Күні: ____________- жыл
Сабақтың тақырыбы:
Атом
құрылысы
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын, ізденімпаздығын қалыптастыру.
Білімділік:
Оқушыларға
атом құрылысын және мәнін теориялық тұрғыда түсіндіре отырып, практикалық
мақсатта бекіту әдістерін пайдалана отырып жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін,
танымдық біліктерін жаңа білімді өз белсенділіктерімен дамыту.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап,
СТО элементтері,топтық жұмыстар,т.б.
Сабақтың
көрнекілігі: таратпа
материалдар, танымдық сұрақтар, кесте, тест жұмысы, т.б.
І.
Ұйымдастыру.
1.Оқушыларды түгендеу,
2. Оқушыларды конверттегі парақшалар арқылы 3 топқа
топтастыру: «Протон», «Нейтрон», «Электрон».
3. Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Бой сергіту». Топтарға 5 сұрақтан
беріледі, оларды талдауға 5 минут уақыт беріледі. Топтың бір өкілі жауап
береді, ал жауаптың дұрыстығын келесі топ тексереді.
«Протон» тобына:
1.
Химия
пәні нені оқытады?
2.
Қоспадан
заттарды бөлудің қандай әдістері бар?
3.
Химиялық
реакция деп нені айтады?
4.
Химиялық
элементтер қанша топқа бөлінеді?
5.
Атомдық
масса дегеніміз не?
«Нейтрон» тобына:
1.
Химия
ғылымының міндеті не?
2.
Заттардың
бөлінбейтін ең кіші бөлшегі?
3.
Химиялық
құбылыс кезінде заттың несі өзгереді?
4.
Біртекті
заттар дегеніміз не?
5.
«Химиялық
элемент» ұғымын алғаш ғылымға енгізген?
«Электрон» тобына:
1.
Қоспаларды
қалай жіктейді?
2.
Химия
ғылымы қандай пәндермен тығыз байланыста?
3.
Химиялық
реакцияның жүргендігін қандай белгілер арқылы білуге болады?
4.
Зат
дегеніміз не?
5.
Заттардың
құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі?
ІІІ.Жаңа сабақты баяндау. «ПОСТЕР»
қорғау
«Атом»
- грек сөзі – «бөлінбейтін» дегенді білдіреді. Оны көне гректің философы
Демокрит енгізген (біздің эрамызға дейін V ғасыр)
Атом
- элементтің химиялық қасиетіне ие болатын, ең кіші бөлшегі. Әрбір атом оң зарядталған
ядро мен оны айналатын электрондардан тұрады.
Ион
( грек. ión — қозғалыстағы (идущий) деген
мағынаны білдіреді), деп атомдардың немесе атомдар тобының электрондарды (не
басқа зарядталған бөлшектерді) қосып алған, не жоғалтқан кезде пайда болатын
электрлі зарядталған бөлшектерді айтады. Мұндай атомдар тобына молекулалар,
радикалдар жатады. Ион түсінігі мен терминін 1834 М. Фарадей енгізген.
Томсон: «Атомдар диаметрі бірнеше ангтрем
(1А=10-10м) оң зарядталған сферадан
тұрады және бұл заряд сфераның барлық көлемі бойынша біркелкі үлестірілген. Ал «нүктедей»
электрондар осы оң зарядталған ортада (материяда) қалқып жүреді деп болжаған»
ДЖОЗЕФ
ДЖОН ТОМСОН (1856-1940)
1910 жылы Эрнест Резерфорд (шәкірті Гейгер және т.б.)
тәжірибе жасап Томсонның үлгісін түсіндіре алмайтын ерекше нәтижелер алды. Ол
кездерде радиоактивтілік құбылысы ашылған болатын. Радиоактивті заттар жоғарғы
энергиялы сәулелерді ғана шығарып қоймай, сонымен қатар көптеген заттар арқылы
өтіп кету қабелеттілігі бар жоғары энергиялы бөлшектерді де шығара алады. Бұл
бөлшектер альфа-бөлшектер деп аталған.
ЭРНЕСТ
РЕЗЕРФОРД (1871-1937)
Д. И. Менделеев атомдық
массаларының осу ретімен орналасқан химиялық элементтер қасиеттерінің периодты
өзгеруінің себептерін айқындап бере алмады. Элементтердің қасиеттері не себепті
олардың салыстырмалы атомдық массаларына периодты түрде тәуелді болатыны
белгісіз еді. Бірақ Д. И. Менделеев элементтердің атом құрылысы айқындалған
сайын бұл сұраққа жауап беруге болатынын алдын ала болжады.
ХХ ғасырда атом құрылысы айқындалып, оның құрылыс теориясы ұсынылды. Ғалымдар
атомның ядродан және оның айналасында қозғалып жүретін электрондардан тұратынын
анықтады.
1911
жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды.
Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны
электрондар айналып жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек, оның
заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған.
Бөлшектер
|
Белгісі
|
Салыстырмалы
заряды
|
Салыстырмалы
массасы
|
Протон
|
Р
|
+
|
1
|
Нейтрон
|
П
|
0
|
1
|
Электрон
|
Е
|
−
|
0
|
Атомның элементар
бөлшектері:
1. Элемент атомының массасы
протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.
2. Ядродағы протон саны элементтің
реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық
масса; Z – протон; N – нейтрон;
IY. Жаңа сабақты бекіту.
1. «Өзімнің ойыным» стратегиясы
(ұсынылған фактілер бойынша сұрақтар құрастыру).
1.
б. э.
д.V ғасыр
2.
1834
М. Фарадей
3.
1А=10-10м
4.
1856-1940
5.
1910
жылы
6.
1871-1937
7.
ХХ
ғасырда
8.
1911
жылы
9.
А
= Z + N;
10.
«Планеталық»
моделі.
2. «Викториналық сұрақтар» барлық топқа бірдей 15
сұрақ оқылады, кім бірінші жауап беріп жауабы дұрыс болса сол топқа ұпай
қосылып, сол оқушы бағаланады.
1.
Атом
құрылысы нешеге бөлінеді және атын ата?
2.
Атом
ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
3.
Атом
ядросының заряды немен анықталады?
4.
Нейтрон
мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
5.
«Атом»
- грек сөзінен қандай мағына береді?
6.
Элемент
атомының массасы немен анықталады?
7.
Протон,
нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?
8.
Изотоп
атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
9.
Протон
мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
10.
Атом
ядросының заряды немен анықталады?
11.
Әрбір
элемент қандай бөлшектерден тұрады?
12.
«Атомдар
диаметрі бірнеше ангтрем (1А=10-10м) оң зарядталған сферадан тұрады
және бұл заряд сфераның барлық көлемі бойынша біркелкі үлестірілген. Ал
«нүктедей» электрондар осы оң зарядталған ортада (материяда) қалқып жүреді деп
болжаған» (Томсон)
13.
1911
жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфордтың жақсы жаңалығы?
14.
Ядродағы
протон саны элементтің несіне тең?
15.
Элемент
атомының массасы немен ненің қосыныдысына тең?
«Жылдам шығар» есеп шығару:
1-есеп: 8 г мыс (II)оксидін алу
үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?
2-есеп: 6,5 г мырыш оттекпен әрекеттессе,
мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
3-есеп: Массасы 4 г. кальций сумен
әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінетінін есепте.
V. Оқушыларды бағалау. «Бағалау парағы арқылы» топ
басшыларынан сұрау
Бағалау парағы:
№
|
Оқушының аты-жөні
|
«Бой сергіту»
|
«Өзімнің ойыным»
стратегиясы
|
«Викториналық сұрақтар»
|
«Жылдам шығар»
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
|
|
|
8.
|
|
|
|
|
|
9.
|
|
|
|
|
|
VI. Үйге тапсырма:
1. Атом құрылысы тақырыбын оқып,
түсінік айту.
2. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.
VII.
Рефлексия
1. Бүгін мен ... үйрендім.
2. Бүгін маған ... қызық болды.
3. Бүгін маған қийын болды.
4. Мен мына тапсырмаларды ... оңай орындадым.
5. Мен ... түсіндім.
6. Енді мен ... тапсырмаларды орындай аламын.
7. Мен ... үйрендім.
8. Мен ... істей алдым.
9. Мен ... істеуге тырысамын.
10. Мені ... мына заттар (құбылыстар) ...таңқалдырды.
11. Менің ... үйренгім келеді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.