Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ қазақ әдебиеті "С.Сейфуллин" 11-сынып

Ашық сабақ қазақ әдебиеті "С.Сейфуллин" 11-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық өмірбаяны.

«Көкшетау» поэмасы

Сабақтың мақсаты: 1. Шығарманың  мән-сағынасын, ойын түсіну, қорыту, С.Сейфулиннің қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін тануға мүмкіндік жасау, ақын тұлғасына сүйіспеншіліктерін арттыру;

2. Шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой –өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, шешен сөйлеуге баулу, ізденіс-шығармашылық дағдыларын дамыту;

3.Отансүйгіштікке , адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық – таным сабағы

Әдісі: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-зерттеу әдісі, шығармашылық жоба

Көрнекілігі: Суреттер ,  электронды  оқулық

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

 С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тыңдау.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі : «Сыр сандық» өлеңінен үзінді оқу.

Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара , сырласым.

Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын!

Сұлу сымда перне әуені, Перне әуені жыр айтар. Көңіл ашар тербеу әні, Тербеу әні сыр айтар. Шыққанбыз дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып,

Ақтарарлық алтын сарай, Алтын сарай қойманы.

         Бүгінгі сабақта Сәкен Сейфуллин атты  алтын сарайды аралайық.

Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер Сәкен -  өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды ән шығарған талантты композитор.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Туған жері: қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы , ( бұрынғы Жаңаарқа ауданы) Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы.

Өмірінен деректер:

1905-1908

Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.

1908-1913

Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.

1913-1916

Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын,Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған

1917

Ақмола Совдепі президиуымының мүшесі.

1918-1919

1918 маусым ақ казактар мен контр-революцияшыл чехослвактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі, Ақмолада, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді.

1919ж. Қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін қазіргі Тараз қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді. Елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысады.

1920

Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде Қазақстан  Орталық Атқару комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады. Жер-су комиссиясының төрағасы.

1922-1925

Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.

1922

«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.

1925

Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының басшысы.

1927

Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директорыы.

1932

«Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.

1934

 Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.

1936

Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.

1937

Тұтқындалды.

1938ж.26.02.

«Халық жауы» ретінде атылды.

 

Қызметі:

Ақын : 1.  «Өткен күндер» (1914), «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра»    (1924),  «Экспресс» (1926)

2. Поэмалары: «Аққудың айырылуы» (1925),  «Советстан»(1925) ,        «Көкшетау» (1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат» (1933-34)

Жазушы:  Повестері: «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935)

                    «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы (1927)

         Драматург:  «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)

         Педагог

         Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым: «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,

            «Батырлар», «Қазақ әдебиеті»

         Публицист

         Композитор:     «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Көкшетау», «Ақсақ киік»

                                     «Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар»

«Көкшетау» әнін тыңдау.

Поэмадан үзіндіні жатқа оқу.

«Табиғат - поэзияның қайнар көзі» десек, ендеше Көкшетау – Отан, туған жер туралы поэма.

Көқшетау елді мекені туралы географ – оқушы  мәлімет береді. 
Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті орталықтардың бірі. Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау , тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға маманданған. 
Ірі кәсіпорындардан таразы шығаратынмеханикалық зауыт, Көкшетау автомабиль жөндеу зауыты, үй құрылысы комбинаты, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін ет комбинаты, сүт, балық зауыттары, тігін және кереует фабрикалары бар. 
Қала 1824 ж. құрылған . бүгінгі таңда қалаада тоқыма және өнеркәсіптік бірқатар басқа да салалары жұмыс істейді. Жеке бизнес пен кәсіпкерлік ісі қарқынды дамуда. Қала халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарында шамамен , 140 мың адам болды. 
Көкшетау қаласы облыстың мәдени орталығы болып табылады, онда орыс драмалық театры, Ш. Құсайынов атындағы музыка- драма театры жұмыс істейді. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мұражайы және т.б. бар. 

Әдебиет пәнінің мұғалімі: 
. Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белсеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма ҚазААП-тың сынағына көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың,өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды.Осындай жан-жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. 
Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Өнер адамдары өмірін айтады. 
Поэманың ең негізгі арқауы- қалмақ қызы мен Адақ батыр арасындағы сюжет.жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген Адақ батыр арқылы толықтырады. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір- қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.

Поэманың мазмұндық жоспары:

Бөлім атауы

Оқиғаның барысы

1.

Кіріспе

Көкшенің сұлу табиғаты.

2.

Негізгі бөлім.

Оқжетпес.

Жұмбақтас.

Қазақ- қалмақ қарым-қатынасының бір оқиғасына арналған. Абылай бейнесі. Ұрыста қолға түскен қалмақ қызына Абылай батырларының таласуы. Тұтқын қыздың батырларға қойған үш шарты.

3.

Адақ батыр

Адақ батырдың ата тегі, шыққан жері. Қалмақ қызының басына қауіп төнген тұста Адақтың араласуы.

4.

Ерік алған қыз

Жылы жүректі батыр тұтқындағы қызға азаттық береді.

Оқушылардың ізденіс – шығармашылық жұмысы.

1-оқушы. «Көкшетау» поэмасындағы Абылай бейнесі мен «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай бейнесін салыстыра талдайды.

2-оқушы. Қалмақ қызының бейнесіне талдау жасайды.

3- оқушы. Қалмақ қызының жұмбағын мазмұндайды.

4- оқушы. Адақ батыр бейнесіне талдау жасайды. Қыз жұмбағының шешуін мазмұндайды.

Поэманың композициялық құрылысын түсіну.

1.Басталуы

Көкшетаудың сұлу табиғаты. Абылай батырларының тұтқын қызға таласып дауласуы.

2. Дамуы

Тұтқын қыздың шарты. Батырлардың бір-бірімен өнер сынасуы.

3. Байланысуы

Қыз жұмбағы.

4. Шарықтау шегі

Адақ батырдың оқиғаға араласып қыз жұмбағын шешуі.

5. Шешімі

Қыздың азаттық алуы.

 

ҮІІ. Ой қорыту. Сәкен Сейфуллин қандай ақын? Поэманың құндылығы неде?

Сәкенге арнау. (Оқушы арнау өлеңін оқиды.     ( Клипті көрсету «Сұңқар ақын»)

Үйге тапсырма: Поэманың көркемдік ерекшелігіне талдау.

Сәкен – еліміздің елдігінің, ерлігінің, ақындығының, сұлулығының бейнесі. (Сырбай Меуленов)           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ қазақ әдебиеті "С.Сейфуллин" 11-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 866 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 4680
    • DOCX 34.2 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгоринова Аманкул Тулеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгоринова Аманкул Тулеуовна
    Байгоринова Аманкул Тулеуовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96278
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов