Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Ашық сабақ: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында».

Ашық сабақ: «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында».

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ:

«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.

Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тақырыптық рефераттар, сызба – «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның маңызының артуы», тест сұрақтары, үлестірме материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу, әнұран орындау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.ҚАРЛАГТЫҢ АШЫЛМАҒАН ҚҰПИЯСЫ КӨП...

1. Степлагерде қанша адам тұтқында ұсталды?

2. Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің аты қалай аталған?

3. Бұл лагердің аумағы?

4. Степлагер қай жерде орналасқан?

5. Ұлы Отан соғысы басталуына дейін Карлаг лагерінде қанша адам болған?

6. Бұл лагерде кімдер ұсталған?

III. Жаңа сабақпен таныстыру.

Оқушыларды жаңа сабаққа қалай дайындалып келгенін тексеру:

1. Фашисттер Германиясының КСРО ға шабуылы.

2. Смоленск шайқасы.

3. Мәскеу астанасындағы шайқас.

4. Ленинград шайқасы.

5. Сталинград шайқасы.

6. Курск жеріндегі шайқас.

7. Волга бойындағы шайқас.

8. Соғыстың аяқталуы.

Тақырып: Ұлы Отан соғысы.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж.

Гитлер Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны (Кеңес Социалистік Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барба­росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт - Ленинград,екінші бағыт - Мәскеу, үшіншісі - Киев қалалары. Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.

Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 самолет, 375 әр түрлі зеңбіректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды. Кеңес Армиясының қатарындағы 5 маршалдың үшеуі репрессияға ұшырап (М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер, А.И.Его- ровтар), атылды. 1937-1938 жылдардағы репрессия барысында 40 мың әскер басшылары тұтқындалды. 1941 жылы соғыс басталарда әскери және саяси басшылардың 70-75%-ы жаңадан келген, тәжірибелері жоқ жас адамдар болды.

Сталин Ұлы Отан соғысы қарсаңында көптеген қателіктер жіберді. Біріншіден, Гитлер КСРО-ға шабуыл жасайды деп ойламады. Екіншіден, соғыс қарсаңында шет елден келіп жатқан ақпарат мәліметтеріне сенімсіздікпен қарады. Соғыстың баста- луына бір апта қалғанда 1941 жылғы 14 маусымда ТАСС-тың «Германия КСРО-ға соғыс ашады деген өсек ешқандай шын- дыққа жатпайды» деген мәлімдемесі жарияланды. Кеңес Армия- сының батыс шекарадағы бөлімдері толық әскери дайындыққа келтірілмеді. Гитлер Сталиннің сеніміне толық кіріп алғаннан кейін, соғысты бастауға кірісті.

1941 жылы 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта, Германия шабуыл жасаспау туралы Кеңес-Герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан КСРО жеріне опасыздықпен басып кірді. Баренц теңізінен Қара теңізге дейінге аралықта орасан зор шайқас басталды.

http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ-n0OocpR8RwNvmy77xbYHW53ZuXXSvCa2CLB6nOfKA6t-wpn0http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQvUQYXGvXJ5pHckvUp6iccqctdduLT7lNnp4c5pJzNaSI_1R77tQ










Сталинград шайқасы (1942-1943) – совет әскерлерінің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 2 ақпанға дейін Сталинград қаласын (қазіргі Волгоград қаласы) қорғау және Дон мен Волга өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс және шабуыл кезеңдеріне бөлінді.

Мәскеу шайқасы[1] – 2-дүниежүзілік соғыстағы ірі шайқастардың бірі. Мәскеу шайқасы қорғаныс ұрыстары (1941 ж. 30 қыркүйек – 5 желтоқсан) және қарсы шабуыл (1941 ж. 6 желтоқсан – 1942 ж. 20 сәуір) кезеңдерінен тұрады. Неміс қолбасшыларының “Тайфун” атты арнайы шабуыл жоспары бойынша Мәскеуді басып алуды Германияның “Орталық” армиялар тобы жүзеге асырмақ болды. Бұл топ резервтегі әскерлер мен кеңес-герман майданының басқа шептерінен жіберілген бөлімдермен, әскери техникамен күшейтілді. Германия-Мәскеу бағытына 74,5 дивизия (1,8 млн-нан аса адам), 1700-дей танк, 1390 әскери ұшақ, 14000 зеңбірек пен миномет шоғырландырды. Ал Мәскеу бағытын қорғап тұрған кеңестік Батыс Резерв және Брянск майдандарының құрамында 1250 мыңдай адам, 990 танк, 677 әскери ұшақ, 7600 зеңбірек пен миномет болды. Немістер үш екпінді топ құрды. Оның екі тобы солтүстіктен және оңтүстіктен шабуылдап, Мәскеуді КСРО тылынан бөліп тастамақ болса, негізгі топ Гжатск арқылы тікелей соққы бермекші болды. Шабуылды 1941 ж. 30 қыркүйекте немістердің оңтүстік тобы, 2 қазанда орталық және солтүстік топтары бастап, кеңес әскерінің шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Кескілескен шайқастардан соң Қызыл Армия бөлімдері 12 қазанда Калуганы, 14 қазанда Калинин қалаларын қарсыластарға қалдыруға мәжбүр болды. Немістер қазанның 16-сында Боровскіні, 18-інде Можайск мен Малоярославецті басып алды. Кеңес әскерлерінің күшін біріктіру мен басшылықты жақсарту мақсатында Резерв майданы Батыс майданға қосылып, оған басшылық ету армия генералы Г.К. Жуковқа тапсырылды. Қорғаныс шептерін салуға 450 мыңдай мәскеулік қатысты. Халық арасынан тұрақты әскери бөлімдер жасақталып, 17 қазанда Калинин майданы (командашысы – генерал-полковник И.С.Конев) құрылды. Батыс майданның 16-армиясы (генерал К.К. Рокоссовский) Волоколам бағытында, 5-армия (генерал Л.А. Говоров) Можайск, 49-армия (генерал И.Г. Захаркин) Калуга бағытында жаумен шайқаста ерлік көрсетті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қаулысы бойынша Мәскеу мен оның айналасы 20 қазаннан бастап “қоршау жағдайында” деп жарияланды. Германия 15 қарашада Мәскеуге екінші рет күшті шабуыл бастады. Қантөгіс ұрыстардан соң немістер Мәскеу-Еділ каналына дейін жетуге мүмкіндік алғанымен, Кеңес әскерінің негізгі шептерін бұза алмады. 5 желтоқсанда барлық бағыттағы жау шабуылы тоқтатылды. Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті. Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылын 5 желтоқсан күні Калинин майданы 6 желтоқсан күні Батыс майданы, Оңтүстік-Батыс (Кеңес Одағының Маршалы С.К. Тимошенко) майданы әскерилері бастады. 800 шақырымға созылған майданда ұрыстар жаңа күшпен жалғаса түсті. 1942 ж. қаңтарда қарсы шабуыл Қызыл Армияның жаппай шабуылына ұласты. Шайқастардың нәтижесінде қарсыластар батысқа қарай 400 шақырымға дейін қуылып, Мәскеу, Калинин және Тула облыстарының ондаған қалалары мен жүздеген селолары басқыншылардан азат етілді. Қызыл Армияның қарсы шабуылы нәтижесінде жаудың “Орталық” армиялар тобы орасан зор шығынға ұшырап, 500 мыңдай адамынан, 1300-дей танкісінен, 2500 зеңбірегінен, 15 мыңнан аса автокөлігінен айырылды. Мәскеу шайқасында фашистік армия алғаш рет ауыр жеңіліске ұшырап, оның жеңілмейтіні жөніндегі аңыз жоққа шығарылды. Мәскеу шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болып, Гитлерге қарсы одақтың қалыптасуын тездетті.

http://e-history.kz/images/w541-cct-si/media/upload/54/2013/11/15/7fdc5ef8cfe90ec465ed05efe28605bc.jpg










Сталинград қорғанысы 1942 ж. маусымның аяғында неміс-фашист әскерлері шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басы палу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованиенің Ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасының негізінде Сталинград майданының жаңа басқармасы құрылды. Оның құрамына 62-, 63-64-армиялар, сонымен бірге бұрынғы Батыс майданның 21-, және 8-әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4-танк армиялары, 28-, 38-, 57-армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 шілдеге бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетт. Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарының шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты.

17-22 шілдеде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла өзендері бойында жаумен кескілескен ұрыстар жүргізе отырып кейінгі негізгі қорғаныс шебіне шегінді. 22 шілдеге жаудың Сталинград бағытында 18 дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкі, 1200 самолеті, 7500 зеңбіректері мен минометтері болды. Ал Совет армиясының күші әлдеқайда кем еді. 1942 жылдың 23 шілдесінде генерал-полковник Ф. Паулюстің 6-армиясы Сталинград, Астраханьды басып алып, Волгаға бекіну үшін шабуылға шықты. 62-64-армиялардың бағытында кескілескен шайқастар болды. Шілде-тамыз айларында жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бірақ сталинградтықтар неміс-фашисттерінің бұл шабуылын да тоқтатып, берік қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда Жоғары Бас қолбасшының орынбасары армия генералы Г.К. Жуковты көмекке жіберді.

http://image.slidesharecdn.com/99999999999999-141007085415-conversion-gate02/95/99999999999999-6-638.jpg?cb=1412672096http://image.slidesharecdn.com/99999999999999-141007085415-conversion-gate02/95/99999999999999-2-638.jpg?cb=1412672096






Курск шайқасы

1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті. Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Батыс Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солтүстік-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.

http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTEXCLZrWN0MPm31kQ5ItdZp5JvREzwNGVzxsQqVkcIOJaOnBDShttp://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSAaahOEPQmSzXTkDnKGnSAoE9v8tyKTbJlsfNK5gBiyJ-y0IL2Kg









ІV. Сабақты бекіту.

  1. Ұлы Отан соғысының басталуы.

  2. Ленинградшайқасы.

  3. Танклер шайқасы.

  4. Соғыстағы бұрылуы.

  5. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

  6. Сөздік пен жұмыс істеу.

СӨЗДІК

Ғарб-батыс-запад

Жанг-шайқас-битва

Бўйсунмаган-бағынбаған-неподчиненный

Қамал-қоршау-блакада

Талофат-шығын-потерия

Улуғ Ватан уруши-Ұлы Отан соғысы-Великая Отечественная война

Ҳимоя-қорғау-защита

Мудофаа-қорғаныс-оборона

Пойтахт-астана-столица

Чекиниш-шегіну-отступать

V. Оқушылардың білімін бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

1. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық батырлар туралы мәлімет жинау..


Оқытушы:...................Джамалов Ф

Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров808
Номер материала ДВ-219028
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх