Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Қазақ тілі қандай тіл?"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Қазақ тілі қандай тіл?"

библиотека
материалов

«Қазақ тілі қандай тіл?»

Ана тілі,ана сүтім,арым менің, 
Баяным,бақ дәулетім,барым менің. 
Өзіңменен рухым көтеріліп, 
Өзіңменен атады таңым менің
!


Осы өлең жолдары бекерге жырланбаса керек. Әр халықтың өз тілі, өз әдет – ғұрпы, өз діні, өз тілі бар екені баршамызға аян.Сол сияқты қазақ халқының да мәртебесі биік мұрағаттары бар.Оның бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасы егемендігін жариялағаннан кейін, мемлекеттік тіл болып - қазақ тілі бекіді.Адамдардың өмір сүруінің,тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл.Адам – тілімен адам.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз,халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым – қатынас құралы.Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл.

Бүгінгі бізді қуантатын жағдай - қазақ тілі өз мәртебесіне иеленіп келе жатыр деген көңіл медеуі.Осы тұрғыда тіл мәртебесін жоғарылату саясатында ақпарат құралдары мен баспасөз басылымдары қауырт жұмыс үстінде.
Тілді зерттеу,оқып-үйрену қыр – сыры жан - жақты.Бір жағынан алғанда,тіл адамдардың қарым – қатынасын реттейтін қатынас құралы. Яғни, тіл – құрал. Қазіргі таңда, мемлекеттік тілді үйренушілер қатары күннен-күнге толыса түсуде. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының басты міндеті. Тіл үйрену - өте оңай! Ең бастысы тіл үйренуші әрбір адам өзін - өзі жоғары бағалай білуі керек. Оған, төзімділік пен жігер, талап пен терең ой қажет. Тілді үйреніп қана қоймай, қазақ халқының бабалар салып кеткен сара жол - әдет – ғұрпын, мәдениетін, салт – дәстүрін қоса танып білмек. Тілдің қыр – сырын үйренгенімен қатар, оны күнделікті тұрмыста қолдану керек. Өйткені, ол - сөйлеу тілінің дамуына орасан зор ықпал ететін фактор. Мемлекеттік тілді барлық салаға енгізу жұмыстары да қарқынды даму үстінде. 

Тіл – әр адамның ең бір ерекше байлығы.Ана тілің білу ол тұған жерді,елді,ата мекенді сүйе білу деген мағнаны білдіреді.

Тілдің тазалығын сақтаушы – халықтың рухы.Қазақ тілін оқып,дұрыс меңгерудің жолы.Адамның мәдениеттілігі білімімен, дүниетанымымен, еңбектегі қол жеткен табыстарымен ғана шектеліп қоймай,сөйлеу және жазу тілінің тазалығымен, байлығымен, өткірлігімен де анықталады.

Ана тілін ардақтап,мәпелеп,тәрбиелеп өсіру – ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты;ана тіліне ұқыпсыз,көңілсіз,қалай болса солай қараушылық – барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі.Тіл адам болмысының айнасы.Тіл – адамның барлық саналы әрекетінің құралы:оның өнерлі,білімді,мәдениетті болып қалыптасуыда тіл маңызды рөл атқарады.Бұл өмірде тілі жоқ адам болғанымен,тілі жоқ халық болмайды.Халақты халық ететін басты белгі – ол оның тілі.
Өйткені, әр оқушы - өз алдына қайталанбас тұлғалар! Әр қайсысы ерекше тұлға болғандықтан, олардың талап – тілектерін ескермеу мүмкін емес. Әрбірінің ынтасы өте зор! Мемлекеттік тілді үйренуге деген құштарлықтары күннен – күнге артпаса кемімейді деген сенімдемін! 
Осы біздің қазіргі таңда, бір жеңнен қол шығарамыз деп кейінгі ұрпақты оқытып-үйретіп жатқан ниетіміздің мұраты біреу-ақ екенін көріп отырмыз. Ең алдымен, қолға алынып жатқан қазақ тілін үйрету мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу қамы екенін айта кету қажет. 
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді енгізу қарқынды даму үстінде. Сонда да баршамен ақылдасар ой көп. «Жалғыздың үні шықпас» деп қазақ атамыз айтқандай бірлі – жарым болып емес, топ болып біріміздің білмегенімізді толықтырып, пікір таластырып, ой толғантсақ нұр үстіне нұр болар еді. 
Сөз соңында:

Ана тілі, шырқап салар әнім менің, 
Сәулетім, сая бағым, сәнім менің. 
Өзіңменен кеудемде көктем гүлдеп, 
Өзіңменен ашылар сәнім менің!

Елдігім, есендігім, ерендігім, 
Ақыл-ой, арда сезім, тереңдігім. 
Сеніменен аспаным арайланып, 
Сеніменен нұрланар келер күнім.... 

Сен менің күш қуатым өмірдегі, 
Тірлікте сенсіз қиын көрінбегім. 
Сен барда ұрпақ тірі, өшпес үнім, 
Сен өлсең, бар қазақтың көмілгені,- демекпін.

Кейінгі ұрпаққа ашық пен толғамды ой силаймыз десек, жұмыла еңбек етейік! Тілді сақтап,оны келешектің керегіне жарату үшін қызмет ету – өз халқын сүйетін кез келген азаматтың парызы мен міндеті.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы тіл – біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз – тіліміздің барлық салаларда белсенді пайдалана отырып,дамыту.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-477376

Похожие материалы