, күнделікті тұрмыста пайдалану, су айналымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың оқулық, карта, қосымша материалдарды пайдаланып, өздік жұмыс жасай білуге, ойлау қабілетін дамыту.

3.Туған өлкенің табиғатын аялап сүйе білуге үйрету,суды тиімді пайдалануға, сақтауға, қорғауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, карта, суреттер.

Пән аралық байланыс: география, биология, әдебиет.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Топқа бөлу. (Таулар, жазықтар)

2.Үй тапсырмасын сұрау (слайд арқылы сұрақтарға жауап)

3.Кім, бұрын? (сәйкестендіру , үй тапсырмасын қорыту)

4.Жаңа сабақ. (слайд арқылы түсіндіру)

5.Кім көп біледі ? ( мақалды аяқтау)

6.Ой, түрткі. (жұмбақтар шешу слайд)

7.Сергіту.

8.Географиялық диктант. ( слайд)

9.ВЕНН диаграмма.

10. «Алтын балық» ойыны.

11.Миға шабуыл стратегиясы. 1.Суды қорғау және пайдалану 2.Су көздерін ластаушылар.

12.Блоум әдісі бойынша жаңа сабақты қорыту.

13.Үйге тапсырма.

14.Бағалау.

Білім деген биік шың, Білім деген ақылшың, Бақытқа сені жеткізер. Қиындықтан өткізер.



1.Ұйымдастыру. Тапқыр, білгір, дарынды, Сүйсең туған жеріңді,

Жарысқаны орынды. Ортаға сал барыңды.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Литосфера тақырыбын қайталау.

1.Жер қабықтарын ата. (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера)

2.Жердің ішкі құрылысы. (Жер қыртысы, мантия ядро)

3.Жер қыртысының қалыңдығы қалай болады. (мұхиттың астында 5-10 км, жазықтарда 35-40 км, тауларда 70-80 км болады)

4.Тау жыныстары қаншаға бөлінеді ? (магмалық, метаморфтық, шөгінді)

5.Қанша литосфералық тақта бар ? Оларды ата.

6.Тектоникалық аймақ дегеніміз не ? (тақталардың шекараларын айтамыз)

8.Плиталардың қозғалысының қанша түрі бар ? (ығысу, ажырау, жылжу)

9.Жер қыртысы қозғалысының қанша түрі бар ? (баяу көтерілуі, төмендеуі)

10.Жер сілкіну дегеніміз не ?

11.Жер сілкінуді зерттейтін ғылым. (сейсмология)

12.Жанартау қаншаға бөлінеді ? Жанартау атқылаған кезде жер бетіне қандай заттар шығады ? (лава, пемза, су буы, газ)

13.Гейзерлер қай жерлерде кездеседі ?

14.Таулар дегеніміз не ? Биіктігіне қарай қаншаға бөлінеді ?

15.Жазықтар абсалюттік биіктігіне қарай қаншаға бөлінеді ?

16.Шағал , барқан қандай жерлерде кездеседі ?

3.Үй тапсырмасын қорыту. Кім бұрын ? Сәйкестендіру.

Жазықтар бойынша

0-200 м қырат

200-500 м үстірт

500 м-ден жоғары ойпат

Таулар бойынша

1000 м-ге дейін орташа

1000 м-2000 м биік

2000 м-ден жоғары аласа

Анд аспап гранит ертіс қабық сейсмограф шың

Эхолот тау Этна шұңғыма

Литосфера Гейзер Эверест жыныс

Сатурн арал Байкал аспап

Великан өзен Мариан көл

Исландия планета Барқан жанартау

4. Жаңа сабақ. Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе.

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Жаңа сабақты түсіндіру жоспары: 1.Гидросфера дегеніміз не?

2.Құрлықтағы және атмосферадағы сулар.

3.Судың қасиеттері.

4.Су айналымы және оның маңызы.

5.Кім көп біледі ? мақалды аяқта...

1. Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

2. Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

3. Су бар жерде өмір бар.

4. Судың кепкені-тіршіліктің кеткені.

5. Су-тіршілік көзі.

6. Су ырыстың көзі,еңбек кірістің көзі.

7. Түнгі су –ну, күндізгі су-бу.

8. Өзен жағалағанның өзегі талмайды.

6. Ой, түрткі. Жұмбақтар шешу.

Көлігі жоқ көшеді,

Өзін кезбе деседі. (бұлт)

Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Өзі бірақ көрмейді . (тұсбағар)

Ирелеңдеген арқан,

Қуып жете алман. (өзен)

Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон алап,

Терледі керілді. (Жаңбыр)

Аппақ қудай басы бар,

Сан ғасырлық жасы бар. (тау)

Сылдыраған суы бар, Бұрқыраған буы бар. (Бұлт)

Ымырт түссе шығамын,

Таң атқанда батамын.

Көк теңізде шашылып,

Көзімді ілмей жатамын. (жұлдыздар)

Әуеден ақ мамық,

Қалбақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады. (Қар)

7.Сергіту. Аспан ашық,күн сәулесі нұрланды,

Жер бетінде құстар сайрап, ән салды.

Мен қуандым, әлемге мен жар салып,

Би биледім,ән саламыз шаттанып.



Аспан, аспан нұрлы аспан,

Көк аспаннан төгіледі ақ моншақ.

Біз жайнаймыз құлпырамыз,

Елімнің бақытты біз ұрпағымыз.

8.Географиялық диктант

1.Құрлықтағы суларға жер бетіндегі Өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары жатады.

2.Гидросфераның 25% -ы ғана тұщы, қалғаны - ащы судан тұрады.

3.Су айналымдары үлкен су айналым, кіші су айналым болып бөлінеді.

4.Жердің су қабығы гидросфера деп аталады.

5.Су үш күйде: сұйық, қатты, бу күйінде болады.

6.Ең үлкен мұхит Тынық мұхит.

7.Атмосферада су буы, су тамшылары, мен мұз түйіршіктері болады.

8.Біздің елімізде Балқаш, Алакөл көлдері бар.

9.Гидросфераның басым бөлігін ................., аз бөлігін ............ және ................ су құрайды.

10.Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуын.................................................деп атайды.

11.Дүниежүзілік су айналымы гидросфераның бөліктерін біріктіріп қана қоймайды, ол.......................,...............,....................,...................мен тірі ағзаларды өзара байланыстырады.

12.Дүниежүзілік су айналымы жылына орта есеппен ............... қайталанып отырады.

9. ВЕНН диаграмма «Таулар » тобы Атмосфера және биосфера

«Жазықтар»тобы Гидросфера және литосфера

10. «Алтын балық» ойыны. Топтастыру.

11.Миға шабуыл стратегиясы. 1.Суды қорғау және пайдалану.

2.Су көзін ластаушылар.

12. Кітапппен жұмыс. Блоум әдісінің сұрақтары.

13.Сабақты қорыту. Табиғат сен -тіршілік тұнып тұрған,

Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен-өзенсің, сен- көлсің, сен –бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

14.Білімдерін бағалау.

15.Үйге тапсырма беру.











9 Абай атындағы орта мектеп









Ашық сабақ



Тақырыбы: Гидросфера су айналымы туралы ұғым.



Сыныбы 6а



Пәні: география

Мұғалім: Оразбекова. Р.Т.















Географиялық диктант







1.Құрлықтағы суларға жер бетіндегі ...............,...........,...........,............, жатады.



2.Гидросфераның ............. ғана тұщы, қалғаны -................ судан тұрады.



3.Су айналымдары ...................................,.............................. болып бөлінеді.



4.Жердің су қабығы .................... деп аталады.



5.Су үш күйде: ...............,..............,............ күйінде болады.



6.Ең үлкен мұхит ..............................



















Географиялық диктант







1.Атмосферада ...................................., мен ..................... болады.



2.Біздің елімізде ................,................ көлдері бар.



3.Гидросфераның басым бөлігін ................., аз бөлігін ............ және ................ су құрайды.



4.Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуын.................................................деп атайды.



5.Дүниежүзілік су айналымы гидросфераның бөліктерін біріктіріп қана қоймайды, ол.......................,...............,....................,...................мен тірі ағзаларды өзара байланыстырады.



6.Дүниежүзілік су айналымы жылына орта есеппен ............... қайталанып отырады.















Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров245
Номер материала ДВ-511383
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх