Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. "Жүз жыл жырлаған жүрек"

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. "Жүз жыл жырлаған жүрек"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

«Жүз жыл жырлаған жүрек» Ж.Жабаевтың туғанына 170 жыл

Күні:

03.03.2016 жыл

Сыныбы:

6 « Ә »

Пән мұғалімі:

Джуманбаева Аида Қалменовна

Сілтеме:

« Шың » кітабы, мектеп кітапханасы, интернет желісі, әдебиет оқулығы,

6 – сынып оқулығы,әдістемелік нұсқаулық.

Сабақтың мақсаты:

Жамбыл Жабаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру.Оқушыларды ойлай отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

  • Ақынның өмір жолын оқушыларға үлгі ете отырып, Отанын сүюге, туған елінің ұлы адамдарын мақтан ете білуге тәрбиелеу. 

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін,сөйлеу, мәдениетін, логикалық ойлау дағдысын түйіндей білуге дамыту.

Оқыту технологиясы:

  1. Ақпараттық технологиялар

  2. Ұжымдық технологиялар

  3. Сыни тұрғысынан ойлау технологияс ы

Сабақтың типі.

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Әңгімелеу, топтық жұмыс, СТО, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, Миға шабуыл,кері байланыс, бағалау,болжау, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:

түрлі стикерлер, интер.тақта, кеспе қағаздар, білім ағашы, суреттер,слайдтар,ақынның нақыл сөздер жазылған көрнекіліктері,видио көрініс.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, Орыс тілі

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткенді еске түсіру.

  3. Жаңа сабақты меңгерту: Жаңа сабақ туралы мағынаны ашу.

  4. Талдау, жинақтау, Ой толғаныс, Ой қозғау, ой жалғау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Бағалау:

  7. Үй тапсырмасы:

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру.







Қызығушылықтарын ояту

Тренинг:





Топ құру:

Амандасу:

Мұғалім оқушылармен амандасып,түгендеп,орындарына жайғастырады.

Сыныпқа жақсы бір ахуал туғызу мақсатында қызықты «Екі жұлдыз ,бір тілек»тренинг жүргізу.

Оқушылар өз еріктерімен топқа бөлініп отырады.




Оқушылар амандасады.Сыныптың ахуалымен таныстырады.





Оқушылар топта отырған сыныптастарына екі тілектен айтып, бүгінгі күндерінің сәтті өтулеріне жағымды бір тілектер айтады.



Оқушылар сыныпта екі топқа өз еріктерімен бөлініп отырады.

1-топ «Парасат» тобы.

2-топ «Ақиқат» тобы

Үй тапсырмасы:

Оқушыларға жаңа тақырыпты яғни Ж.Жабаев туралы өз беттерінше үйден дайындалып келеді.

Оқушылар өз беттерінше ақын Ж.Жабаев туралы дайындар келген тапсырмаларын ортаға салып қорғайды.

Мазмұнын ашу:

Интербелсенді тақтадан жүз жасаған ақын Ж.Жабаевтың суреттері көрсетіліп,оқушыларға сабақтың мазмұнын ашу мақсатында ақын туралы бірнеше сұрақтар қойылады.

1.Біз қай облыста тұрамыз?

Халық поэзиясының алыбы атанған, есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім, медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттап,қазақ халқының  сөз өнерін үйреніп, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанған ақын кім?

2.Қазақта жүз жасаған ақын кім?

3.»Менің пірім Сүйінбай»- деп жырлаған ақын кім?

4.Екі ғасырдың куәсі атанған ақын кім?

5. 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген ақын кім?

6. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған ақын кім?

Суреттерді қарап оқушылар ой қозғайды.

Сұрақтарға топтаса жауап береді.











Оқушылар топтаса жауап беріп отырады.







Бар сұрақтың жауабы бір болуы тиіс.Ол Жүз жыл ғұмыр кешкен Жамбыл Жабаев екен.

Тақтадан Ж.Жабаевтың суреті шығады.



Тірек сызба мен жұмыс.

Поэзия алыбы.

Жүз жасаған.                              Айтыс ақыны.

Дастаншы.           Жамбыл

Жыр алыбы.

Ауыз әдебиет алыбы.               Суырып салма ақын.

Қазақтың Гомері

Ой қозғау.



































Сергіту сәті:


1-тапсырма:

Ақынның өмірі және шығармаларымен танысу.

Оқушылар өз беттерінше дайындап келген ақынның шығармаларынан және өлеңдерінен үзінділер оқиды.

2-тапсырма:Оқушылар ақын Ж.Жабаев туралы нақыл сөздерімен таныстырады.

3-тапсырма.

Видио ролик көрсетіледі.



4.Оқушылар «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, ақын шығармалары мен өміріне байланысты сөзжұмбақ шешеді.

5-тапсырма:

Ортаға екі оқушы шығып ақынның айтыс өнерінен үзінді орындайды.

6-тапсырма:

Ақын Ж.Жабаевқа арнап оқушылар шығармашылық қабілеттеріне сүйене отырып, өздері жазған шығармалары мен өлең жолдарын оқып береді.

1.Екі топ дайындап келген тапсырмаларын ортаға салып қорғап, ой бөліседі.







2.Нақыл сөздердің мағынасын ашып топ арасында отаға салып,пікір таластырады.

3.Оқушылар Ж.Жабаев туралы видио роликтерді көріп, ақынның өміріне шолу жасап, ойларын ортаға салады.



4.Оқушылар ортаға шығып сөз жұмбақ шешеді.





5.Ортаға Ж.Жабаев пен Құлмағамбеттің айтысынан үзінді көрсетеді.


Бағалау:

Бағалау критерийлерін ескере отырып, оқушыларды топ басшылары бағалайды.


Үй тапсырмасы:



Ақынның бір өлеңін жаттап,мазмұнын ашып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.








Қорытынды:

Оқушыларға өтілген сабақты қайталай келе «сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп рефлекция жасап өтеді.

Ненің сәтті өткені, ненің сәтсіз өткені жайлы, нені білгені ,нені білгілері келеді сол туралы өз ойларын еш кідіріссіз ашық түрде айтады.



































Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров57
Номер материала ДВ-560425
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх