Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ қазақ тілі пәні "Тұрлаулы мүшелер" (3 сынып)

Ашық сабақ қазақ тілі пәні "Тұрлаулы мүшелер" (3 сынып)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп КММ













Ашық сабақ

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер














Орындаған:А.С.Қунапиянова






2015 – 2016 оқу жылы


Күні: 24.11.2015 ж

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты:

1.Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып,тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.
2.Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту.
3. Оқушыларды сауатты,таза жазуға,ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың көрнекілігіслайд , интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі қималар, сигналды белгілер, тест, себеттер, қоян, сәбіз
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру бөлімі.
(2 мин )
Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық:
Мұғалім:
- Әрбір адам?
- Әрбір сабақ?
- Әрбір ісің?
- Әрбір сөзің?
Оқушылар:
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру. ( 5 мин )

- Бүгін бізге қонаққа қоян келіп отыр. Ол өзі бос келмепті, өзімен бірге себетін ала келіпті. Себеттін толтырмай қайтпаймын дейді.Сондықтан қоянның себетін толтыру үшін үй тапсырмасын қалай орындағанымызды түсіндіріп беруіміз керек.Ол үшін біз сәбіздің сұрағына жауап береміз.. Сұраққа жауап бере отырып біз қоянның себетің толтырып, қайтара аламыз.Олай болса кім маған үй жұмысын түсіндіріп беремін дейді.
58-жаттығу. Сөйлемді оқып , бастауышы зат есімнен , баяндауышы етістіктен жасалғандарын – қоңыр себетке, бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен жасалғандарын көк себетке жина.

1. Әнші қыз келді. 2. Қарбыз – көкөніс. 3. Аян – биші. 4. Күн қызарып батты. 5. Бөдене жақынға ұшады.

Әнші қыз келді. Не істеді? келді бұл баяндауыш. Екі сызықпен сызамын. Кім? Әнші қыз бұл менде бастауыш. Бастауышты бір сызықпен сызамын. Бастауышы зат есімнен,баяндауышы етістіктен жасалып тұрғандықтан мен бұл сөйлемді қоңыр себетке саламын.

Қарбыз – көкөніс. Қарбыз не? Көкөніс бұл менде зат есімнен жасалып тұрған баяндауыш.Сондықтан мен оны екі сызықпен сызамын.Не? Қарбыз бұл менде бастауыш мен оны бір сызықпен сызамын.Бұл сөйлемнің бастауышы да ,баяндауышы да зат есімнен жасалғандықтан мен бұны көк себетке саламын.

Аян – биші. Аян кім? биші бұл менде зат есімнен жасалып тұрған баяндауыш. Сондықтан мен оны екі сызықпен сызамын.Кім? Аян бұл менде бастауыш мен оны бір сызықпен сызамын.Бұл сөйлемнің бастауышы да , баяндауышы да зат есімнен жасалғандықтан мен бұны көк себетке саламын.

Күн қызарып батты. Не істеді? батты бұл баяндауыш. Екі сызықпен сызамын. Не? күн бұл менде бастауыш. Бастауышты бір сызықпен сызамын. Бастауышы зат есімнен,баяндауышы етістіктен жасалып тұрғандықтан мен бұл сөйлемді қоңыр себетке саламын.

Бөдене жақынға ұшады. Не істейді? ұшады бұл баяндауыш. Екі сызықпен сызамын. Не? Бөдене бұл менде бастауыш. Бастауышты бір сызықпен сызамын. Бастауышы зат есімнен,баяндауышы етістіктен жасалып тұрғандықтан мен бұл сөйлемді қоңыр себетке саламын.
- Жақсы балалар қоянның тапсырмасын орындап себетті сәбізге толтырдық. Қоян сендерге рақметін айтып бір әуен тастап кетіпті. Сол әуенді, іс – қимылымен бәріміз орынымыздан тұрып орындайық.
Сергіту сәті: ( 3 мин интерактивті тақтаға назар аударамыз )

- Түгел топқа Тест (сигналды белгілер арқылы 2 мин )
- Қазір ауызша тест аламын. Мен сұрақтарды оқимын. Жауабын алдарыңда жатқан сигналды белгілер арқылы көрсетесіңдер. Егер А жауабын дұрыс деп тапсаңдар қызыл белгіні, Ә жауабын дұрыс деп тапсаңдар сары белгіні көтересіңдер. Дайын болсаңдар тесті бастаймын.
1. Зат есім
А) заттың сынын білдіретін сөздер.
Ә) Заттың атын білдіретін сөздер.
2. А – дыбысы
А) Жуан дауысты дыбыс.
Ә) Жіңішке дауысты дыбыс.
3. Т- дыбысы
А) үнді дауыссыз дыбыс.
Ә) қатаң дауыссыз дыбыс.
4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
А) сұраулы сөйлем.
Ә) лепті сөйлем.

5. Құстар жылы жаққа қайтты. Осы сөйлемдегі бастауышты, баяндауышты тап:
а) жылы жаққа
в) құстар қайтты
3.Білім білік, дағдының өзектілігі.Жан – жақты білімдерін тесеру. (3 мин) слайд
3 топқа. Сурет бойынша бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болатын сөйлем құра. Құраған сөйлемді талда..
І-топ
Арман - суретші.

Арман кім? суретші (баяндауыш)
Кім суретші? Арман (бастауыш)
ІІ-топ
Алма - жеміс

Алма не? жеміс ( баяндауыш )

Не жеміс? Алма (бастауыш)
ІІІ-топ
Әсем - тігінші.
Әсем кім? Тігінші ( баяндауыш)

Кім тігінші? Әсем (бастауыш )
( Слайд қол көтеріп жауап береді)
- Бастауыш та, баяндауыш та қандай сөз тобынан жасалып тұр? (Зат есімнен)
- Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? (Ережені айтады)

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін сызықша қойылады.

4.Мақсат қою кезеңі (3 мин)
- Енді балалар, мына суреттер бойынша бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болатын емес, басқа да сөз таптары болатын сөйлем құраңдар.
І топ.
Марат ауланы тазалады.
ІІ топ.
Айнұр кітап оқыды.
ІІІ топ.
Қаз қаңқылдады.
Марат не істеді? Тазалады (баяндауыш етістіктен)
Кім тазалады? Марат (бастауыш зат есімнен)
Қалған сөйлемдерді дәл осылай талдайды.
-
Бастауыш дегеніміз не? (ережені айтады) Қимыл, іс – әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.
-
Баяндауыш дегеніміз не? (ережені айтады) Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

5. Сабақ кезеңінің мазмұны (10 – 12 мин )
60 – жаттығу. Сөйлемді оқы.Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?

Қар жауды

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Бұл сөйлемдерде не туралы айтылған?

- Бұл сөйлемдерде қар туралы, оның жауғаны туралы айтылып тұр ғой?

- Өте дұрыс

Ұқсатығы?

Екі сөйлем де қар туралы айтылып, оның жауғаның хабарлайды.

Сөйлемнің қай түрі. Еске түсіремін. Синтаксис деген үлкен елде.Кім деген қария өмір сүреді. Оның неше ұлы болады?

Үлкен ұлы. Барлық нарсені тиянақты,ұқыпты,ойын ашық жеткізетін ұлы кім еді? Хабарлы сөйлем.

Екінші ұлы тек сұрағанды жақсы көретін ұлы? Сұраулы сөйлем

Үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейтін ерке болады. Лепті сөйлем

Қария ұлдарының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай білетін.Бүгін сендерге қай ұлын жіберіпті?Үлкен ұлы хабарлы сөйлемді.

Өзгешелігі.

Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұр. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер бар.

Жақсы балалар.Қар жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Мысалға және өздерін айтып өттіндер.Қар жауды. Не істеді?Жауды.Не?қар Дәптерлеріне күн ретін,көркем жазу:Вв Вагон жаздырту. В дыбысын талдату. В – дыбысы дауыссыз,ұяң. Вагон сөзін талдату. Вагон сөзінде 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын бар.

В - дыбысы дауыссыз, ұяң

А – дыбысы дауысты,жуан

Г – дыбысы дауыссыз, ұяң

О – дыбысы дауысты , жуан

Н – дыбысы дауыссыз, үнді
Оқулықпен жұмыс.

61-жаттығу. (Ауызша) Слайд
Сөйлемді оқы. Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.

3 топқа үлестірмелі қималар таратамын.

І топ. Мектепте асхана бар.
Олар сөйлемнің қандай мүшесі?
ІІ топ. Сөйлемді оқы. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді.
Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.Олар сөйлемнің қандай мүшесі?
ІІІ топ. Сөйлемді оқы. Балалар үзілісте асханаға келді.
Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.. Олар сөйлемнің қандай мүшесі?
62-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу, тұрлаулы мүшелердің астын сызу. Мәтінге ат қою .Еске түсіріп жіберсек мәтін неше түрі бар және қандай? Әңгімелеу. Сипаттау.Пайымдау.Бұл сендерде қай мәтін түріне жатады? Әңгімелеу.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Слайд Сұрақтар (2 мин)
- Бұл жаттығуда сөйлемнің қандай мүшелерін таптық? (бастауыш пен баяндауыш)
- Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? (тұрлаулы мүшелері)
- Тұрлаулы мүшелер деп қандай сөйлем мүшелерін айтамыз? (бастауыш пен баяндауышты)
Сергіту сәті: (3 мин )
63-жаттығу. Өздік жұмыс.Мақалды жатқа жаз.

1.Әкеге қарап ұл өседі.

Шешеге қарап қыз өседі

2.Жаман жолдас жолда қалдырады.

Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Мақалдың мәнін түсіндір.

6.Сабақты бекіту: ( 5 мин)
64 – жаттығу. Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына бастауыштарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелерді тап.

Жолаушылар, Жанар, жер, сиыр, тапсырма, Дархан

... аттанды

... сауылды

... оқыды

... тегістеді.

... орындалды.

... келді
Жолаушылар аттанды. Сиыр сауылды. Жанар сабақ оқыды. Жер тегістеді. Тапсырма орындалды.Дархан даладан келді
1) Жолаушылар не істеді? (аттанды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр)
Кімдер аттанды? (жолаушылар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр)
2) Сиыр қайтті? (сауылды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр)
Не сауылды? (сиыр – бастауыш зат есімнен жасалып тұр)
3) Жанар не істеді? (оқыды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр)
Кім оқыды? (Жанар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр)
Топтық жұмысты орындалып болғаннан кейін, оқушылар ауызша сөйлем мүшелеріне талдап, қорытынды жасайды.
7.Қорытынды: ( 5 мин )
Шығармашылық жұмыс.Қыс тақырыбына 3 денгейде талдау жасау керек.

1-деңгей. Жеке сөйлемдер құрап жазу.

2-деңгей. Мәтін құрап  жазу

3-деңгей. Сөйлем құрап. Тұрлаулы мүшелерді тауып, талдау

8.Үйге тапсырма. 77 бет, 65 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрайсындар. Әңгімеге ат қою.Құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы мүшелерді тап.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалаймын.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров528
Номер материала ДВ-491762
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх