Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Ашық сабақ қазақ әдебиетінен : "Міржақып Дулатов"

Ашық сабақ қазақ әдебиетінен : "Міржақып Дулатов"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ.

Қазақ әдебиеті. 11-сынып.



Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: А) Міржақып Дулатовтың өмірбаянымен таныстыру, ақынның азаматтық жырларына тоқталу, жаңа сөздермен таныстыру.Тұңғыш " Бақытсыз Жамал" романына тоқталу.

Ә)Сабаққа ынта қойып тыңдау, ойға түю,есте сақтау машықтарын қалыптастыру.

Б) Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын түсіндіру барысында оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, тест, интерактивті тақта, М. Дулатовтың портреті.



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу.

ә) түгендеу.

б) Үй тапсырмасын тексеру.

2.Кезекшілік сұхбат.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңыздар!

-Сыныпта бүгін кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын, мысал аудармаларын жаттап келу.

1-слайд

Ал, тақта шығып А . Байтұрсыновтың өмірбаянын кім айтып береді?

Тақтаға шығады

- Енді, балалар тақтада берілген сұрақтарға жауап береміз.

2-слайд

1. А. Байтұрсынов кім?

2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген жылдары?

3.Ахмет Байтұрсынов қай жерде оқыған?

4 А. Байтұрсыновтың қандай шығармашылық мұралары бар?

5. А.Байтұрсыновтың ең үлкен салаларының бірі?

6.А. Байтұрсынов өзінің лирикалық өлеңдерінде қазақ халқын неге шақырады?

Кім маған тақтаға шығып А.Байтұрсыновтың өлеңін жатқа айтып береді.

3-слайд:

-Қостанай қаласында А. Байтұрсынов атында не бар?



4-слайд: Жаңа сабақтың тақырыбы: М. Дулатов.

5-слайд: Сабақтың мақсаты:

6-слайд: Эпилог:

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден.

Сол бір қайғың өзегімді өртеген,

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай.

Сол күнінді көрсем-менің арманым,

Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.

Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның .

Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай.

7-слайд. Міржақып Дулатовтың өмірбаяны

20 ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы күрделі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды өз шығармаларында айқын танытқан сөз шеберінің бірі-М . Дулатов.М. Дулатов бес арыстың бірі, Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург.Ақын 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысының бірінші ауылында қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Қызбел ауылында дүниеге келген. 2 жасында шешесінен, 10 жасында әкесінен айырылып, ағасы А..Дулатовтың қолында өскен. М.Дулатов 1897 жылы Торғай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шығады. Содан кейін оның ұстаздық өмірі басталады.Дарынды жас сол тұстағы қазақ зиялыларының көш бастаушысы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. А.Байтұрсынов Міржақыптың ел азаттығы жолында қызмет етуіне зор ықпалын еткен. Ол 1905 жылы Қарқаралыда өткен,14500 адам қатысып, петиция қабылдаған тұңғыш Қазақ құрылтайын ұйымдастырушылардың бірі болды.

1909 жылы Уфа қаласында "Оян,қазақ!" өлеңдер жинағы жарық көрген соң , патша жандармдарының қуғын-сүргініне ұшырап, 1910 жылы Қызылжарға барады. Қызылжарда Мағжан Жұмабаевпен кездесіп, оның орысша оқуына көмектесіп, ұстаздық етеді.

М.Дулатов 1913-1918 жылдары "Қазақ" газетінің бас редакторы А. Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы ретінде болады.М.Дулатов 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде бостандық, азаттық, теңдік тақырыптарын оқу, өнер, білім, өркениет мәселелерімен байланысты қозғаған.

8 слайд :

Жаңа сөздерді дауыстап оқу, дәптерлеріне жазғызу.

9-слайд: М.Дулатовтың еңбектері

М.Дулатов 1905 жылдан бастап қуғын-сүргінге ұшыраса да шығармашылықпен айналысуын тоқтатпайды.

10-слайд;

Ақынның азаматтық жырлары

М. Дулатов шығармашылығының алғашқысы-Оян қазақ! атты өлеңдер жинағы. Осы алғашқы жинағының өзінен-ақ автордың мақсаты мен бағыты айқын аңғарылады.

Көзінді аш,оян,қазақ,көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

Осы төрт жолда ақынның күрескерлік, азаматтық тұлғасы анық танылғандай.

Міржақыптың екінші өлеңдер жинағында Азамат -бүкіл ғұмырын туған елінің азаттығына арнаған азамат ақынның жан сыры.

М.Дулатов -ұлтына еңбек етудің үлгісін танытқан, ұлт азттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы бағытта талай тағдыр талқысына түсіп , соның бәрін туған елі үшін мойымай көтерген азамат ақын.



11-слайд:

19 ғасырдың екінші жартысында және 20 ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары-новелла, әңгімелер туып,дами бастады. Алғашқы қазақ романын М.Дулатов жазды. Ол 1910 жылы Қазанда басылып шыққан "Бақытсыз Жамал" романы.М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының тақырыбы-әйел теңсіздігі

12-слайд:Тестпен жұмыс

1. А.Байтұрсынов кім?

А) суретші

Ә) тілші-ғалым

Б) жыршы

В) саяхатшы

Г) дәрігер.

2. "Маса" өлеңдер жинағының авторын көрсетіңіз:

А) С.Сейфуллин.

Ә) С.Мұқанов.

Б) Б.Майлин.

В) М.Дулатов.

Г) А.Байтұрсынов.

3.Қазақ газеті қай жылы шықты?

А)1913ж

Ә)1917ж

Б)1911ж

В)1909ж

Г)1912ж

4.Міржақып Дулатовтың өмір сүрген жылдары?

А) 1872-1937ж

Ә) 1885-1935ж

Б) 1894-1938ж

В) 1893-1938ж

Г) 1895-1920ж

5.Тұңғыш қазақ романы қандай?

А)"Бақытсыз Жамал"

Ә) "Қызыл жалау"

Б) "Сырдария"

В) "Аққан жұлдыз"

Г) "Ботагөз"

6.Міржақып Дулатов шығармашылығының ең алғашқы өлеңдер жинағы:

А) "Қиял"

Ә) "Шәкірт"

Б) "Елім-ай"

В) "Оян,қазақ!"

Г) "Терме"

7. Міржақып Дулатов Қазақ газетінде кіммен бірге еңбек етті?

А) С.Сейфуллинмен

Ә) Б.Майлинмен

Б) М.Жұмабаевпен

В) А Байтұрсыновпен

Г) С. Торайғыровпен

8."Бақытсыз Жамал "романның басты кейіпкері кім?

А) .Раушан

Ә) Кәмшат

Б) Жамиля

В) Күлпаш

Г) Жамал

9.Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген жылдары:

А)1885-1935ж

Ә)1894-1938ж

Б)1872-1937ж

В) 1889-1931ж

Г) 1894-1938ж

10.Ахмет Байтұрсынов кімнің мысалдарын қазақ тіліне аударған?

А) Лермонтовтың

Ә) Пушкиннің

Б)Толстойдың

В) Крыловтың

Г) Некрасовтың

Сабақты қорытындылап бекіту.Бағалау.

Үй тапсырмасы: М.Дулавтың өмірбаянын жаттау, эссе жазып келу.


Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров356
Номер материала ДБ-006418
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх