Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ қазақ тілінен "Ю әрпінің жазылуы" 2 сынып

Ашық сабақ қазақ тілінен "Ю әрпінің жазылуы" 2 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6ad0a742.gifhello_html_m2c57d9e2.gifhello_html_285ffdb9.gifhello_html_65ba55b1.gifhello_html_m8944ef0.gifhello_html_673a31c6.gifhello_html_3bf518a.gifhello_html_m79b25cc5.gifhello_html_1cba1dc8.gifhello_html_7876d907.gif

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы

Мақсаты: ю әрпінің ерекшелігін, қосарлы дыбыстық таңба екенін меңгерту, жазылуын үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, бірлескен ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,топтық жұмыс,ақпараттық технологияны пайдалану. Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, ережелер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық ахуал.

Оқушылар (хормен) Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы күн, ұстаздар!

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды 4 топтың сайысы түрінде өткіземіз.

Біздің ұранымыз: Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі туралы не айта аламыз?

  • Күз мезгілін неліктен «Алтын күз» деп атайды?

  • Күзге байланысты кім өлең оқып береді?

Оқушылар, жомарт күз бізге 1себет жеміс-жидек беріп жіберіпті. Бүгінгі сабағымызда әр топ мүшесі дұрыс орындаған тапсырмасы үшін 1жемістен алып отырады.Қай топ жемісті көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

ІІ. Тірек білімді еске түсіру.

а) «Күн шұғыласы» ойыны (интербелсенді тақта)

пияз


аяз таяз


Я




й + а қоян





дауысты дыбыс орыс тілінен енген

қосарлы дыбыс

ә) Қызығушылығын ояту. Интербелсенді тақтадан аюға байланысты видеожазба қарау. Аю туралы әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой ашар.

дауысты дыбыс

а) Ю й + у дыбыстарының қосылуынан жасалады.


ә) Сөзде йу дыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.

Аю – жыртқыш аң. Құлсары қаласы жылдан – жылға көркею үстінде.

б) Тек миуа, айуан, хайуан, хайуанат сөздерінде иу, йу әріптері қатар жазылады.

ІV. Көркем жазу. Ю ю юю

V. Оқулықпен жұмыс. 110 – жаттығу.

Аю, ою – ортақ әріп ю.

VІ. Сергіту сәті. Ұлттық ою – өрнектерге байланысты күйдің әуенімен би қимылдарын көрсету.

  1. «Тұмар» би қимылы

  2. «Қос өркеш» би қимылы

  3. «Ирек» би қимылы

VІІ. Тақтамен жұмыс. (интербелсенді тақта) 111 – жаттығу.

Ұлу озды елікпен жарысқанда,

Тышқан жеңді аюмен алысқанда. (М.Әлімбай)

VІІІ. Жатқа жазу. 112 – жаттығу.

Тәтті балға тоюды

Ойлап аю,

Омартаны ториды. (М.Әлімбай).

ІX. Рефлексия. Сахналық көрініс. Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін сахналау.

Нағыз дос қиындықта сыналады.

X. Топтық жұмыс.

І топ «Пікірлер ағашына» ю туралы білгендерін жазу.

ІІ топ Я, ю әріптеріне байланысты Венн диаграммасын толтыру.

ІІІ топ «Аю» тақырыбына бес жол өлең құрастыру.

ІV топ «Аю» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

XІ. Сергіту сәті. «Аюдың әні»

Балпаң, балпаң басамын,

Алты қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

XІІ. Сауалнамамен жұмыс.

1.Ю дыбысы қандай дыбыс?

а) дауысты

ә) дауыссыз

2. Ю әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?

а) й + а

ә) й + о

б) й + у

3.Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) молайу

ә) молаю

б) молайи

XІІІ. Үйге тапсырма. Ереже 113 – жаттығу.

XІV. Қорытынды. Бағалау.


Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-185179
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх